Смағұл Сәдуақасовтың өмірдерегі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Негізгі бөлім:
Смағұл Сәдуақасовтың өмірдерегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ХХ ғасырдың бірігші жартысындағы Қазақстан өнеркәсібі ... ... ... ... ...5
Смағұл Сәдуақасов. Қазақстан өнеркәсібін дамыту жолында ... ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Кеңес қоғамындағы өзгерістер 1920-1930 жылдары қалыптасқан тоталитарлық жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы іске асырылды. Бұл әсіресе, жер мәселесінде, ауыл шаруашылығын ұжымдық негізде күштеп қайта құру, индустрияландыру саясатында айқын көрініс берді. 1920-жылдардың екінші жартысынан бастап қоғамды әбден жайлап алған өте қатал әкімшіл- әміршілдік террор жергілікті халықтарды индустрияландыру жолына түсіру идеясын бұзып қана қойған жоқ, сонымен бірге оның аймаққа пайдалы жақтарын да жоққа шығарды. Сөйтіп, шаруашылықтың қандай саласы болмасын экономикалық заңдылықтарға жатпайтын «Ұлы өзгеріс» шаруашылықтағы бұрыннан қалыптасқан жүйені бұзып, қоғамды әртүрлі қиыншылықтарға ұрындырудың алғы шарттарын жасап берді. Табиғи ресурстарды игеру, индустрияны қалыптастыру, республиканың бет-әлпетін түбірінен өзгерту, өнеркәсіпті қажетті жабдықтармен қамтасыз ету арқасында шаруашылықы пен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыруға барлық халықтардың бірлесіп қатысуы негізінде іске асырылды. Елді, соның ішінде оның шет аймақтарын индустрияландыру ең алдымен шаруалардан алынатын алымдар мен үстеме салықтар есесінен жүргізілді. Ол әміршіл-әкімшіл әдістермен – директивалық жоспарлау, орталыққа сөзсіз бағындыру арқылы іске асырылды. Жаппай жазалау саясаты - дүниеден тікенекті сыммен бөліп тастаған лагерьлерді қаптату, көшпенділердің ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс салтын күшпен күйрету, халықтардың дәстүрлерін қирату, ақзақ және бсқа аймақтар шаруаларының қайыршылануы мен аштыққа ұшырауы, халық күшін барынша титықтату – елді индустрияландырудың аса қайғылы, азапты жолына айналды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ұлттық тарихымызды қайта қарауға, пайымдауға мүмкіндік алдық. Әсіресе, қоғамдық - саяси өмірдегі ұлт зиялыларының ерен еңбегі ескерусіз қалды. Солардың бірі – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірінде ерекше орын алған, мемлекеттік қызметкер, тарихи тұлға – Смағұл Садуақасов болды. Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді.
1. Д.Қамзабекұлы «С.Сәдуақасұлы», Алматы,1996.
2. Б.Қойшыбаев «Қайраткер Сәдуақасов»,«Қазақ әдебиеті»-1998ж,12 ақпан
3. Р.С.Елмұрзаева «С.Сәдуақасовтың өмірі және қызметі».Алматы, 1997ж
4. М.Қойгелдиев,Т.Омарбеков «Тарих тағылымы не дейді?»Алматы, 1993ж
5. Т.Жұртбай «Талқы»,Алматы,1997
6. Х.Әбжанов, Г.Назарбаева «Қазақстан: тарих пен тағдыр»,Алматы 2003ж
7. Д.А.Махат «Қазақ зиялыларының қасіреті»,Алматы,2001ж
8. Е.Қуандықов «Сүрең салған сұрқия саясат»,Алматы,1993ж
9. Д.А.Махат «Тайталас немесе Қазақстандағы «Садуақасовшылдықты» қудалау», «Қазақ әдебиеті»-1997ж,2 шілде
10. Б.Қойшыбаев «Жазықсыз жапа шеккендер»,Алматы,1995

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Негізгі бөлім:
Смағұл Сәдуақасовтың
өмірдерегі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ХХ ғасырдың бірігші жартысындағы Қазақстан өнеркәсібі ... ... ... ... ...5
Смағұл Сәдуақасов. Қазақстан өнеркәсібін дамыту жолында ... ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..13
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .14

Кіріспе
Кеңес қоғамындағы өзгерістер 1920-1930 жылдары қалыптасқан
тоталитарлық жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету
арқылы іске асырылды. Бұл әсіресе, жер мәселесінде, ауыл шаруашылығын
ұжымдық негізде күштеп қайта құру, индустрияландыру саясатында айқын
көрініс берді. 1920-жылдардың екінші жартысынан бастап қоғамды әбден
жайлап алған өте қатал әкімшіл- әміршілдік террор жергілікті халықтарды
индустрияландыру жолына түсіру идеясын бұзып қана қойған жоқ, сонымен
бірге оның аймаққа пайдалы жақтарын да жоққа шығарды. Сөйтіп,
шаруашылықтың қандай саласы болмасын экономикалық заңдылықтарға жатпайтын
Ұлы өзгеріс шаруашылықтағы бұрыннан қалыптасқан жүйені бұзып, қоғамды
әртүрлі қиыншылықтарға ұрындырудың алғы шарттарын жасап берді. Табиғи
ресурстарды игеру, индустрияны қалыптастыру, республиканың бет-әлпетін
түбірінен өзгерту, өнеркәсіпті қажетті жабдықтармен қамтасыз ету арқасында
шаруашылықы пен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыруға барлық
халықтардың бірлесіп қатысуы негізінде іске асырылды. Елді, соның ішінде
оның шет аймақтарын индустрияландыру ең алдымен шаруалардан алынатын
алымдар мен үстеме салықтар есесінен жүргізілді. Ол әміршіл-әкімшіл
әдістермен – директивалық жоспарлау, орталыққа сөзсіз бағындыру арқылы іске
асырылды. Жаппай жазалау саясаты - дүниеден тікенекті сыммен бөліп
тастаған лагерьлерді қаптату, көшпенділердің ғасырлар бойы қалыптасқан
тұрмыс салтын күшпен күйрету, халықтардың дәстүрлерін қирату, ақзақ және
бсқа аймақтар шаруаларының қайыршылануы мен аштыққа ұшырауы, халық күшін
барынша титықтату – елді индустрияландырудың аса қайғылы, азапты жолына
айналды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ұлттық тарихымызды қайта қарауға,
пайымдауға мүмкіндік алдық. Әсіресе, қоғамдық - саяси өмірдегі ұлт
зиялыларының ерен еңбегі ескерусіз қалды. Солардың бірі – ХХ ғасырдың 20-30
жылдарында Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірінде ерекше орын алған,
мемлекеттік қызметкер, тарихи тұлға – Смағұл Садуақасов болды. Смағұл
Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең
1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі
өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге
Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме
дәл келеді.С.Сәдуақасов мен Ф.Голощекиннің арасындағы келіспеушілік,
қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден,
мекемелердегі іс қағаздарын қазақыландыру, екіншіден, қазақтың оқыған, көзі
ашық зиялы қауымына деген көзқарас, үшіншіден, байлар мен орташаларға деген
көзқарас, төртіншіден, өнеркәсіпті дамыту. Оның тарихтағы орнының дұрыс
бағаланбай, ол қалдырған мол мұраның зерттелінбей келуі, сөз жоқ,
тоталитарлық жүйенің ықпалынан болды.Енді осы зерттеулерді түбінен қазып
қарастырайық .

Смағұл Сәдуақасовтың өмірдерегі
Сәдуақасов Смағұл (1900 - 1933) - қоғам және мемлекет қайраткері,
жазушы, қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі, ұлттық театртанудағы
алғашқы еңбектердің авторы. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов
ауданында туған. 2 сыныпты орыс-қазақ училищесін, Омбыдағы ауыл шаруашылығы
мектебін, ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу көлік инженерлері институтын
бітірген. 1917-1920 жылдары Омбыдағы қазақ жастарының Бірлік ұйымының
белсенді мүшесі, әрі оңшыл қанатының басшысы, Жас азамат ұйымы
басқармасының хатшысы, Ақмола облыстық земство басқармасы жанындағы қазақ
бөлімінің қызметкері, қазақ оқытушылары курсының мұғалімі болды. 1920 жылы
Сәдуақасов Ресей коммунистік жастар одағының (РКЖО) Сібір бюросы қазақ-
татар секциясының қызметкері, Күншығыс жастары одағы Орталық комитетінің
мүшесі, РКЖО Қазақ облыстық комитетінің хатшысы, Кедей сөзі (Омбы)
газетінің редакторы, Ұшқын, Еңбек Туы (Орынбор) газеттерін шығарушылар
алқасының мүшесі қызметтерін атқарды. Алғашқы қазақ жастар ұйымының
құрылуы, оның мақсат-мүдделері жөнінде жастар жетекшілерінің бірі, сол
оқиғалардың куәгері Смағұл Сәдуақасұлы былай атап көрсетеді: - Ең алғашқы
жастар ұйымы Омбы қаласында 1914 жылы ашылды. Ол ұйымның аты Бірлік еді.
Бірліктің мақсаты оның программасында (тұтынған жолында) айтылған. Қазақ
халқын мәдени һәм әдеби жағынан ілгері қатардағы жұрттарға қосу, ұлтшылдық
сезімін туғызу һәм ұлттықты сақтау.1916 жылы Бірлік Балапан деген жазба
журнал шығарып тұрды. Балапан заманында ауызға ілініп, жастарға көрсеткен
оның қызметі көп болды.
1920 жылы қазан айында Қазақ автономиясының Құрылтай съезінде Қазақ
АКСР-і Кеңестері ОАК-нің мүшелігіне сайланды және Қазақ ОАК-нің саяси
хатшысы қызметін атқарды. 1921 жылы Семей облысын Сібревкомның қарамағынан
Қазақ АКСР-і құрамына алу ісіне басшылық етті. Қазақ өкілдері жоқ
болғандықтан РК(б)П Семей губкомы мен губаткомын таратып жібергені үшін
партиялық жауапкершілікке тартылды. Соған қарамастан ол 1922 жылы осы
себепті негізге ала отырып, Қостанай губаткомы мен Торғай уездік аткомын
таратты. 1922 жылы наурызда Сәдуақасов пен М.Әуезов республика басшылығына
қазақтар арасында жүргізілуге тиісті саяси-әлеуметтік жұмыс бағыттарының
жобасын ұсынды. Бұл құжатта ұлттық теңсіздікті жоюдың іс жүзіндегі жолдары
көрсетілді. 1922 жылы тамыздың 19-ында қазақ жастарын техника тілін
үйренуге шет елдерге оқуға жіберуді ұсынды. 1922-1925 жылдары Қазақ ОАК-нің
Түркістан Республикасындағы өкілетті өкілі, Қазақ АКСР-і Жер халық
комиссарының орынбасары, Қазақ АКСР-і Жоспарлау комиссиясы төрағасының
орынбасары, төрағасы болды. 1923 жылы наурызда РК(б)П-ның Қазақстандағы ұлт
саясатына наразылық білдірген 14-тің мәлімдемесіне қол қойды. 1922-1927
жылдары Орынбор қаласындағы Өртең газетінің редакторы, Жас қазақ
журналы редакциялық алқасының мүшесі, Қызыл Қазақстан журналының жауапты
хатшысы, Қазақстанның Халық ағарту халкомы, БК(б)П Қазақ өлкелік бюросының
мүшесі, Еңбекшіл қазақ (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінің редакторы
болды. Сәдуақасов голощекиншілердің қазақ халқына зиянды Кіші Қазан
бағытына ашық қарсы шықты. Ол ауылдың бейбіт эволюциялық дамуын қалады,
байлар мен орташаларды орынсыз тәркілеуге, елдің еуропалық бөлігінен
Қазақстанға шаруаларды әкеліп қоныстандыруға қарсы шықты. Осыған байланысты
Сәдуақасовтың пікірлестері сәдуақасовшылдар деп аталып, антипартиялық
ұлтшыл ауытқушылық идеялық ағым әрі байшыл, буржуазияшыл ниеттегі
қызметшілердің ұйымдасқан тобы ретінде қуғын-сүргінге ұшырады.
Сәдуақасовшылдық Мәскеудің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына
қарсы күрескен қуатты оппозициялық күш болды. Оның басшысы Сәдуақасов
оңшылдар көсемі, ұлтшылдардың дем берушісі, компартияның ішіндегі
алашордашы делініп, қараланды. 1926 жылы қарашада БК(б)П Қазақ өлкелік
комитетінің 3-ші пленумы Сәдуақасовтың, С.Қожанов, Ж.Мыңбаевтардың
оппозициялық топтарын айыптаған қаулы шығарды. Сәдуақасов және
сәдуақасовшылдыққа қатысқан қайраткерлер басшылық қызметтерден қуылды.
Қазақстаннан қуылған Сәдуақасов 1927-1928 жылдары Ташкентте Қазақ
педагогикалық институтының ректоры болды. 1928 жылы Мәскеудiң транспорт
инженерлерiн дайындайтын институтына оқуға түскен. Оны бiтiрiп, Мәскеу -
Донбасс темiржолында бас инженер қызметiн атқарды.
Сөйтiп, ол 28 жасында Қазақстаннан қуғын көрiп кеттi. Оны халық жауы
атанудан ажал арашалап қалған. Ауыр сырқатқа шалдығып, 1933 жылы Кремль
ауруханасында дүниеден қайтты. Зайыбы - Елизавета Әлихан Бөкейхановтың қызы
болатын. Ол 1941-45 жылдары соғысқа дәрiгер болып қатысқан. Өзi сұранып,
шешесiнiң соңынан соғысқа аттанған он бес жастағы ұлы Ескендiр одан қайта
оралған жоқ.1931-1933 жылдары Донбасс - Мәскеу темір жолы құрылысының
инженері қызметін атқарды. Ресми дерекке қарағанда, Воронеж ауданында
қызметте жүрген қоғам қайраткері 1933 жылдың күзінде іш сүзегімен ауырып,
сол жылы желтоқсанның 16-ында Мәскеу ауруханасында қайтыс болған. Смағұл
Сәдуақасов Кремль ауруханасында белгiсiз жағдайда кенеттен қайтыс болғанда,
оны крематорийге өртейдi. Осыны көрiп тұрған Әлекеңнiң, Әлихан
Бөкейхановтың сол кезде жағдайы нашарлап, талықсып кеткен екен. Сол кезде
Әлекеңдi бiр жағынан Рысқұлов, бiр жағынан Нұрмақов екi қолтығынан демеп
ұстап тұрыпты. Яғни, әр бағытта қызмет iстеген олар Мәскеуде бiр-бiрiмен
тығыз қарым-қатынаста болған деуге негiз бар.Ол 1928 жылы Большевик
журналында жарияланған Ұлттар және ұлт өкілдері туралы атты мақаласында
БК(б)П ОК-нің шексіз үстемдігін әшкереледі. Оның Жастарға жаңа жол,
Жастармен әңгіме атты еңбектері жастардың ұлттық қозғалысына арналған
алғашқы зерттеулер еді. Сәдуақасов Сәрсенбек атты аяқталмаған роман,
Салмақбай, Сағындық, Күміс қоңырау, Күлпәш атты повестер, көркем
әңгімелер, т.б. прозалық шығармалар жазды. Сын жанрының қалыптасуына
өзіндік үлес қосып, әдеби айтыстарға қатысты. 1924-1925 жылдары Смағұл ел
iшiнде жүрген төлтума таланттарымызды iздеп тауып, қазақ өнерiн дамытуға
күш салады. Қанабек Байсейiтов, Құрманбек Жандарбеков, Серке Қожамқұлов
сияқты өнер иелерiнiң басын қосып, Қызылордаға алып келiп, ұлттық
театрымыздың iргетасын қалаған.
ХХ ғасырдың бірігші жартысындағы Қазақстан өнеркәсібі
Қазақ елiне орыс капиталының енуi өлкеде өнеркәсiптiң дамуына түрткi
болды. Қарағанды көмiр кенiшi, Успен мыс өндiрiсi, Спасск мыс қорыту з-ты,
Қалба алтын кен орындары, т.б. iрге көтердi. Кәсiпкерлер өлкенiң аса бай
табиғи қорларын рәсуа етiп, бей-берекет пайдаланды. Ауыл шаруашылық.
өнiмдерiн өңдейтiн: терi илеу, былғары жасау, май шайқау, май айыру, сабын
қайнату, т.б. өнеркәсiп орындары дами бастады. Әдетте, мұндай кәсiпорындар
қарапайым ғана техникасы және 3 — 5 жұмысшысы бар жартылай қолөнерлiк шағын
майдагерлiк сипатта болды. Бұл кезеңде ауыл шаруашылық шикiзатын өңдейтiн
қарапайым қолөнер шеберханалары мен ұстаханалары сипатындағы алғашқы ұлттық
өнеркәсiп орындары қалыптасты. 1900 ж. Қазақстанда 2668 өнеркәсiп болса,
1913 ж. олардың саны 6000-ға жеттi. Орыс капиталынан кейiн iле-шала
Қазақстанға (әсiресе 19 ғ-дың аяғында), негiзiнен кен өнеркәсiбiне, шет ел
капиталы да ене бастады. Орыс және шет ел монополияларының Қазақстандағы
акционерлік капиталы 71 млн. сомға жеттi. Ол негiзiнен кен және мұнай
өнеркәсiптерiн қамтыды. Зауыттарды, кенiштер мен бай кен орындарын иемденiп
алған шетелдiктер Қазақтанда өндiрiс салаларын дамытуды мақсат етпедi. Олар
мүмкiндiгiнше мол пайдаға кенелудi ғана көздедi. Осы кезеңде Қазақстанның
едәуiр жерiнде темiр жол тартылды, Сiбiр және Орынбор – Ташкент темiр жолы
салынды. 1917 ж. оның жалпы ұз. 2793 км-ге жеттi. Мұның өзi Қазақстанның
түрлi аудандарының арасындағы экон. байланыстарды күшейтуге мүмкiндiк ашты.
Солтүстік аймақтарда саудалық егiншiлiк аудандары және бүкiл Қазақстан
аумағы бойынша тауарлы мал ш. аудандары пайда болып, Қазақстан а. ш-ның
тауар-ақша қатынастарына тартылуы күшейе түстi. Техникалық жөндеу
станциялары мен аймақтардан iшкi аудандарға жүк таситын және жүк алып
қайтатын жергiлiктi көлiк, пошта байланысы кәсiпкерлiк қызмет аясына айнала
бастады. Кәсiпқой жүк тасушылар пайда болды, ал қазақ кәсiпкерлерi ұстап
отырған пошта бекеттерiнде 8 — 10 ат айдаушыға дейiн жұмыс iстедi. Алайда,
өнеркәсiп пен көлiктiң дамуы өте төмен деңгейде қалды. Өлкенiң жалпы ұлттық
табысындағы өнеркәсiп өнiмiнiң өзiндiк үлес салм. 10%-дан аспады. Капитал,
маман жұмыс күшi, байланыс және көлiк құралдары жетiспедi. Оның үстiне
патша өкiметi қазақ өлкесiн өзiнiң шикiзат көзi, тауар өткiзетiн рыногi,
отарлық шылауы ретiнде ұстауына мүдделi болды.
Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж. желтоқсанда өткен
БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді.
Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін
қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия,
қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді.
Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта
жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі
ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік
рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты
қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер
Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның
біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде,
әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде
қалдырғанын көреміз.
1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда
өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы
негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу
мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды.
Соған қарамастан Қазақстандағы индус¬трияландыру ісі патриархаттық-
феодалдық қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою,
феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты
ұрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп
ұжымдастыру әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты.
1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада
өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді.
Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып,
зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі
көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік
жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен
өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық
жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте сондай-ақ Қазақ АКСР-ы жағдайында
“әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті
өнеркәсіпті кең түрде өрістету” өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді.
Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау
сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Байқап отырғанымыздай, басты
назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған
екен. Демек, пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы
ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл
Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат
көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді.
Бірнеше жылға созылған революция мен Азамат соғысы кезінде
капиталистік қатынастардың енуі кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен
кәсіпорындар қаңырап, иесіз қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат
кезінде олардың кейбіреулері қайтадан іске қосылды. Соның барысында Орал —
Ембі аймағындағы бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір,
Алтайдағы түсті металл өндіру кәсіпорындары қайта жанданды. Дегенмен,
Қазақстан экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болды.
Оның үлесіне жалпы шаруашылықтық өнімнің 84,4 пайызы тиетін және халықтың
90 пайызы ауылды жерлерде өмір сүретін еді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт
аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне —
метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді. Ресей аумағында Волхов ГЭС-
ін, Днепрогэсті, Сталинград трактор, Ростов ауылшаруашылық машиналарын
жасау, Кузнецк, Магнитогорск, Кривой Рог және т.б. металлургиялық
зауыттарды салуға бар қаржы-қаражат пен күш жұмылдырылды. Ал дәл осындай
кәсіпорындардың Қазақстан жерінде де аса қажет екеніне назар аударылмады.
Мұндағы бай кен орындары мен бүкіл ауылшаруашылық өнімдері орталық
аймақтардағы осындай кәсіпорындарда өңделіп, тауарға айналдырылғаннан кейін
ғана қажет делінген мөлшерде қайта жеткізіліп отыратын еді. Кеңес
үкіметінің индустрияландыру барысындағы орашолақ, біржақты саясаты сол
кездің өзінде Троцкий, Бухарин, Зиновьев сияқты саясаткерлердің қарсылығын
тудырған болатын. Қазақстанда да бұл мәселе көлемінде қызу тартыстар болды.

Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар.
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар
арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік.
Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа
тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат
негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, “партияның ауыл
шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін,
ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп
мәлімдеді.
Екінші бағыт бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде
пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы
жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере
отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.
Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар
көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы
қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның
ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес
деді.
Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар
қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән
келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”,
“өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті
қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға
қашады” және т.б. деп санады.
Бұл соңғы екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз пікірлерге
негізделген еді. Ал алғашқы екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі тартыс
жүрді. Бірінші бағытты Голощекин мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрар Рысқұлов өмір дерегі
Алаштың ұлы – Смағұл Садуақасұлы
Жастарға жаңа жол
Смағұл Сәдуақасовтың дүниетанымының қалыптасуы және мемлекеттік қызметінің басталуы
Смағұл Садуақасов – ұлттық элитаның көрнекті өкілі
Жасасын Алаштың жаужүрек ұлтшыл жастары
С.Садуақасұлы шығармашылығы
Смағұл Садуақасовтың
Смағұл садуақасұлының өмірбаяны мен атқарған кәсіби қызметі
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Пәндер