«Офис -тіpкеуші» акпараттық жүйесін құру
Кіріспе 3
1. Автоматтандырылған жұмыс орындары 5
2. Автоматтандырылған жұмыс орындары ұғымы
5
3. Автоматтандырылған жұмыс орындарының даму кезеңдері
6
4. Автоматтандырылған жұмыс орындарын негіздеу 10
5. Автоматтандырылған жұмыс орындарының негізгі қасиеттері
10
6. Автоматтандырылған жұмыс орындарының жіктелуі
11
7. Автоматтандырылған жұмыс орындары классификациясы
16
8. «Офис .тіpкеушіi» акпараттық жүйесін құруды дайындау
21
9. Программалау жүйесі
21
10. DELPHI ортасында берілгендер базасын дайындаудың негізгі кезеңдері
29
Қорытынды 39
Пайдаланылған қорлар тізімі 40
Қосымша 41

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Автоматтандырылған жұмыс орындары – алға қойылған мақсатқа жетуге орай ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістер мен жұмыскерлердің өзара байланысты жиынтығы болып табылады. Ақпараттық жүйе ретінде қазіргі заманғы түсіну жеке компьютерді ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы ретінде пайдалануды білдіреді. Компьютерлер мен ақпараттық жүйелер арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. Ол үшін автоматтандырылған жұмыс орындары, компьютерлер және телекоммуникациялармен өзара әрекет ететін қызметкерлермен байланыс жасау керек.
Алғашқы ақпараттық жүйелер 50-ші жылдары пайда болды. Бұл жылдары ол шоттар мен еңбекақы есептерін өңдеу үшін арналған еді, оған электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналары қолданылды. Бұл қағаз құжаттарын дайындауға кететін шығындар мен үнемдеуге тиісінше көмектесті.
60-шы жылдары ақпарат жүйелеріне деген көзқарас жаңаша сипат алды. Олардан алынған ақпарат көптеген параметрлер бойынша мерзімдік есептемеде қолданыла бастады. Бұл үшін ұйымдарға бұрынғыдай тек шоттарды өңдеу мен еңбекақыны есептеп қана қоймайтын, сонымен бірге көптеген функцияларды атқаруға қабілетті, ауқымды мақсаттағы компьютерлік қондырғы талап етілді.
70-ші жылдары және 80-ші жылдардың бас кезінде автоматтандырылған жұмыс орындары қабылданған шешімдер үдерісін қолдайтын әрі жеделдететін басқару бақылауының құралы ретінде кеңінен қолданыла бастады. 80-ші жылдардың аяқ кезінде ақпараттық жүйені пайдаланудың тұжырымдамасы қайтадан өзгеріске түсті. Олар енді ақпараттың стратегиялық қайнар көзіне айналады және кез келген профильді ұйымдардың барлық деңгейлерінде қолданылады деген ұғымдар қалыптасты.

1. Симонович, Г.Евсеев. “Занимательное программирование С++”, Москва 2001ж.
2. Кент Рейсдорф және Кен Хендерсон “Borland C++ Builder6 – Освой самостоятельно”. Москва 2001ж
3. К. Паппас, У.Мюррей “Программирование на С и С++ “ , Киев, 2000
4. Шилдт Г. “Теория и практика С++ “, Санкт-Петербург, 2006
5. Денис Ридчи “Освой самостоятельно С++” , Киев 2009
6. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д., Теоретические основы информатики. – М.: Наука, 2007.
7. Аладьев В.З. и др. Основы информатики. – М. «Филин, 2009»
8. Ахо А.,Ульман Дж. Теория синтаксического анализа, перевода и компиляции: Пер.с англ. Т.1: Синтаксический анализ.. – М: Мир 2008.
9. Бадд Тимоти Объектно-ориентированное программирование в действии. – Спб.: ПитерД997-464с. –ІZBН 5-88782-270-8.
10. Гласс Р.Руководство по надежному программированию: Перев. с англ. – М.:Финансы и статистика, 2002.
11. Гласс Р., Нуазо Р. Сопровождение программного обеспечение Пер.с англ.-М.:МирД983.
12.Дал У. Дейкстра Э. Хоор К.Структурное программирование Пер. с англ.- М.:МирД 975.
13. Дейкстры Э., Дисциплина программирования. М.:МирД976
14. Информатика / (Н.В.Макарова, Л.А. Матвеев, В.Л. Бройто и др); Под ред. Н.В.Макаровой. – 3-е перереб.изд. – М., 2003.-765
15. Информатика/Под ред. С.В.Симоновича – 2-е изд. – СПб.
16. Липаев В. Надежность программного обеспечение Энергоиздат Д981.
17. Липаев В.Потапов А. Оценка затрат на разработку программирования средств – М.:Финансы и статистика Д988.
18. К.Паппас, У.Мюррей “Программирование на С и С++”, Киев, 2000
19. А.Кетков, Ю.Кетков “Практика программирования Бейсик, Си, Паскаль”, М.: 2001
20. Шилдт Г. “Теория и практика С++”, Санкт-Петербург, 2006
21. Березин Б.И., Березин С.Б. “Начальный курс С и С++”, М.:2009
22. Арсак Ж. Программирование игр и головоломок. М.: Наука, 2010.
23. Вирт Н. Алгоритмы – структуры данных =программы. – М.:Мир,2005
24. Дьяконов В.Компьютерная математика. Теория и практика. М: Горячая линия – Телеком, 2001.
25. Форсайт Дж., Мальколм М., Моулер К. Машинные методы математических вычислений. – М.: Мир, 2000.
26. Борк A "История" новых технологий в образовании / Российский открытый университет - М., 2000.
27. Брановский Ю.С. Введение в педагогическую информатику. - Ставрополь: СГПУ, 2005.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:
Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті АҚ
Қорғауға жіберіледі
Қолданбалы информатика
кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.д., доцент
Л.М.Байтенова _____________
№ __ хаттама _____ 2015 ж.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Офис -тіpкеуші акпараттық жүйесін құру
Мамандығы: 5В070300 - Ақпараттық жүйелер
Орындаған:
4 курс студенті _____________________ Ж.Қайырғалиев
Ғылыми жетекшісі:
ф.-м.ғ.к., доцент ____________________ Л.М.Тукенова
Алматы, 2015
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
11 Автоматтандырылған жұмыс орындары 5
1.1 Автоматтандырылған жұмыс орындары ұғымы 5
11.2Автоматтандырылған жұмыс орындарының даму кезеңдері
6
2 Автоматтандырылған жұмыс орындарын негіздеу 10
2.1 Автоматтандырылған жұмыс орындарының негізгі 10
қасиеттері
2.2 Автоматтандырылған жұмыс орындарының жіктелуі 11
2.3 Автоматтандырылған жұмыс орындары классификациясы 16
3 Офис -тіpкеушіi акпараттық жүйесін құруды дайындау 21
3.1 Программалау жүйесі 21
3.2 DELPHI ортасында берілгендер базасын дайындаудың негізгі кезеңдері 29
Қорытынды 39
Пайдаланылған қорлар тізімі 40
Қосымша 41
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Автоматтандырылған жұмыс орындары – алға
қойылған мақсатқа жетуге орай ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін
пайдаланылатын құралдардың, әдістер мен жұмыскерлердің өзара байланысты
жиынтығы болып табылады. Ақпараттық жүйе ретінде қазіргі заманғы түсіну
жеке компьютерді ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы ретінде
пайдалануды білдіреді. Компьютерлер мен ақпараттық жүйелер арасындағы
айырмашылықты түсіну қажет. Ол үшін автоматтандырылған жұмыс орындары,
компьютерлер және телекоммуникациялармен өзара әрекет ететін
қызметкерлермен байланыс жасау керек.
Алғашқы ақпараттық жүйелер 50-ші жылдары пайда болды. Бұл жылдары ол
шоттар мен еңбекақы есептерін өңдеу үшін арналған еді, оған
электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналары қолданылды. Бұл қағаз
құжаттарын дайындауға кететін шығындар мен үнемдеуге тиісінше көмектесті.
60-шы жылдары ақпарат жүйелеріне деген көзқарас жаңаша сипат алды. Олардан
алынған ақпарат көптеген параметрлер бойынша мерзімдік есептемеде қолданыла
бастады. Бұл үшін ұйымдарға бұрынғыдай тек шоттарды өңдеу мен еңбекақыны
есептеп қана қоймайтын, сонымен бірге көптеген функцияларды атқаруға
қабілетті, ауқымды мақсаттағы компьютерлік қондырғы талап етілді.
70-ші жылдары және 80-ші жылдардың бас кезінде автоматтандырылған жұмыс
орындары қабылданған шешімдер үдерісін қолдайтын әрі жеделдететін басқару
бақылауының құралы ретінде кеңінен қолданыла бастады. 80-ші жылдардың аяқ
кезінде ақпараттық жүйені пайдаланудың тұжырымдамасы қайтадан өзгеріске
түсті. Олар енді ақпараттың стратегиялық қайнар көзіне айналады және кез
келген профильді ұйымдардың барлық деңгейлерінде қолданылады деген ұғымдар
қалыптасты.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мәселесі: Осы кезеңнің ақпараттық жүйелері
уақытында керекті ақпаратты бере отырып, ұйымға өзінің қызметінде табысқа
жетуді ұйымдастыруға, жаңа қызмет көрсетулерді жүзеге асыруға, өзіне
лайықты жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Қоғамның ақпараттандырылуы
студенттерден, оқушылардан жаңа ақпаратты құралдарды барлық салада қолдана
алуын талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ақпараттық жүйелер ұғымын, оның қоғамда
алатын орнын жан-жақты зерттеп, кафедраның оқу жүктемесін, сабақ
кестесін, студенттер мен мұғалімдердің тізімдері арқылы үлестіру бойынша
деректер қорын жасау және автоматтандыру.
Зерттеу пәні: Деректер қоры және программалау пәні болып табылады.
Зерттеудің болжамы: Автоматтандырылған жұмыс орынын жасау негізі болып
табылады.
Зерттеудің міндеттері:
- қолданушылар интерфейсінің ерекшеліктері;
- мәліметтер қоймасының ерекшеліктері;
- бағдарламалық жабдық ерекшеліктері;
- компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының
ерекшеліктері;
- жүйелік ерекшеліктері жатады.
Зерттеу нысаны Delphi программалау тілінің мүмкіндіктері.
Зерттеу әдістері: ақпарат пен жабдықтау; қолданушылар интерфейсі;
бағдарламалық жабдықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Delphi программалау тілін қолданып
жасалынған автоматтандырылған жұмыс орындарын құру.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы, кез келген кәсiпорын немесе
ұйымның қызметi ақпаратты жинақтау және өңдеуден тұрады. Қазiргi таңда
мекеменiң табысты жұмыс жасауы үшін деректердi өңдеудi автоматтандыруға
мүмкiндiк беретiн дамыған ақпараттық жүйесiз елестету қиын. Iрi
корпорациялар, серiктестiктер барлығы да өркендеуге және өз кәсiпкерлiгiн
дамытуға, өз қызметкерлерiнiң қызметiн тиімді етуге ұмтылады. Осы мақсатта
олар мәндiрек заттарға ықыласын шоғырландыруға мүмкiндiк беретiн
серiктестiктердiң қызметкерлерiнiң қызметін жеңiлдететiн көптеген ғылыми
технологияларға, автоматтандыруға мүмкiндiк беретін ақпараттық
технологияларға, ақпараттық жүйелердi енгiзуге, программалық қамтамасыз
етуге, электрондық документ айналымына өз ықыластарын көбірек аударады.
Дипломдық жұмыс 42 беттен, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Дипломдық жұмыс
құрамында 3 кесте және 14 сурет бар.
1. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
1.1 Автоматтандырылған жұмыс орындары ұғымы
Қазіргі таңда ақпараттық жүйесіз адамның тiршiлiк әрекет ету аймағын
елестету қиынға соғады. Сонымен бiрге ақпараттық жүйелер пайдаланушыға
арналғанын ұмытуға болмайды, сондықтан Автоматтандырылған жұмыс орындары
ыңғайлы және барлық жұмысқа қажеттi функцияларды оңай басқаратындай
интерфейске ие болуы керектігі мәлім. Автоматтандырылған жұмыс орындарымен
орындалуы керек нақты есептер үшiн жүйе арнайы облыстары тәуелдi болады.
Ақпараттық қосымшалардың қолдану облысы әртүрлi: сақтандыру, әмбебап
банктар, ғылыми-зерттеу жұмыстары, дәрiгерлiк, көлiк, бiлiм және тағы басқа
салалар.
Автоматтандырылған жұмыс орындары– бұл қолданушылардың талаптары
бойынша ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және беруге арналған жүйе.
Автоматтандырылған жұмыс орындары программалық құралдар кешенін тікелей
шешетін есептерді қамтиды. Автоматтандырылған жұмыс орындарынің
құрылымы–бұл Автоматтандырылған жұмыс орындарынің элементтері мен ішкі
жүйелерінің өзара байланыстарының ішкі кеңістіктегі уақытша тұрақты бір
тәртіппен құрылуы, сол ішкі жүйелердің функционалдық міндетінің анықтала
түсуі және олардың сыртқы ортамен байланысы болып табылады.
Қазіргі кезде Автоматтандырылған жұмыс орындарының пайдалану аймағына,
жасалу тәсілдеріне, техникалық базасына, байланысты қолдау аппаратына
тәуелсіз мақсаты болып толық, шынайы және уақтылы ақпаратты беру болып
табылады. Автоматтандырылған жұмыс орындарынің жасалу мақсаты, компания
үшiн ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және беруді автоматтандыру болып
табылады. Жүйенің функционалды және ақпараттық құрылымы әрі қарай дамытуға
және қосымша есептер кешенін қосуға ашық болуы керек. Қолданушы үшін жүйе
ыңғайлы, достық интерфейске және санкцияланбаған әрекеттерден қорғауға ие
болуы керек. Компьютермен жұмыс кезіндегі достық интерфейс қызметкерлер
жұмысының өнімділігі мен сапасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс орынын
автоматты түрде құру немесе ақпаратты пайдалану және эксплуатацияға дербес
компьютерді енгізу Автоматтандырылған жұмыс орындарын өңдеудің тағайындалуы
болып табылады. Бұл құжаттық қағазды қысқартады және дұрыстығын бақылауға
кеткен қосымша шығындарды жояды. Автоматтандырылған жұмыс орындарынің
функционалдық және ақпараттық құрылымының әрі қарай дамуы ашық түрде болуы
керек және қосымша кешендік есептерді қосады. Ақпараттық жүйесін
эксплуатациялау шешімі бойынша жүйе модернизациясы қаралады:
– жаңа мәліметтер базасын қосу мүмкіндігі;
– программалық модульді ақпараттық жүйеге енгізу мүмкіндігі.
Жүйе-әртекті элементтер жиынының қойылған мақсаттарға жету барысында
біртоптас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде қарастырылатын кез-
келген обьект түсінігі болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша және бастапқы
мақсаттар бойынша бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Информатикада жүйе
түсінігі өте кең таралған және көптеген мағыналы мәндерге ие. Атап
айтқанда, ол техникалық құралдармен бағдарламалар жиынында өте жиі
қолданылады. Жүйе деп, компьютердің ақпараттық бөлігін айтуымызға болады,
нақты қолданбалы есептерді шешуге, құжаттарды жүргізудің қосымша
процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген
бағдарламаларды алуымызға болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын
болсақ, оның құрылуымен функциялану (іс-қимыл жасауы) мақсаты бейнеленеді.
Автоматтандырылған жұмыс орындары–қандай да бір объектіні басқаруға
қажетті ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, жаңарту, енгізу және шығарып беру
жүйесі.
Олар, сонымен қатар, мәселелерді талдауға және жаңа өнімдерді құруға
көмектеседі. Яғни, Автоматтандырылған жұмыс орындары дегеніміз қойылған
мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды сақтау, өңдеу, беру және т.б-лар
үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персональдың өзара байланысқан
жиыны. Қазіргі кезде ақпараттық жүйені дербес компьютердің, ақпаратты
өңдеуде қолданылатын негізгі техникалық құралдары ретінде қолданылып
ұсынылады. Ірі ұйымдарда ақпараттық жүйенің техникалық қорларына, құрамына
дербес компьютерлермен қатар Mainframe (мэйнфрейм) немесе супер ЭЕМ енеді.
Ақпараттық жүйенің құрылуы үшін адам ролінің маңызы өте жоғары, яғни
өндірілетін ақпараттың алынуымен ұсынылуы адам арқылы жүзеге асырылады.
Компьютерлермен ақпараттық жүйелер арасындағы ерекшелікті түсіну өте
маңызды болып табылады. Арнайы бағдарламалық жасақтамалармен жабдықталған
компьютерлер ақпараттық жүйемен техникалық қорлар үшін негізгі құрал болып
саналады.
2. Автоматтандырылған жұмыс орындарының даму кезеңдері
Дербес компьютерлерге қосылатын электронды жабдықтар атап айтсақ:
дискті жинақтаушылар, баспаға шығару құрылғылары, оптикалық оқу жабдықтары
немесе штрихты кодтың санаушылары, графика жабдықтары, басқа
автоматтандырылған жүйемен қосылады және локальді есептеу желілерімен және
т.с.с.
Дербес компьютерлердің базасындағы кеңінен таралған автоматтандырылған
жүйе IBM PC архитектурасы арқылы жасалынған. Автоматтандырылған жүйе
негізінде есептеуіш техникадан арнайы дайындық өтпеген қолданушыға
арналған. Автоматтандырылған жүйенің басты мақсаты мәліметтерді
орталықтандырылған түрде жұмыс орынарында өңдеу, өздерінің мәліметтер
қорларын қолданады және автоматтандырылған жүйе мен дербес компьютерлердің
локальді желілеріне кіру мүмкіндіктері бар, ал кейбір кездерде қуатты ЭЕМ-
дерге қосылатын глобальді есептегіш желілерге кіреді.
Қазіргі кезде көптеген мекемелерде халықтық шаруашылықтық жүйелік
басқару концепциясы қолға алынып жатыр. Оларда локальді ақпаратты өңделіп
біткені әртүрлі дәрежелерде қаралады. Бұл жүйелерде ақпаратты төменнен-
жоғары қарай берілуінде, ақпараттың керекті бөлігін жоғарғы дәрежесіне
берілуі керек. Осылай бола тұра ақпараттың өңделген маңызды бөлігінің
нәтижесі және мәліметтер, мәліметтердің локальді қорларында сақталуы керек.
Бөлшектелінген басқарудың идеяларын жүзеге асыру үшін, басқарудың әрбір
дәрежесіне және автоматтандырылған жұмыс орындарынның пәндік облыстарына
профессионалды дербес компьютерлердің базасын құру қажет болды. Мысалы,
экономика саласындағы автоматтандырылған жүйелерде жоспарлау, модельдеу,
процесстерді тиімділендіру, түрлі ақпараттық жүйелерде шешім қабылдау және
әртүрлі есептерді шешу үшін қажет. Әрбір басқару объектісінің соған келетін
автоматтандырылған жүйе қарастыру керек. Бірақ та автоматтандырылған жүйені
құру принциптері мынадай болуы тиіс: жүйелілік; иілгіштік; тұрақтылық;
эффективтілік [1].
Жүйелілік принципі – автоматтандырылған жүйелерді жүйе ретінде
қарастыру үшін қажет, оларды құрылымдары функционалды арнау арқылы
табылады.
Иілгіштік принципі – өзінің модульдік құрылысының барлық жүйе асты
және элементтерінің стандарттылығының арқасында, жүйе мүмкін болатын
бетбұрыстарға бейімделген.
Тұрақтылық принципі – принцип бойынша автоматтандырылған жүйе жүйесі
басты функцияларды оған сыртқы және ішкі, кері факторладың әсеріне
қарамастан орындауы қажет.
Эффективтілік принципі – автоматтандырылған жүйенің эффективтілігін
жоғарыда көрсетілген принциптердің интегралды көрсеткіш дәрежесі ретінде
қарастыру қажет, олар эксплуатациялық жүйелерге және құруға кеткен
шығындарға жатқызылады. Бұл дегеніміз оның бөлек бөліктеріндегі бұзылулары
оңай жөнделуі керек, ал жүйенің жұмыс істеу қабілеттілігі жылдам орнатылуы
керек.
Қазіргі кезде мұндай гибридті интелектті құру қиынға соғады. Бірақта
осылай жасаған кезде автоматтандырылған жүйені жетілдіруге және
функцияландыруда мынандай нәтиже беруі мүмкін – автоматтандырылған жүйе
басқарудың эффектілігі мен еңбектің өнімді мамандардың социалды жайлы
жұмысы жақсарады. Осылай бола тұра адам автоматтандырылған жүйенің
жүйесінде басты буын болып қалуы тиіс [1].
Өндірістік мекемелерде автоматтандырылған жүйе басты құрылым болып
табылады. Ол мәліметтерді өңдеп шешім қабылдайтын, персоналды жоспарлау
немесе басқару сияқты Автоматтандырылған басқару жүйесінен тұрады.
Автоматтандырылған жүйе - ол әрқашан да мамандандырылған жүйе болып
табылады, автоматтандырылған жүйеде және де техникалық амалдар мен
программалық қамтамасыз ету терімдері бар. Олар нақты мамандарға арналған,
атап айтсақ – администраторға, экономистке, инженерге, конструкторға,
жобалаушыға, архитекторға, дизайнерге, дәрігерге, ұйымдастырушыға,
зерттеушіге, кітапханашыға, мұражай қызметкеріне және басқа да көп
мамандарға қолдануға өте қолайлы.
Сонда да қандай да болсын маманның автоматтандырылған жүйесіне
жалпы талаптардың қатарын ұсынуға болады. Осы талаптар оны құрған уақытта
жасалуы керек, атап кетсек:
– Ақпараттарды өңдеу амалдарының тікелей жинағы;
– Диалогты (интерактивті) режимде жұмыс істеу мүмкіндігі;
Эргономиканың басты талаптарын орындауы:
Қоршаған орта мен автоматтандырылған жүйе комплексінің элементтері
және функция мен оператор араларындағы рационалды орналастыру, жұмыстың
жайлы жағдайын құру, автоматтандырылған жүйенің жайлы құрылымы, оператор –
адамның психологиялық факторларының тіркеуі, автоматтандырылған жүйенің
элементтер түстерінің және формаларының тартымдылығы және т.б.
Техникалық ішкі жүйе туралы жоғарыда айтылған болатын. Ортақ желіде
жұмыс жасайтын объектінің және де басқа да байланыс құралдарымен (телефон,
телекс, телефакс), басқа да автоматтандырылған жүйелердің байланыс
құралдары, тікелей бейнеленген автоматтандырылған жүйенің, бұдан алдын
көрсетілген техникалық құралдарының терімдерін айтып кетсек болады.
Ақпараттық жүйеасты ақпараттық массивтер жатады. Олар дискті
жинаушылардағы локальді мәліметтер қорында сақталады. Осы жерге мәліметтер
қорын басқару жүйесін жатқызуға болады.
Программалық қамтамасыз ету өзіне операциялық жүйелерді, сервисті
программалар, қолданушылардың стандартты программаларын және қолданбалы
программалардың пакеттерін қосады, олар модульдік принцип бойынша
жасалынған және нақты есептің түрін шығару үшін автоматтандырылған жүйенің
белгілеу шарты бойынша істелінген.
Программалық қамтамассыз етуге керекті мөлшерге дейін графикалық
ақпаратпен жұмыс істеу программалар пакеттері қосылады.
Автоматтандырылған жүйенің ұйымдық қамтамасыз етуі өзінің мақсаты
ретінде функцияландырудың ұйымдастырудың, дамуын, кадрларды даярлау, және
де администрациялау, соңғыға жатады: жұмысты жоспарлау, тіркеу, байқау,
анализ, реттеу, автоматтандырылған жүйе қолданушылардың міндеттері мен
құқықтарын құжатты түрде тіркеу.
Егер автоматтандырылған жүйе қиын болып, ал қолданушы арнайы маман
болмаса, онда арнайы үйрететін құрылғыларын қолдануға болады. Олар
қолданушыны уақыт өте автоматтандырылған жұмыс орны ортасына кіргізе алады.
Автоматтандырылған жүйенің функцияларын іске асырғанда(ол дегеніміз оның
өзін функцияландыру). Ағымды қызмет мақсатының методикасын табу керек, және
де ақпараттық сұраныс, оны құрудағы барлық процесстердің сценарияларын [1].
Автоматтандырылған жүйені проектілеу тәсілі оны функцияландыру
тәсілімен байланысты болмайды. Оның себебі автоматтандырылған жүйенің
дамыған түрін функцияландыруы қолданушылардың өздерімен дамыту мүмкіндігін
қарастырады. Автоматтандырылған жүйенің тілдік құралдары қолданушының
пікірі бойынша тәсілдік құралдары іске асыру болып табылады. Ал
программалықтар қолданушының тілдік құралдарын іске асырып сонғы
қолданушыға барлық іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік береді.
Автоматтандырылған жүйенің құралдары қолданушының және ЭЕМ-ның іс-
әрекеттерінің бірдей түсініп жұмыс жасау керек. Олар болмаса үйрету процесі
мүмкін емес және де диалогты ұйымдастыру, қатені табу мен оны түзеу. Егер
процедураның тіл берілген іс-қимыл қалай орындалуын көрсетіп тұрса, онда
процедуралық емес –детализациясыз не істеу керектігін көрсетеді, және
қандай іс-қимылдар оған керектігін көрсетеді. Шекті қолданушылар
ақпараттық сұраныстың іске асыру процесінің бөліктерін бөлмегендіктен,
анағұрлым автоматтандырылған жүйенің интеллектуалдығы жоғары болса,
соғұрлым оның тілдерінде процедуралық емес мүмкіндіктер жоғары қарастырылу
керек.
Автоматтандырылған жүйенің тілдері қолданушылық бағытталған болуы
керек және кәсіптік бағытталған болуы керек. Бұл қолданушылардың
классификацияларының айырмашылықтары мен байланысты, олар тек кәсіптік
қажеттілікке бөлінбейді және де жұмыстық орын иерархиясына, білімдік
мөлшеріне, мәліметтерді қолдану түрлеріне және т.с.с. Ескере кететін
жағдай қарапайым тілді қолдануда клавиатура арқылы енгізілгенде қиын емес
нәтиже алу қиынға соқпайды.
Барлық тілдердегі сияқты, автоматтандырылған жүйе тілдерінің түбірін
алдын-ала табылатын терминдер құруы қажет және солардың көмегімен жаңа
терминдердің орнатылуы тәсілдерінің бейнелері, барларды ауыстырып немесе
толықтырып тұруы керек. Бұл автоматтандырылған жүйені проектілеуге әкеліп
соғады, автоматтандырылған жүйенің терминалогиялық негізін белгілі тәсілмен
классификациялау болып табылады, ол дегеніміз тіл құрылымының басты
синтаксистік құрылым табады және терминдер мен олардың жиынтықтарын
арасындағы семантикалық байланыстарын анықтайды. Осыған орай
автоматтандырылған жүйені қарапайым классификациялау қажеттігі туындайды.
Мысалы, кейбір қолданушылық өңдеу режимдерінде мәліметтерді мүмкіндігінше
көрсетуі: сандық, текстік, араласқан.
Бұдан қиынырақ жағдайда автоматтандырылған жүйенің классификациясы
мәліметтер қорының ұйымы мен анықталуы мүмкін. Тілдің мүмкіндіктері
көбінесе ережелер тізімін табады, соларға қарап қолданушы формальді
құрылым соға алады. Мысалы, кейбір автоматтандырылған жүйелерде барлық
мәліметтер мен құрылымдар таблицалық формада бекітіледі (таблицалық
автоматтандырылған жүйе) немесе арнайы операторлар түрлері ретінде
(функционалдық автоматтандырылған жүйе).
Қолданушының тілдері автоматтандырылған жүйені диалог түрлеріне де
бөледі. Диалогты қолдау құралдары анықтайды, оларды қолданушы білуі керек.
Автоматтандырылған жүйенің құрылымдары бірнеше мүмкін болатын диалогтар
типтерін қарастырады, қолданушының оқу немесе жұмыс істеу барысындағы
белсенділігіне қарамастан, және де қолданушының құралдарымен
автоматтандырылған жүйені дамыту қажеттілігімен. Автоматтандырылған жүйені
өңдеудегі көбінесе қолданылатын бар диалогтар: диалогты, талаптандырушы.
ЭЕМ, формаларды толтыру диалогы, гибридті диалог, үйретілмеген қолданушы
диалогы және ақпараттар кадрларын бекіту диалогы көмегімен. Талаптандырушы
ЭЕМ диалогінде автоматтандырылған жүйе қолданушысы толық түрде тіл
құрылымын және мнемоника оқудан босатылады. Осы әдістің модификациясының
бірі меню әдісі болып табылады, ол бір немесе бірнеше ЭЕМ –нің ұсынған
варианттарын таңдайды.
ЭЕМ талаптандыратын форманы толтыру диалогінде қолданушы арнайы
таңдалған формаларды толтырады, олар дисплейде орналасқан, олардың кейінгі
анализі мен өңдеуінен [2].
Гибридті диалог қолданушы мен ЭЕМ- мен талаптануы мүмкін.
Үйретілмеген қолданушының диалогінде ЭЕМ-нің сұрақтарының толық
анықтылығы жасалуы керек, бұл жерде қолданушыда күмән болмауы керек оның не
істеу керектігіне.
Ақпараттық бекітілген кадрлар диалогі көмегімен ЭЕМ жауапты
тізімдері барлардан таңдайды. Бұл жағдайда қолданушы қолданушы өте қысқа
жауаптар енгізеді, акл басты мәліметтер автоматты түрде беріледі.
Диалог типі автоматтандырылған жүйенің классификацциясын анықтай
алады. Мысалы үйретілмеген қолданушының диалогты құралдар
автоматтандырылған жүйесі. Автоматтандырылған жүйенің мұндай
классификациясы қолданушының кәсіпті бағыты классификациясымен байланысты.
Мәселен автоматтандырылған жүйенің меню әдісі диалогі экономист-қолданушыға
лайық келмейді, және арнайы басқарушыға, қайталанатын операциялардың үлкен
көлемді салдарынан.
Егер автоматтандырылған жұмыс орындарын іске асыратын программалық
құралдар ретінде қарастырсақ, онда автоматтандырылған жүйе классификациясы
үлкен көлемді болуы мүмкін. Олар программалау тілі бойынша
классификацияланады, оларда эксплуатациялау процесіндегі программалық
жүйенің соғу мүмкіндігі, мәліметтер қорын басқару жүйелер жиыны,
қолданушылар тілдеріндегі транслятордың немесе интерпретатордан қателерді
табу және жөндеу құралдары және т.б.
Қолданбалы программалардың пакеттерін автоматтандырылған жүйе
қолданылады, ол нақты бір қосымшаға жүйелік байлау қамтамасыз ету
параметрленеді. ҚПП-ның өзінің генераторлары қолданылуы мүмкін. (қолданбалы
программалардың пакеттері).
АЖО құрамына міндетті түрде әртүрлі (ҚПП) программалық компоненттер
кіреді. Олар диалог ұйымының және басты функциялар есебін қамтамасыз
етеді, және де мәліметтер қорын жүйелік басқару, трансляторлар, анықтамалық
жүйелер, мәліметтер, диалогтардың сценариясы, инструкциялар
басқару параметрлері, қателер тізімі және басқалар. АЖО-ның басты
компоненттері оның құрамын анықтайды және түрлі белгілерде АЖО-ның
классификациялану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
АЖО-ны соңғы қолданушымен дамытудағы құралдарды қолдана отырып АЖО-ны
екі үлкен классқа бөлеміз:
1) Қызмет көрсетуші
2) Интеллектуалды.
Бұл екеуі де әртүрлі қолданушыларға арналған. Бірақта АЖО-да жақсы
жұмыс істей алмайтын қолданушылар болады. Мысалы, қызмет көрсетушілер, (іс-
қағаз жүргізушілер, секретарлар) олар өздерінің жұмыс істеу күштерінің
функцияларына қарамастан интеллектуалды АЖО-ны қажет етпейді(өзінің
тікелей қызметінде )
Қызмет көрсетуші АЖО-лар мекемелік басқару ортасында мынадай болуы
мүмкін:
– Ақпаратты-анықтамалық
– Есептеуіш
– Тексті өңдеушілер
АЖО-ны ең бірінші мәліметке бағытталған және тапсырмаға бағытталған деп
бөлуге болады.
Ақпаратты – анықтамалық АЖО–лар қандай да бір басқару процесіне қызмет
етеді. Есептеуіш АЖО-лар өзінің мазмұны бойынша әртүрлі болады және де
оларды көп мөлшердегі қолданушылар қолдана алады. Олардың көмегімен бір-
бірімен байланысты және байланысты емес ұйымды –экономикалық есептер
шешіледі, АЖО-ны функцияландыру процессінде анықталатын немесе алдын-ала
анықталған мәліметтерді өңдейді және іздейді. Текстті құрайтын АЖО-лар
болжамдар мен құрылымдардағы әртүрлі тексті ақпараттарын генерациялау және
өңдеу үшін қажет[2].
Даталогиялық типті интеллектуалды АЖО-лар қолданушылар тілдері мен
мәліметтер базасын кеңінен қолданудан құралған. Осылай бола тура қолданушы
өз бетінше тілдер мен мәліметтер қорын модификация жасайды және де диалогты
мүмкіндіктер арқылы түрлендіреді. Бұл АЖО-ларда білім қоры болмайды, ол
дегеніміз басқарылатын объектінің қасиеттеррінде түсіндірмемен қамтамасыз
ететін ережелер жиыны болмауынан. Білім қоры құрамды компонент ретінде
фактологиялық типті АЖО құрамына көбінесе тәжірибесі айрықша анықталатын
АЖО-лар шартына сәйкес жұмыстарға пайдасы тиеді.
Ұйымдық басқаруды автоматизациялауды іске асыратын бірнеше басты
функцияларды бөліп алайық:
– Интерпретация (жүйелер және бір-бірінің байланысын қондыру үшін пәндік
облысындағы фактілер мен мәліметтерді суреттеу және анализ) ;
– Диагностика (басқарылатын объектінің күйін суреттеу және анықтау ,
іздеу);
– Мониторинг (алынатын нәтижелерді белгілеу және АЖО-ның функциялауын
үзбей аңду);
– Жоспарлау (берілген жүйелік іс-қимылдарды қамтамасыз ету);
– Проектілеу (дамудың және қолданушылар интерфейсін қамтамасыз ету);
Ақпараттық жүйенің даму тарихымен әртүрлі периодта қолданылу
мақсаттарын келесі 1-кесте арқылы көрейік.
Кесте 1- Ақпараттық жүйенің даму тарихымен әртүрлі кезеңде қолданылу
мақсаттары
Уақыт,кезең Ақпараттарды Ақпараттық жүйелер Қолданылу мақсаты
қолдану түрлері
концепциясы
1950-1960 жж Есептеу құжаттыңЭлектромеханикалық -құжаттарды өңдеу
қағаздық бухгалтерлік машинада жылдамдығының
ағымдары есептеу құжаттарын жоғарылауы
өңдеу ақпараттық жүйесі-жалақыны
есептерді өңдеу
процедураларының
жеңілдеуі
1960-1970 жж Есеп беруді өндірістік ақпараттар Есеп беруді
дайындауға үшін арналған басқару дайындау үрдісінің
көрсетілетін ақпараттық жүйесі жылдамдығы
негізгі көмек
1970-1980жж (сатуды) жүзеге -шешімді қабылдауды Рационалды
асыруды сүйемелдеу үрдісі шешімдерді өңдеу
басқаруды -басқарудың жоғары
бақылау звеносына арналған
жүйелер
1980-2000жж Бәсекелестік -Стратегиялық Фирманың жақсы
артықшылықты ақпараттық жүйелер өмір сүруі мен
қамтамасыз -автоматтандырылған гүлденуі
ететін ақпарат кеңселер
стратегиялық
ресурс
*Ескерту-автор құрастырған.
2 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН НЕГІЗДЕУ
2.1. Автоматтандырылған жұмыс орындарының негізгі
қасиеттері
Ақпараттық жүйенің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады:
1) Ақпараттық жүйені талдау. Жүйені тұрғызу принципінің негізінде тұрғызу
және басқару;
2) Ақпараттық жүйелер динамикалық және дамымалы болып табылуы;
3) Ақпараттық жүйені тұрғызу барысында жүйелік тұрғыны қолдау;
4) Ақпараттық жүйенің өнімі болып шешімін негіз қабылдау;
5) Ақпараттық жүйені ақпаратты өңдейтін адам-компьютерлік жүйе ретінде
қабылдау керек.
Қазіргі кездегі ақпараттық жүйе туралы түсінік компьютерлік техниканың
көмегімен жүзеге асатын жүйе түсінігі ретінде қалыптасып келеді. Жалпы
жағдайда ақпараттық жүйені компьютерлік нұсқада да түсінуге болады.
Ақпараттық жүйенің жұмысын түсіну үшін алдымен оның шешетін мәселесінің
мәнін содан кейін жүзеге асырылатын ұйымдастырылған үрдістерді түсіну
қажет. Мысалы, шешім қабылдауды сүйемелдеу үшін компьютерлік ақпараттық
жүйе мүмкіндіктерін анықтау барысында келесі қадамдарды ескеру керек.
1) Шешілетін басқару есептерінің құрылымдылығы;
2) Шешім қабылданатын фирма басқарылуының иерархия деңгейінің болуы;
3) Бизнестің кез-келген функциялық саласына жататын есептердің шешілуі;
4) Қолданылатын ақпараттық технологияның түрі.
Автоматтандырылған жұмыс орындарының сенімділігі
Ақпараттық жүйелердің спецификалық күшіне байланысты, олардың
құрамындағы ең бір қажетті қасиеттерінің бірі оның сенімділік қасиеті болып
табылады. Сенімділік функциясы – бұл жүйе қасиеті. Ақпараттың қателіксіз
құрылуына жауап береді. Ақпараттық жүйелердің сенімділік функциясы шығатын
нәтижеден көрінеді, себебі ол жай қасиеті ғана емес, жеке тұрғыдан үлкен
мағынаға ие болып, ақпаратқа қойылған талапқа сай және нақты шығарылуын
қамтамасыз етеді.
Ақпарат сенімділігі бірнеше тұрғыдан қарастырылуы мүмкін. Сондықтан
анықтық үшін дұрыс және мақсатты түрде сенімділік көрсеткіштерін
пайдаланамыз.
Ақпарат сенімділігін қамтамасыз ету – бірден-бір жолы оны бақылау болып
табылады. Бақылау – қажетті нәтижеге жету үшін объектіге қойылған
талаптарды орындау процетеріне бақылау жүргізу. Біздің жағдайымызда бақылау
объектісі – ақпарат сенімділігі.
2.2 Автоматтандырылған жұмыс орындарының жіктелуі
Ақпараттық жүйеде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни
осы жүйеге қатысы бар мәліметтерден қандай да бір оқиғалар туралы белгілер
арқылы жүзеге асады. Әрбір ақпараттық жүйені ақпараттық обьектілердің
бірігуін қамтитын қандайда бір ақпарттық кеңістікті бейнелейтін пәндік
саланы иемденеді. Ақпараттық жүйелерді келесі топтарға бөлеміз:
1) Ақпараттық-анықтамалық жүйелер. Олар ақпаратты жинап оны
пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталатын жүйелер.
Мысалы, автобекет әуежай жұмысын сипаттайтын автоматтандырылған жүйелер;
2) Ақпаратты-іздеу. Бұл қажетті ақпараттарды алу үшін желі арқылы
ізденіс жүйесі. Мысалы: интернет жүйесі;
3) Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер. Олар обьектінің күйі мен жұмыс
тәртібі туралы ақпаратты беріп нақты жағдай үшін қажетті пікірлерді
ұсынады. Мысалы: эксперттік, интеллектуалдылық жүйелер;
4) Ақпараттық-басқару жүйелер. Мекеменің дамуын жоспарлау және жүзеге
асыру жұмыстарын жеделдетіп тиімдеу жүйелері. Мысалы: дайын өнімдерін
есептеп талдау, сату жұмыстарын автоматтандыру;
5) Ақпаратты есептеуіш жүйелер. Мекемелерді, кәсіпорындарды дамытудың
бірден-бірі қаржылық есептеуіш жүйелері. Ол жүйенің жұмысын жүзеге асыруға
алдына қойған мақсаттарға жетуге жеңілдік жасайды. Мысалы, 1С бухгалтерлік
есептеу жүйесін алуға болады.
Ақпараттық жүйе құрылымын бағыныңқы жүйелер деп атайды. Бағыныңқы жүйе
- бұл қандай да бір белгімен ерекшеленген жүйенің бір бөлігі. Бағыныңқы
ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолданылу сферасынан тәуелсіз бағыныңқы
жүйелер жиыны ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификациялау
құрылымдық белгісі ретінде сипаттаймыз. Осылайша кез-келген ақпараттық
жүйенің құрылымын қамтамасыз етуші бағыныңқы жүйелер жиыны ретінде ұсынуға
болады.
Ақпараттық қамтамасыз ету сипаттамасы
Ақпараттық қамтамасыз ету бағыныңқы жүйенің белгіленуі басқару
шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастыру және сенімді ақпаратты
беруден тұрады. Ақпаратты қамтамасыз ету бұл классификацияның және
ақпараттық кодтаудың біртұтас жүйелерінің, құжаттамалаудың унифицирленген
жүйесі, ақпараттық ағымдар суреті, сонымен қатар мәліметтер қорын тұрғызу
метадологиясы жиындары. Құжаттамалаудың унифицирленген жүйелері
мемлекеттік, республикалық, салалық және аймақтық деңгейлерде құрылады. Ең
бастапқы мақсатты қоғамдық өндірістің кез-келген сферасындағы
көрсеткіштерді қамтамасыз ету.
Басқару деңгейі бойынша ақпараттар қозғалысының өзара байланысын
толығырақ қарауға болады. Сондықтан басқару шешімдерін қабылдау үшін қандай
көрсеткіштер қажет, қандай көрсеткіштер қажет емес екендігін анықтау керек.
Әрбір орындаушыға тек қолданылатын ақпараттар туралы ақпарат түсуі қажет.
Мәліметтер қорын тұрғызу методологиясы оның жобалауының теориялық
негіздеріне бағытталады. Методология концепциясын тәжірибеде жүзеге асатын
оның негізгі идеялары 2 кезеңмен түсіндіріледі.
1 кезең. Келесі мақсаттар бойынша фирманың барлық функционалдық
бөлімдерін зерттеу.
- оның қызметінің спецификациясының құрылымын түсіну;
- ақпараттар ағындар сызбасын тұрғызу;
- құжат алмасудың жүйесін талдау;
- ақпараттық объектерді және оның қасиеттері мен белгіленуін
сипаттайтын сәйкес реквизиттер (параметрлер, сипаттамалар құрамын анықтау).
2 кезең. Қызмет сферасының 1-ші кезеңдерде зерттелу үшін мәліметтерін
концептуалды ақпараттық логикалық модельін тұрғызу.
Бұл модельде объекттер мен олардың реквизиттері арасындағы барлық
байланыстар оптимизацияланған және орнатылған болуы тиіс. Ақпараттық
логикалық модель мәліметтер қоры құрылатын фундамент болып табылады.
Ақпараттық қамтамасыз етуді құру үшін:
1) ұйымды басқарудың барлық жүйелерінің мақсатын, міндетін функцияларын
нақты түсіну;
2) ақпараттың пайда болуынан оның ақпараттық ағындар сызбасы түрінде
талдау үшін ұсынылатын басқарудың әртүрлі деңгейлерінде қолданылуына
дейінгі қозғалысын анықтау;
3) құжат алмасу жүйесінің жетілуі;
4) классификациялармен кодтау жүйесін қолдану;
5) ақпараттың өзара байланысын бейнелейтін концептуалды ақпараттық
логикалық моделін құру методологиясын меңгеру;
6) қазіргі заманғы техникалық қамтамасыз етуді қажет ететін машиналық
тасымалдаушыларды ақпараттар массасын құру қажет.
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйе жұмысы үшін арналған,
сонымен қатар осы құралдар мен технологиялық үрдістерге сәйкес келетін
құжаттамалардың техникалық құралдар кешені.
Техникалық құралдар кешені келесілерден тұрады:
1) кез-келген модельді компьютер;
2) ақпараттарды жинау, жинақтау, өңдеу, беру және шығару
құрылғылары;
3) деректерді беру құрылғылары және байланыс линиялары;
4) ақпараттарды автоматты алынып-салыну құрылғысы,
5) эксплуатациялық материалдар және т.б.
Қазіргі кезде техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың екі негізгі
формалары бар (техникалық құралдарды қолдану формалары): орталықтандырылған
және бөлшекті немесе толығымен орталықтандырылған.
Орталықтандырылған техникалық қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйеде үлкен
ЭЕМ және есептеу орталықтарын қолдануға бағытталған.
Математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету-ақпараттық жүйенің
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін арналған сонымен қатар
техникалық құралдар кешенінің қалыпты функционалдануына арналған
математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиыны.
Математикалық қамтамасыз ету құралдарына жататындар:
- басқару үрдістерін модельдеу құралдары;
- басқарудың типтік міндеттері (есептері);
- математикалық бағдарламалау, математикалық статистика, массалық
қызмет көрсету теориялары және т.б әдістері.
Бағдарламалық қамтамасыз ету құрамына жалпы жүйелік және арнайы
бағдарламалық өнімдер, сонымен қатар, техникалық құжаттамалар енеді.
Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге қолданушыларға бағытталған
және ақпараттарды өңдеудің типтік есептерін шешу үшін арналған
бағдарламалық кешендері жатады. Олар компьютердің функцоиналдық
мүмкіндіктерін, деректерді өңдеу үрдістерін бақылаумен басқаруды кеңейтуге
бағытталған.
Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйені құру
барысында әзірленген бағдарламалар жиыны ұсынады. Оның құрамына нақты
объектінің функционалдануын бейнелейтін адекваттылық әртүрлі деңгейлерінде
әзірленген модельдерді жүзеге асыратын қолданбалы бағдарламалар пакеті
енеді.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету- жұмысшылардың техникалық құралдары
арасындағы өзара әрекеттестігін регламентирлейтін және ақпараттық жүйенің
эксплуатацияланумен әзірлену үрдіс арасындағы әдістер мен құралдар жиыны.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі функцияларды жүзеге асырады:
- Ақпараттық жүйе қолданылатын және автоматизацияланған есептерде
анықталатын басқаруды ұйымдастыру жүйесін талдау;
- Ақпараттық жүйе жобалауды және оның тиімділігінің техника-
экономиканың негіздемесінде қолданылатын компьютерде шешілетін есептерді
дайындау;
- Басқару жүйесінің тиімділігін жоғарыға бағытталған есептерді шешудің
методологиясының ұйымдастыруының құрылымымен құрамы бойынша басқару
шешімдерін әзірлеу.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәліметтер қорын тұрғызудағы 1-кезеңде
жоба алдындағы зерттеу нәтижесі бойынша құрылады.
Ақпараттық жүйені әзірлеу кезеңдерінің құқықтық қамтамасыз етуі
әзірлеуші мен тапсырыс берушініңарасындағы келісім шарт қатынасымен
байланысты нормативті актілермен айқындалады.
2.3 Автоматтандырылған жұмыс орындары классификациясы
АЖО-лар индивидуалды, топталған ұжымды болулары ықтимал. ЭЕМ-дерді
функцияландыру мақсатында ұжымды АЖО-ларды қолданылуы керек. Мамандарға
(ұжымға) жүйедегі басқару функцияларын анықтап және мекеме АЖО-лар жұмысы
талабын күшейту керек. АЖО жүйесі Машиналық-адам бола тұрып, ашықты
және иілгішті болуы тиіс, тұрақты және әрқашан дамуға дайын болуы керек.
Мұндай жүйеде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:
• Ақпаратты өңдейтін машиналық құралдарға мамандардың
максималды түрде жақындауы.
• Диалогты режимде жұмыс істеу.
• Эргономиканың талабы бойынша АЖО-ны жабдықтау.
• Компьютердің жоғарғы өнімділігі.
• Ескі процесстерді максималды түрде автоматизациялау ;
жүйенің ары қарай дамуы үшін және мамандардың жұмысқа деген
ынтасын арттыратын , олардың еңбек шартына деген моральді
түрде қанағаты.
• Мамандардың өзін-өзі үйреті мүмкіндігі.
АЖО-да шығарылатын есептерді ақпараттық және есептеуіш деп бөлуге
болады.
Ақпараттық есептерге кодтау, классификация, жиын, құрылымдық ұйым,
қатесін тексеру, сақтау, ақпаратты іздеу және беру.
Кейбір кездерде ақпараттық есептер қиын емес есептеуіштерді,
арифметикалықтың логикалық процедурасын және текстті мінезділерді, қарым-
қатынастарды (байланыстар) қосады. Ақпараттық есептер мамандар жұмыс
уақытының үлкен бөлігін алады және еңбегі көп болады.
Есептеуіш есептер формаланған және толық формаланбаған болады.
Формаланған есептер формальді алгоритмдер базасында шығарылады және 2-топқа
бөлінеді:
1) Тікелей санақ есебі.
2) Математикалық модельдердің негізіндегі есептер.
Тікелей санақ есептері қарапайым алгоритмдердің көмегімен шығарылады.
Ал қиынырақ есептерге әртүрлі математикалық модельдерді қолдану талап
етіледі.
Соңғы кездерде сематикалық деп аталатын толық формаланбаған есептерді
шығарудағы құралдарды жасап шығаруға көп көңіл аударылып жатыр. Мұндай
есептер экономикалық обеэктілерді басқару барысында, әсіресе ақпараттық
толық емес шартында шешім қабылдауда жиі пайда болады. АЖО құрылымы ол
оның элементтері мен жүйе астылардың жиынтығы болып табылады. Қамтамасыз
ететін жүйелерге мыналарды жатқызамыз: техникалық, ақпараттық, программалық
және ұйымдық. Бұлардан басқа бір қатар жүйе астылар бар.
Техникалық қамтамасыз ету техникалық құралдардың комплексін құрайды,
оның негізі болып кәсіптік персоналды компьютер қызмет атқарады, ол
маманның жұмысын программистер мен операторларсыз ескеріп тұрады. Ал
топталған АЖО-ларда (8) мұндай компьютермен 4-6 адам қолдана алады.
Кәсіптік персоналды компьютердің құрамына процессор, дисплей, клавиатура,
ақпаратты магнитті жинаушылар, баспаға шақыру құрылғылары және графты
соғушылар.
Техникалық құралдардың комплексіне коммуникацәия құралдары, ол желіде
әртүрлі АЖО-лар байланысына керек және телефондық байланыс құралдары
кіреді.
Ақпараттық қамтамасыз ету бұл ақпараттың массивтері болып табылады,
олар локальді мәліметтер қорында сақталады. Ақпарат көбінесе магниттік
дискте сақталып ұйымдастырылады, оны басқару мәліметтер қорын басқару
программалық жүйелері көмегіме,н жүзеге асады, ол және де ақпаратты
енгізу, іздеу санау, қатесін түзету және ақпараттық есептерді шығаруды
қамтамасыз етеді. АЖО-ларда бірнеше мәліметтер қоры болуы мүмкін [2].
Ұйымдастыру құралдары мен функцияландыруды ұйымдастыру әдістеріне, АЖО-
ның дамуы мен жетілдірілуі және де кадрлар квалификациясын жоғарылату мен
дайындау кіреді.
Топтық және ұйымдық АЖО-лар жүйе асты ұйымдасқан қамтамасыз етулерге
АЖО-ны басқару функциялары кіреді: проектілеу, жоспарлау, санақ, байқау,
анализ, басқару, инфражүйелермен ұйымдық байланыс және т.б.
Ұйымдық қамтамасыз ету АЖО қолданушыларының міндеттерін және құқықтарын
құжатты түрде тіркелуін және анықталуын қарастырады.
Программалық қамтамасыз ету жүйелік программалық қамтамасыө етуден және
қолданбалыдан тұрады. Жүйелік қамтамасыз етудің негізі болып оперативті
жүйе және программалау жүйесі болып табылады, мысалыға, Бейсик алгоритмдік
тіл. Жүйелік программалар ақпаратты өңдеудің рационалды технологиясын
қамтамасыз етеді. Оларды қызмет көрсетуші программалар деп атайды , бірақ
АЖО олар керек болса қолданады және де олар оперативті жүйенің мүмкіндігін
ұлғайтады. АЖО желілерінде және АЖО-ның әртүрлі арналардағы байланысын
ақпараттық қамтамасыз ету байланысында программалық құралдар қолданылады.
Оларды жүйелік программалауға жатқызуға болады.
Қолданбалы программалық қамтамасыз ету қолданушылар программасын және
түрлі белгідегі қолданбалы программалар пакеттерін құрайды. Қолданушылардың
стандартты программалары алгоритмдік тілдегі (көбінесе Бейсик) берілген
есептердің программалық шешімін құрайды.
Қолданбалы программалар пакеттері (ҚПП) модульдік принцип бойынша
дайындалған және белгілі бір есепті шығаруға бағытталған. ҚПП программалық
қамтамасыз етудің проблеммалық түрінің ең бастысы болып табылады. Олар
алгоритмдерді қалыптастырады, берілген есеп түрінің шартын өзгертеді,
шешім барысын қадағалайды, алгоритмдердің қатесін тексереді және т.б. ҚПП
жұмыс барысында АЖО-да диалогты режимде іске асады [12].
ҚПП мысалдары: санақ жүргізу операцияларын орындайтын түрлі құжаттарды
қалыптастыру үшін ҚПП, есептерді оптимизациялау жоспарлары үшін ҚПП,
балансты есептер ҚПП-сы.
ҚПП –да автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін құруда көп көңіл
аударылады, олар түрлі бағытта болулары мүмкін: анықтамалық, таблицаны
өңдейтін, ақпараттар массивін жүргізетін, мәліметтер қорын құру мен
жүргізу, құжаттық. Графикалық ақпаратпен жұмыс атқаратын пакеттер анализ
нәтижесін анықтайды және қасиетті объектілерге процестермен компактты
түрдегі күйлерін көрсетеді.
Локальді есептегіш желілер
Қазігі таңда әлемде 150 милионнан астам компьютерлер бар, олардың 80%
-тен астамы офитердегі кіші локальды желімдерден бастап Internet типіндегі
ғаламдық желілерге дейінгі аралықтағы түрлі ақпараттық есептегіш желілерге
біріктірілген.
“Әлеуметтік көмек көрсету орталығы” автоматтандырылған жұмыс орны жеке
компьютерлердің желілік қосылыстарын (белсенді қолданатын) локальді
есептегіш желілерге программа болып табылады. Тек осы жағдайда ғана
пайдаланушының кез-келген жұмыс орнынан ақпаратты серверге және кері
хабарлау мүмкін болады. Мәліметтерді желі бойынша хабарлау мүмкін болады.
Мәліметтерді желі бойынша хабарлау жылдамдығы міндетті түрде бүкіл
жұмысының жалпы жылдамдығына әсер етеді. кезегінде, ақпараттың серверден
пайдаланушының локальді есептегіш желіні құрайтын программалық ақпараттық
құралдар кешенімен анықталады.
Қазіргі күнде шашыраңқы компьютерлерді бүтін бірлікке (яғни желіге)
байланыстырудың түрлі әдістері бар. Аппараттық құралдар (және оларды
басқару үшін программалық) спектіге тіптен кең. Кейде бұл желі типі мен
оның программалық жабдықталуын таңдауда қиындылықтарға алып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz