Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы ... ... ... ...6
1.3 Бюджет балансы және бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

II МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Бюджетаралық қатынас . бюджет процесін дамытудың бірден.бір қайнар көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

III БЮДЖЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Экономикалық теория тұрғысынан, ел экономикасынан, ел экономикасының дамуында, мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттің жүйе құрылымы, оны қалыптастырып пайдалану, өте күрделі механизмдер арқылы жасалады. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Сонымен қатар бюджеттің құрылымы, жалпы елдің мемлекеттік құрылымымен тікелей байланысты болып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет, бүкіл ел дамуының қаржы негізі пайда болады. Бюджеттің екі түрі бар:
1.республикалық (мемлекеттік) бюджет;
2.жергілікті бюджет.
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден – мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеративтік мемлекеттерде, штаттардан (АҚШ), жерлердің өз бюджеттері болады. Оған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.
Мемлекеттік бюджет – үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтандырылған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппараттарды, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік – экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзге асырудың аса күшті құралы.Қазіргі мемлекеттік бюджет, оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де, көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте – мемлекеттің кірісі мен шығынының құрылымы бейнеленеді. Шығында бюджеттік ассигнациялардың бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығыны мынадай бөлімдерден тұрады:
• әскери шығындар;
• мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары;
• сыртқы экономикалық шығындар.
Мемлекеттік шығындардың басты тармағына экономиканың өндірістік секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады. Әлеуметтік инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін шығындардың да үлесі айтарлықтай.
1. Ә.Ә Әбішов, В.В Сидорович «Ұлттық экономика» Алматы, оқулық, 2010жыл
2. Экономикалық теория. Оқу-тәжірибелік құрал /Шумеков З.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Жанағұлов А.Ш.-ҚЭУҚ-Қарағанды 2005
3. Экономикалық саясат. Оқу-тәжірибелік құрал /Жанағұлов А.Ш., Сүйіндіков Ж.С.,Байгуренова М.А., Есдәулет М.А., Қуаныштаева А.Е.-Қарағанды 2006
4. Мадиярова Д. М. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік. Оқу құралы - Алматы: Экономика

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. 4
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы ... ... ... ...6
1.3 Бюджет балансы және бюджет
тапшылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .14

II МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТТІҢ ОРНЫ МЕН
РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік
рәсімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 22
2.2 Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар
көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

III БЮДЖЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІН
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Экономикалық теория тұрғысынан, ел экономикасынан, ел экономикасының
дамуында, мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет
тұрады. Бюджеттің жүйе құрылымы, оны қалыптастырып пайдалану, өте күрделі
механизмдер арқылы жасалады. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-
экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Сонымен қатар
бюджеттің құрылымы, жалпы елдің мемлекеттік құрылымымен тікелей байланысты
болып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет, бүкіл ел дамуының қаржы
негізі пайда болады. Бюджеттің екі түрі бар:
1.республикалық (мемлекеттік) бюджет;
2.жергілікті бюджет.
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден – мемлекеттік
және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеративтік мемлекеттерде, штаттардан
(АҚШ), жерлердің өз бюджеттері болады. Оған сәйкес әкімшілік ұйымдары
қызмет етеді.
Мемлекеттік бюджет – үкімет қолындағы ақша ресурстарының
орталықтандырылған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппараттарды, қарулы
күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік – экономикалық қызметтерді атқаруға
жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің,
шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзге
асырудың аса күшті құралы.Қазіргі мемлекеттік бюджет, оның сан түрлі
қызметін көрсететін күрделі де, көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте –
мемлекеттің кірісі мен шығынының құрылымы бейнеленеді. Шығында бюджеттік
ассигнациялардың бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан
бюджеттің шығыны мынадай бөлімдерден тұрады:
• әскери шығындар;
• мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары;
• сыртқы экономикалық шығындар.
Мемлекеттік шығындардың басты тармағына экономиканың өндірістік
секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады.
Әлеуметтік инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін
шығындардың да үлесі айтарлықтай.
Мемлекет бюджетінің басты құрамды бөлігі – жергілікті бюджеттер. Олар
арқылы ең алдымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс
құралдарын дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырады.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері, біріншіден, орталық және жергілікті
ұйымдар жинайтын салықтардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың
төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаражатты ресурстарын
нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға
шоғырландыру қызметтерінен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтік
қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау,
қайта даярлау және тағы басқалары жатады.
Бюджет – салық саясат экономиканың тұрақтылығы мен оның орнықты өсуін
қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шығысқа, салық салу мен бюджеттің жай-
күйіне ықпал ету арқылы елдегі экономикалық белсенділіктің деңгейін
реттеуге бағытталады. Осы мақсатқа тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік
сатып алуды, мемлекеттік инвестицияларды, салык салу жүйесі, сондай-ақ
жиынтық ұсыныста да реттеуге бағдарлануы мүмкін. Бірінші жағдайда
дискрециялық және дискрециялық емес саясат деп жеке бөлінеді. Дискрециялық
саясат реттеудің (жеделдетілген өтелім, салық жеңілдіктері, нақты
мемлекеттік шығыс және т.б) нақты проблемалары бойынша арнайы шара мен
шешім қабылдауға бағдарланады, ал дискрециялық емес саясат экономикадағы
ауытқуларды тегістеуге және әр жағдайда нақты шешім шығармай жұмыспен шешу
және шығарылымның деңгейін қолдауға мүмкіндік беретін қоса кіріктілердің
(автоматикалық) тұрақтандырғыштар арқылы экономиканы реттеуді жүзеге
асырады. Қоса кіріктірілген тұрақтандырғыштар, әдетте, алдын ала заңмен
шақталады және экономика субъектілері шешім қабылдағанда соларға үнемі
бағдарланады. Осындай тұрақтандырғыш ретінде прогрессивтік салык салу;
мемлекеттік трансферт пен төлемдер жүйесі; мемлекеттік көмек көрсету
бағдарламасы және т.б. болады.

I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға
негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Бюджет құрылысы – бұл
бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының
ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік
құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы
болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық
бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да
жерлердің (ландтардың), Канадада провинциялардың, Ресейде федерация
субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлық (біркелкі)
мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық)
бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің
оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ,
әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру
деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір
реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Мемлекеттік органдардың өздерінің
функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы
базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын,
әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды,
заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды
қаржыландыру үшін олардың ақшалай ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін
бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің
кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру үдерісінде заңмен
реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады,
осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың
қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық
нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Шығыстарды бөлудің негізгі уәжі шығыстардың үлкен бөлігін жергілікті
деңгейге табыстау болып табылады. Әрбір бюджеттің белгілі бір, қатаң
жүйеленілген және орнықты шектері болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары
Бюджеттік кодексте мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейіне дейін
анықталған. Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген бағдарламалармен
аудандық бюджетке бекітілетін болды, олардың әкімшілері ауылдың және
поселкілердің әкімдері болады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді ішкі бақылаудың сатылас
сызбасы енгізілді: ішкі бақылауды Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау
және мемлекеттік сатып алу комитеті жүргізеді. Сыртқы бақылаудың
функциялары Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті мен
мәслихаттардың ревизиялық комиссияларында қалды. Бюджеттік инвестициялар
ұғымы кеңейтілді, инвестициялық жобаларды кезеңдік іріктеу, сондай-ақ
жобалардың тиімділігін бағалау тәртібі енгізілді. Капиталдың ішкі және
сыртқы рыноктарында жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы жойылған,
тек жоғарғы бюджеттен олардың қарыз алуы сақталынған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттарды аударудың жаңа
механизмі енгізілді. Ұлттық қордың койылған міндеттерін тиімді іске асыру
мақсаттарында оңтайлы дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып
байланыстандырылған бюджеттік әдіс әзірленді.
Әр аймақтың экономикалық әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты
бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында
талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды.
Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі
әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі
болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық
экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық
дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке
тиесілі.
Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді
қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға
бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының
орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы
мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа
қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден бір мәнді көрсеткіші.
Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір
хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:
- біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық
мүмкіндіктерінен асады, сондықтан шенеуніктер тез арада, заңды және
Парламентті айналып өтіп, қаржыны тығыз қажеттіліктерге бөлістіруге
ұмтылады;
- екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың,
топтардың саяси және коммерциялық мүдделері айқындалады, аталған мүдделерді
экономика саласында қорғау, түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.

1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік
кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер,
сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік
кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты
өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға кешкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол
бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90%-ын құрады және негізінен екі
төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе
1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік
қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын
нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке
кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға пара-пар
төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен
және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың
түсімдерімен айқындалады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
- бюджеттік кредиттер;
- бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерін сатып алу;
- мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
- қарыздар түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу
осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар
және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер,
мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және
мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге
тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін
міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа,
бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін
түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті,
мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер
учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер
пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан
түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір
деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің
түсімдері.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты
болмайды.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет
қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты
шығындар;
3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты
іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына
арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге)
мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін
ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне
сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) заңи тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық
бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз
негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ
Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға
арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңи тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын
әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым
тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңи тұлғаларға субсидия
берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы
мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып
табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмағандықтан
жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын
қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және
жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы
органдардың резервтері құрылады.
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана
бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің
кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.
Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы
көлемі тиісті бюджет түсімдері қөлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен ақша
бөлу тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті
бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті
атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын
шешімдері бойынша жүзеге асырылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда
Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке
немесе мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган
резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша
қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда,
бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін
ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз
етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану
тәртібін Үкімет белгілейді.
Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма
ретінде айқындалады.
Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс
операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен
сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің
көлемінен асып түспеуге тиіс.
Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік
кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерін сатып алуды;
2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді
кіріктіреді.
Қаржы активтерін сатып алу – заңи тұлғалардың, соның ішінде
халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік
меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – мемлекеттік
меншіктегі заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік
кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың
қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың
жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік
мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы
активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін
түсімдердің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан
түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және
әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге
асырылады.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық
қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен
шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның
шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр.
Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының
кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету
қажеттігінен туып отыр.
Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі
капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық
бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:
1) салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті тәлемдер:
корпорациялық табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; соның ішінде
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орыңдалған
жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына
импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы; импортталатын
тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда; шикі мұнайға салынатын
акциздер; жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы; Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін
алым; телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым; теңіз, өзен кемелері мен
шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық
құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік
тіркегені үшін алынатын алым; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон
байланысын бергені үшін, радиожиілік съестрін; кеме жүретін су жолдарын
пайдаланғаны үшін төленетін төлем; әкелінетін және әкетілетін тауарларға
кеден баждары; отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын
баждар; консулдық алым; Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары
мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж; жүргізуші куәліктерін
және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін
алынатын мемлекеттік баж; мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының
нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа
алымдар мен төлемдер;
2) салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер
(республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы
бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне
дивидендтер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден
алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің
шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық
бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), қару-жарақ пен
әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін
басқа да кірістер); (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден
түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып
алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын
айыппұлдар, өсімпұлдар, санк-циялар, өндіріп алулар және республикалық
бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік
мүлікті, мемлекеттік қосалқы қорлардан, резервтерден тауарларды,
материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);
4)ресми трансферттердің түсімдері (облыстық бюджеттерден,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми
трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты
трансферттер).
Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден,
республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік
қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы республикалық бюджет кірістерінің
құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады. (Қосымша – А)
Жоғарыда көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер
құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға
салынатын салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады.
Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі – салықтық емес
түсімдер және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.
Бюджеттің шығыстары – бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын
негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақстан
Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету; оларға қызмет
көрсету және күзету; Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің
жұмыс істеуі; сайлаулар мен референдумдар өткізу; мемлекеттік бюджетті
болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау; салық службасы органдарының
қызметі; республикалық меншікті басқару; мемлекеттің бірыңғай жүйесін
ұйымдастыру; мемлекеттік қаржылық бақылау; кеден қызметтері; мемлекеттің
сыртқы саяси қызметі; іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік
статистикалық есеп; мемлекеттік службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында
мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және
басқалары;
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттің қорғанысын
ұйымдастыру және қамтамасыз ету; лаңгестікке және экстремизм мен
сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес; Қазақстан аумағында
қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру; жедел іздестіру; тергеу қызметі;
азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру; экономикалық және қаржы
сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары;
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет;
азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау; зандылық пен құқықтық
тәртібін қамтамасыз ету; соттың сараптамалық қызметі; сот жүйесінің жұмыс
істеуі және басқалары;
4) білім беру: білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды
балаларға жалпы білім бер; республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу;
республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау; жоғары
кәсіби жөне жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды
даярлау; республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта
даярлау; білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету;
республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және
басқалары;
5) денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек
көрсету; ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру; ерекше қатерлі
инфекцияларға қарсы іс-ерекет; республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін
қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру; санитарлық-
эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын
республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету;
сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары;
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары
есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы
бар азаматтарға зейнетақы төлемдері; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек; әскери
қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы
мүшелеріне медициналық қызмет көрсету; құрбандарына және одан зардап
шеккендерге төлемдер; көші-қон іс-шаралары; баланың туылуына байланысты
әлеуметтік төлемдер және басқалары;
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;
8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер
қатынастары;
9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және
қызметі;
10) көлік және коммуникациялар;
11) экономикалық қызметті реттеу: стандарттау; метреология және
сертификаттау; патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау;
мемлекеттік инновациялық саясат; мемлекеттік экспорттық және импорттық
бақылау; саудалық және демпингке қарсы реттеу; бәсекелестікті қорғау және
табиғи монополияларды реттеу;
12) басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар
қалалар, астана бюджеттеріне; Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер;
үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу; мемлекеттік кепілдіктер
бойынша міндеттемелерді орындау.
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың
және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметтін қамтамасыз етуге (кадрларды
қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің
біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен
бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми
зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық
актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да
қаржыландырылады. (Қосымша-Б)
Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін
ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және
Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін
натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында республикалық бюджет
шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық
шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға
жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын
жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі
акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы
рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге
асыруы тиіс.
Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар
мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың
мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап
қалуда.
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік
ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі
білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру
және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын
тікелей шығындар барлық шығыстардың 60%-нан асып отыр. Сонымен бірге
өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына,
үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға,
дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша
жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл
сайын бюджет қаражаттарының 13 бөлігі жұмсалады.
Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті
ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің
экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге
республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін
төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің
функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді,
халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті
аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал
етеді (жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары).
Рынокқа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы
мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық
ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту
және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты
қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы
рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың
прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын
қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында
ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер
арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен
жетілдіруді қажет етеді.

1.3 Бюджет балансы және бюджет тапшылығы.

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни
баланстандырылған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде
негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай
күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін
түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін
кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол
мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың
(республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін.
Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан
бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы
органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты
ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға
пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану
туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден
(шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының
бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан) асып түсуі мемлекеттік
бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы
қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3%
мөлшері саналады.Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың
немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін.
Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің
қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының
қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның
дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы
табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның
болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін
едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;
5) әскери-өнеркәсіп кешендерін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды,
басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
Бюджет тапшылығын жабудың мынадай әдістері бар:
а) мемлекеттік қарыздар;
б) салық салуды көбейту;
в) ақша эмиссиясы.
Өз кезегінде ақша эмиссиясы ақша белгілерін тікелей шығаруда да,
жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық
банкткерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің
резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы
ақшаның санын көбейтеді.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға
негізделеді.
1. Жыл сайынғы теңдестірілетін бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін
фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі
фискадық саясаттың тұрлауландырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады.
Бюджетті теңдестіру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық
түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңдестіру үшін
мемлекетке не салықтардың мөлшерлерін арттыруы, не бұл екі әрекетті де
жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және
өндірістің одан сайын құлдырауы болып табылады.
Бюджетті теңдестіру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін.
Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық
түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды
қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің
шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның ұштастырылуын пайдалануы тиіс.
2. Циклдік негізде теңестірілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңестіріледі.
Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай
отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі
өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал
пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге
бағытталады. Сөйтіп, циклға қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл
ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өртеулер тереңдігі мен
ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік
теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.
3.Қаржының функционалдық тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық
тұрақтылыққа, инфляциялық толық емес қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін
жалпы экономиканы теңдестіру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде
бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен
мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұқсат етіледі. Бұл
жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді
автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді
ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады
деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз
айла шарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл
тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы
қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады.
Циклдік негізде және функционалдық қаржы тұжырымдамасында
теңестірілетін бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша
айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына
бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды
қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген
бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.
Бюджет тапшылығы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы
активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы
операциялық сальдоға тең.
Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама
бюджет профициті болып табылады.
Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-
экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет тапшылыгын қаржыландыру – қарыз алу және бюджет қаражатының бос
қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі
алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының
қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде
белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді жөне
бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.
Бюджет профицитін пайдалану – қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге
бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын
жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған
қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі
ретінде белгіленеді.
Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және
бюджет прфицитінің шамасына сай келеді.
Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші
проблемалары бола бастайды. Бюджет тапшылығы сөз жок, инфляция, дағдарыс,
жұмыссыздық сияқты жағымсыз экономикалық категориялар деп аталатындарға
жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып
табылады. Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай
түсімдері мен шығыстарының балансына тепе-теңдігіне жету болып табылады. Әр
бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс.
Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын –
профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің
тапшылығын құрайды.
Қазақстанда Бюджеттік кодекске сәйкес, бұл ұғымдарға нактыланған
түсінік берілген: бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық
және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының
негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең.
Теріс белгімен алынған шама республикалық және жергілікті бюджеттердің
тапшылығы, оң белгімен алынған шама – профициті болып табылады.
Бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық бюджеттің
мұнайлық емес тапшылығы (профициті), Ұлттық қордың түсімдерінен басқа
республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет
түсімдерінің сомасына тең. Бесжылдық кезеңде республикалық бюджеттің
тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшерін алып тастап, Ұлттық қорға
түсетін жалпы түсімдер ретінде есептелетін Ұлттық қордың орташа жылдық
өсімінен аспауға тиіс. Профициттің сомасы мемлекеттік борышты өтеуге
бағытталады немесе республикалық және жергілікті бюджеттердегі
қаражаттардың бос қалдықтарын құрауы мүмкін.
Уақытша бос бюджеттік ақша – белгілі бір уақыт кезең ішінде
пайдаланылмаған, бірыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджеттік қаражаттар.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшасын
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орған Ұлттық банктегі
депозиттерге орналастыра алады. Уақытша бос бюджеттік ақшаны депозитке
орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тапшылықтың едэуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін
сипаттайды. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге
қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік
қарыздар шығарудың немесе кағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама
женіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде
қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни
тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі,
бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның
құнсыздануына, нактылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің
төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның
болуы мына себептерге байланысты:
- елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
- қоғамдық өндіріс шығындарынық өсуі;
- айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
- бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін
едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
- әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауга жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару
шығыстарын қаржыландырудын комақты ауқымы;
- көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы;
- ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.

Ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет
тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады: мемлекеттік
қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе
оны жою мақсатымен секвестр – ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде
барлық баптар бойынша (қорғаландарынан басқа) белгілі бір пайызға
мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланылады. Қорғалған
баптардың құрамын республика Парламенті мен биліктің жергілікті орғандары
анықтайды.
Бюджет тапшылығын төмендетудін мынандай әдістері болады:
- шығыстар тұракты, кірістер өседі;
- кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
- кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырак
төмендейді).

Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды
іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
Бюджет тапшылығының өзінің сапасы әр түрлі болуы мүмкін және оны пайда
болуының саналуан себептеріне қарай сыныптайды. Елдің бюджет құрылысына
қарай республикалың (өңірлік) және жергілікті бюджеттердің тапшылықтарын
ажыратады. Биліктің жергілікті орғандары үшін бұл проблеманың маңызы зор,
өйткені орталық үкіметке қарағанда оны шешу үшін олардың қаржылық
ресурстары шектеулі болады. Бюджет тапшылығының пайда болу себептері заңды
түрде төтенше тапшылықты, дағдарыска қарсы тапшылықты, дағдарыстан кейінгі
тапшылықты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тапшылықтың бірінші түрінің негізінде төтенше жағдайлар (соғыстар,
дүлей апаттар және т.б.) жатыр, олардан сактану қиын әрі мүмкін емес. Бұл
жағдайда мемлекеттің кәдуілгі резервтері көтірілген зиянның салдарларын
жоюга жетпейді, сондықтан ерекше көздерге жүгіруге тура келеді. Дағдарысқа
қарсы тапшылық экономика дамуына ірі мемлекеттік жұмсалымдарды жүзеге асыру
қажеттігімен байланысты, ол экономиканы мемлекеттік реттеу үдерістерін,
қоғамдықөндіріс құрылымында прогресті байланыстарды қамтамасыз етуге
ұмтылысты бейнелеп көрсетеді. Дағдарыстан кейінгі татиылық экономикадағы
дағдарыстық құрылымдарды, олардың қаржяИіық жағдайатты күйреуін, қаржы-
кредиттік байланыстардың тиімсіздігін, елдегі қаржылық жағдаятты бақылап
ұстап тұруга үкіметтің қабілетсіздігін бейнелеп көрсетеді. Бірінші, сондай-
ак екінші жағдайда да бюджет тапшылығын ең алдымен дағдарыс және
экономикадағы оның салдарлары тудырып отыр. Бұдан ынталандырушы және
ынталандырмайты н маңызы бар тапшылық тарды бөліп көрсетуге болады.
Тапшылықтың экономикалық мазмұны мен ықпал ету бағытына қарай активті және
пассивті бюджет тапшылықтары болып бөлінеді. Активті тапшылық қаржылық
параметрлерді (салық салудың, шығыстардың жекелеген түрлерінің мөлшері)
мемлекеттік жедел оңтайландыру нәтижесінде пайда болады. Дж. Кейнс
теориясына сәйкес тапшылықтың Бұл турі ұлттық табыстың өсуіне мүмкіндік
туғызады. Пассивті тапшылық ұлттық табыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекетттік қарызы
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері
Қазақстан Республикасының мемлекеттің қаржылық қызметі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды жою жолдары
Қаржы салсындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржылық қызметі
Бюджеттің экономикалық мәні және ролі
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері
Салық есебінің мәні
Пәндер