Алтын адам батыс Қазақстанның мәдени ескерткіші


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Алматы энергетика және байланыс университеті

Электр энергетика факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Қазақстан тарихы

№ 1 Семестрлік жұмыс

Тақырып: Алтын адам Батыс Қазақстанның мәдени ескерткіші.

Орындаған:Оңдасын Н. Б.

БЭк-11-2 тобы

Сынақ кітапшасының № 114275

Тексерген: аға оқ. Жұмағұлов М. Д.

Алматы 2012

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Алтын адам Батыс Қазақстанның мәдени ескерткіші . . . 6

Аралтөбеден табылған « Алтын адам » . . . 6

Тайсойған жерінен табылған « Алтын адам » . . . 8

Қытайдағы Алғой өңірінендегі сақ қабірі . . . 9

Қорытынды . . . 11

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12

Шежіремді ұрлапты, зулапты күн,

Ғасырлардан біз ызың тыңдап тұрмын.

Алтыны адам шынымен қазақ болса,

Білген екен құнның қымбаттығын.

М. Мақатаев

Кіріспе

Соңғы жылдары Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбаларда « Алтын адам » көптеп табылуда. Оған Есік қорғанынан басқа, 1999 жылы Алтайдағы Берел қорымынан табылған киімдері мен сауыт - сайманы түгелдей алтындалған б. д. д. VI- IV ғасырларда өмір сүрген батырдың, Жайықтың оң жағынан табылған Алтын Орда дәуіріндегі сауыты түгелдей алтындалған жауынгердің және Жайықтың сол жақ бетіндегі орта ғасырдағы қаладан табылған алтындалған бекзаданың табылуы біздәі ата- бабаларымыз өздерінің құнын біліп, мәңгілікке « Алтын адам » болып кеткенін көреміз.

Қазақ жерінен төрт « Алтын адам » табылды. Алғашқысы Алматыдағы « Есік қорғанынан » (1) одан кейін Тарбағатайдан (3) табылды.

Үшіншісі Атырау жерінен табылған: Аралтөбе қорғанынан (2) Бұл жақтың қырдағы топырғы ылғалды емес, құрғақ құмды. Сондықтан 5 мың жыл бұрынғы андронов мәдениетінің бұйымдары адам сенбес ғажайыппен сол бұзылмаған күйінде аршылып алынады!

Әзірге соңғы « Алтын адам » (4) былтыр жазда Тайсойған даласынпн табылды.

Алтын адам Батыс Қазақстанның мәдени ескерткіші

Аралтөбеден табылған “Алтын адам”

Екінші “Алтын адам” 1999 жылы Ақтөбе облысының Жылыой ауданына қарасты Аралтөбе қорымында табылған еді. Оны елге белгілі археолог Зейнолла Самашевтың экспедициясы тапты. Сарматтар дәуіріне жататын көне археологиялық ескерткіш санатындағы Аралтөбе қорымын 1989 жылы Зейнолла Самашев жетекшілік ететін Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы ашты. Арада 10 жыл өткенде, яғни, 1999жылы аталған экспедиция құрамы осы қорымда алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тоналмаған 3 зиратты ғана қазуды бастады. Онда жерленген адамның қасына жүзден астам жебе салынған қорамсақ, қыш құмыра және темір қылыш көміліпті. Ал үшінші зиратта сарматтар дәуірінеде жоғары лауазымды тұлға, қолбасшылық пен абыздықты бірге атқарған адам, оның әйелі мен ә аты жерленгені белгілі болды. Археологтар қорымға жерленген адамдардың киімдері өте бай асыл бұйымдармен, әшекейлермен безендірілген деген пікірге тоқтам жасады. Қару - жарақпен бірге абыз адамдар көбірек ұстайтын асатаяқ та болған.

Атырау облыстық мұражайының кіші ғылыми қызметкері Гүлназ Ахметованың айтуынша, бұл қорым да бірнеше рет тоналған «Қорым жүзі дөңгелек болып келеді. Ғалымдардың айтуынша, біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырда өмір сүрген сарматтар тайпасына жатады. Және олар біз өлгенен кейін ары қарай өмәр сүреміз деген ұғыммен көптеген заттарды өздерімен бірге көмген. Қорымның жоғары жағы 4, ал астыңғы жағы 12 бөлікке бөлінген және қорымның айналасынан тас мүсіндер табылған. Ғалымдардың айтуынша, сарматтар тас мүсінді бекрден - бекер қоймаған. Олардың ұғымы бойынша бұл тас мүсіндер қорымды пәле- жаладан қорғап тұрады. Содан кейін үлкен бір тайпаның көсемі болғандығы айтылады. Қолында аса таяғы бар, шашы ұзын. Бет- әлпетіне реставрация жасаған Қырым Алтынбеков деген ғаламның айтуына қарағанда, бұлар Иран топтас елдерге жатады, бірақ жартылай көшпелі, жартылай тұрғылықты өмір сүргеннен кейін көшіп- қонып жүрген тайпаның бірі», - деп айтты.

Аудан орталығының Атырау қаласына дейінгі ара қашықтығы 230 км.

Аудан жерінде көне- тарихи ескерткіштер, мысалы: алтын киімді Сарматтар көсемінінің (біздің эрамызға дейінгі 2- 4 ғасырларда) жерленген мәйіт қалдықтары, ұшқан қабірі, Шерлігүл мешіті, Жұбан тамы орналасқан Аралтөбе жерінің тарихы ерекше.

Сол алтын сауытты адамның бас сүйегі, киімдері мен қару жарақтары қалпына келтіріліп, ел тарихына қосылған жәдігер ретінде алғашқыда Атырау облыстық мұражайына қойылды. Қазір мұнда оның көшірмесі тұр. Әрине, мұндай жәдігер табылған Аралтөбе қоымы мемлкеттің қорғауына алынды. Алайда, алтын сауытты адам табылғаннан кейін Аралтөбеге қайта археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген жоқ . Тіпті археологтар мұнда ат ізін салмады. Елеусіздеу төбенің үстіндегі Аралтөбені оңайлықпен таба қою да қиын. Өйткені, ол Жылыой ауданы орталылығынан 60 - 70 шақырымдай қашықта. Оған 2005 жылдың жазында барғанымызда айналасы қоршаусыз екеніне куә болғанбыз. Белгі де орнатылмаған екен. Неге?

Осы сауалды Атырау облыстық тарихи - мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бастығы Мұхамбетқали Кипиевке қойған едік. Оның айтуынша, Аралтөбеде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу тоқтатылған . Яғни, бұл қорым консервацияға қойылыпты. 2004 - 2006 жылдарға арналған аймақтық «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру барысында Аралтөбеге белгі орнатылыпты.

Алдағы уақытта Аралтөбе қорымына қоршау орнату ойда бар, - дейді ол. - Өңір аумағында Аралтөбе секілді қорымдар да, ортағасырлық табылғқалалар да жеткілікті. Бұлардың дені толық зерттеле қойған

жоқ.

Тайсойған жерінен табылған « Алтын адам »

Биылғы жазда Қызылқоға ауданы аумағындағы « Қорғанша » қорғанынан алтын әшекелі әйелдің табылғаны елді елең еткізді.

Жуырда Атырау археологтары үлкен жаңалық ашты. Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау елді мекенінде Сарматтар мәдениетіне жататын алтын әйелдің бейіті табылды. Мұны Тайсойған жерінен табылған « Алтын адам » деп жүр.

Атырау облысында археолог Зейнолла Самашев жетекшілік ететін Батыс Қазақстан экспедициясы сонау 90 - жылдардан бері археологиялық қазба жұмыстармен шұғылданатын. Олар Сарайшық қалашығын қазумен қоса Нарын құмында Хазар мәдениетіне қарасты 82 тарихи - археологиялық « объектілер » тапқан болатын. Аралтөбеден табылған Алтын адамның зираты бүгінгі күні кеңінен зерттелу үстінде.

Енді міне, « алтынды шыққын жерінен қаз » демекші, жақында осы өлкеден жаңа бір зират орны қазылып, одан « алтын әйелдің » мәйіті табылды. Бұл археологиялық қазба жұмыстарының басталуына Халел

Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми - археологиялық орталығы себепші болды.

Осы орталықтың директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Қасенов тарих - филология факультетінің студенттетеріне тәжірибе сабақтарын өткізу үшін Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау елді мекенінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде б. з. д I ғасырға жататын Сармат дәуіріне қарасты жаңа мәдени обьект табылды. Жерленген әйел адам өте бай әулеттің өкілі болу керек. Түгел дерлік алтынмен қапталған екен. Және бір қуантарлық жай зират бұған дейін тоңалмапты. Өкінішке орай мұндай мәдени ескерткіш орындары жиі тоңалып тұратын.

-Енді осы “Алтын адамды” одан әрі зерттеу жұмысы басталғалы отыр. Оның антропологиялық мүсінін жасау керек. Сосын оны реставрациялау қажет. Басқа да көптеген жұмыстар бар әлі, -дейді Марат Қасенов. Айта кететін жайт, Сармат дәуіріне қарасты мұндай Алтын адам осы Атырау өлкесінен табылып отырған екінші мәдени ескерткіш. Соған қарағанда, Арал-Каспий аймағы біздің ата-бабамыздың ежелден бері тұрақты елді мекені болғандығын дәлелдейді. Ал Ақтөбе облыстық тарихи мұраларды қорғау жөніндегі инспекцияның басшысы Бекарыстан Мырзабаев бүгінде облыс көлемінде Алтын адамдарды насихаттау жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын айтады.

Қытайдағы Алғой өңірінен табылған сақ қабірлері жөнінде

Алғой Қытай Шынжаңының Тянь-Шань тауының орталық сілемі қойнауындағы шағын табиғи аңғар. Ол Тұран ойпаты, Қарашәр ойпаты, Байынбұлақ даласы, Күнес аңғары және Үрімжінің үстіндегі Наншан тауының аралығына орналасқан, бұл жер Тоқсұн, Үрімжі және Хотұнсұмұл(Хыжиң деп те аталады) аудандарының шетін қамтып жатады. Алғойдан терістікке қарай Әуірғол асып, Үрімжіге жетуге болады. Ал Алғой аңғарын бойлап, батысқа қарай, сосын солтүстікке қарай жол тартқанда, Балғұнтайға, одан әрі Хотұнсұмұл мен Қарашәрге жетуге болады. Балғұнтайдан батысқа қарай жол тартқанда, тікелей Байынбұлақ даласына жетуге болады. Бұдан біз А-лғойдың Тян-Шяньнің оңтүстігі мен солтүстігін жалғастырып жатқан төте жол екенін көреміз. Бұл ара ежелгі көшпелі халықтардың, атап айтқанда, сақтар, кәсилер, ғұндар, түріктердің мекендеген жері, әрі олардың өлген соңғы жерленетін орны болды, бұл төңіректе көне қорымдар өте көп. Бүгінгі таңдағы Алғойдың атақ-даңқын шығарған оқиға 1976-1978 жылдары Оңтүстік Шынжаң теміржол мекемесі осы арадағы Әуірғол тесіржол бекетін салған кезде, аңғардың батыс жағындағы қорымнан тік ақымды, төрт ағаш табытты қабірді қазған. Қабірлердің құрылысы, жерлеу салты және ақыреттік заттары өзгеше ерекшелікке ие болуы, әсірее моладан аса мол алтын бұйымдар табылуы оның атын әйгілей түсті де, кейбіреулер оны “Алғойдың Алтын үйі” деп атады. Иен тауда жым-жырт жатқан кішкентай аңғар өзінің археологиялық олжаларымен атын дүниеге паш етті.

Бұл төрт қабір Алғой аңғарының шығыс жақ кіре-берісіне орнадасқан, олардың арасындағы бір қабірдің көлемі әйдік, ірі-ірі тастар үйіндісі және малта тастардан қаланған аласа қоршауы бар. Тас үйіндінің астындағы көрдің ұзындығы 6, 56 м, ені 4, 22 м, тереңдігі 7, 1 м. Көрдің бет жағына толтырылған тастары недәуір ретті, ондағы ең ірі малта тастың салмағы 1 тонна, қалыңдығы 2 метрдей, топырағының көлемі 100 текше метрден астам. Қабірдің төменгі жағында ағаш табыт, ол шырша бөренелерден сегіз қабат етіліп айқұш - ұйқыш қыйылып салынған, биіктігі 1 метрдей келеді. Көрде бір жас әйел шалқасынан түзу жатқызылып жерленген, сүйектері уатылып, шашылып кеткен, тек бас сүйегі мен кеуде және қабырғаларында жосадай қызыл реңдер бар.

Табылған ақыреттік бұйымдардың арасында қола, ағаш, сырлы бұйымдар және жібек мата т. б. кездеседі, сондай - ақ көп мөлшердегі алиын - күміс әшекей бұйымдар бар. Мұндағы сырлы бұйымдар және жібек тоқыма бұйымдар, әрине, Қытай Орта жазық өңірінен әкелінген, ал өзге бұйымдар, әсіресе анау жалт - жұлт еткен алтын бұйымдар өте айқын жергілікті таспадан ерекшелікке ие. Бұл әйел марқұм жерленген кездегі көбінде үлкен - кішілі көптеген алтын әшекейлер болған екен. Онда жолбарыс бедерлі алтын таспадан төртеуі, онан тыс арыстан бедерлі алтын белгіден біреуі бар.

Жолбарыс бедерлі дөңгеле к алтын белгілердің диаметрлері 5. 5- 6

См аралығында, қалыңдығы 1 мм - дей, салмағы 15. 72 -21. 25 гр.

Жолбарыстар денесі бүктетілген, жарты шеңбер пішінді етіліп, басы тік көтеріліп, алдыңғы аяқтары кеудесінің астына бүгіліп, ал артқы аяқтары арқа жонына қарай қайырылған қалыпта сомдалған, тұтас тұлғасы бір дөңгелек пішінді құрайды. Жолбарыс бедерлі алтын қақтамалы таспаның ұзындығы 26. 5 см, ені 3. 5 см, салмағы 27. 75 г келеді. Онда бір жұп жолбарыс бір - біріне қарап, айбар шегіп жатқан кейіпте бедерленген.

Арыстан бедерлі алтын белгінің ұзындығы 20. 5 см, ені 11 см, ол алдыңғы екі аяғын алдыға созып, артқы аяқтары мен құйрығын көтерген жонында қанаттары тікірейіп, секіріп бара жатқан кейіпте бейнеленген. Бұлардан тыс, феруза тасымен безендірілген алтын алқа, алтын жүзік және көптеген алтын моншақтар, алтвн гүл жапырақшалары табылған, олардвң ұзын саны 200 данадан асады. Аталған алтын әшекей заттардың бәрі де алтын қақтамаларынан соғылып жасалған, технологиясы қарапайым, алайда арыстан, жолбарыс сияқты аңдардың образы өте дәлдәкпен, қапысыз берілген, оның үстәне қозғалыстағы қалыпта, әсерлі де жанды бейнеленген.

Қабірден табылған шашы тұғырлы қола тасаттық табағының биіктігі 32 см, табағының айнала ұзындығы 29, 5 см. Табақтың ортасында бір бағытқа қарай жүріп бара жатқан қалыпта, жотасында қанаттары бар екі арыстан мүсіні сомдалған. Мұндай тасаттық бұйымдары Қазақстан және басқа Орта Азия елдерінен көп табылған. Ғалымдардың пікірінше, зорастризм дінінің құрбандық шалғанда қолданылатын бұйымы ло осы өмірді мекен еткен сақтармен байланысты мұра.

Қабірдің дәуіріне келетін болсақ, археологтар оны қытай тарихының хранологияы бойынша, Жауласқан бектіктер дәуірінен Батыс Хан династиясының алғашқы кезеңі, яғни бұдан 2 ыңнан астам жыл бұрынңы заман деп есептеледі. Алуан тұрлі алтын белгі-әшекейлер неғұрым ерте кезеңдегі мәдени ерекшеліктерге ие болса, ал қабірден табылып отырған сырлы бұйымдар мен фынхуан самұрық кестелі жібек тоқыма бұйым-шағидың қыйқымы Жауласқан бектіктер дәрінен Батыс Хан династиясының алғашқы кезенінің типтік өнімі, ол Чу жерінде өндірілген жәдігерлік екені аусыз. Бұл өзі бір ғажайып қабір, көлемінің ірілігі табылған алтын бұйымдардың молдығын ескерсек, ешқашан да қатардағы қараша бұқараға тән емес. Демек, бұл қабірде жерленген әйел белгілі бір тайпа көсемінің ханшасы немесе патшайым секілді ақсүйек әйел екені даусыз.

Алтын адамға тереңірек үңілсек . . .

“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұражайын ашуға байланысты былтыр күзде Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іскБе асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Мәулен Әшімбаевтың арнайы келіп, Алтын адам табылған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайтвқанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. “Мәдени мұра” бағдарламасына байланысты Президент Н. Ә. Назарбаев: “Тарихи ескерткіштерді жаңғырту жұмысы ерекше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл - құрылыс емес, ғылыми жұмыс . . . Ол жұмыстардың біткеннен кейінгі тағдыры қандай болмақ? Отырар сияқты ашық аспан астында ашық

Президенттің бұл сөзінен, жасыратыны жоқ, бұған дейін жүргізілген археологиялық жұмыстарға көңілі толмайтыны айқын аңғарылады. Алайда Елбасының сол ескертпесін қатаң басшылыққа алған-алмағанымыз әлі белгісіз. Академик Досмұхамед Кішібеков: “1969 жылы Алматы облысының Есік қаласына жақын жерден бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген “Алтын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Египеттегі Тутанхамоннан кейінгі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді”, - дейді. Бірақ, өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін сол “екінші үлкен ғылыми жаңалыққа” лайық ұлттық шара жасай алған жоқ едік. Енді, міне, “Мәдени мұраның” шарапаты бұған да тиіп, ол шара екі жыл көлемінде жүзеге асатын болып жатса және газет: “Бұл істе әрбір ұсақ-түйекке дейін мән берілуі тиіс”, - деп, қамқор болып жатса, қалай қуанбассың! Бірақ, соның жақсы бітуін де осы бастан жан-жақты ойластырған жөн. Ол үшін ең әуелі, меніңше, Президент айтқандай, мұның “құрылыс емес, ғылыми жұмыс” екенін есте ұстау қажет. Сондықтан, қорық-мұражайды салу жұмысымен қабат оның ғылыми зерттеу жағын да тереңдетуге тиіспіз. Сонда ғана әлемдік мәні бар тарихи мұражайымызды өзгелерге лайықты дәрежеде танытып, өз деңгейінде дәріптей аламыз. Сол іске азды-көпті көмегі тие ме деген ниетпен бірер пікір айтпақпыз. Президент “Мәдени мұраға” қатысты Отырарды мысалға келтірсе, мен Бесшатырды мысалға келтірмекпін. Алтын адам Іленің бір жағалауынан табылса, Бесшатыр келесі жағында жатыр. Қазір ғалымдар екеуін де сақ дәуірінің ескерткіші дейді. Бесшатырда ғалым К. Ақышевтың айтуынша, 26 шаршы километр жерді алып жатқан 31 оба бар. Соның он сегізін 1957-1961 жыл аралығында ғалым Кемал Ақышев қазып, зерттеген. “Бесшатыр қабірі өз заманында ағаштан салынған күрделі құрылыстардың бірінен саналған. Ол үш бөлімнен тұрады: дәліз, ауызғы бөлме, қабір”, - дейін келіп, “Бесшатыр ескерткіші Іле аңғарын мекендеген сак-тиграхаудалар тобына жататын тайпалардың қасиетті герросы болғандығына (патшалары мен көсемдерін жерлейтін арнайы орын) ешқандай дау жоқ”, - деп тұжырымдайды. Алайда, ол обаларда зерттейтін қазір ешқандай кейіп те, зат та жоқ, тек ашықшашық жатқан тастар мен топырақ қана қалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыстың мақсаты Қазақстанның жеті кереметімен танысу
Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Батыс Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштері
Қазақстан территориясындағы мазарлар
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Шығыс Қазақстан облысының туризмінің қазіргі жағдайы мен туристік іс - шаралар
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сызбасы
Мәдени Мұра бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері
Ұлы жібек жолы жайында
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz