Алматы қаласы студенттері мен жастары үшін акпараттық Web-порталын құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
«Т. Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті» АҚ
№ __ хаттама «» 2015 ж.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Алматы қаласы студенттері мен жастары үшін акпараттық Web-порталын құру»
Мамандығы: 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер»
Орындаған:
4 курс студенті Е. Сағадин
Ғылыми жетекшісі :
ф. -м. ғ. к., доцент Л. М. Тукенова
Алматы, 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр". Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін зор артықшылықты түсініп отыр. Ақпараттық қоғамға қозғалыс - бұл адамзат өркениетінің болашағына жол болатындығы ешкімді де күмән туғызбайды.
Ерекшелігі құрылған web - сайтта ақпарат толығымен қазақ тілінде беріледі және клиент қонақ үйге орналасу үшін алыста отырып Интернет желісі арқылы қонақ үй туралы толық мәліметтерді алып, үйінде отырып-ақ брондау қызметін пайдалана алады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Алматы қаласы студенттері мен жастары үшін акпараттық Web-порталын құру қазақ тілінде web - сайт құру, құрылған сайттың ыңғайлы, тез жүктелетін және flash технологиясының қасиеттерін қолдана отырып, аудио-видео элементтерінің көмегімен тұтынушының назарын аудару болып табылады. Бұл бағытта сайт дизайнын құрған кезде көптеген жұмыстар атқарылды. Сұраныстар критериіне тұтынушы жылдам жауап алу үшін мәліметтер қоры оңтайландыру әдісінен өтті.
Зерттеу нысаны Алматы қаласы студенттері мен жастары үшін акпараттық Web-порталын құру толығымен талданылды, қажетті ақпараттар оңтайландырылды, әр түрлі ақпараттар жинақталынды.
Зерттеу пәні - ақпараттық жүйелер негізі және web-технологиялар.
Зерттеудің теориялық негізін отандық және шетелдік авторлардың қарастырған еңбектері, ғылыми-практикалық конференция материалдары, кезеңдік басылымдардағы мақалалар, сонымен қатар жаhандандырылған Интернет компьютерлік жүйесінен алынған мәліметтер құрайды. WEB-бет интерфейсі стандартқа байланысты құрылған.
Зерттеудің өзектілігі: Алматы қаласы студенттері мен жастары үшін акпараттық Web-порталын құру атты дипломдық жұмыста сайт құрудың жан-жақты әдіс тәсілдері зерттеледі. Адам және тұтастай қоғамның интелектуальды мүмкіндіктерін күшейтуші рөлін атқаратын, кез-келген мәліметті өңдейтін әмбебап техникалық құрал болып табылатын компьютердің пайда болуы мен дамуы қоғамның ақпараттандыру процесінің ажырамас бөлігіне айналуда. Осындай компьютердің билік ету дәуірінде көп мәселе осы интернет арқылы шешілгендіктен, нарықтық экономиканың талабына сай қажетті ақпаратты жылдам алу үшін жарнамалық-ақпараттық портал құру маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Зерттеудің болжамы: Алматы қаласы студенттері мен жастары үшін акпараттық Web-порталын құру болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Adobe Flash интегралдық ортасындағы autowever, dremwever қосымшаларын web бет дизайнында қолдану.
Дипломдық жұмыс құрамы: кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыс құрамында 14 сурет бар.
- ИНТЕРНЕТ-БИЗНЕСІНЕ WEB БЕТ ҚҰРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қазіргі уақыттағы интернет сайтын жасаудағы өзекті мәселелері
Веб - сайт түсінігі - (ағыл. Website, web - өрмекшінің торы және site - орын) - бір немесе жинақталған веб - парақтары интернетте HTTP/HTTPS хаттамалары арқылы мүмкіншілік алады. Сайттың парақтары жалпы түпкі мекен - жайларды, сонымен қатар қарапайым тақырыпты, логикалық құрлымды, рәсімдеуді және авторлауды бірктіреді, жинақталған барлық жалпы мүмкіндік алған сайттар жалпы әлемдік торды құрайды. Сайттың мағынасы - кез келген өзгелерге желі арқылы 1 - 2 гб мәліметті бере алуы үшін және өзі телеканал болуы үшін, жалпы жергілікті желі арқылы мемлекет тұрғындарын біртұтас күшке біріктіру. Сайттың мағынасы ертеректегі түсінікте физикалық желі түйіні - хостпен сервермен шатасырлған, бірақ интернеттің өсуімен, серверлер технологиясының жақсаруымен бір компьютерде көптеген сайттармен домендерді орналастыруға болатын болды.
Веб - сайт функциялары
- жарнамалау фирманың өзіндік бейнесін жасап және оны қолдап, жарнамалық акциялар өткізіледі;
- xабарландыру жалпы фирма тралы жан - жақты мәліметтер беріп, оның қызмет көрсету бағасы мен әріптестерге жеткізу қызметі жалпыға бірдей хабарланады;
- cату каталогда бағалармен көрсетілген тауарларға тапсырыс беруді құжаттаумен ақша төлеудің мүмкіндіктерін береді. Зерттеу - клиенттердің тауарлар жәйлі сұрақтарына қатысты ақпараттарды жинайды;
- құрлымдау фирманың құрлымын кемелдендіріп, әріптестердің фирманы дерекқорларына қатынас орнатуына анағұрлым көп мүмкіндік береді;
Веб - сайттың түрлері. Визиткалы сайт - қарапайым сайт болып табылады. Ол html құралдарынсыз қолданушылармен интерактивті байланысты береді. Сайт фирманың дизайнына бүкілдей сәйкеседі.
Фирма сайтты - тек потенциальды клиентерге жарнамалық ақпараттарды беру үшін қолданады. Сайттың негізгі беттері: Негізгі бет - Сіздің фирма туралы қысқа да нұсқа ақпараттардан тұрады. Компания туралы - фирманың жетістіктерімен, клиентермен жұмысы және мұның сізге берер пайдасын көрсетеді. Өнім - Электр тауарларымен берілген тауарлар туралы қысқаша ақпараттардан тұрады. Контакты - Әдетте негізгі контакты ақпарат әрбір бетте қайталанады, ол сіздің компания туралы толық ақпараттан тұрады.
Жарнамалық сайттар - бұл түрдегі сайт тауарлармен қызмет етуді көрсету үшін қолданылады. Ол жайнаған дизайнға толы болады. Бұл түрдегі сайт қосымша беттерден құрам табады: Тауарлар каталогі - ол визиткалы сайт тауарларға қатысты жан - жақты ақпараттар берумен ерекшеленеді, әрі көрсетілген қасиеті бойынша іздеу функциясы бар.
Қайдан, қалай сатып аласыз - сату нүктелері, қойма, офис меңгерушілер туралы ақпараттар бар. Бағалар - жалпы тауарладың бағалар тізімін береді.
Қолдау - компаниямен байланыс орнатудың мүмкіндіктері көрсетіледі.
Ақпараттық сайттар - қажетті ақпараттарды жинаумен ерекшеленеді.
Жаңалықтар - назар аударуға тұрарлық жаңалықтармен мәліметтер береді.
Тақырыптар каталогы - сайттағы мақалалармен материялдардың негізгі тақырыбымен беріледі, қолданушы кілттік сөздерімен іздеуді орындайды.
Сілтеме және форум - таныс қолданушыларға арналған ақпараттардан құрам табады.
Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы - URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www. атауы. үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіріу үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы - http://www. akorda. kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы - http://www. government. kz. ) . Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (. kz - Қазақстан, . ru - Ресей, . ua - Украина, . uk - Ұлыбритания, . fr - Франция және т. б. ) немесе қызмет саласын (. com - коммерциялық ұйымдар, . org - коммерциялық емес ұйымдар үшін, . edu-білім беру қор көздеріне арналған, т. с. с. ) білдіреді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы интернет сайттар белгілі бір сала бойынша дамып жатыр. Кең ауқымды саланы қамтыған сайттар өте көп. Ол сайттардың ортақ қасиеттеріне тоқтала кетсек:
- барлығы MySQL, PHP, HTML және JavaScript қолданған;
- дизайндық безендіру жағынан барлығыда қарапайым және CSS стилін қолданған. Бұл сайттың қолданушы броузерінде тез жүктелуді қамтамасыз етеді;
- бәріде Single Sing On технологиясы бойынша жұмыс жасайды.
Бүгінгі күнде, интернет желісінде өзінің қызмет сферасында, саудалық немесе саудалық емес қызметтермен шұғылданатынын ұсынғанда кез - келген компанияға сайт жасау керек. Интернет күніне 24 сағат жұмыс істейді, осы уақыт ағымында сіздің бизнесіңізбен өзіңіздің тікелей қатысуыңызсыз мыңдаған потенциалды клиенттер танысуы мүмкін. Сайт - бұл сіздің интернеттегі өкілдік түріңіз, сізге клиенттердің және серіктестердің базасын кеңейтуге, online да сатуды басқаруға, сіздің компанияңыздың танымалдығын жоғарылауға мүмкіндік береді.
Электр тауарларының web сайты, оның қызметінің негізгі бағыты - электр тауар cізге таңдаулы қызметтерді, ұсыныстарды және кеңестерді пайдалану мүмкіндігін береді.
Интернет (бас әрiппен жазылса) - кез келген компьютердi жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүние жүзiлiк Желi. Оны дүниедегi ең үлкен ауқымды (глобальный) желi деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бiр - бiрiмен ТСР/IР хаттама (протокол) ережелерiмен мәлiмет алмасады, оларды бiр нұсқада, яғни бiр тiлде «сөйлейдi деп айтса да болады. Дүние жүзiлiк Халықаралық телефон желiсi сияқты оны ешкiм басқармайды, ол ешкiмнiң жеке меншiгi емес. Мiне, осы Интернет желiсi көмегiмен электрондық почта арқылы хабар алып (берiп), басқа компьютерлердегi ақпаратты көрiп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк бар. TCP/IP - Интернет желiсiне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететiн мәлiметтердi бiр жүйеге келтiру ережелерi немесе оларды құрастыру хаттамасы. IP (Интернет Protocol) - мәлiметтердi оны алушының адресi көрсетiлген шағын тақырыптары бар бiрнеше бөлiктерге немесе дестелерге бөлетiн желi аралық хаттама. TCP (Transmisson Control Protocol) - мәлiметтi жөнелту iсiн баскаратын хаттама, ол желiдегi ақпарат дестелерiн дұрыс жеткiзу үшiн жауапты болып саналады. Интернет жүйесiн пайдалана отырып, үйден шықпай ақ, көптеген елдердi, қалаларды аралап музейлердi, кiтапханаларды көрiп, дүниежүзiлiк мәдени және ғылыми жетiстiктермен танысып, оларға өркениеттi елдiң азаматы ретiнде өз үлесiңiздi қосып, өзiңiздi дүниенiң бiр кiшкене бөлiгi ретiнде сезiну мүмкiндiгiне ие боласыз. Интернет (кiшi әрiппен жазылса) - TCP/IP хаттамалары негiзiнде желi аралық байланысу технологиясы.
Интернет желiсiнiң құрылымы - Әрбiр тұтынушы компьютерi кәдiмгi телефон арналарымен түйiндi машиналармен байланысады. Ал түйiндi немесе негiзгi машиналар бiр - бiрiмен қуатты оптикалық талшықты немесе спутниктi арналармен жалғасады. Түйiндi машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшiн қажет, олар: тәулiк бойынша үзiлiссiз жұмыс iстеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлiмет жинақтауыш компьютермен жылдам iстейтiн оптикалық түрдегi байланыстыру iсiн қамтамасыз етедi. Ақпаратты сервер - дегенiмiз қалың көпшiлiкке арналған, әрбiр тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлерi жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаналықтар, мерзiмдi баспасөз (газет - журналдар), жарнамалар, т. с. с. мәлiметтер сақталады. Желiге қосылған әрбiр компютерге қайталанбайтын айрықша өзiндiк адрес (IP - адрес) берiледi, адрес компьютердiң типiмен (IBM, Macintoch), операциялық жүйенiң түрiмен (Windows xp, Windows vista, Windows 7) байланыста болмайды, демек жiберiлген ақпарат тура адрес көрсетiлген компьютерге келiп түседi. Түйiндi машина мәлiметтердi тасымалдау кезiнде хабарды жiберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиiмдi түрде пайдаланады. Бұл мүмкiндiк Интернеттi қазiргi кездегi ең жылдам, әрi арзан, әрi сенiмдi байланыс жабдығына айналдырды деуге болады. Ал ендi түйiндi машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адрестi кiм тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етiледi, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрiн iстейтiн арнайы қоғам - Интернет провайдерi деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет Провайдерi болып қызмет атқаратын Интернет трейнинг орталығы Nursat, S&G Communications, Parasang, қазақтелеком, Астел Арна Спринт т. с. с. мекемелер жұмыс iстейдi.
Интернет - те қызмет көрсету провайдерi - ISP (Интернет Service Provider), Интернет - пен қарапайым тұтынушылардың тiкелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
World Wide Web құрылымы - WWW дүнежүзiлiк тармақталған желiсi - бұл Интернет - тiң ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсiп жатқан қызмет түрi. World Wide Web - Интернет - тегi барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәлiметтердi пайдалану жолында оларды оқып көру үшiн Micrasoft Интернет Explorer, Netscape Navigator cияқты програмалық жабдықтар қолданылады. Олар Интернет - тен керектi құжаттарды iздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкiндiк бередi. «Гипермәтiн (байланысқан мәтiндер) мүмкiндiгi Web мәлiметтернiң бiрiнен бiрiне көшудi жеңiлдетедi. Файлардың «HTML - ің (hipertext markup language) форматын iске қосатын гипермәтiн мүмкiндiгi Web парақтарының бiр бетiнен екiншi бетiне «сiлтеуң бойынша көшудi жеңiл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейне жазбалар, дыбыстар, үшөлшемдi (кеңiстiктегi) нақты бейнелер т. с. с. орналасады. Осындай сiлтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web - тiң негiзгi құралымын құрайды. Web жүйесiне қосылғаннан кейiн әрбiр адам WWW желiсiндегi кез келген мәлiметтi басқалармен бiрдей пайдалану құқығына ие болады, бұдан соң басқа компьютермен байланасу үшiн немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшiн ақы төлеудiң қажетi жоқ.
World Wide Web (WWW немесе Web) Интернет мәлiметтерiн жеңiл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкiндiгiн бередi. Ондағы мәлiметтер мен олардың бiр - бiрiмен байланысын ақпараттық «өрмек деп айтса да болады. Web - тiң әр бетiнiң басқа парақтармен байланысын көрсететiн сiлтеме белгiлерi бар, оны бiр - бiрiмен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кiтапхана деуге болады. Бiр тораптық компьютерде орналасқан мәлiметтер Web кiтабы секiлдi, ал оның беттерi кiтап парақтарын көзге елестетедi. Бұл беттердегi мәлiметтер дүниенiң кез келген бұрышында орналаса бередi. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлiк компьютерлердегi ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы - қымбат, жақындағы - арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәлiметтiң көлемiне немесе сiздiң байланысып отырған уақытыныздың ұзақтығына байланысты. Web мәлiметтерiн қарау адресi көрсетiлген белгiлi бiр тораптық (түйiндi) компьютерден басталады. Түйiндi компьютердегi мәлiметтiң бiрiншi бетi кiтаптың сырты немесе мазмұны тәрiздi, әрбiр беттiң URL (Universal Resource Locator) форматында берiлген қайталанбайтын өзiндiк адресi болады. Ол беттердегi мәлiметтi оқу «көру жабдықтарың деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.
URL - адрестерi - Бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресiн жазудың арнайы формасы. Ол - желiнiң қай серверiнде орналасса да, керектi мәлiметтi айнытпай қатесiз табуды қамтамасыз ететiн сөз тiркесi URL адрестерiнiң жазылуынан мысал келтiрейiк.
http:// www. soccer. ru/dinamo/rus/index. html
мұндағы:
a) http протокол, яғни хаттама;
ә) www. soccer. ru - адрестiң домендiк бөлiгi, оның iшiнде:
б) www - компьютердiң (сервердiң) аты;
в) soccer. ru - доменнiң аты;
г) dinamo/rus - сервердегi каталог аты;
д) index. html - Web - парақтары файлының аты;
Домен - бiр компьютермен басқарылатын немесе бiр желiлiк жұмыс машинасының (желi торабының) басшылық етуiмен iстейтiн информациялық желi қорлары (ресурстары) тобы.
1. 2 Интернеттің жұмыс істеу негіздері
Протокол TCP/IP (Transmission Control Protocol /Internet Protocol) - қазіргі кезде компьютерлік желілерде ақпарат алмасуда қолданылатын протоколдардың бірі. Шын мәнінде бұл протоколдың өзі бірнеше протоколдан тұрады. Протоколдың аты екі бөлімнен тұрады:
- TCP-протоколы жіберуші жақта хабарларды пакеттер легіне түрлендіреді және қабылдаушы жақта пакеттерді қайта хабарларға жинайды.
- IP - протоколы пакеттердің бағытталуын басқарады, желілер арасында оларды әр түрлі бағытқа бағыттайды және әртүрлі желілердің бірігуіне ықпал жасайды. Сіз өз желіңізді басқа бір желімен байланытыра алуыңыз желілер артықшылығы болып табылады. Сіз ірі желілер желісін алғанға дейін байланыстыра аласыз. Әдетте басқа желіге телефон желісі арқылы қосылуға немесе кабель арқылы жұмыс істейтін жоғары жылдамдықты қосылыс немесе арнайы телефон жолдары арқылы да қосыла аласыз. Интернет те желілердің желісін құрайды [6] .
Интернет - миллиондаған компьютерлерді желілердің өте үлкен желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және белгілі жел. Интернет сөзі халықаралық желі деген сөзді білдіреді (INTERnational NETwork) . Интернет -бүкіл әлемнің компьютерлер серверлерінің жиынтығы. Бұл желі ақпаратты сақтайтын серверлер және басқа компьютерлерден ақпарат алуға болатындықтан клиент -сервер болып табылады. Интернет миллиондаған тұтынушылар мен серверлерден тұрады, ал ақпарат көлемін бағалауға мүмкін емес.
Интернеттің жұмысына жауап беретін нақты адам жоқ. Интернетте президент жоқ. Сондай-ақ басты әкімшілік жоқ. Алайда өз қалауымен Интернет Қоғамдастығын құрайтындар бар (Internet Society, ISOC) . ISOC компьютерлер ақпарат алмаса алатындай ережелердің болуына кепілдік береді.
Интернет түрлі элементтердің жиынтығы болып табылады, ал Бүкіләлемдік тор - Интернеттің тек бір бөлігі ғана. Интернет сізге қажет ақпаратты желіге біріккен миллиондаған компьютерлерден алуға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар ұсынады. Бұл құралдар қарапайым немесе жеткілікті күрделі бола алады, соның ішінде:
Әдетте WWW (World Wide Web атауынан) - Web сервер арқылы миллиондаған электрондық құжаттардың бір-бірімен байланыстарының бірігуі. Web - кеңістігін құрайтын жекелеген құжаттар Web-беттер деп аталады. Тақырып бойынша біріктірілген Web -беттер тобы Web - түйіндер деп аталады (басқаша атауы - Web-сайт немесе жай ғана сайт ) . Web - беттерді көруге арналған программа браузерлер деп аталады. Электрондық пошта: немесе e-mail , Интернеттің барлық желілерінде қол жеткізімді. Ол адамдарға файлдарды бүкіләлем бойынша тез жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым мәтіндік белгілеу немесе ішіне графика мен басқа да мазмұнды алып жатуы мүмкін.
Файлдарды жіберу: файлдарды бір компьютерден екінші компьютерге көшіреді. Интернет арқылы файлдарды тасымалдау хаттамасы (File Transfer Protocol, FTP) сияқты мәліметтерді тасымалдайтын арнайы басқарушы қағидалар немесе хаттамалар бар: белгілі бір тақырып бойынша мақалалармен алмасатын, программалық өнімдерді қолдауды қамтамасыз ететін немесе сұрақтардың түрлі категорияларына жауаптар ұсынатын компьютерлер желісі.
Жаңалықтық топтар (newsgroups) : USENET-тегі желілік конференция, ол дискуссиялар мен жаңалықтар алмасуды жүргізу үшін ұйымдастырылған. Мәлімдемелерді оқу мен жіберу тұтынушы компьютерінде жүктеліп, жаңалықтар серверімен байланысатын программа арқылы жүзеге асады.
WEB порталдар HTML атты программалау тілі арқылы құрылады. ( Hyper Text Markup Language ) . WEB парақтарды сіздер арнайы программалау арқылы көре аласыздар. Оның аты WEB браузер деп аталады( Web browser) . . Ең кеңінен тараған веб-браузерлер: Internet Explorer (Microsoft. com), Netscape Navigator (Netscape. com), Opera (Opera. com), Mozilla (Mozilla. org), AOL (aol. com) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz