Қазақстандықтар Ұлы Отан Соғысы майданында



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында ... ... ... ... ... ... 4
3. И. Сталиннің ірі стратегиялық қателігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
4. Қазақстандықтар соғыста бір мемлекеттің адамындай белсенді және жер.жерден түгелдей қатысты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
5. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Бауыржан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды» дей отырып, ол «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тек біздің замандастарымызды ғана емес, адамгершілік, игілік сезімдер тұрғысынан болашақты да толғандыратын тақырып» деп өз ойын жалғастырды.
Бұл тақырып халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысымен, тереңдігімен ерекшеленетін болғандықтан бүгінгі тарихтың да, болашақтың да күн тәртібінен ешкім де алып тастай алмайтын, ешқандай оқиғалар мен күтпеген жағдайлар әсерін тигізе алмайтын тақырыпқа жатады. Соғыс аяқталғаннан бері арада көп уақыт өтсе де, тақырып қазіргі замандастарымыздың жадын жаңғыртып, сезімдерін толқытады.
1 Төлеуханқызы А. Ұрпақтарымыз ұмытпайды.// Егемен Қазақстан. 8 мамыр, 2010 ж. № 178-180.
2 История и историки. Историографический вестник. К 100 летию академика М.В. Нечкиной. М.,2001.с.7
3 Казахстан в первый год Отечественной войны против немецко-фашистских захватчиков.-Алма-Ата, 1943.-325с. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней.-Алма-Ата: Наука, 1943.-485с.
4 Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. А.-А.: Казгосиздат, 1958.; Козыбаев М. Компартия Казахстана в период Великой Отечественнойвойны (1941-1945 гг.).- Алма-Ата: Казахстан, 1964.-363 с; Козыбаев М.К. Казахстан-арсенал фронта. Алма-Ата. Казахстан. 1970. 471 с., Ұлы ерлік.-Алматы: Қазақстан, 1980.156 с. Майдангер студенттер.-Алматы,1985.-105с.
5 Нусупбеков А.Н. Могучий арсенал Великой Отечественной войны // Известия АН КазССР. Сер. историч. - 1947. - Вып.З.- С.73-84; Казахстанцы вбитве под Москвой.- В кн.: Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки,-Алма-Ата, 1968, вып.1. Т.6.- С. 5-32; Малыбаев О. Дружба, испытанная в боях за Родину. А.-А., Казгосиздат,1955; Абишев Г. Работа партии большевиков по воспитанию чувства советского патриотизма у бойцов-казахов в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). А.-А., Казгосиздат, 1950.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында ... ... ... ... ... ... 4
3. И. Сталиннің ірі стратегиялық қателігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
4. Қазақстандықтар соғыста бір мемлекеттің адамындай белсенді және жер-жерден түгелдей қатысты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
5. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 15

Кіріспе
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Бауыржан Момышұлы Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды дей отырып, ол Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында тек біздің замандастарымызды ғана емес, адамгершілік, игілік сезімдер тұрғысынан болашақты да толғандыратын тақырып деп өз ойын жалғастырды.
Бұл тақырып халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысымен, тереңдігімен ерекшеленетін болғандықтан бүгінгі тарихтың да, болашақтың да күн тәртібінен ешкім де алып тастай алмайтын, ешқандай оқиғалар мен күтпеген жағдайлар әсерін тигізе алмайтын тақырыпқа жатады. Соғыс аяқталғаннан бері арада көп уақыт өтсе де, тақырып қазіргі замандастарымыздың жадын жаңғыртып, сезімдерін толқытады.
Бүкіл әлемде, соның ішінде КСРО кезеңінде Ұлы Отан соғысы деп аталған, 1941-1945 жылдардағы соғыс тақырыбына арналған кітаптар көп таралыммен жарық көрді. Оның ішінде ең ірісі он екі томдық История второй мировой войны, История Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 гг, маршалдар Г. Жуков, И.С. Конев, басқа да генералдардың естеліктері мен ойлары негізінде жазылған еңбектер. Өкінішке орай, жарық көрген кітаптардың дені сол уақыттың идеологиялық ұстанымымен жазылған. Тіпті, Н.С. Хрущев, Л.И. Брежнев (Малая земля) сияқты партия жетекшілерінің жетегімен жазылған жасанды шығармалар да қаптап шығып жатты.

ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ МАЙДАНЫНДА
Ұлы Отан соғысына Қазақстандықтардың қатысуы сол кезең үшін аса маңызды болды.
Осы соғысқа қазақстандықтардың қатысуы туралы ақпараттар әдейі жасырылып не бұрмаланып отырды. Бүгінгі оқырмандар назарына ұсынылып отырған Мемлекет тарихы институтының ғалымдары дайындаған деректі-тарихи зерттеу осы қайғылы жылдар оқиғасын объективті түрде көрсетуге арналған. Кітапта соғыс қимылдарының, әскери шешуші іс-әрекеттерінің маңызды тұстарын көрсететін кең материал қамтылған, соның ішінде статистикалық материалдар, қатардағы солдаттардың, маршалдардың естеліктер мен күнделіктері, тіпті вермахтың бас штабының бастығы Франц Гальдердің де естеліктері мен күнделіктеріне негізделген.
Тақырыпты кеңінен ашу үшін авторлар Молотов-Риббентроп Пактісін, Ұлыбритания өкіметінің басшысы, сэр Уинстон Черчиллдің, И.В. Сталиннің, В.М. Молотовтың, А. Гитлердің сөйлеген сөздерін келтірген.
Біз жүргізген зерттеулер кеңестік кезеңнің идеологиясымен қайшы келетін біраз қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, соңғы документальдық дәйектерді зерттей отырып, фашистік Германияның аяқ асты шабуыл жасағаны туралы тұжырымдарының сын көтермейтінін айтып өтеміз. Талдау нәтижелері көрсеткендей, біздіңше, екі жақ та, яғни Германия да, Кеңес Одағы да соғысқа белсенді түрде дайындалған. Сталин және оның жақтастары экономиканы милитаризациялауды күшейту арқылы Гитлерді алдап соқпақшы болды. Алайда Гитлер большевиктердің көсемдерінің алдын орағытып кетті.
Тигізген зардаптары жағынан Молотов-Риббентроп пактісінің кері әсері мол, бұл келісім нәтижесінде КСРО мен Германия арасына жайласқан (буфер) Польша жойылды, ал шағын Буг өзені екі ел арасындағы жаңа шекараға айналды.
И. Сталиннің ірі стратегиялық қателігі
И. Сталиннің ірі стратегиялық қателігіне Қызыл каппела қатысушыларының, тыңшы Рихард Зоргенің, дипломаттардың берген 1941 жылы маусымда шабуыл жасайтыны жөніндегі ақпараттарға сенімсіздік танытқаны жатады.
Кеңес елі өз басшыларының жіберген қателіктері нәтижесінде соғысқа дайын болмай шықты. Біздің ой-тұжырымымыз Ф.Гальдердің 1941 жылы 22 маусымда күнделіктеріндегі жазған қорытындымен сәйкес келеді. Ол Германия әскерлерінің шабуылы қарсыластарын табан асты аңдаусыз жағдайға тіреді. Қарсыластарының әскери тәртіптері тактикалық тұрғыдан қорғануға лайық болмады деп жазады. КСРО-ға шабуыл дивизия күшімен Қара теңізден Балтық теңіздеріне дейінгі аралықта жүрді.
Соғыстың бастапқы кезеңдерінде Г.Ж. Жуков Германия өкіметі бізге соғыс жариялады деп кабинетке тез адымдап В.М. Молотов кірді деп естеліктерінде жазады. И.В. Сталин орындыққа отырған бойда терең ойға кетті деп еске алады. Соғыс басталғаннан кейін бірнеше күн И.Сталин Кремльден көрінбеді.
Сөйтіп, адамзат баласының тарихында ірі қантөгіс соғыс басталды. Кеңестік армия үшін соғыстың басы апаттық сипатта болды. Қысқа мерзім ішінде Украина түгелімен, Белоруссия, Балтика елі, Молдавия, Ресейдің көптеген аймағын фашистер жаулап алды. Қызыл Армияның 5,4 млн. солдаты мен офицерлері соғыстың алғашқы төрт айында тұтқынға түсті. Мұндай тұтқындардың көптігін немістердің өздері де күтпеген тәрізді. Әлі де болса толық, нақты деуге келмейтін статистикалық деректер бойынша 1941 жылдың соңына қарай соғыста 4 млн адам (Қызыл Армияның 70 пайызы) қаза тапты. 20 000 танк, 17 000 самолет жоғалды. Жалпы өнім көрсеткіші 2,1 есеге төмендеді. Кеңестер тек қана елінің сансыз адами және материалдық резервтері арқасында ғана тез арада жоғалғанды қалпына келтіріп, түзеуге мүмкіндік берді.
1941 жылдың қараша айының басында немістер Москваға өте жақын келді. Москваны қорғауда Қазақстанда жасақталған 100, 101, 316 және басқа да атқыштар дивизиялары зор үлес қосты. Қоршауда қалған Ленинградқа көмектескен автомобилистердің тең жартысы қазақтандықтар еді.
1941 жылы 26 шілдеде құрамында қазақстандық Б. Бейсікбаев болған Н.Гастелло, А.Маслов экипаждары бомбалық соққыдан қирап, өртке оранған самолеттерін танк жинақталған жерлерге бұрып ерлік көрсетті. Өкінішке орай, А. Масловтың экипажының ерлігі ұмыт қалды, тек 1996 жылы барлық экипаж мүшелеріне Ресей батыры атағы, ал Б. Бейсікбаевке 1998 жылы Халық қаһарманы атағы берілді.
Кеңестік тарихшылардың тұжырымдарына қарамастан, антигитлерлік коолицияны құруда басты рөлді И. Сталин емес, У.Черчилль атқарғаны рас. Оның талпыныстарының арқасында Еуропа мемлекеттерінің бірқатары, ең бастысы АҚШ, өзінің адами және материалдық ресурстарымен КСРО жағына шықты. Лендлиз көмегі (оқ дәрі, қорғасын, бензин, тамақ, автокөлік, радистанциялар т.б.) кеңестік экономиканы жабдықтауда үлкен рөл атқарды.
Қазақстандықтар соғыста бір мемлекеттің адамындай белсенді және жер-жерден түгелдей қатысты.
Қазақстандықтар соғыста бір мемлекеттің адамындай белсенді және жер-жерден түгелдей қатысты. Қазақстан тұрғындары соғысты ортақ қасірет деп қабылдады, көбі өз еркімен майданға аттанды. Қалғандары тылда ерен еңбек етті. Қазақстанға көптеген заводтар мен фабрикалар көшіріліп, Қазақстан маңызды майдан арсеналына айналды.
Қазақстаннан майданға халықтың 25% аттанды. Бұл жалпы ел көлеміне шаққанда өте жоғары көрсеткіш. Көптеген қазақстандықтар майданның алғы шебінде, нақ өрт жалынында жүріп, Москва түбіндегі шайқаста, Сталинград түбінде, Курск доғасында ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтардың көп бөлігі Еуропаны азат етуге, Берлинді алуға қатысты. Қазақстандықтардың белсенді қатысуы біздіңше, әскери қимылдарға (Москва, Сталинград) географиялық жағынан жақын орналасқанымыз, теміржолдардың ыңғайлы болуынан болар. Мұндай себептер әскери комиссариаттарға адамдарды жылдам жинап, майдан шебіне жіберіп отыруға қолайлы болды.
Еліміздің 18-50 жас аралығындағы ер адамдарының 70% майданға аттанды. Республикада 12 атқыш, 4 кавалериялық, 7 атқыш бригада, 50 шақты жеке полктер мен батальондар құрылды. Барлығы майданға 1 млн. 200 мың адамнан 1 млн. 400 мыңға дейін адам аттанды деп есептеледі. Біздіңше, бұл сандар нақты және объективті көрсеткіштер емес.
Жоғары жақтан жиналған мәліметтер бойынша қаза болған адамдардың саны үнемі төмендетіліп берілді. Кезінде И. Сталин 7 млн. адам қаза болды десе, Н. Хрущев 20 млн. деген санды жариялаған. Жариялылық кезінде КСРО қорғаныс Министрлігі 28 млн. адамның қаза болғанын жария еткен. Шетелдік зерттеуші М. Хайнес соғыстағы КСРО жалпы жоғалтқан адам саны 42,7 млн. деп санайды. Бірқатар Ресей ғалымдары 30 млн. астам деген мәліметті келтіреді. Жаңа тарихта бұл сандардың төбе шашты тік тұрғызары анық. Бұл сандар соғыс уақытында кеңестік мемлекет басшыларының адамдарды аяусыз, ысырапсыз пайдаланғанын көрсетеді. Тіпті соғыс уақытының өзінде олар өздерінің атақты генералдарын жақсы көрмеді, оларға қасапшы деп айдар тақты. Соғыс уақытында кеңестік әскерлер өмірі төмен бағаланды.
Бұл соғыста Қазақстан 400 000 адам жоғалтты деп саналады. Бұл да өте төмендетілген ақпараттық сан. Статистикалық комитеттер соғыста қаза болғандардың нақты санын есептеуді қолға алатын шығар деген ойдамыз. Мысалы, майданға кеткендердің санына 1939, 1940, 1941 жылдары Кеңестік Армияға алынғандар кірмеген. Соғысқа дейінгі армияға шақырылғандар соғысты әскер қатарында қарсы алды. Сонымен бірге, сол кездегі есепке алудың кемшіліктерін ескеру қажеттігі бар. Бізге бірнеше рет әскери комисариаттардың мұрағаттарында жұмыс істеуге тура келді. Ондағы әскерге шақырылғандардың тізімін қарау арқылы көптеген адамдардың есепке алынбағаны анықталды. Қазақстандықтар майданда жан аямай арпалысты. 500-ден көп адам Кеңестер Одағының батыры атанды, төртеуі Т. Бигелдинов, С.Луганский, Л.Беда және И. Павлов екі мәрте Батыр болды. Шығыстың екі батыр қызы М.Мәметова мен Ә.Молдағұлова осы соғыстың Батыр құрбандары.
Қазақстан майданды азық-түлікпен, киіммен, әскери құралдармен жабдықтауда үлкен рөл атқарды. Бүкіл Қазақтан өндірісі мен өнеркәсібі майданға жұмыс жасады. Экономиканың барлығы партия комитеттері мен жаңа құрылған органдар мен ведомоствалардың қарауында болды. Тылдың нағыз ауыртпалықтары заводтардың, колхоздардың, өнеркәсіп орындарының қарапайым жұмысшыларына түсті.
1941 - 1945 жылдары 460 завод, кен орындары, шахталар, басқа да өнеркәсіп орындары салынды. Қазақстанда жалпы одақтық мыстың 35%, қорғасынның 83%, молибденнің 60%, висмуттың 65%, түрлі-түсті металдардың 79% шығарылды. Қарағанды шахтерлері соғыс жылдарында 35 млн. тонна көмір шығарып, мұнай өндіру 39%, өсті. Ауыл тұрғындары қиын жағдайда қызмет етті. Көбі қол жұмысын атқарды. Ер адамдардың көбі майданда болғандықтан, ауыртпашылық әйелдердің, балалардың, мектеп оқушыларының мойнына түсті. Қазақстанның ауыл еңбеккерлері соғыс жылдарында елге 5 829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет, басқа да тамақ өнімдерін шығарды.
Қоғамда ауыл мен село адамдарын ауыр жұмысқа шеккен фактілер жасырылынды. Өндіріс орындарына жұмысшыларды мобилизациялау үздіксіз жүрді. Бұл өндірістерді қысқаша Еңбек армиясы деп атады. 700-800 мыңдай адам кен өндіру орындарында, шахталарда, басқа да қомақты күшті қажет ететін өндіріс орындарында жұмыс істеді.
Соғыс жылдарының өзінде арнайы жер аударылғандардың: кәрістер, немістер, қырым татарлары, Кавказ халықтарының еңбегі аяусыз пайдаланылды.
Аталған зерттеуде, әсіресе Атырау кәсіпорны бойынша жаңа мэліметтер зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Ұлы Отан соғысы кезеңінде
Ұлы Отан соғысы. Шайқас даласындағы қазақтандықтардың ерліктері
Қазақстандық майдангерлердің ерліктері мен соғысқа қосқан үлесі
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы - қазақстандық тарихнаманың кейінге қалған саласы
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты
Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ
Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәурінде
Отанға деген сүйіспеншілік
Қазақстан екінші дүниежүзілік жəне ұлы отан соғысы жылдарында
Пәндер