Отырар қаласының пайда болуы
Отырар қаласының пайда болуы Қазақстанның оңтүстік аумағының дамуының көп ғасырлық тарихының нәтижесі. Ортағасырлық Отырар-Фараб иелігі аумағында тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі ескерткіштері табылып отыр. Отырар өңірі б.з.б. І мыңжылдықтың аяғында және б.з. басында Сырдарияның орта ағысы алдыңғы дәуірдегі сақ-массагет тайпаларының тұқымы - көшпелі Кангха (Қаңлы) иелігінің бір бөлігі болды. Зерттеу барысында Отырар өңірінің ең байырғы деген қалашығын тауып, оның б.з.б. І ғ. жататынын анықтадық. Отырартөбенің стратиграфиялық шурфында ІV-VІ ғғ. жататын құрылыс деңгейінен кейін тағы 3,5 м қалыңдықтағы мәдени қабаттың болуы Отырар қалашығының ең төменгі қабаты б.э. бірінші ғасырларына жататынын, Отырардың негізі антикалық дәуірде қаланғанын айғақтайды.
Отырар VІ-VІІ ғғ. Түркі қағанаты құрамына еніп, Шаш - Тарбанд иелігінің астанасына айналды. Қала айналасында үлкен шаруашылық аймақ, бір топ серіктес елді мекендер орналасқан. І-V ғғ. жататын ыдыстардағы жазулар Отырар өңірінің халқы мәдениеттің жоғары жетістігі әліппені пайдаланғанын көрсетеді. Отырар алқабында тұрған халық түрлі наным - сенімдерді ұстанды.
«Насабнама» VІІІ ғ. арабтардың Сүткент арқылы Сырдарияның екі жағалауымен жүріп, Отырарды басып алғаны жөнінде хабарлайды. Біз Отырартөбенің шағын шеткі бөлігіндегі қазбадағы 13- еден мен 14- еден арасын, және 14- еденнің өзін іліккен үйлердің бос, иесіз қалып қаңырап қалуын арабтар әскерінің жорығынан кейінгі көрініс деп есептейміз. Отырартөбенің стратиграфиялық кесіндісінде Х-ХІ ғғ. қабаты мен VІІ-VІІІ ғғ. қабаттары анықталып, жеке-дара суреттеледі де ортасындағы ІХ ғ. қабаты жоқ болып шығады.

1. Кларе А.К. Древний Отрар и раскопки, произведенные в развалинах его в 1904, Ташкент. 1904, Черкасов А. Поездка на развалины Отрара. Протокол заседания членов Туркестанского кружка любителей археологии // Ташкент, 1903, Пославский И.Т. Развалины города Отрара // ПТКЛА II. Ташкент, 1898, Бартольд В.В. История Туркестана. Москва, 1965.
2. Максимова А.Г. Эпоха бронзы Восточного Туркестана. Автореферат. Москва, 1960, Агеева А.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поседении и городов Южного Казакстана // ТИИ АЭ КазССР Т. IV. Алма-Ата, 1958, Агеева А.И. Керамика Отрара // ТИАН КазССР. Алма-Ата, 1951.
3. Бурнашева Р.З. Отар, Отрарский оазис и Южный Казахстан. Нумизматические исследования по денежнему делу южно казахстанских городов VII-XVII вв. Алматы, 1989.
4. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы: “Наука”. 1972-213.
5. Грошев В.А. Ирригация Южного Казахстана в средние века. Алма-Ата: “Наука”. 1985-323.
6. Жәнібеков Ө., Ж.Нұсқабаев Ж. Ежелгі Отырар. Алматы: “Өнер”. 1997-214.
7. Қожа М. Отырардың қысқаша тарихы. Түркістан: “Мирас”. 1998-64.
8. Қожа М. Отырардағы керамика өндірісі. Түркістан: “Мұра”. 1996-87.
9. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Отрар в XIII-XV веках. Алма-Ата: “Наука”. 1987-256.
10. Есжанов Ә. Ғасырлардан сыр шерткен Отырарым армысың. Алматы: “Өнер”. 1991-175.
11. Айтаханов Қ., Жұмашев А., Отырар жәдігерлері. Алматы: “Рух-дария”. 2004-180.
12. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы: “Рауан”. 1995-237.
13. Ақышев К.А. Ертедегі ескерткіштер елесі. Алматы: “Қазақстан”. 1976-116.
14. Қозғамбаев Г., Ахмет С.З., Исабек Б. Отырар өңірінің археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихнамасы. Шымкент: “Нұрлыбейне”. 2004-26.
15. Тұяқбаев Қ. Отандық реставрация ісі және ұлттық мәдениетескерткіштерін қалпына келтіру туралы // Қазақстан музейлері. Астана. 1(2), 2003.
16. Музей материалдары.
17. Ахмет С. Отырар музейінің алғы шарттары // Отырар алқабы. Отырар ауданы, 1998.
18. Исабек Б.Қ., Әбілқайырова. Оңтүстік Қазақстан облысындағы мұражайлар тарихы // 1993 жылдың 27-29 мамырындағы Ордабасы тауында өткен ұлы жиынның 10 жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары.
19. Отырар энциклопедиясы. Алматы: “Арыс”. 2005-456.
20. Қожа М. Отырар тарихтың өзі, итағылымның көзі // Қазақстан музейлері.Алматы. 2004.
21. Кален М.Е. Экспозиция и экспозиционер: Конспект лекций. Изд. 2-е, и доп. Москва: АПРИКТ, 2001-63.
22. Юренова Т.Ю. Музееведение: Учебник для Высшей школы. 3-е изд., испр. и доп. Москва: Академический Проект, 2006-560.

Отырар қаласының пайда болуы Қазақстанның оңтүстік аумағының дамуының көп
ғасырлық тарихының нәтижесі. Ортағасырлық Отырар-Фараб иелігі аумағында
тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі ескерткіштері табылып отыр. Отырар
өңірі б.з.б. І мыңжылдықтың аяғында және б.з. басында Сырдарияның орта
ағысы алдыңғы дәуірдегі сақ-массагет тайпаларының тұқымы - көшпелі Кангха
(Қаңлы) иелігінің бір бөлігі болды. Зерттеу барысында Отырар өңірінің ең
байырғы деген қалашығын тауып, оның б.з.б. І ғ. жататынын анықтадық.
Отырартөбенің стратиграфиялық шурфында ІV-VІ ғғ. жататын құрылыс
деңгейінен кейін тағы 3,5 м қалыңдықтағы мәдени қабаттың болуы Отырар
қалашығының ең төменгі қабаты б.э. бірінші ғасырларына жататынын,
Отырардың негізі антикалық дәуірде қаланғанын айғақтайды.
Отырар VІ-VІІ ғғ. Түркі қағанаты құрамына еніп, Шаш - Тарбанд иелігінің
астанасына айналды. Қала айналасында үлкен шаруашылық аймақ, бір топ
серіктес елді мекендер орналасқан. І-V ғғ. жататын ыдыстардағы жазулар
Отырар өңірінің халқы мәдениеттің жоғары жетістігі әліппені пайдаланғанын
көрсетеді. Отырар алқабында тұрған халық түрлі наным - сенімдерді
ұстанды.
Насабнама VІІІ ғ. арабтардың Сүткент арқылы Сырдарияның екі жағалауымен
жүріп, Отырарды басып алғаны жөнінде хабарлайды. Біз Отырартөбенің шағын
шеткі бөлігіндегі қазбадағы 13- еден мен 14- еден арасын, және 14-
еденнің өзін іліккен үйлердің бос, иесіз қалып қаңырап қалуын арабтар
әскерінің жорығынан кейінгі көрініс деп есептейміз. Отырартөбенің
стратиграфиялық кесіндісінде Х-ХІ ғғ. қабаты мен VІІ-VІІІ ғғ. қабаттары
анықталып, жеке-дара суреттеледі де ортасындағы ІХ ғ. қабаты жоқ болып
шығады. Бұл Отырардың кем дегенде осы бөлігінің бір ғасырдай қаңырап
тұрғанын көрсетсе керек. VІІ ғ.– VІІІ ғ. ортасынан кейін тек ІХ ғ.
басында ғана Отырарда теңге соғыла бастады. ІХ ғ. бастап деректерде
Тарбан-Тарбандпен қатар Фараб қаласы, не уалаяты, Х ғ. бас қала ретінде
Кедер қаласы атала бастайды.
Қарахандар заманы Отырар үшін гүлденіп өсу дәуірі болды. Отырар
қолөнерінің жаңа түрлері пайда болды. Жаңа археологиялық материал
негізінде мата өндірісімен айналысқан шеберхана орны, ою-өрнек түсіретін
керамикалық қалып, бұрын-соңды кездеспеген химиялық шишалар, етікшінің
құрал-саймандары, шыны өндірісінің орны анықталды.
Ислам қағидалары мен араб жазуының кең тарала бастағанының куәсі деп
Отырардан табылған заттар бетіндегі жазуларды айту керек. ХІІ ғ. Отырарда
Сопы Данышпан қабірінің болуы, деректерде Сопыхананың болғаны жөніндегі
хабарлар, Арыстанбаб кесенесіндегі қарахандық дәуірдің құрылыс
қалдықтарының табылуы сопылықтың тарағанын көрсетеді. Қарахандықтар
тұсында теңге соғу ісінің қолға алынуын қаланың экономикалық тұрғыдан
өсіп-көркеюінің бір айғағы деп түсінуіміз қажет.
1210 ж. Отырар Хорезмшах мемлекетіне күштеп қосылған. Хорезмшах Отырарды
өзіне қаратқанда қала тұрғындарының біразы өлтірілген, Отырардың төл
билеушісі айдауға жіберіліп өлтірілген. Отырарда Шыңғысхан әскеріне қарсы
соғысқан тек Хорезмшах жіберген әскер болды. Монғолдар қалаға енген соң,
ол әдеттегідей тоналды. Археологиялық қабаттарды зерттеу жазба
деректердегі мәліметтерге түзету енгізеді. Отырар жермен - жексен болған
жоқ. Бүкіл қалалық өрт іздері жоқ. Қала халқының біршама уақыт өткен соң
өз үйлеріне қайта оралғанын көрсетті. Қаланың монғол империясының
құрамына қосылуы зардаптармен қатар позитивті өзгерістер әкелді. ХІІІ ғ.
50-60 жж. Отырар алтын, мыс, күмістелген дирхемдер шығарды. Отырар
халықаралық сауда жолындағы маңызды орталыққа айналды. Онда Қытай, Таяу
шығыс, Хорезмнен әкелінген заттар табылды. Отырарда ХІІІ ғ. екінші
жартысы мен ХV ғ. сәулетті құрылыстар салынды. Жазба деректерде аталатын
Бердібек сарайын біз қазба барысында табылған құрылыстармен баламалаймыз.
Осы құрылыс ішінде шахмат тасы табылды. Жаңа каналдар салынды. Олардың
арасында біз зерттеген Ақарық каналы ерекшеленеді. Ақарық жазық аймақта
ағып жатқан Арыс суын жер бедерін ескеріп, екінші өзен - Бөгенге қосуға
және оны Түркістан айналасына жеткізуге арналған ортағасырдағы ерекше
инженерлік құрылыс. Отырардай бай қаланы иелену үшін феодалдар арасында
күрес жүрді.
Зерттеуімізде Отырартөбені қазу барысында табылған өрт іздерін белгілі
тарихи оқиғалармен сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді. ХV ғ. басында
Отырарда бүкіл қалалық өрт болады. Біз оны жазба деректерде 1411 ж.
қаңтарда Шахмәліктің Отырарда билік кұрған Нұр ад-динге қарсы жорығымен
байланыстырамыз. Бұл өрт Отырарды қатты күйзелтті. Өрттің нақ әскери
оқиғалармен байланысты болғанын өртенген үйлердің қасында адам
қаңқаларының табылуы, ал ІІІ қазба орнындағы ІV қабат деңгейдегі бірінші
үйден қылыштан жарақат алған адамның бас сүйегінің табылуы осы пікірді
қоштап тұрғандай. Өрттің алдында қала халқының Отырар айналасынан қамал
ішіне кіруін біз осындай жағдайлардың салдарынан, яғни, мәжбүрліктен
туындаған әрекет деп ойлаймыз. Алайда отырарлықтарға қамал қалқан бола
алмады. Өртке дейін И орамындағы тоғыз үйдің үшеуінде керамикалық
пештері бар бөлмелер, яғни шеберханалар болған болса, өрт болған соң олар
жөндеуден өткен, не болмаса қайта көтерілген үйлерде керамикалық
өндіріске қатысты ешбір қалдықтар немесе белгілер табылмады. ІІІ қазба
орнындағы Ж және И орамдарындағы өртке дейінгі үйлер, көшелер көлемі
өрттен кейінгі кезге сәйкес келмейді. Жалпы алғанда көшелердің кеңейіп,
үйлердің ауданы кішірейгенін байқаймыз.
Біз Отырарда ХV ғ. екінші жартысында бүкіл қалалық екінші өртті Отырар
әкімінің темірліктерге қарсы көтерілісімен байланыстырамыз. Көтеріліс
себептері, оның барысы бізге беймәлім болғанымен жазба деректер темірлік
Әбу Саидтың 1455 ж. Отырардағы бүлікті басқаны жөнінде хабарлайды.
Археологиялық қазбаларды талдау екінші өртке байланысты оқиғалар Отырар
халқын ойсыратып тастағанын көрсетіп тұр. ХV ғ. бірінші ширегінде Отырар
астаналық дәрежесінен айырылып, қатардағы өлкелік қалалардың біріне
айналды. Отырарда соғылған ең соңғы теңге 1415-16 ж. жатады.
Отырар тарихының соңғы кезеңі археологиялық қабаттарда соңғы бүкіл
қалалық өртпен таңбаланады. Отырардағы соңғы бүкіл қалалық өрт жоңғар
ханының 1681-1682 жж. жасаған жорығымен байланысты. Отырарлықтардың
ерлікпен қарсылық көрсетуіне орай қаланы жоңғарлар өртеді. Халқының бір
бөлігін өзімен бірге айдап әкетті. Көптеген үйлер иесіз бос қалып, ол
жерлер мазаратқа айналды. Алайда Галдан билігі ұзаққа созылмады. Монғол
билеушілері арасындағы өзара қақтығысты пайдалана отырып, 1688 ж. қазақ
жасақтары Жоңғарияны шабуылдап шекаралық аймақтарында ойран салды. ХVІІ
ғ. 80-ші жылдарынан кейін кейбір өртенген және тастап кеткен үйлер
жөнделді, аса шектеулі аудандарда жаңа үйлер салынды. Бұл кезеңде
қаладағы тіршілік құлдырауда. ХVІІІ-ХІХ ғғ. жазба мәліметтер шоғыры,
археологиялық деректер (нумизматиқалық және керамикалық кешен),
жергілікті аңыз әңгімелер Отырарда тіршілік 1750 ж. тоқтағанын көрсетеді.
Отырарда тіршілік тоқтауына бірнеше факторлар әсер етті. Біріншіден
жоңғар шапқыншылығы кезінде арық-каналдардың бұзылуы және Отырар халқы
санының күрт кемуінде. Отырарда ХVІІІ ғ. бірінші жартысында 200-280 адам
болған. Осындай аз қол күшімен көктемде суы мол арнасынан шығып жататын,
жазда суы биік арнасының төменінде жататын Арыс өзенін бөгеп арыққа су
шығару, жер деңгейі жазық аймақта оман-арық қазып суды жүргізу көп күшті,
көп шығынды қажет етті. Яғни, Отырарға су жеткізетін Темірарықты қалпына
келтіруге отырарлықтарда шама болмады. Бұған қоса ХVІІІ ғ. ауа райы
өзгеріп, қуаңшылық үстем болып өзендердегі су деңгейі төмендеп кетті.
Отырардың соңғы тұрғындары Түркістан, Шымкент, Шілік елді мекендеріне
көшкен. Отырар қаласының халқы басқа да қазақ жеріндегі ескі
қалалықтардың ұрпақтары іспетті қазақ халқының құрамына кірді.
Ортағасырлық Отырар
Мөлдір сулы Арыстан сары лайсаң Сырдарияға құяр сағасына қол созым
жерде талай ғасырлар бойы ел есінде сақталған өлі қала үйінділері жатыр.
Оның атауы – Отырар.
Отырар Қазақстанның орта ғасырлық қалалары ішінде айырықша орын алады.
Өмірлеріне көпестердің, әсіресе соғды көпестерінің отар – иеліктері
елеулі оң әсерлерін тигізгенімен, көптеген жағдайда халықаралық керуен
саудасына тәуелді болған Жібек жолындағы Испиджаб, Тараз, Хамукет
қалаларына қарағанда Отырар даланың малшы – тұрғындары үшін өз қаласы болды
және болып қалды да, оның қабырғалары сыртында далалықтардың өздеріне етене
жақын әрі түсінікті тілде сөйлейтін туыстары мен дос – жарандары, өз халқы
өмір сүрді. Егер әлдеқандай күн туып, алмас қылыштар айқасып, сұр жебелер
суылдаса, егер сарайлар мен күркелер алау өртке оранып, күн көзін қара
түтін тұмшалар болса, онда далалықтарға да, қалалықтарға да бірдей қатерлі
жаулар келгені. Міне, сонда өзінің ұстаханасындағы көрік отын сөндірген
ұстамен малын айдалада қалдырғант малшы қамал қабырғасында тізе қосып,
қанжарларын ауыздарына кесе тістеп, сатымен жоғары өрмелеген өлермен жаудың
бетін бірлесіп қайтарады. Одан тағы бейбітшілік, тағы соғыс... Кангюидің
ұзын семсерлері түріктің қайқы қылышына орын береді, қарапайым ағаш
соқаларды темір ұшты түрендер алмастырады, ені кең, түбі таяз арналар
орнына ені енсіз, бірақ түбі терең, су сыйымдылығы үлкен арналар қазылады.
Отырар өсе түсті, міне енді шағын қыстақ орнынан бүкіл Шығысқа аты әйгілі
қала, дүниеге орта ғасырдың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әль – Фарабиді келтірген,
осы өлкенің байырғы астанасына айналған тарихи қала бой көтерді.
Қазіргі кезде біз Отырар жөнінде, оның ежелгі және ортағасырлық тарихы
мен сәулет - өнері, құрылыстары, қолнері мен мәдениеті жөнінде не білеміз?
Отырар Сырдария орта ағысындағы суармалы құнарлы алқап орталығы болып
тадылады. Батысында оған Қызылқұм шөлі келіп тіреледі, шығысында Қаратаудың
жөн – жоталарымен жалғасатын біркелкі жазық дала жатыр. Өзен аңғарларында
жыңғыл, жиде, тал, тораңғы мен қамыс тығыс өскен ит түмсығы батпайтын
тоғайлар жиі кездеседі. Қалың қопаларда бұғы, қабан,қоян, қасқыр, түлкі
тәрізді аңдар ұшырасады. Осында күні кешеге дейін жолбарыстар да болған.
Құстарыда әр алуан: қырғауыл, қаз, тырна, көкқұтан, түрлі үйректкр бар.
өзен суында қаяз, ақмарқа, жайын балықтар жыртылып айырылады.
Отырар алқабы немесе ертеректе аталғанындай Фараб округі Оңтүстік
Қазақстан тосқан жолдвң тоғысқан торабында тұрды. Отырар орта ғасыр
авторларының барлық дерлік географиялық және тарихи шығармаларында
ескерілуі тектен-тек емес. Ол Жетісу қалалары санатысына да, Испиджаб
шеңберіндегі қалалар тізіміне де кіргізіледі. Осығанорай бірнеше Отырар
болған ба деген күдік те тууы мүмкін. Дегенмен Отырар біреу ғана еді, ал
оның осышама мәшһүрлігін қаланың географиялық көрінісі әр-алкан
алқаптардың тоғысқан жерінде және сантарау керуен жолдарының түйінді
қиылысында тұрғандығына байланысты түсіндіруге болады. Арыс пен Сырдария
құйылысындағы Отырар – үлкен егішілік ауданы. Қаратау жоталарының шалғайын
басып жатқан Отырар – көшпенділердің сенімді тірек қамалдаының бірі,
Отырардан Арысты өрлей шыққанжолдар Тараз бен Баласағұнды басып өтіп, одан
әрі Шығыс Түркістанға жетеді; Сырдария өрлей жоғары кететін ежелгі жол
сорабы Шал, Соғды арқылы жалғасып, Мерв пен Нишапурға жеткізеді; төмен
кеткен жол Арал аймағына,одан Оралға шығады; батықа Қызықұм арқылы өтетін
жол Хорезмге, одан әрі Қара теңізбен Кафказға апарады. Орта Азияда, - деп
ескертті белгі совет археологы А.Н. Бернштам, - бұдан ең қолайлы және ең
қауіпті орынды табу қиын.
Қала үстінен қара құйындай соғып өткен мың жылдық басқыншылар соғысы
өзінің істерін істеді – бір кезде гүлденген қала орнында қазір үстін шөп
басып кеткен үйінді обалар жатыр. Бұл жернде алғаш рет келген адам қимылсыз
қалған көптеген қалалар мен елді мекендер, қамалдар мен қарауыл мұнарларын
көріп, қайран қалары сөзсіз. Жүздеген жылдар бойы тамшы су көрмей,
ұлтандары аптаптан шыт-шыт жарылып кеткен үлкен арналар сорабы қаңсыған
алқап үстін айқыш – ұйқыш шимайлап жатыр. Ежелгі елді мекендердің орнына
оба болып көтерілген әрбір төбенің өз атаулары бар: Алтынтөбе, Жалпақтөбе,
Құйрықтөбе,Пышақшытөбе. Бір заманда олар басқаша аталған еді, бірақ олар
атаулар ұмытылған, тек аттары жазба деректерден белгілі екі қала атуларын
осы күнгі үйді обалар атуларыменсалыстыруға болады. Зертеушілердің
анықтауынша Құйрықтөбе орнында Кедер қаласы болған, ал күйреген ескі Оксус
қаласы Весидж қаласына сәйкес келеді. Бір кезде бұлар да басқаша аталған,
бірақ жергілікті аңыздар қазіргі атауларды бұрынғы қалалардың Отырармен
қарым-қатынаста атқарған өзіндік кәсіптерінің түрлерімен байланыстырады.
Мәселен, Алтынтөбе атауы онда зергерлер тұрғандықтан солай аталған.
Пышақшытөбе-қару жарақ ұсталарының мекені, Құйрықтөбе (қойдың құйрығы
тәрізді жалпақ жота)- қасапшылар жайлаған орын.
Отырар обалары өздеріне көптен көңіл аударып келеді. Жерге көмілген
ежелгі патшалар қазынасы, алтын теңгелер мен құнды заттар үйінділері бар-
мыс деген қауесеттер қашан да шындыққа келетін тәрізді еді. Оның үстіне бұл
жерден әр кезде әртүрлі бұйымдар бірде күміс білезік сынықтары, бірде тасы
күңгірт тартқан, түрі таңғаларлықтай сырға, енді бірде көгілдір ақық тастан
жасалған моншақтар табылып жүрді.
Қазына табуға көп адамдар талаптанып көрді. Бірақ көптеген жағдайларда
кетпендер сыртқа алтын орынына қыш ыдыстар сынықтары мен темір ыдыстардың
шіріген қалдықтарын, мал сүйектерімен адамның бас сүйектерін ғана қазып
шығарды.
Отырардағы алғашқы қазба жұмыстарын Түркістандығ археология
әуесқойлары үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А. Черкасов 1904 жылы
жүргізген. Олар қазылған ұзынша орлардан керамика, кірпіш түрлерін жинады
және бірнеше ондаған мыс теңгелер тапты. Қазу жұмыстары сонымен тынған
болатын. Одан кейін Отырар көп уақыттар бойы археологиялық экспедициялар
жолынан бір бүйір қалды, тек 40-шы жылдың аяқ шенінде ғана профессор А.Н.
Бернштам бастаған археологиялық экспедиция бұл жерде біршама алдын-ала
зерттеп, байқау жұмыстарын жүргізді. Алынған мәліметтер негізінде ескі
қаланың хронологиясы жөнінде ұсыныс жасалып, керамикалар алдын-ала
іріктеліп жіктелді. Алайда, тіпті осы барлау жұмыстарының өзі Қазақстанның
көптеген ежелгі және ортағасырлық проблемаларын шешуде Отырар келешегі зор
үміт күттіретін объекті екенін көрсетті.
1969 жылы Отырар археологиялық экпедициясы ұйымдастырылды. 1970 жылы
оның атауы Қазақ ССР Ғылым академиясының кешенді археологиялық экспедициясы
деп өзгертіліп, негізгі зерттеу объектісі ретінде ескі Отырар төбе қаласы
таңдап алынды.
Ескі қаланың аспаптық топографиялық жоспары көшіріп алынды, оның
жоспары және перспективті аэрофотосуреттері түсірілді. Бұл жерде жыл сайын
қазба жұмыстары жүргізілуде.
Отырардың топграфиясын зерттеу ескі қаланың көрінісі Қазақстан мен
Орта Азияның көптеген ортағасырлық ескерткіштеріне ұқсас екенін көрсетті.
Орталық оба түріндегі бес бұрышты үйінділердің биіктігі 18м.., аумағы 20га.
Қабырға жақтары тегіс: оңтүстігі-380м, оңтүстік-батыстағысы-145м,
батыстағысы-400м, солтүстік – шығыстағысы-380м, шығыстағысы-350м. Обаны
периметрі бойынша қоршаған қабырғалар кей тұстарда қазір де өзінің тіп-тік
қалпын 75-80º сақтап тұр. Қабырғаны бойлай көтерілген мұнаралардың тұлғасы
сыртқа жұмырлана шығыңқырап, жүргеленіп тұр. Қабырға сыртында екі жағы
жантайма, тереңдігі 2-3м.., ені 10-15м., келетін жыра тәрізді ор жатыр.
Қалаға үш жағынан кіретін қақпа бар. Екеуі қаланың оңтүстік және солтүстік-
шығыс бетіне бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Үшіншісі – батыс беттегі
қабырғаның орта тұсында. Орталық көше оңтүстік және солтүстік
кіреберістерді жалғастырып, қаланы тең емес екі бөлікке бөлетін тәрізді.
Көше ені 5-8 метрлік жыра сияқты. Көптеген пұшпақтар мен тұйық тармақтар
содан таралады.
Отырардың топографиясы негізгі кескіндемесі жағынан орта ғасырдың аяқ
шенінде (XV-XVIIIғ.) қалыптасқан, сондықтан қамал құрылысы ерекше көзге
түспейді, тек аэрофотосуреттерді кескіндеме-сызыққа айналдыру нәтижесінде
ғана оның алдын-ала сұлбасын айқындауға қол жетті. Қамал обаның дәл
ортасында, үш бұрышты үлгімен салынған үш қабырғасының әрқайсысының ені
тиісінше 220, 230 және 220м. Оның сыртынан қоршай түскен күңгірт жолақ
шеңберді қазылған ор деп шамалауға болады.
Қамал мен шахристан орналасқан обаға жалғас рабадқа бекітілген
территория жатыр. Оның аумағы 150га. Рабатта әр түрлі көлемді төбешіктерге
жіктелетін құрылыстардың қалдықтары бар.
Отырар жұртында тұрғындардың пайда болу кезеңі оның Отырар – Фараб
атауы жазба деректерде алғаш рет атала бастаған ІХ ғасрырдан көп бұрын,
яғни біздің дәуірімізге дейінгі алғашқы ғасырларға жатады.
Сонымен қатар бұл қаланың тым әріректегі атауын анықтауға мүмкіндік
беретін деректер де бар.
Отырар мен осы қоғал алқаптың ескі қалаларынан жиналған теңгелер
санаты жоғарыда аталған дәуірлерге жатады. Бірінші үлгіге жататын
теңгелердің оң бетінде садақ түріндегі түргеш таңбасы, теріс жағынжа
арыстан бейнеленген. Екінші үлгідегі теңгелердің бет жағында Х белгісі
таңбаланған. Жетісуда, Шашта және Соғдыда жасалған ортағасырлық
теңгелермен салыстырып көргенде бұл жергілікті билеушінің әмірі мен
шекілген ең жаңа түрлі теңгелер үлгісі болса керек деген ойға келтіреді.
Екінші үлгідегі теңгелер Кангу Тарбанның қангар билеушілері қалауымен
жасалған болар деген болжам да бар.
Мұның өзі Отырар иелігінің саяси және экономикалық дербестігінің
айшықты айғағы және Отырардың VII ғасыр мен XVIII ғасырдың алғашқы
жартысындағы қат-қабат оқиғаларда елеулі роль атқарғандығы жөнінде жазылған
деректердің дұрыстығын көрсететін қосымша дәлел.
Отырардың ерте ортағасырлық қабаттарын жан-жақты қазып зерттеу-
келешектің ісі. Дегенмен, шамасы кангар иеленушілерінің қала сыртындағы
резиденциясы болған ескі Құйрықтөбе қаласының қамалын зерттеу материалдары
бойынша сол кездегі көрнекті архитектура сәулеті жөнінде айтуға болады.
Қамалдан айнала галлереялармен және сигмент тәрізді сыртқа шығыңқы
мұнаралары бар дуалмен қоршалған тұрғын және шаруашылық жайларынан тұратын
сарай кешенінің қалдықтары табылды. Оның қабырғалары күйдірілген ьалшық
блоктар қатарын қалақша қам кірпіштермен араластыра қалау әдісімен
салынған. Құрылыстар биіктігі 10 метрге жететін стилобатқа жеткізілген.
Көлемі 10,5х15 метрлік салтанат залының қабырғалары оюлармен және тақтайлар
бетіне ойып түсірілген тәтілермен әшекейленген. Мұндай өрнекті тақтайлардың
қамал өртенген кезде күйген, қазба кезінде табылғандары да осындай күйде.
Тақтай-тәті беттерінде аймақ иелерінің тіршілік тынысы және құдайлардың
бейнелері суреттелген сюджетпен безендірілген.
Бетінде адамдардың бедерлі суретері бейнеленген, көлемі 125-35см,
жақсы сақталған тақтай назар аударарлық. Арқаға кіре берісте еркек пен әйел
бейнеленген. әйелдің беті жалпақ дөңгелек жүзді, тайпақ мұрынды, да тәж
тәрізді әшекей. Еркектің бет-пішіні нашар сақталған. Ол басқа кептелетін
жиегі бар қалпақ, желбегей шапан киген. Еркек оң қолымен әйелді құшақтап
тұр, қолының қосбасы әйелдің иығында жатыр, алақанын жоғары қарата көтерген
сол қолы әйелдің беті деңгейінде. Зерттеушілердің пікірі тақтайда құда
түсу көрінісі бейнеленген.
Тағы бір тақтайда аңдар бейнесінен жасалған тақта отырған құдайлар енді
бірінде садақшылар бейнелері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz