Психика туралы түсінік, оның даму эволюциясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі

Алматы 2013ж

Психика :

  • 1. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т. б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды; қоғамдық еңбек үдерісі мен тілдің дамуы арқасында пайда болуымен байланысты психиканың жоғары нысаны - адам санасы.
  • 2. Адамның рухани жетілушілігі, оның рухани сапасы, көңіл-күй иірімдерінің жиынтығы. [1]

Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И. М. Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның - сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

Психика -

  • 1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;
  • 2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.

Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика - биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивид ахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И. М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады

Адам психикасының физиологиялық негіздері

Адамның психикалық әрекеттердің, ақыл-ой санасының ағымдарын, өсіп, даму жолдарын білу үшін, олардың жүйке саласының, мидың құрылысын, оның әрекетін білу керек. Психика -ерекше ұйымдасқан материя -мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Психика айрықша ұйымдастырылған жоғарғы материяда болады. Ал, жоғарғы материя дегеніміз-ми, жүйке саласы. Жүйке саласы психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекетін, өсіп дамуын білмейінше, психиканың өсіп дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз. Жүйке саласы психикалық әрекеттердің негізі. Жүйке сала түрлі химиялық заттардан бездермен бірге, адамның жан қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адамның сыртқы дүниенің арасындағы қатынасты басқарады. Егер жүйке саласы болмаса, адамның барлық әрекеттері байланыспай, үлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді. Жүйке саласы болмаса, сыртқы дүниемен қатынасы дұрыс болмай оны тануға, өзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызға мүмкіндік болмас еді. Сондықтан, оның саласы, құрылысы, әрекеті өте күрделі. Жүйкені зерттеуде сан алуан әдістер пайдаланады. Соның кейбіреуілері мыналар:

1. салыстырмалы физилогия ғылымының фактілерін зерттеу.

2. эксперименттік жизология фактілерін зерттеу.

3. медициналық клиника фактілерін зерттеу.

4. құрсақтағы ұрықтың жүйке саласының өсіп дамуын зерттеу.

Осы әдістер арқылы адамның жүйке саласының өсіп, дамуы, мұның психикаға әсері бар екендігін шешуге болады. Яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар екені зерттеледі.

Айтып өткеніміздей, адам психикасы дамуының негізгі ерекшеліктерін биологиялық заттармен, жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория турғысынан алғанда қате болып табылады және практикада үлкен қиындықтарға әкеліп соқтырады, өйткені бұл жерде педагогқа көпе-көрнеу пассивті роль бөлінеді. Маркстік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму заңдары әлеуметтік жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру жағдайы мен тәрбиесінің күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа алады.

Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының, тұқым қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейро-физиологиялық ерекшеліктерінің, оның психикасының дамуындағы ролі қандай?

Адамның психикалық іс-әрекеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып, берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле түсуіне мүмкіндік береді.

Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен тежелу процестерінің арақатынасымен ерекшеліктері) ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттермен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды. Мәселен, адамның музыкалық қабілеттері мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі және синтезі функциялары арасындағы байланыс белгілі. Әдетте нышандар деп аталатын қарапайым, табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен қалыптасатын күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді.

Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі - жоғары нерв қызметінің типі деп жорамалданады. Ол нерв процестерінің күшін, қимылын және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда, дамудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір мағыналы болмай, өзі баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процестерінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдай-ларда тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, екінші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.

Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетіні функциялар психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есептеледі.

Ал адамның іс-әрекетінде ақылсыздық деп мидың, сананың іске араласпауын, дағдылы әдіспен естелікке сеніп, өзін соларға тапсыратынын айтамыз. Сондықтан ақылсыздық кезде де адам әдептіліктен шығып кетпейді. Нағыз санасыздықты біз жануардан ғана көреміз. Оларда қарым-қатынас та, әдептілік те, міндет-мақсат та, ар-ұят та жоқ. Адам ақылсыздық жағдайында да оншалықты құлдырап төмендемейді. Өйткені, адам психикасы (мінез, сезім), жаңағы айтқандай, санамен басқарылып, бағытталып отырады. Міне, бұл адам психикасы жануарлар психикасынан әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Австриялық психоаналитик З. Фрейд санасыз, ойсыз инстинкт, айталық, аналық, жыныстық инстинкт адамда да басым, ол санаға бағынбайды деп дәлелдемек болды. Оның ойынша, түрлі ұяттылық, әдептілік дегендер жасанды, тек қоғамда ғана қолданылатын тәртіп қана, ал адам өзінен-өзі оңаша қалғанда, оның бәрін жиып қойып, нағыз ұятсыздық, тағылық халге түседі дейді. Бұл, әрине, адамгершілікке ешбір сыймайтын, адамдық қасиеттері аяққа басып, оны хайуан тәрізді етіп көрсететін пиғыл. Біз З. Фрейдтің көптеген ойларын қабылдадық. Оның ойлары А. Шопенгауэр, Ф. Ницшеден жоғары екенін айттық. Қайталамақ болсақ, Шопенгауэр, Ницше санасыздықты (иррационализмді) мойындайды. Бәрін ырыққа бағындырды. Ал Зигмунд Фрейд ақылсыздықты (нерационализм) дәлелдей отырып, оның аржағында сана тұрғанын айтады. Интуицияның өзі де санасыздық емес. Бірақта адамда, жоғарыда айтылғандай, екі түрлі құбылыс бар дейді З. Фрейд. Бірі - «ол» (id) (аморальдық қасиет), екіншісі - «мен» (ego) (тәртіптілік) . Ego id ti қыспақта ұстайды, оған ерік бермейді дей келіп, З. Фрейд өзі «di» - ті қолдайтынын айтады. Мұны ол «Мәдениеттегі қанағаттанбаушылық» деген еңбегінде айтқан болатын. Сондықтан, З. Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан, оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды.

Р. Авенариустың пікірінше, сана мидың жемісі емес, ол - принциптік координация бойынша сырттан келген дайын құбылыс. Сондағы «мен» деген адам, оның саңасы, сезімі, ал «мен емес» дегені - объективтік дүние. Одан соң ол «мен»және «мен емес» арасында байланыс бар дейді. Осы байланыстың түп негізі, оның ойынша «мен», ал «мен емес» «менсіз» өмір сүре алмайды. Бұл, әрине, субъективті идеалистік пікір. Ал мәселенің шынына келсек, керісінше «ен» «мен емеске» бағынышты. Сол сияқты «мендегі» барлық сана, сезім объективті дүниенің бейнесі, соның жаңғырығы, рухани сәулелі екенін жоғарыда талдап көрсеттік.

Адам бойындағы барлық күшін объективті дүниеден алады. Соны сезіну, тану, білу арқылы ұғады, білімін арттырады, ойын толықтырады. Бірақ құдыретті сананың сан қилы саяси, философиялық, ғылыми, көркем әдебиеттің, діни қорытындылардың негізі - түрткісі, қайнар көзі сол объективті дүние, қоғамдық болмыс, өмірдегі түрлі іс-әрекет, шешілмеген, шиеленіскен мәселелер. Ал оларды бейнелеп, талдау керек. Ондай мәселелерсіз ой да шарықтамайды, дүние де толақ түсінілмейді, оны зерттеу де мүмкін емес. Ғылыми жаңалықтар, данышпандық тұжырымдар, ғажайып шығармалар, жан-дүниеңді қозғайтын ән, тәтті күйлер - осылардың бәрі мидың жұмыс нәтижесі. Бірақ осындай өмір талабына қайтару үшін көп білу, өмірді терең ұғыну, талдау, қорыту, жаңа талғамдар жасау қажет.

Сонымен, сана дегеніміз - объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ ол жай бейне емес, шығармашылық бейне.

Жануарлар психикасының түрлері

Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар пайда болды. Жер бетінде тіршіліктіқ пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы. Материя ерекше қасиеттерге ие болды.

Бұл қасиеттердің бірі - тітіркенушілік, яғни сыртқы тітіркенуден ағзаның әсер алуы. Мәселен, Мимоза өсімдігін алатын болсақ, оған қол тигізгенде, ол жапырақтарын жиырып алады. Бұдан тіршіліктің бар екенін білуге болады. Жер үстінде жануарлар пайда бола бастады. Бұл - сезімталдың жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық қасиеті. Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын, олардың психикасының дәрежесі де соғұрлым жоғары болады. Ол адамда неғұрлым күшті дамыған. Материяның бірте-бірте дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет жоғары қасиеттің - психиканың тууына әкеліп жеткізді.

Инстинктер

Жануарлардың биологиялық дамуы мен жүйке жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез - құлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.

Инстинкт, көбінесе, дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы. Мұны қазақша «соқыр сезім» деп атайды. Инстинктер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады. Жануарларда болатын инстинкт-организмнің белгілі тіршілік жағдайында, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез-құлықтың түрі. Мысалы, араның омартасы, құстың ұясы, көртышқанның іні т. б. өте «шеберлікпен», «ептілікпен» жасалынады. Бірақ осы мысалға қарап, бұл айтылған жәндіктер мен құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, өйткені инстинктік амалдардың бәрі- тұқым қуалау жолымен жасалынады.

Олар өздерінің тұрақтылығымен, оралымсыздығымен ерекше көзге түседі. Мәселен, тауықтың басып отырған жұмыртқаларын алып, орнына тас салса да, мерзімді күні біткенге дейін отыра береді. Өйткені жылдың белгілі мезгілінде тауықтың, я басқа құстың жыныс безі гормондары қозып, осындай күйге түседі. Инстинктер жануарларда бір арнамен тізбектеліп өтіп жатады. И. П. Павлов оларды шартсыз рефлекстердің тізбегі дей келіп, инстинктердің басты түрлеріне (жыныс, тамақ, өмірін сақтау т. б. ) физиологиялық сипаттама берген.

Жануар дағдылары

Жануарларда дағды дара тәжірибенің нәтижесінде қалыптасқан. Азақтардың малға бас білдіру, мады үйрету деп жүргендерді де осы дағды. Ми қабығының құрылымы неғұрлым күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы де оңайырақ, тезірек болады. Дағды инстинктерге қарағанда өзгермелі, мінез құлықтың икемді түрі. Сондықтан да айуан ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады. Орыстың атақты аң үйретушісі В. Д. Дуров өз аңдарына кітап «оқытты», «үй сыпыртты», «есеп шығартты», тіпті орамал мен мұрнын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырған аңдар бұрышын Дуров “шартты рефлекстердің фабрикасы» деп атаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері
Психика және іс - әрекет туралы
Сана мен бейсана
Психика мен сананың дамуы
Психологияның даму үдерісіндегі психика жөніндегі түсініктердің эволюциясы
Адам - биоәлеуметтік жан. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Үйрену әдеттену деңгейінде
Псхологиядан билеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz