Найман мемлекеті



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Найман мемлекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Қазақстан территориясында көптеген мемлекеттер өмір сүрді, солардың бірі – Найман мемлекеті. Соған қоса, Керей ұлыстары мен Қыпшақ хандығы сияқты мемлекеттер өмір сүрді (XI ғасырдың басы – 1219). Бұл мемлекеттерді Түрік қағанатының заңды жалғасы деуге болады. Себебі Түрік қағанатындағы халықтар кейін осы мемлекеттердің құрамына кірді. Олардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті, діни наным-сенімдері де ұқсас болды.
Наймандар – қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпалардың бірі. Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман” атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді. “Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап “сегіз оғыздар”, кейінірек “цзбу-бу” одағын құрап келді. “Найман” сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы” деп жазды Л.Л. Викторова.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жылы. VI том
2. Маргулан А., Найман // Казахи, Л., 1930
3. Бейсенбайұлы Ж., Қазақ шежіресі, А., 1994
4. Муканов М.С., Этническая территория казахов в XVІІІ – начале XX веков, А.-А., 1991
5. Викторова Л.Л., К вопросу о найманской теории происхождения монгольского литературного языка и письменности (ХІІ – ХІІІ вв.) // Уч. зап. ЛГУ, Серия востоковедческих наук, вып. 12, ғ305, 1961
6. Әбілғазы Баһадүр, Түрік шежіресі, А., 1992
7. Рашид ад-Дин, Сборник летописей, т. 1, кн. 1, 2, М., 1952
8. Қазақстан тарих энциклопедиясы. Алматы 2006

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Найман мемлекеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Мәселе өзектілігі: Қазақстан территориясында көптеген мемлекеттер өмір сүрді, солардың бірі - Найман мемлекеті. Соған қоса, Керей ұлыстары мен Қыпшақ хандығы сияқты мемлекеттер өмір сүрді (XI ғасырдың басы - 1219). Бұл мемлекеттерді Түрік қағанатының заңды жалғасы деуге болады. Себебі Түрік қағанатындағы халықтар кейін осы мемлекеттердің құрамына кірді. Олардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті, діни наным-сенімдері де ұқсас болды.
Наймандар - қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпалардың бірі. Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше "найман" атауы моңғолша "сегіз" деген сөзді білдіреді. "Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап "сегіз оғыздар", кейінірек "цзбу-бу" одағын құрап келді. "Найман" сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы" деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: "наймандар - көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық". "Селенга тас жазуы" деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, "Ляо ши" жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі "найман аймақ" ("сегіз тайпа") деп 10 ғ-да қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғ-дан "найман" деп атала бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы "сегіз" аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады. Қазақ халқының шежіре деректері бойынша наймандар Орта жүзге кіреді.Қазақ халқының құрамындағы наймандардан: терістаңбалы (кейде елата), сарыжомарт (ергенекті найман), төлегетай деген рулар бірлестіктері тарайды. Терістаңбалыдан:мәмбет, рысқұл; cарыжомарттан: балталы, бағаналы, көкжарлы, бура (Найман), қаратай; төлегетайдан:қаракерей, мұрын,төртуыл, матай, аталық (кейбір деректерде кенже), садыр. Келесі бір шежіре нұсқасында наймандардан тоқпан, елата, өкіреш таратылады. Елатадан: келбұға мен кетбұға тарайды.
Найман мемлекеті Найман ұлысы, Найман хандығы, 11 - 13 ғасырларда Қазақстанның шығысында өмір сүрген. Негізгі аумағы Ертістен Орхонға дейінгі Алтай мен Хинган таулы өлкесін қамтыды. Батысында Ертіс өзеніІ бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен және оңт-нде Ұйғыр, Ся жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин "Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды" деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары "Бұйрық", "Күшлік" деп аталды.Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс ханәскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғыс хан және керейлер ханы Тоғрыл(Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді. Осылайша Найман мемлекетітолығымен күйреп, тарих тұғырынан тайды. Найман мемлекеті жұртының бір бөлігі моңғолдарға бағынышты болып, ата мекенінде қалып қойса (Ертіс, Зайсан, Марқакөл), қалғандары оңт. батысқа (Жетісу,Сарыарқа, Сыр бойына) қарай ойысты. Олар осы аймақтағы ұлыстар мен халықтардың құрамына енді (қ. Наймандар). Найман мемлекетінің тұрғындары негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Кейбір деректерде наймандардың Орхон, Ертіс өзенінің бойында арпа-бидай егіп келгені туралы мәлімет кездеседі. Найман мемлекеті Орта Азия шығысындағы көшпелілердің ең өркениеттісі болды. Орхоннан Алтай, Іле, Жетісу, Ұлытауға дейінгі кең өлкеде Ақбалық, Шамбалық, Қаялық(Қойлық), Бесбалық, Найман Сум қатарлы қалалар салды. "Тамғалы тас" ескерткіші олардың жазу мәдениеті болғандығын дәлелдейді. Олар ежелгі ұйғыр жазуын қолданған. Сегіз оғыздар Түрік қағандығының шығыс бөлігінде орналасты. Шығыс Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін олар біраз уақыт Ұйғыр қағандығының, кейіннен Солтүстік Қытайдан ауып келген қидандардың (Ляо әулеті) қол астына қарады. Осы кезде сегіз оғыз атауының орнына наймандар сөзі орнықты. 12 ғ-дың бас кезінде қидандар Цзинь әулетінен (шүршіттер) жеңіліп, Жетісуға ауған кезде наймандар жеке ұлыс болып қалыптасуға мүмкіндік алды. 12 ғ-дың 2-жартысында олар Орт. Азиядағы ең күшті, жетекші мемл. бірлестіктердің біріне айналып, алыс-жақын елдермен дипломат. қарым-қатынас орнатты (қ Найман мемлекеті). Осы кезеңдегі жазба деректерінде наймандар батысында қаңлы, қыпшақ, шығысында керей, меркіт, теріскейінде қырғыз, оңт-нде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады. Найман мемлекеті құлап, халқы Шыңғыс хан империясына бағынған соң, олардың біраз бөлігі байырғы қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып, Үгедей ханның ұлысына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр, Ырғыз алқабына дейін орналасты. 15 ғ-да едәуір бөлігі Әбілхайыр ханның, кейіннен Мұхаммед Шайбани ханның ықпалында болды. Қалған бөлігі Қазақ хандығын құраған негізгі тайпалармен бірге Моғолстан жеріне ауды. 16 - 17 ғ-ларда кейбір найман рулары Атбасар, Ырғыз аймақтарында өмір сүрген. М.Шайбанимен бірге Мауераннахрға ауған наймандар Сырдарияның төм. ағысындағы Балық пен Мерв аралығы өңірлерінің саяси-әлеум. өмірінде жүзден аса жыл маңызды рөл атқарды. 1620 - 25 ж. Хорезмдегі билік үшін болған тартыстан кейін наймандар бас сауғалап бір тобы қырғыздарға, бір бөлігі Еділ, Жайықтағы Ноғай ордасына, енді бірі Бұхар хандығына бағынды. М.Тынышбаевтың айтуынша, 1680 ж. наймандардың бір тобы Әулиеатадан Ташкентке дейін, Арыс пен Сырдария өңірін,Қаратау сілемдерін қоныстана бастаған. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" жылдарында наймандардың көпшілігі қырылып, қалғаны Самарқанд, Бұхар өңірлеріне ығысады. 1726 ж. наймандар Ресей шекарасына жақын келіп, Сәмеке ханның қол астына өткен. Ол қайтыс болғаннан кейін Абылай билігіне қарай бет бұрып, Алакөл, Зайсан, Алтайға дейінгі алқапқа орын тебеді. Олар қазақ халқының жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресіне белсене қатысты. Қазақ қолы 1750 - 60 ж. Жетісу мен Алтайды жоңғарлардан азат еткенде наймандар Қара Ертіс, Бұқтырмаға дейінгі бұрынғы ата мекенінің бір шетіне ие болып, сонда түбегейлі орнығып қалды. Бұл қоныстану 1810 жылға дейін жалғасты. 1917 ж. Ресей үкіметі жүргізген санақ бойынша Ресей және Қытай империяларының құрамында 830 мыңдай наймандар өмір сүрген.Наймандар Орт. Азияның өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, т.б. халықтарының құрамына енген. Найман туралы деректер оны әуелде Хинганнан Қарпатқа дейін созылып жатқан Ұлы Даланың Ертіс пен Орхон өзендері аралығында ежелден көшіп жүрген тайпалар қатарында таниды. Ол - сонау жыл санауымызға дейінгі екінші ғасырлардан бастап дәуірлеп, Орта Азиядан Сары өзенге дейінгі байтақ аймақты жайлаған Хунну (ғұн) ұлысының, біздің жыл санауымыздың бастапқы ғасырларында қытай жазбаларында теле деген атпен әйгеленген байырғы киіз туырлықты қандас тайпалар қауымдастығының кесек бір сынығы. Әбілғазы жазуынша: Наймандар - көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық. Бұл ел VI-VII ғасырлардағы айбынды Түрік қағанаты заманында дүниеге келген ата жазуымызда Моңғолиядағы қазақ ғалымы әрі қайраткері Қ.Сартқожаұлының дәлелдеуінше, Байырқу, сегіз оғұз тайпасы түрінде көрініс береді. Бірсыпыра ғалымдардың дәлелдеуінше, оғұз сөзінің көне Түрк тіліндегі бір мағынасы тайпа дегенге келеді. ( оқ - тайпа, з - жиынтық сан есім). Ал найман моңғолша сегіз деген сөз. Сегіз оғұз жұртын әуелі найман аймақ ( сегіз тайпа) деп Х ғасырда моңғол тілдес қидандар атай бастаған екен. Кейіннен моңғол империясының дүниеге келіп дәуірлеуі, бұл сөздің негізгі атау орнында қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған еді. Зерттеушілер бұл тайпа Х ғасырдан найман деп атала бастаса да, ХІІІ ғасырға дейінгі бұрынғы сегіз аты да қосарлана байқалып келгенін де ортаға тартады. Кезінде Жапон теңізінен Шығыс Түркістанға дейінгі байтақ өңірді қоластына бағындырып, наймандарға да біраз уақыт билік жүргізген Лияу әулетінің (Ұлы Қидан мемлекеті тарихы туралы жазылған жылнамаларда (Х ғасыр) наймандар батысында (Ертістен ары) қанлы, қыпшақ, шығысында (Орхон, Тола және Оңғын өзенлерінің алқабы) керей, меркіт, теріскейінде (Селеңгеннің салалары) қырғыз, оңтүстігінде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады.
Рәшид-ә-диннің Жылнамалар жинағы мен Моңғолдың құпия шежіресінің көрсетуінше, Арғұн өзенінің Хайлар деп аталатын саласы мен Халқын гол өзені алқабында қоңыраттар мекендеді. Екінші мыңжылдықтың бас кезінде осы қоңыраттардан батысқа қарай Керей, Меркіт жеріне дейінгі аралықта (Онон, Керуленөзендерінің алқабы) хунну, дунхулардың бір сынығы болып табылатын түрк-моңғол жұрттары да қанатын жайып өсіп жатты. Ол тайпаларға өздерімен іргелес, кейіннен моңғол тілі деп ен тағылған тілде сөйлейтін Қидан (осы сөзден қытай атауы шыққан) мемлекетінің үстемдігі мен ықпал-әсері тым етене байқалатын. Түрк тайпаларының қақ ортасында жатқан осы жұрттардың соңыра моңғол тілді атанып кетуінің де бір себебі - түп-тегі Ішкі Моңғолиядан шыққан сол қидандардың жегі құрттай дендеп кеткен жойқын ассимиляйиясына тығыз қатысы бар болуы да ғажап емес. (Мұндай мысалды алыстан іздеудің қажеті де жоқ. Орыс тілі шыңдап ене бастаған жарты ғасыр ішінде, қазақтың жартысына жуығының орыс тілді болып шыға келгені көз алдымызда ғой). ХІІ ғасырдың басында Ұлы Қидан (Лияу( мемлекеті ыдырап, қидандардың біраз бөлігі Жетісу мен Орта Азияға өтіп, Қарақытай мемлекетін құрғаны белгілі (1140-1213). Олар кейінірек жергілікті халықтарға сіңісіп кетті. Ал сол ғасырдың соңына таман Онон, Керулен алқабын жайлаған тайпалардың арасынан Темүжин сынды жас көсем бастаған қият тайпасы лау етіп көтнріліп, тарыдай шашыраған моңғолдың басын қосып, аз уақытта-ақ маңындағы елді ұйыстыра алған моңғол мемлекетіне айналды. Моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлы Темүжинге Шыңғыс (Жеңіс, Жеңгіз) деген есімді еншілеген сол кездегі керейлердің ханы Торы (Торғыл( екенін айтады. (Торыны оған қытайлар берген Уаң яки, бір елдің әміршісі лауазымы бойынша Уаң хан деп те атайды. Өзі үлкен бір елдің билеушісі, әрі әкесі Есукейдің андасы болғаннан кейін Торы бұл есімді жақсы тілек, жарым ырыс қылып айтса айтқан шығар. Алайда Шыңғыс хан шапқан сайын төске өрлеп, маңайындағы Татар (тата, тетан) мен Қоңыратты қоластына бағындырып алғаннан кейін, Керей елінің өзіне ауыз салды. Әкесіндей болған Торыны (Уаң ханды) туған жерінен безіндіріп, ақыры ол найман қарауылдарының қолынан кездейсоқ қаза тапты. Ал ауқатты Найман мемлекетінің Шыңғыс ханмен шайқастары тарихи жылнамаларда жан-жақты жазылып қалған бір хикая.
Темүжиннің әкесі Есүкей батырдың тұсында Найманелін Инанығ Білгі қаған билеген еді. Инанығ - сенімді, білгі - білгір, кемеңгер деген сөз. Сол Инанығ білгінің заманында наймандар Қидан мемлекетінің (қарақытайлардың) қармағынан құтылып, бостандығын алады. Ол өлгеннен кейін Найман ұлысы екі баласы байбұқа (қосалқы аты - Тай, Таян. Қидандар оған Дауаң) үлкен әмірші (деген атақ берген, сол сөз келе-келе Таянға айналған) мен бүйректің таласына түседі. Ақыры ағайынды екеу арасындағы араздық ұлысты екіге бөліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі дәуірі
Найман тайпасы
Наймандардыңпайда болу тарихы
Керей тайпасы
Керей елінің тарихы
Түрік және монғол тайпаларының қалыптасуына байланысты зерттеушілердің ұстанымдары
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Шыңғыс хан мемлекетінің нығаюына түрік тайпаларының ықпалы
Түркі және монғол көшпелі қоғамы: саяси – әлеуметтік және этникалық байланыстар мәселесі (VI-XIII ғғ.)
Наймандар, Кереиттер және Жалайырлар. Қарақытайлар Жетісуда
Пәндер