Сақтар мен ғұндардың әскери өнері мен мемлекеттік ұйымы: салыстырмалы талдау



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ Негізгі бөлім
а) Сақтар мен ғұндардың мемлекеттік ұйымы.
б) Әскери өнері мен жаугершілік жорықтары .
с) Сақтар мен ғұндардың тарих парақтарындағы ұқсастығы.
д) Сақтар мен ғұндардың өміріндегі айырмашылықтар.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV Пайдалынылған әдебиеттер.
Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең – байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) және басқа ертедегі тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп атаған. Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антик дәуірінің авторлары (гректер) – Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей және т.б.; 2) Ахеменидтер әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Парсы жазбалары «сақ» атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды «Азия скифтері» деп атайды. Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені бойын мекендеген скифтердің және төменгі Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ - V ғасырларда Ахеминидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар) туралы баяндалады. Алғашқы екі тобын Герадот “ амюргия-сақтар” және “ортокарибантия-сақтар” деп атаған.
1. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994. 2 .Қазақстан тарихы. 5-томдық. 1-3 т. Алматы, 1996, 1997, 2002. 3. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы: Оқулық. /Ред. Басқ. Қ.С. Қаражан. – Алматы, 2005. Қазақтың көне тарихы. Алматы, 1993. 4. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана. – Алматы, 2007. 5. Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ., Жұмағанбетов Т. Қазақстан археологиясы. Оқу құралы. – Алматы, 2007. 6. Кәдірқұлова Г.Қ. Қазақстан тарихы: Оқулық. Алматы, 2005.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Энергетика және Байланыс Универститеті


Әлеуметтік пәндер кафедрасы



Қазақстан тарихы
№1 семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Сақтар мен ғұндардың әскери өнері мен мемлекеттік ұйымы: салыстырмалы талдау


Орындаған: Куанжанова А Сынақ кітапшасы: 104106 Топ: Бэк - 10 - 13 Тексерген: Жылгелдинов М.


Алматы 2010
МАЗМҰНЫ

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ІІ Негізгі бөлім
а) Сақтар мен ғұндардың мемлекеттік ұйымы.
б) Әскери өнері мен жаугершілік жорықтары .
с) Сақтар мен ғұндардың тарих парақтарындағы ұқсастығы.
д) Сақтар мен ғұндардың өміріндегі айырмашылықтар.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV Пайдалынылған әдебиеттер.



Кіріспе
Әрбір өткен қас-қағым сәт пен тұтас дәуірлер келер кемел болашақтың кескін-келбетін айшықтайтын,бағыт- бағдарын айқындайтын тарихи құбылыс.
Н.Ә.Назарбаев
Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең - байтақ аумақта сақ деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) және басқа ертедегі тарихшылар оларды "азиялық скифтер" деп атаған. Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антик дәуірінің авторлары (гректер) - Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей және т.б.; 2) Ахеменидтер әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Парсы жазбалары сақ атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды Азия скифтері деп атайды. Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені бойын мекендеген скифтердің және төменгі Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ - V ғасырларда Ахеминидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар) туралы баяндалады. Алғашқы екі тобын Герадот " амюргия-сақтар" және "ортокарибантия-сақтар" деп атаған. Б.з.д. 2-1 ғасырда тарихқа "Халықтардың ұлы қоныс аударуын" әкелген ғұндар Қазақстан жеріне Орта Азиядан келді. Тарихи әдебиеттерде олар "хунну, сюнну" деген атпен белгілі. Ғұндар Атилланың басшылығымен Европаны ойрандап, атақты Рим империясын құлатып халықтардың ұлы қоныс аударуына негіз болды. Территориясы: Забайкальеден тибетке дейін, Хуанке өзенінен Шығыс Түркістанға дейін болды. 55 жылы құдіретті ғұн мемлекеті - оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Хань империясына ал Чжи-чжи бастаған солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батысына орналасқан Қырғыз нұр көлінің маңына орналасты. Ол қаңлылармен бірігіп үйсіндермен, қытаймен ұзақ соғысып, жеңе алмай өзара жанжалдасып тынды. Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б.з. 93 жылынан басталды. Олар Сырдария, Арал жағасын, Оңтүстік және Батыс Қазақстанды одан әрі Дунайға дейінгі жерлерді алды.
Міндетім
Сақтар мен ғұндардың мемлекеттік ұйымдарын, өмір сүрген аумағын, шекараларын, мәдениеті мен өнерін сақ тайпасындағы билік басында болған патшалардың, олардың, халыққа атқарған қызметін тарихи деректерге сүйене отырып, мағлұмат жазу. Сақтар мен ғұндардың жау жүрек батырларын ешқандай жерде қайталанбас әскери өнерін, өздері қолдан жасаған қаруларын, көптеген елдер мойындап, бағыншты болып отрыған. Осы соғыс өнерінің арқасында мәдениеті мен шекарасын кеңейте түскен бұл тайпалар туралы қалдырып кеткен мәліметтерді пайдалана отырып, сақ және ғұн тайпаларындағы соғыс өнерінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын атап көрсету. Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, қаспилер, аргипейлер және т.б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер - Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар - Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар - Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар - Шығыс Қазақстан аумағын, қаспилер - Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер - Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген. Ғұндар - көшпенді халық, б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп, б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді.Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Б.д.д. 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.) Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.

Мақсатым
Ғұндар мен сақтардың әскер құрамындағы адамдар саны, жауынгерлер қолданған қару жарақтары туралы жауынгерлердің жасаған жорықтар мен жаулап алған жерлері жайлы нақты мәліметтерді алған тарту. Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.Мөде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды. Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

ІІ Негізгі бөлім.
Сақтар
Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді. Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антик дәуірінің авторлары (гректер) - Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей және т.б.; 2) Ахеменидтер әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.).Парсы жазбалары сақ атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды Азия скифтері деп атайды. Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені бойын мекендеген скифтердің және төменгі Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ - V ғасырларда Ахеминидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар) туралы баяндалады. Алғашқы екі тобын Герадот " амюргия-сақтар" және "ортокарибантия-сақтар" деп атаған.Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғандығы туралы түрлі болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтары мекендеген, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.Парсы сына жазбаларында хаомаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюргий-сақтары деп аталды. Бұл сақтар Ежелгі Бактрия және Маргиана аумағында (Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауында) орналасқан. Ертедегі парсылардың танысқан сақтары осылар еді.Лингвистикалық зерттеулердің мәліметіне қарағанда сақтардың Орталық Азияның көне иран тұрақтарынан б.з.д. І мыңжылдықта бөлектеніп шыққан ирандық, нақтырақ шығыс ирандық тайпалар тобына жататындығы байқалады. Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, қаспилер, аргипейлер және т.б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер - Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар - Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар - Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар - Шығыс Қазақстан аумағын, қаспилер - Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер - Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген. Деректерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығымен айналысып, жылқы, ірі қара, қой өсірген. Мал шаруашылығының үш түрі болды: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Сақтарда түйе өсіру Батыс және Оңтүстік Қазақстан аймақтарында өркен жайды. Олар атқа керемет мініп, садақ атуды өте жақсы меңгерген. Б.з.д. ҮІІІ - ҮІІ ғасырларда Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген тайпалардың Ассирия және Мидиямен, ал б.з.д. ҮІ ғасырдың ортасынан бастап құрылған Ахеменидтер тұсында Персиямен қарым-қатынас жасаған және сол кезеңдегі көптеген тарихи оқиғаларға араласып отырған. Жазбаша және археологиялық деректер б.з.б. VІІІ-VІІ ғғ. Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеті - Ассириямен және Мидиямен, ал б.з.б. VІ ғасырдың ортасында Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарихи оқиғаларға қатысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Мидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Ежелгі қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар
Сақ - массагет тайпалары
Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар
Қарақытай мемлекеті
Үйсіндер.Қаңлылар.Ғұндар
Сақтар жайлы
Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Қазақстандағы көшпелілер мәдениеті
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы ақпарат
Пәндер