Әкімшілік процесс және әкімшілік іс жүргізу



1 Әкімшілік процесс
2 Әкімшілік процестің қағидалары
3 Әкімшілік процестің бөлімдері
4 Әкімшілік іс . жүргізу
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару сферасында атқарушы органдармен, ал заңмен көзделген жағдайда өзге де органдармен (лауазымды тұлғаларлмен) де жеке нақты істерді шешудің құқықпен реттелген тәртібі.
Әкімшілік процестің мазмұны – бұл басқару сферасында өз өкілеттілігі мен міндетін атқаратын әкімшілік құқықтың субъектілерінің нақты тәртіпте істелінетін әрекеттері.
Әкімшілік процестің қағидалары.Әкімшілік процесс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді:
1) заңдылық қағидасы – ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу.
Осы қағиданың мәнісі барлық жағдайда құқық нормасын қолдану заңға сәйкес болуы қажет дегенді білдіреді. Ол әкімшілік процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді. Заңсыз әрекеттер орын алған болса, азамат сотқа осы жайлы шағым беруге құқылы.
2)Объективтілік (әділдік) қағидасы – істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді. Бұл құқық қолданушы нақты істі қарағанда онджағы барлық іске қатысты дәлелдемелер мен айғақтарды пайдалануға және дұрыс бағалауға міндеттейді. Фактілерді бағалауға біржақты келуге және қалай болса солай қарауға жол берілмейді.
3)Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік немесе қызметтік жағдайына байланыссыз, өзге де жетістіктеріне байланыссыз заң алдында және істі шешетін органның алдында тең. Ал орган өз кезегінде әкімшілік процестің қатысушыларының оларға берілген құқықтарының және оларға жүктелген міндеттерін дұрыс пайдалануларын қадағалаулары қажет;
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы,
2. Баянов Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. – Алматы, 2007, — 408 бет.
3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.- Алматы: ЮРИСТ, 2010 – 288 б.
4. Б.Б.Сейдеш. Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер. – Алматы: Дәнекер, 2004 – 140 бет.
5. Қызылов М.А., Ибраева Г.А., Есенов Д.Қ., Искакова И.Е. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Дәрістер конспектісі. – Қарағанды, 2006. – 121 бет.
6. А.А.Таранов.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы Академиялық курс. Алматы, 2003. – 282 бет.
7. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. Баспа. 1995.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Әкімшілік процесс және әкімшілік іс жүргізу

Жоспар:
1 Әкімшілік процесс
2 Әкімшілік процестің қағидалары
3 Әкімшілік процестің бөлімдері
4 Әкімшілік іс - жүргізу
Әкімшілік процесс - бұл мемлекеттік басқару сферасында атқарушы органдармен, ал заңмен көзделген жағдайда өзге де органдармен (лауазымды тұлғаларлмен) де жеке нақты істерді шешудің құқықпен реттелген тәртібі.
Әкімшілік процестің мазмұны - бұл басқару сферасында өз өкілеттілігі мен міндетін атқаратын әкімшілік құқықтың субъектілерінің нақты тәртіпте істелінетін әрекеттері.
Әкімшілік процестің қағидалары.Әкімшілік процесс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді:
1) заңдылық қағидасы - ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу.
Осы қағиданың мәнісі барлық жағдайда құқық нормасын қолдану заңға сәйкес болуы қажет дегенді білдіреді. Ол әкімшілік процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді. Заңсыз әрекеттер орын алған болса, азамат сотқа осы жайлы шағым беруге құқылы.
2)Объективтілік (әділдік) қағидасы - істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді. Бұл құқық қолданушы нақты істі қарағанда онджағы барлық іске қатысты дәлелдемелер мен айғақтарды пайдалануға және дұрыс бағалауға міндеттейді. Фактілерді бағалауға біржақты келуге және қалай болса солай қарауға жол берілмейді.
3)Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік немесе қызметтік жағдайына байланыссыз, өзге де жетістіктеріне байланыссыз заң алдында және істі шешетін органның алдында тең. Ал орган өз кезегінде әкімшілік процестің қатысушыларының оларға берілген құқықтарының және оларға жүктелген міндеттерін дұрыс пайдалануларын қадағалаулары қажет;
4)Жариялық қағидасы - ереже ойынша, процесс ашық жүргізіледі. Процеске қатысушылардың кедергісіз процессуалдық құқықтарын пайдалануға толық мүмкіндіктері бар, іс материалдарымен, іс бойынша қабылданған шешімдерімен, құжаттармен танысуға мүмкіндіктері бар. Әкімшілік процесте қоғамдық өкілдер жиі қатысады.
5)Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы. Процесс жүргізілетін тілді білмейтін тұлалар ана тілінде аудармашы (тілмаш) арқылы өтініш беруге, түсініктемелер беруіне болады;
6)Тиімділік жне үнемділік қағидасы. Бұл қағида көп мөлшерде материалды шығынды қажет етпейтін, сонымен қатар процестің белгіленген мерзімдерін бұзбайтын, іс бойынша шешім қабылдауды ұзаққа созбайтын процесті қамтамасыз етуге бағытталған.
7)Процестің безвозмездности қағидасы - процесті жүргізуге және құжаттарды ресімдеуге ешқандай ақы төленбейді, процеске қатысушыларға қол жеткізушілік қамтамасыз етілген;
8)Процестің ережесін бұзғаны және қабылдаған актісі үшін жауапкершілік қағидасы. Процестің ережесін бұзғаг немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Мазмұны бойынша бөлінген әкімшілік процестің бөлімдері:
1) Әкімшілік құқық шығармашылық процесі;
2) Құқық беруші процесс (мадақтау өндірісі, таратушы өндіріс, рұқсат берушілік өндіріс, жеке құрамды жинақтау бойынша өндірісі);
3) Әкімшілік - юрисдикциялық процесс ( азаматтардың шағымдары мен өтініштері бойынша өндіріс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізушілік, акімшілік бұлтартпау шараларын қолдану бойынша өндіріс, тәртіптік іс жүргізушілік).
Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.
Әкімшілік процестің субъектілері:
1) бұл өзінің нақты мүддесін процестің 2-ші жағы бұзған немесе даулаған өз құқығын қорғайтын жақ (тарап). Бұл кезде әкімшілік процестің тараптарында процессуалдық құқықтар мен міндеттердің жиынтығы болады;
2) бұл әкімшілік процестің қатысушылары куә, сарапшы, маман, аудармашы (тілмаш) ретінде қатысуы мүмкін.
Әкімшілік процестің барлық қатысушылары өздерінің субъективті құқықтарын жүзеге асыру үшін әкімшілік іс жүргізушілік құқық қабілеті болуы керек, яғни мінез-құлық, тәртіптің нақты түрін таңдау мүмкіндігі болуы қажет. Мысалы, ҚР Конституциясы ҚР азаматтарына мемлекеттік және қоғамдық органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекетіне шағым жасау құқығына кепілдік береді. Осы құқықты әрбір азамат тікелей немесе өзінің өкілі арқылы субъективті құқығын қорғау үшін құзырлы мемлекеттік органға немесе заңмен қарастырылған жағжайда сотқа барумен жүзеге асырылады.
Әкімшілік процестің субъектілері болып мыналар табылады:
1) ҚР азаматтары, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар
2) Мемлекеттік органдар
3) Мемлекеттік кәіспорындар мен мекемелер
4) Қоғамдық ұйымдар
5) Мемлекеттік қызметкерлер
6) Қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері және қоғамдық ұйымның өкілдері.
ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар әкімшілік процестің субъектілерінің үлкен тобын құрайды. Әкімшілік процесте олар мынадай түрде қатысады:
1) істі шешуге құылы орган алдында әкімшілік істі қозғайтын тұлға ретінде;
2) құқығы бұзылған немесе даулы құқығын қорғауда әкімшілік даудың тарабы (жағы) ретінде;
3) үшінші тұлға ретінде, яғни даулы құралға талап берген тұлға ретінде, сондай-ақ осындай талап бермеген, бірақ тараптардың біреуінің талаптарына қосылған тұлға ретінде;
4) өкілетті өкіл ретінде, егер де өзгедей заңмен қарастырылмаса;
5) әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға ретінде;
6) жәбірленуші ретінде, яғни әкімшілік құқық бұзушылық нәтижесінде моралдық, күштеу арқылы немесе мүліктік зиян келген тұлға ретінде;
7) куә;
8) басқа тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғайтын тұлға ретінде (қорғаушы, адвокат).
Бұл кезде заң осы лауазымды тұлғаны қажетті айғақтар келтіруге, туындаған іс бойынша түсінік беруге, процеске кедергі келтірмеуге міндеттейді. Әкімшілік теріс қылықты жасаумен байланысты туындаған істерде әкімшілік-процестің тарабы болып құқық бұзушылық туралы тиісті хаттама толтырған лауазымды тұлға табылады.
Прокуратура органдары да көбінесе әкімшілік-процессуалдық қатынастардың тараптары болып қатысады, мысалы, жалпы қадағалау тәртібінде заңсыз басқару актісіне шағым түсіргенде, заңның талаптарына қайшы шығарылған әікмшілік жазаға шағым түсіргенде. ҚР Прокуратурасы туралы заңда шағым түсірудің тәртібі белгіленген, сондай-ақ басқару органының немесе қоғамдық ұйымның шағымды белгіленген мерзімінде қарау міндеті де белгіленген.
Мемлекеттік органдар.
1) әкімшілік істі шешуші орган ретінде;
2) әкімшілік істі қозғаушы орган ретінде;
3) әкімшілік таластың тарабюы ретінде;
4) үшінші тұлға ретінде;
5) басқа тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғайтын орган ретінде қатысулары мүмкін.
Мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер - заңды тұлғалар болып табылады. Олар және олардың құрылымдық бөлімдері (цехтар, бөлімшелер, филиалдары):
1) істі шешуге құқығы бар орган алдында өз қызметтерін жүзеге асырумен байланысты әкімшілік істі қорғайтын ұйымдар ретінде;
2) әкімшілік даудың тарабы ретінде;
3) үшінші тұлға ретінде;
4) өзге де тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғайтын ұйым ретінде қатысуы мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар:
Қоғамдық ұйымдар және олардың лауазымды тұлғалары әкімшілік-процессуалодық қатынастардың субъектілері ретінде мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетіне шағым жасап оны қарағанда қатысады.
Әрекет етуші заң әкімшілік құқық бұзушылық істі қайта кітаптан қарап ары қарай толықтыру қажет.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі
Жаһандық құқықтық кеңістікті эволюцияландыруға сүйенетін құқықтың түрлі салаларында заңнама қарқынмен әрі ауқымды түрде жаңарып жатқан жағдайда әкімшілік әділет институтын енгізу Қазақстан Республикасында әкімшілік реформаның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Президенттің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында дербес әкімшілік әділетті қалыптастыру жөніндегі негізгі ережелер, соның ішінде қылмыстық және азаматтық іс жүргізумен қатар сот төрелігін жүзеге асырудың толыққанды нысаны болуы тиіс Әкімшілік іс жүргізу кодексін әзірлеу көзделген. Бұл тұрғыда әкімшілік іс жүргізу заңнамасын реттеудің нысаны; процестік оқшаулау мен жариялы-құқықтық сипаттағы жанжалдарды шешу тәртібінің заңдылығы мәселелері өзектілігін сақтайды.
Мемлекет басшысы Республика судьяларының VI съезінде сот билігінің әкімшілік әділет жүйесінің юрисдикциясында азамат пен мемлекеттің арасында туындайтын дауларды шешу мәселелері болуға тиістігін атап көрсетті.
Осы ережелерді іске асыру үшін Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2014 жылғы 27 мамырдағы
№ 07-1-2И-419 хаттамасының 2-тармағының 2.2) тармақшасында Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобасын (бұдан әрі - ӘІЖК жобасы) әзірлеу көзделген.
Қазіргі күнге дейін жариялы мүдделерді қамтамасыз ету мен қорғаудың маңызды әкімшілік-құқықтық құралы болып табылатын әкімшілік сот ісін жүргізудің заңнамалық тұрғыдан айқындалмауы практикада үнемі даулар мен теорияда екіұдайылықты тудырып отырды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Заңнаманы талдау Қазақстанда әкімшілік соттардың қызметі халықаралық практикадағы әкімшілік соттардан ерекшеленетінін көрсетеді. Соңғылары жариялы-құқықтық сипаттағы құқық қатынастарының кез келген түрінен туындайтын дауларды қарайды және шешеді. Ұлттық заңнама бойынша жеке адамдардың билік органдарымен жариялы-құқықтық дауларын мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің арнайы ұйғарымдарына сәйкес шешеді. 2004 жылы құрылған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар (бұдан әрі - МАӘС) тек бір міндетті - әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді біліктілікпен қарауды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларын даулау туралы істерді қарауды шешеді. Мұның барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жариялы сипаттағы дауларды шешуді, ең бастысы құқық тәртібін сақтауды мақсат етпейтін материалдық және процестік нормаларды қамтудан туындап отыр.
Қазіргі қоғамда әкімшілік-құқықтық ықпал ету саласының конфигурациясы демократиялық құндылықтардың бекітілуінен және жариялы басқарудың ізгілендірілуінен бастап нарықтық экономикаға көшуге қарай біртіндеп өзгерді. Мемлекеттің негізгі заңдарында жария етілген адамның және азаматтың құқықтары мен міндеттерін сақтауды ескере отырып, мемлекеттің қоғамдық тәртіп пен заңдылықты нығайту үшін қажет салаларға қатысуын үдету және әкімшілік құқық институттарын жетілдіру процесі жүріп жатыр. Осылайша, әкімшілік құқық қатынастарының тұжырымдамасы жариялы басқаруды ізгілендіруге - басқаруда адамды бағдарға алу бағытына қарай өзгеруде.
Қазақстан - 2050 стратегиясының басты бағыттарының бірі ретінде Мемлекет басшысы экономикалық әлеуетті көтеру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуалды жасауды белгілеп берді. Стратегияда Қазақстан инвестициялар үшін өңірлік магнитке айналуға тиіс деп атап көрсетілген. Тәуелсіз әкімшілік юрисдикцияның құрылуы тәуелсіз әкімшілік соттардың тарапынан заң мен бақылаудың байланыстылығы есебінен мемлекеттік қызметтің ашықтығына елеулі дәрежеде септігін тигізе алады; Республикада экономикалық және инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал ететін болады.
Көптеген жағдайларда жақсы жұмыс істейтін әкімшілік юрисдикцияны құру рейтингтерге оң әсер етеді (мысалы, doingbusiness - рейтинг бизнесті жүргізуге қолайлы болады). Шетелдік инвесторларға тәуелсіз әкімшілік соттар сақталуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың шешімдерінің заңдылығын тексеру үшін нақты құқықтық негіздер керек. Бұл отандық кәсіпкерлер үшін де маңызды фактор болып табылады.
Әкімшілік юрисдикцияның ретке келтірілген механизмі Қазақстан азаматтарының арасында сот төрелігі органдары беделінің өсуіне әкеледі, халықтың оларға деген сенімі нығаяды. Сол арқылы басқару қызметінің заңдылығы азаматтар мен азаматтық қоғамның көз алдында ұлғайған болар еді.
Әкімшілік әділетті құруда мемлекет пен азамат арасындағы даулардың қаралуын жалпы юрисдикциядағы әкімшілік соттарға беру емес, ең алдымен әкімшілік сот ісін жүргізудің негіздерін бір актіде қамтитын негізгі құқықтық актіні әзірлеу және жинақтау бастысы болуға тиіс.
Қазіргі заманның болмысын, халықаралық тәжірибені, ұлттық саясат пен заңнаманың жоғарыда көрсетілген ұстанымын ескерсек, әкімшілік-құқықтық қатынастармен байланысты даулардың сотта ведомстволық қаралуы, осы дауларды азаматтық процесте елеуле түрде ерекшеленетін сотта қарау мен шешудің процестік принциптері мен қағидалары белгіленетін ӘІЖК жобасын әзірлеу туралы мәселе сөзсіз туындайды.
ӘІЖК жобасында, егер заңда олардың басқа сотта қаралуы көзделмесе, барлық жариялы-құқықтық дауларда мамандандырылған әкімшілік соттарға жүгінуге болатын ереже қосылатын болады. Бұл ретте жариялы-құқықтық даулар деп әкімшілік процестің қатысушылары билік пен бағыныстылық қатынасында болатын даулар түсінілетін болады.
Әкімшілік әділет жүйесін жұмыс істейтін МАӘС базасында құру жоспарланып отыр. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жалпы юрисдикциядағы соттардың ведомстолық қарауына жатқызылады. Әкімшілік әділет дербес сот ісін жүргізу (сот төрелігі) тармағына бөлініп, басқару саласында туындайтын құқықтық дауларды қараумен ғана айналысуы және азаматтар мен басқа да құқық субъектілерінің жариялы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Әкімшілік дауларды апелляциялық және кассациялық тәртіппен Республиканың облыстық және оған теңестірілген соттарының әкімшілік істер жөніндегі сот алқалары қарайтын болады. Бұл ретте облыстық соттарда және Жоғарғы Сотта тиісті дербес алқаларды (әкімшілік істерді қарайтын алқа) құру қажет.
Төмен тұрған соттардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ӘІЖК жобасында тиісті ережені бекіту ұсынылады. Соған сәйкес Жоғарғы Сотта шағым берудің кассациялық тәртібі сақталған жағдайда, егер соттардың қабылдаған шешімдері қалыптасқан сот практикасына қайшы келсе не оларды орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ақуіпсіздігі үшін орны толмайтын ауыр салдарға әкелуі мүмкін болса, біркелкі сот практикасын қалыптастыру үшін маңызы бар ерекше жағдайларда, жергілікті соттардың заңды күшіне енген сот актілері сот қадағалауы тәртібімен тексерілуі мүмкін.
Әкімшілік әділет институты жеке тұлғаның мәртебесіне немесе кәсіпкерлік қызмет субъектісінің мәртебесіне (жеке кәсіпкер, шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі) қарамастан, әкімшілік арыздарды процестік қараудың бірыңғай тетігін жасауға тиіс.
МАӘС-тің қарауына мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің арыз иелерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзуға не оны жүзеге асыру үшін кедергі болуға себеп болған; қандай да бір міндетті заңсыз жүктеген немесе жауапкершілікке заңсыз тартқан шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау туралы істерді жатқызу ұсынылады.
МАӘС-та жергілікті атқарушы органдардың жиналысқа, митингіге, шеруге, пикетке немесе демонстрацияларға тыйым салу туралы шешімдері; уәкілетті мемлекеттік органның адамды оралман, мәжбүрлі көшіп-қонушы, босқын деп танудан бас тарту туралы шешімі; көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе шектеу бойынша мемлекеттік органдардың әрекеттеріне; заңды тұлғалардың немесе жеке кәсіпкерлердің банк шоттарынан салық берешегін салық органдарының мәжбүрлеп өндіріп алу әрекеттеріне; сот орындаушысының атқару құжатын орындау бойынша немесе мұндай әрекеттерді іске асырудан бас тарту жөніндегі шешімі мен әрекеті (әрекетсіздігі); Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен шешімдері даулануы мүмкін.
ӘІЖК жобасында азаматтық процестік заңнан жеке тұлғалар мен жариялы әкімшілік арасындағы дауларды қарауды реттейтін құқықтық нормаларды: сайлауларға, референдумдарға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізуді; алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысуға азаматтардың құқықтарын бұзатын жергілікті атқарушы органдардың шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы арыздар бойынша іс жүргізуді; жергілікті билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау туралы істер бойынша іс жүргізуді; нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізуді; органдар мен лауазымды тұлғалардың актілері мен әрекеттерін заңсыз деп тану туралы прокурордың өтінішін қосу жоспарланып отыр.
ӘІЖК жобасында әкімшілік сот процестерін жүргізудің жалпы процестік қағидалары жазылатын болады: сот ісін жүргізуге ықтимал қатысушылардың ауқымын белгілеу, судьяға қарсылық білдіру, арызды беру мерзімі, мерзімді - тиісті адамның кінәсінен немесе кінәсінсіз өткізіп алу салдары, процестік ерекше түрлері туралы қағида және т.б. белгіленеді.
Мемлекетке қарсы сөйлей отырып, арыз иесі өзін дәрменсіз сезінбеуі тиіс. Осыған орай, арыз беру мүмкіндігі өз мүдделерін іске асыру құралы ретінде тартымды болуға тиіс: бұл сотта шешім шығару және оны тез орындау үшін болатын уақытқа, процестік шығыстарға және т.б. қатысты болып табылады. ӘІЖК жобасында осы мәселелер реттелетін болады.
Әкімшілік іс жүргізуде ең маңыздысы және заңнамалық тұрғыда ең аз реттелген бөлігі сотқа дейінгі іс жүргізу болып табылады. Қазіргі құқықтық саясат дауларды шешудің соттан тыс ныснадарын дамытуға, дауларды барынша сотқа дейінгі сатыларда реттеуге, арыз иелерінің құқықтарын тек сот арқылы ғана емес, бірінші кезекте құзыретті әкімшілік-құқықтық органдардың қорғауына бағытталған. Осыған орай ӘІЖК жобасында Әкімшілік рәсімдер туралы Заңда белгіленген алдын ала әкімшілік іс жүргізуден кейін ғана МАӘС-ке арыз беруге болатыны жөнінде ереже бекітіледі (қазіргі кезде оны әзірлеу ҚР Әділет министрлігіне тапсырылған).
ӘІЖК жобасы арыз иелерінің сот органдарына шағым беру тәртібін реттейтін әкімшілік процесті ңбарлық саласын қамтитын болады.

Мемлекеттік қызметкерлердің қызметі өткеруі

Жоспар
1. Мемлекеттік қызметтің ұғымы
2. Мемлекеттік қызметтің принциптері
3. 3. Мемлекеттік лауазым
4. Мемлекеттік қызметті өткеру
5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ынталандыру
6. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы.
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы 1999 жылғы 24 ақпандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілері жатады.
Мемлекеттік қызмет туралы Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де заңдарымен реттеледі.
Жалпы, мемлекеттік қызмет жөнінде Баяновтың пікірі бойынша: Бұрынғы Кеңес өкіметінің кезінде мемлекеттік қызметке арнайы арналған заңнама болмады. Ол кезде мемлекеттік қызмет адамдардың еңбек ету қызметі нысандарының бірі ретінде түсінілді, оның ерекшелігі тікелей қол еңбегімен материалдық құндылықтар жасау немесе қандай да бір өндірістік - шаруашылық қызмет көрсету емес, әкімшілік (ұйымдастыру, басқару), әлеуметтік - мәдени және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру болып саналады.
Мемлекеттік қызмет осындай кең мағыналы ұғымында кез келген мемлекеттік ұйымдағы, яғни тек қана мемлекеттік органдардағы емес, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардағы да ( басшылар, инженер - техникалық қызметкерлер), сондай - ақ мемлекеттік мекемелердегі де (мектептер, мәдени - ағарту және медицина мекемелері, т.б.) жұмыс түсінілді. Егер нақты бір адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік процесте
Қазақстан Республикасының әкімшілік - іс жүргізу заңнамасы: жағдайы мен мәселелері
Әкімшілік процесс түсінігі, түрлері және қағидалары
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу
Әкімшілік-іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс
Әкімшілік сот ісін жүргізу
Әкімшілік процесс құрылымы
Әкімшілік процестің субъектілері
Әкімшілік процесс субьектілері
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістер: түсінігі, ерекшелігі және кезеңдері
Пәндер