Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
Ғұндардың шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.6
Азиядағы хундар құрған мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.10
Ұлы қоныс аудару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Тарихта ғұндар аты кеңінен белгілі. Осынау жоғалып кеткен халық аты — жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтық бейнесіндей көрінеді. Аттила (Еділ) бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортып-жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан таныс оқиғалар. Ал б.з. дейінгі дәуірдің соңғы ғасырлары мен б.з. алғашқы ғасырларында Орта Азияны, оның ішінде Қазақстан жерін мекендеген азиялық ғұндар тайпалары онша мәлім емес. Тарихи әдебиетте олар «хунну» немесе «сюнну» деген атпен белгілі.
Деректерде ғұндар (хунну) мен қаңлылардың өзара қарым-қатынас жасағаны жайлы мәліметтер сақталған.
Б.з.б. I мың жылдықтың екiншi жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстiкке және Ордосқа дейiн созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлi тайпалар көшiп жүрдi. Солардың басты бiр тобы б.з.б. IV-III ғасырларда Солтүстiк Қытайдың шекарасына дейiнгi жердi мекендеген тайпалық екi одақ Сюнну және Дунху бiрлестiктерi едi.
1. Көне тарих 103-108 б.
2. Түркістан халық энциклопедиясы Алматы 2000ж 268-270 б.
3. «Ұлы дала тарихы». Маданов М. Алма-Ата, 1997 ж. 36-37 бб.
4. «Қазақтың қысқаша тарихы» Нығмет Мыңжани. Алматы: Жалын, 1994 ж. 157-173-бб.
5. Әлкей Марғұлан. «Тамғалы тас жазуы», «Жұлдыз» журналы. Алматы 1988 ж. № 1
6. «Қазақстанның көне тарихы» Мұратхан Қани Алматы: Жалын, 1993.
7. Қожабекұлы Б.А. Тарихи таным: Ежелгі халықтар, тайпалар, рулар, жер жұтқан қалалар.-А.,1994
8. Нысанбаев Ә.Ж. Ежелгі Қазақстан: Арийлер, Сақтар, Ғұндар.-А.,2004.
9. Ирмуханов Б.Б. Этническая история древнего Казахстана.-Алматы,1998.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ...3-4
Ғұндардың шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-6
Азиядағы хундар құрған мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-10
Ұлы қоныс аудару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 10- 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...13

Кіріспе

Тарихта ғұндар аты кеңінен белгілі. Осынау жоғалып кеткен халық аты -- жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтық бейнесіндей көрінеді. Аттила (Еділ) бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортып-жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан таныс оқиғалар. Ал б.з. дейінгі дәуірдің соңғы ғасырлары мен б.з. алғашқы ғасырларында Орта Азияны, оның ішінде Қазақстан жерін мекендеген азиялық ғұндар тайпалары онша мәлім емес. Тарихи әдебиетте олар хунну немесе сюнну деген атпен белгілі.
Деректерде ғұндар (хунну) мен қаңлылардың өзара қарым-қатынас жасағаны жайлы мәліметтер сақталған.
Б.з.б. I мың жылдықтың екiншi жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстiкке және Ордосқа дейiн созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлi тайпалар көшiп жүрдi. Солардың басты бiр тобы б.з.б. IV-III ғасырларда Солтүстiк Қытайдың шекарасына дейiнгi жердi мекендеген тайпалық екi одақ Сюнну және Дунху бiрлестiктерi едi.
Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталады), әсiресе, б.з.б. III ғасырда мейлiнше күшейдi. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгiсiз. "Ғұн" деген атаудың өзi кейiнiрек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды. Енді осы ғұн мемлекетінің тарихына үңілсек.

Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы.
Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Моңғолияның оңтүстігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-никалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағынан алғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдың аяғында кытай деректемелерінде пайда болған сюнну (ғұн) атауы тегі әр түрлі тайпаларды біріктірген және Тынык мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жеті-суға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-тұра таралып отырған саяси құрылымға катысты болды.
Ғұндар проблемасы - қазақ тарихшыларының алдындағы басты проблеманың бірі. Өйткені ғұн тайпаларының басқа жерлердегі тайпалармен араласуына қарағанда, олардың Қазақстанда орын тебуі және үйсін, қаңлы тайпаларымен араласуы олармен іргелес өмір сүруі басым болған. Олардың арасында болған байланыстың арақатынасы бір-біріне тигізген саяси, экономикалық, мәдени және антропологиялық жағынан тигізген әсерлері жеткілікті зерттелуі тиіс.
Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Қытай деректері өздерінің солтүстігін мекендеген тайпаларды сюннюлар (солтүстіктегілер) және дунхулар деп атаған. Осы сюнну сөзі тайпаның атына арналған тәрізді, ол кейіннен хунға немесе ғұнға айналып отыр. Қытайлардың басқа бір жылнамаларында өздерінің терістігіндегі көрші
түркі тілдес тайпаларды да (далалықтар) деп те атаған. Бұл хабарға қарағанда ғұндардың түркі тілдес болғандығына ешбір күмән келтіруге болмайтын сияқты. Ал сюнн, хуни деген сөздердің қытайша әр түрлі мағыналары бар. Олар әлі де болса ғылыми жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Ғұндардың этникалық тегi туралы мәселе әлi анықталып болған жоқ. Зерттеушiлердiң көпшiлiгi оларды түрiктердiң арғы аталары деп болжайды. Ғұндардың құдiретi тасып тұрған кезде, олардың бiрлестiгiне басқа бiрнеше тайпалар қосылған, сондықтан "Ғұн" атауы этникалық болудан гөрi саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Зерттеушілердің басым көпшілігінің пікіріне үңілсек, ғұндар түріктердің арғы ата-бабалары олардың Қазақстан жеріне келіп кіруіне байланысты, шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б. з. I мыңжылдығының бірінші жартысынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының антропологиялық тұрпаты өзгереді де, моңғол тұрпаттылар пайда бола бастайды.
Ғұн тайпаларының бiр одаққа бiрiгуiне негiзгi себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескiлескен соғысы деу керек. Хань империясы кезiнде қытайлықтар ғұндарды талай рет басып алмақшы болады, бiрақ ғұндар iргелес тайпалармен бiрiгiп, қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс берiп отырады. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар "гуй фаң", "гун руң", "хун ю", "шиан ю", "шиұң ну" секілді атаулармен берілген. Б.з.б. 3 ғ-дың соңына қарай Ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды.Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды бектер биледі. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Жоғары билеушісі "тәңірқұт" лауазымын иемденген.
Қытай деректерінде ғұндардың жоғары билеушісі "шаньюй" деп аталады. Одан кейін түменбасылар болды. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Ғұндардың шаруашылығы.
Ғұндардың өмір-тіршілігінде мал өсіру, әсіресе, жылқы өсіру басты рөл атқарған. Жылқы болмаса, көшпелі мал шаруашылығының өзі өмір сүре алмас еді, әскери жортуыл - жорықтарда ат әскердің өзін ғана алып жүрмей, оларды аспен де қамтамасыз етіп отырған. Ғұндардың аттарының көпшілігінің шоқтығы аласа, жатаған, дене бітімі тығыз да дөкірлеу, басы үлкен болып келеді. Олар жүріске төзімді жарлауыт тау қыраттарына емін-еркін шығып, өзен-сулардан қиналмай өте беретін болған. Тау жоталарына шығып, олардан түсерде, тау өзендерінен көктей өтіп, олардан шығарда Кіндік патшалықтың аттары сюннулар аттарына ілесе алмай қалады, - деп жазған Қытай бекзаты Час Ко.
Ғұндардың қойы да көшпелілердің күллі қажетіне жараған.
Ғұндар шаруашылығының жүйесін алғашқы қауымдық немесе экстенсивті (марғау) мал шаруашылығы деп атауға болады. Оларда отырықшылық пен егіншілік те болған. Деректерде терістік жерлерінде ызғар ерте түседі, бірақ тары себу қанша қолайсыз болғанымен, ғұн жеріндегілер оны сеуіп отырады, - деп хабарлайды.
Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Бұл жөнінде деректерде: Балалардың қойға мініп, садақ тартып, құстар мен тышқандарды атуына болады; біраз өскеннен кейін олар түлкі мен қоянды атып алып, олардың етімен ауқаттанады...Олардың әдет-ғұрыптары бойынша тыныш кездері малын жайып келе жатып, жолай аң мен құстарды атып тіршілік қажетіне жаратады, - деп жазады.
Сыма Цянь былай деп жазады: Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға көшеді. Үй малынан жылқы, ірі қара және қой-ешкі өсіреді; біразы түйе, есек ұстайды. Шөптің калың, судың мол болуына карай бір жерден екінші жерге көшіп жүреді... Шонжарларынан бастап бәрі де үй малының етімен тамақтанады, олардың терісін киім қылады, жүн мен аң терісін жамылады. Ғұндардың өмірінде жылқы ерекше маңызды рөл атқарды. Ал қойдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқкиім жасады, жүннен киіз басылды.
Малының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық немесе қыста көктайғақ болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды. Деректемелер мұны да жиі көрсетеді.
Қытай әскерлерінің ғұндарға жорықтары суреттемелерінде келтірілген жанама деректерге қарап, халыктың жан басына шаққандағы орташа мал санын аныктауға әрекет етуге болады. Мәселен, б. з. б. 72 жылы келтірілген ең толық мәліметтер бойынша, әскербасылар ездерінің реляцияларында
былай деп хабарлаған: 700 тұтқын мен 10 мың бас мал қолға түсірілді - 15 : 1;
100 тұткын мен 2 мың. бас мал -- 20 : 1; 300 және 7 мың -- 29 : 1; 19 және 100 - 5 : 1; 1900 және 70 мың - 35 : 1; 39 және 700 мың - 18 : 1. Сонымен, орта есеппен халықтың жан басына шаққанда 19 малдан келеді. Қарапайым мал шаруашылығы жағдайында мұндай арақатынас оңтайлы болатын.
Байкал сыртындағы Нижнс-Иволгинск қала жұртын казған кезде еденді сылаған балшық арасынан туралған сабан шықты. Нақ осы жерден қысқы жартылай жертөлелердің жұрты табылды, олар қандар жүйесімеи жылытылған. Тары дәндері, шойын түрендер, темір орақ, тас дәнүккіштер және астық сақтайтын ұралар шықты. Адам жерленген ағаш кималар да ғұндарда отырықшылық болғанын дәлелдейді.
Ғұндардың дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат сайыс ойындарының негізін салған. Көк тәңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған.
Қабірлерде керамика -- құмыралар, көзелер, саптыаяқтар аз емес, олар қолдан жапсырып және құмырашы ұршықшасында дайындалған, мұның өзі қыш-құмырашылықтың дамығанын дәлелдейді. Басқа жақтан әкелінген заттар, жібек маталар, айналар, көз салған әшекейлер кездеседі.
Ғұндарда малға әулеттік және жеке меншіктік болғаны туралы мәліметтер бар. Мәселен, Сыма Цянь ғұн князьдарының хань елшісі Су Уға екі рет жылқы үйірі мен қой отарын тарту еткенін және сыйлық ретінде мал бергенін айтады.
Азиядағы хундар құрған мемлекет.
Сүй патшалығының тарихы деген кітаптың Жағрапиялық
дерек деген бөлімінде былай делінген: Бесбалық құмды аймағының терістігі -- алдыңғы хань патшалығы тұсында (б. з. б. 223 -- 206 жылдарда) үйсіндердің дунхудағы жері, соңғы хань патшалығы тұсында (б. з. б. 225 -- 220 жылдары) хундардың ордасы тұрған жер. Ордадағы (хундардың, әскери лагері мен әскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хундардан шекаралық аймақты босатуды талап етті. Соғыстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұндар Саяси тарихы
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы жөнінде
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы
Ежелгі ғұндар
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы мен тарих сахнасынан шығуы
Әлем тарихындағы ғұндардың тарихы
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Хун империясының саяси тарихы
Пәндер