Сақтардың мәдениеті туралы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Б. з. д I мыңжылдықтың бас кезіндегі Қазақстандағы көшпенді тайпалар үстемдігін «ерте темір ғасыры», «ежелгі көшпенділер заманы», «сақ заманы» деп атау қалыптасқан. Сақтар - Еуразия даласындағы көшпенді тайпалардың ортақ атауы.

Сақтар Ұлы даланың алғашқы көшпенді тайпалары еді. Сақтар әлем тарихында терең із қалдырған, ежелгі дүниеге кеңінен әйгілі болған халық болатын. Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде дамыған өркениетін қалыптастырды. Сақтар адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Сақ тайпаларының мәдени ошақтары Қазақ жерінің барлық аймақтарында қалыптасқан. Мәселен, Орталық Қазақстандағы сол кезеңнің мәдениеті Тасмола мекеніндегі аса ірі археологиялық ескерткіштер орны бойынша тасмолалық деген атау алды. Оны басқаларының ішінен бөлектеуге ескерткіштерінің ерекше түрі - «мұртты қорғандар», «тас тізбекті қорғандар» негіз болды. Ал Арал маңындағы ескеткіштері ішінде Шірік-Рабат қалашығының орны мен Баланды кесенесін атап өтуге болады. Сондай-ақ сақ дәуірінен бүгінгі күнге жеткен аса құнды ескерткіштер Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылды. Ал ең ерекше ескертіш әлемді таң қалдырған мәдени тарихи қазына Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» моласы. Антропологтардың анықтауынша бұл қорғанда жерленген адамның жасы 17-18 шамасындағы жауынгер, ал тегі сақ. Ол мол алтынмен өрнектелген салтанатты киім киген. Басында әртүрлі өлшемдегі алтын жапырақшалармен әшекейленген 150-ге жуық әшекеймен өрнектелген, әшекейде барыстың, таутекенің, арқардың, жылқының, құстардың бейнелері бар. Әлемге әйгілі болған бұл тарихи олжаны археолог К. Акышев зерттеген.

Міне, мұның бәрі сақ мәдениетінің дамуы өте жоғары дәрежеде болғанын айшықтап тұр. Б. з. д 7-6 ғасырларда қалыптасып, Сібір, Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропаның оңтүстігіндегі тайпалар арасына таралған «аң стилі» сақ өнеріндегі айрықша белгі болды. Бұл белгі киім-кешекті, ыдыс-аяқты, қару-жарақты, тұрмыстық бұйымдарды әшекейлеген сан алуан аңдар мен жануарлардың бейнелері еді. Олар жай ғана бейнеленіп қойған жоқ, жоғары эстетикалық талғаммен әшекейленген. Сақтардың материалдық мәдениетінің көптеген элементтері қазіргі халықтардың игілігіне айналды. Сақтардан ұзын шалбарлар мен қысқа шекпендер мұраға қалып, одан қазіргі ерлер мен әйелдер киімдерінің негізін құрайтын шалбар мен қамзол келіп шықты. Сақтардан жұмсақ былғары етіктер мен шошақ төбелі киіз бас киімдерінен - қазақ қалпағының қазіргі нұсқасы таралады.

Орталық Азияның далалық бөлігі - Ұлы дала - Дунай мен Қытай арасындағы өркениеттің өзіндік дербес ошағы болғанын сақ мәдениеті көрсетеді. Ұлы даланың өркениеті - әлем өркениетінің құндылықтарын бойына сіңіре білді.

Сақ мемлекеті ежелгі қазақ даласындағы мемелекеттіліктің қайнар көзі болып табылады.

Сақтардың мәдениеті

САҚ МӘДЕНИЕТІ - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б. з. б. 7 - 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т. б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам), Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Ұйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т. б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

Сақ мәдениеті Карпат, Дунай, Батыс Тянь-Шань, Таулы Алтайдан бастап Памирге дейінгі аймақтарда қалыптасты

Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді.

Мәдениеттің мұндай тұтастығын сақ шеберлерінің бейнелеу өнеріндегі «аң стилімен» байланстырамыз. Сақ «аң стилі» мәдениетінің синониміне айналды. Бабажан мекені мен Сурх-Дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларын: жер бауырлап жатқан қобылан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас, бүркіттердің стильдендірілген бастары, жыртқыштар «заулап бара жатқан» бұғылар, аттар мен түйелер бейнесін тауып берді.

Сақ шеберлері кескіндеме, қолөнер бұйымдарында «аң стилін» талғаммен үйлесімді қолданып, қияли бейнені ұтымды бере білген.

"Аң стилін" 3 кезеңге бөлуге болады:

  1. Біздің заманызға дейін VIII-VII ғасырларда -архаикалық кезең: жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтамай, қозғалмайтын бейнеде кескінделуі;
  2. Біздің заманызға дейін VI-IV ғасырларда -классикалық кезең: жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтап, қозғалыста, реалистік түрде бейнеленуі;
  3. Біздің заманызға дейін III-I ғасырларда -біртіндеп құлдырау кезеңі: жануарлардың сұлбасын бейнелеу, жекелеген элементтердің өрнекке ауысуы (құстың тұмсығы, мүйізі және т. б. )

Тарих, археология ғылымдарында сақтардың хайуанаттық нақышының шығу тегіне байланысты екі түрлі пікір бар. С. Руденко, М. Артомонов сияқты ғалымдар бұл өнер, ең алдымен, Алдыңғы Азиядан бастау алған, оның сақтар арасында қалыптасуына сақтардың б. з. б. 7 ғ-да Алдыңғы Азияға (Мидия) жорық жасауы әсер еткен десе, К. Ақышев, С. Киселев, С. Черников, т. б. зерттеушілер Алдыңғы Азия өнерінің сақтарға ықпалы болғанымен, бұл ықпал б. з. б. 6 ғ-дың соңына таман, ахемен әулеті дәуірі тұсында бой көрсеткенін айтады (дәл осы кезде сақтарға мүлдем тән емес арыстан, фантастикалық арыстан-грифон, ортада қасиетті ағаш немесе құдай бейнесі бар геральдик. композициялар, лотос түйіні немесе оның гүлі араласқан өсімдік оюлар расында да пайда болады) . Олар аңдық стильдің шығу тегі жергілікті ортамен, далалық тайпалардың соңғы қола дәуіріндегі мәдениетімен байланысты деп санайды.

Сақ шеберлерінің өнер туындыларында аң мен жануарлардың немесе қиялдан туған құс пен жануардың арпалысындағы күрделі композицияда «зұлымдық» пен «адамгершіліктің»нышаны алда тұрады. Ежелгі адам өзін қоршаған тылсым дүниенің түсініксіз құбылыстарын бейнелеу осындай рәміздік ойды білдіретін күрделі композицияларды дүниеге әкелген. Аң мен жануардың арпалысын немесе бір-біріне атылу сәттерін аса бір нәзіктікпен бейнелеп, табиғилықты сақтаған.

Сақтардың «зооморфтық стилі» түрлі мәндерде қолданып, белгілі рәміздік ұғымды білдірген. Аңдардың жануарларға атылған сәті немесе аң аузында бейнелену көрінісі сақтардың көркемөнерінде негізгі орын алады

Ежелгі сақтардың бейнелеу өнерінде «аң стилінің» қалыптасуының басты себебі, адамдар аңдар мен жануарлардан пайда болды деген қиялдан туған болу керек. Ежелгі адамдар мифсіз өмір сүрмеген. Табиғаттың тылсым күштері мен түсініксіз құбылыстарын мифке айналдырып отырған.

Сақ шеберлері «аң стиліне» қолданған негізгі элементтері: бұғы, арқар, таутеке, лотос гүлі, үшжапырақ, қосалқа, үтір, төртқұлақ, спираль т. б.

Сақ «аң стилі» бүгінгі Орта Азия, Сібір, Еуропа халықтарының бейнелеу өнерінің негізін қалаған.

«Аң стилі» өнерін сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде танысқан, оңтүстік әсерлерімен пайда болған. Дәл осы кездері осы арада сақтар өнеріне арыстан, арыстан-самұрық, «өмір ағашы» образдары ауысып келеді. Бұл образдар бұғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс, бүркіт сияқты жергілікті жануар бейнелерімен сіңісіп кетеді.

Сақ мәдениетінің керемет үлгісі ретінде Тувадағы Аржан обасын айтуға болады. Бұл обаны қазу кезінде диаметрі 120 м, биіктігі 3 м орасан зор құрылыс - оба үйіндісінің астынан археологтар аса күрделі ағаш конструкциясын тапты: оның дәл ортасында жуан бөренелерден қиылған көлемі 8х8 м үлкен там, ал оның ішінде көлемі 4, 4х3, 7 м тағы бір там бар екен. Сол тамда ағаш табытқа салынып көсем жерленіпті, оның жанында тағы бірнеше еркектің -көсемнің туыстары мен серіктерінің мәйіттері жатыр, тегі олар өз еріктерімен көсемі соңынан о дүниеге аттанса керек. Айналаға радиус бойынша орнатылған тамдар ішіне жорық ер-тұрмандарымен 160 ат қойылыпты. Барлық аттар құла және жирен түсті яғни патшалар мен абыздар түстеріне сәйкес келеді екен. Оба бағы заманда тоналыпты, бірақ археологтар үлесіне де көп олжа қалыпты: түрі бүрісіп жатқан ілбісінге немесе барысқа келетін әлемдегі ең үлкен қола қаптырма, арқарлардың бейнелері, сабы қабан бейнесіндегі қанжар, алтын өңіржиек, жебелер табылды. Оба б. з. д. 8 ғ тұрғызылған, сақ өнерінің одан кездескен заттары ең ескі дүниеліктер болып табылады. Соған қарап сақтың «аң стилі» Азия даласында туған деген болжам жасауға болады. Оған дәйекті негіз бар, осы арада оның бастаулары да бар. Тіпті қола дәуірінің өзінде жергілікті ісмерлер жануарлар бейнелерін жасаған. Бұғыларды, бұқаларды бейнелейтін тасқа салынған суреттер кеңінен мәлім.

"Аң стилі" белгілі бір діни наным-сенімге байланысты ұғымды білдіреді. Жыртқыш жануарлар мен құстардың бейнелері қару-жарақтарға немесе атқа ерекше күш беретін тұмар ретінде қолданылды. Жануарлардың жекелеген бейнелерінен басқа олардың топтасқан (синкретикалық) бейнелері де кездеседі. Бұл бейнелер киелі, рәміздік мағына береді. Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" бас киімі жылқы, құс, таутеке, барыс, т. б. топтасқан бейнесінде алтын қапсырмалармен әшекейленген. Осындай топтасқан бейнелерді зерттеу темір дәуірі көшпелілерінің идеологиясы мен діни түсініктері туралы мағлұмат береді.

Әлемді таң қалдырған таңғажайып тарихи ескерткіш, сақ мәдениетінің ұлы қазыналарының бірі «алтын адам» моласы.

«Алтын адам» - ұлы дала өркениетінің алтын ошағы, сақ тайпаларының мәдениетін, тарихын, мифологиясын, жазуын, өнерін, әлеуметтік құрылысын зерттеуге мүмкіндік беретін аса көрнекті ескерткіш.
1969-1970 жылдары тарих ғылымдарының докторы, академик Кемел Ақышев бастаған археологтар тобының қазба жұмыстары нәтижесінде Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан 4 мыңнан астам алтын бұйымдар табылған.
Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы, түрлі құс бейнелерін беретін хайуанаттар стилі деп аталатын скиф-сақ зергерлік өнерінің үздік үлгісі.
Арқардың
алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Таудың мәңгілік қар-мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген.

Скиф өнерінде хайуандардың бейнесі (бұғы, тауешкі, антилопа т. б. ) жер әлемінің символы ретінде олар өлуге хақылы. Ежелгі адамдардың сенімі өлімге әкелетін өмірдің тіршілігі үнемі жаңғыру арқылы тұрақты түрде жаңарып тұратынына әкеп саяды. «Алтын адамның» бас киімі хайуандар, өсімдіктер және геометриялық фигуралар бейнеленген әшекейлерден тұратын күрделі де үйлесімді композиция.

Әсемдікті көрсетіп тұрған жан-жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке алтын лентамен спираль сияқтандырып оралған және жоғары жағы жапырақ тәрізденіп, ортасы қуыс болып келген. Бұл бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.

Сақ тайпаларының мифологиялық бейнелерінің бірі - жылқы болып есептелінген. Бас киімде бір-біріне қараған екі жылқы бейнесі кездеседі. Ол - кәдімгі мініс жануары, әлем аймақтарының бірінен-біріне өтудің көлік құралы, тәңірдің бұйрығын сақтап жеткізуші, дүниені жалғастырушы буын. Сонымен қатар, жылқы адамдар әлемі мен аспан әлемі арасындағы дәнекер болған және ол өзінің иесіне өлімнен кейінгі сапардан соңғы мақсатына жетуіне көмектеседі деген.
Сақ жауынгері бас киімінің дәл ортасында таңғажайып қанатты тұлпар орналасқан. Жылқы - сыннан өткен дос, жолдас, соғыс қаруы, ата-бабалар дүниесімен қарым-қатынас құралы ретінде көрінеді. Сонымен қатар салтанатты рәсімдік, тәңірлік және аластаушы жануар қызметін атқарған.
Құстардың бейнелері негізінен көк аспанның нышаны болып есептеледі. Құс бейнелері нақтылықты, дәлме-дәл мергендікті, жылдамдық пен тегеурінділікті де білдіреді. Мұндай бейнелер жүйріктік пен ұшқырлық болсын деген тілектен туындаған. Құстың ерекшелігі, олар бір жағынан-құс, яғни аспан аясының нышаны, ал екінші жағынан, бұл құстардың табиғаты, яғни биологиялық ерекшеліктері оларды Ғарыштың төменгі өрісімен байланыстырады және аспанда тек Құдай ғана мекендейді, ал оған құс қана ұшып жете алады деген ұғымдар қалыптасқан. Сондай-ақ, құс көсемнің билік нышаны да болып есептелген.
Таудағы барыс - бұл образ жоғарғы әлем - аспанды білдіреді. Жалпы алғанда жоғарғы дүние мен адамдар әлемін байланыстырушы-«әлемдік тау» деген мағына береді. Жауынгер идеалын кейіптейтін барыс бейнесі ер жүректіліктің, тәкаппарлықтың, еркіндіктің және патшалық тұқымның нышаны санатында есептелген. Осыған байланысты еліміздің болашаққа ұмтылысын білдіретін барыс образы мемлекетіміздің елдік рәміздерінен лайықты орын алып отыр.

«Тауешкі» бейнесіндегі әшекей де кездеседі. Ол ірі де мықты мүйізі бар тұяқты жануар ретінде жаратылыстың ортаңғы аймағымен байланысты болған. Оны өмір бәйтерегімен, әлем өзегімен байланыстырады. «Тауешкі» жердегі рухты «көктегі жайылымға», яғни жоғарғы әлемге апарады деген наным қалыптасқан. Тау ешкісі «таза» құрбандық жануары, Құдайлар және жоғарғы әлемнің жануары ретінде қабылданған
Бас киімнің артқы жағындағы табиғат көрінісін тау тәріздес әшекей бейнелеп тұр. Ежелгі кезде адамдар әлемді тауға ұқсатты, сондай-ақ Құдайлар мекені деп те есептеген. Ол адамды жаугершілікте, аң аулауға шыққанда сақтап жүреді деп сенген. Ал алтынды қасиетті металл ретінде күн шуағына теңеді және бұл бағалы металл хан билігін меңзеген. Мойнында домалақ жүзік сияқты үш оратылған алтын алқа , екі ұшында жолбарыстың бас пішіні бейнеленген. Бұйымның материалы мен көркі оның көшпелі ақсүйек өкілдерінің сән-салтанаттық киімінің ең маңызды элементтерінің бірі екендігін көрсетіп тұр.
Үстінде үшбұрышты алтын жапсырмалармен тағылған қысқа қамзол , көкірегінің тұсы, жеңі алтын тағалармен өрнектелген. Бұл жапсырмалардағы басты идея - көк аспан идеясы, яғни күн нышаны мен кульминациясы. Пластиналардың киімге тігуге арналған тесіктері бар. Бұл киімді ұсақ, жұқа шытыралармен безендіру, күнделікті тұрмыста киюге арналмаған. Мұндай ұсақ бұйымдар жерлеу ғұрпына арнайы дайындалған. Ежелгі халықтардың ұғымы бойынша алтын мәңгі өмірді, қуаттылықты білдірген. Бір жағынан, алтын белгілі бір топтың өкілін білдірсе, екіншіден, бағалы металл ретінде күн Құдайы ұғымдарымен байланысты болды және осылайша жерленген адамды мәңгілік өмірге жетеледі.
Қысқа қамзол - құрастырмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, сонымен қатар 16 тоға бұғы бейнесінде жапсырылған. Белдікті безендірген шығыршық және алтын белдік бас. Оған барыс бейнесі және иіріліп жатқан қасқырды бейнелеген.

Жазу мәдениетінің сол кезде жоғары дамығандығын, күміс тостағандағы жазу дәлелдейді. 26 таңбадан тұратын, Қазақстан жерінен табылған ең көне жазу. Бірнеше оқылу нұсқалары бар. Солардың бірі:
ғалым лингвист Алтай Аманжоловтың оқуы бойынша:

«Аға, саған (бұл) ошақ!
Жат адам тізеңді бүк!
Ұрпағымызда ас-су мол болғай!

Шілікті
Шілікті қорғаны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті елді мекенінің жанында орналасқан. Оңтүстік-батысында Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайхан және солтүстігінде Маңрақ тауларымен қоршалған үлкен алыпта тізілген қорғандар тізбегінен тұрады. Шілікті қорғандарын 1949 жылдан бастап ленинградтық археолог С. Черников зерттеген. Бұл жерден ол ежелгі сақтардың аң стилінде жасалған алтын бұйымдарын тапқан. Олардың бәрі қазір Санкт-Петербургтегі Эрмитаждың қорында сақтаулы. Ал профессор Төлеубаев бастаған топ болса, бұл қорғаннан 2003 жылы алтынмен көмкерілген киімімен жерленген сақ патшасының сүйегін тапқан.

Берел
1997-1999 жылдары қасиетті Алтайдың ақ қайыңдары мен мәңгі жасарып тұратын неше мың жылдық орман-тоғайларымен көмкерілген тау сілемдері қоршап жатқан көрікті аңғарда орналасқан Берелде белгілі археолог Зейнолла Самашевтың жетекшілігімен еліміздің бірсыпыра ғылыми-зерттеу институттары, университеттері қазба жұмыстарын жүргізді. Берел кезеңінде б. з. б. V-ІІІ ғғ. атпен жерлеу рәсімі ерте көшпелілердің философиялық түсінігін қалыптастырғаны белгілі. Археологиялық қазбалар нәтижесінде адаммен қоса жерленген ат мүрделері сол күйінде жетіп отыр. 1998-1999 жж. қазба жұмыстар нәтижесінде №11 қорғанда табылып, зерттелген сақ көсемнің өз заманындағы билік иерархиясындағы орны ерекше болғаны белгілі. №11 қорғаннан табылған археологиялық жәдігерлерді есепке алмағанның өзінде, обада жерленген біркелкі түсті (жирен) 13 аттың бірге қойылғаны дәлел.
Қорғандағы жылқылар салтанатты түрде әбзелденіп, бастары маскамен безендірілген (3 ат) . Ат әбзелдері барельеф техникасымен түрлі тәсілдерді қолдана отырып, сақтардың аңдық стилінде ағаштан жасалған ат әбзелдері, одан басқа бұйымдар: таутекелер, арқарлар, бұлан және құс грифондары көптеп табылды. Көсем аттарының тауешкі мүйізі сипатында ағаш мүсін мен салтанатты маскамен безендірілуі өте терең түсінікті береді. Ат маскалары және ағаштан жасалған тауешкі мүйіздері үш атты өзінің ерекше сәнділігімен, безендірілуімен басқа аттардан ерекше бөліп тұр. Көсемнің үш атының маскамен безендіріліп тұрған таутекенің мүйізі көсемнің қасиетті адам екенін, таңдаулы билеуші және оның ата-бабаларының рухы мекендейтін аспан әлемімен байланыстырылып тұрғанымен түсіндіріледі. Көшпелі мал шаруашылығы өндірістік еңбектен көптеген ер адамдарды босатуға мүмкіндік берді. Ер адамдар күшінің босатылуы әскери ұйымдардың өзіне тән көптеген түрлерінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілердің әскери ұйымдары отырықшы егіншіліктегі әскери ұйымдардың алдында өзінің артықшылығын әлденеше рет дәлелдеді. Сақтардың қару-жарағы садақ пен жебе, қанжар, қылыштан тұрды. Обаларды қазған кезде көп мөлшерде жебе ұштары табылған. Ерте кезеңде (біздің заманызға дейін VII-VI ғасырларда) Қазақстанның барлық аумағында жебелердің қола ұштарының екі түрі таралған: төлке пішіндегі және шие тәріздес. Жебе ұштарының көлемі өзгеріп тұрды. Бұл адырнасы үлкен күшпен керіліп тартылатын күрделі садақты ойлап табуға байланысты болды, мұндай садақ жебенің ұшу қашықтығын, қиратқыш күшін ұлғайтты. Сондай-ақ ұшы кішкентай жебелер анағұрлым қорамсаққа көп сыятын болды. Сақ қару-жарақтарының құрамына қанжарлар да кірді. Ерте кезеңде қырлы сапты, жүрекке ұқсас және көбелек тәрізді айқаспалы бір типті қола және темір қанжарлар таралды. Біздің заманызға дейін V-III ғасырларда қанжарлардың пішіндері жаппай өзгере бастады. Олар қарапайым қылыш қанжардан сабының ұзындығымен ерекшеленді. Қару-жарақтың басқа түрлері бірлі-жарым болды. Мәселен, шоқпар, айбалта.

Сақтардың мифологиясы. Сақтардың аспан әлемі жөніндегі символикалық түсінігі.

Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштеріне - күнге, оның күркіреуіне, жағажайға, жел-дайылға табынған, осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самұрықтар көріне беретін болған. Осынау образдардың мифология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай, евразия далалары өнерінде өзгеше бір «аң стилін» тудырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары
Көшпеліліктің қалыптаса бастауы: Дәндібай-Бегазы мәдениеті
Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстанның мәдениеті
Сақтар (сақалар)
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар
САҚ ӨНЕРІ
Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер
Тасмола мәдениеті
Андрон мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz