Трематодтар



Трематодтар — Бауырды немесе дененің басқа да беліктерін зақымдайтын және әртүрлі аурулар туғызатын құрттар. Қансорғыш қанға түсіп, шистосомоз ауруын туғызады. Сорғыштар, трематодтар (Trematoda) – жалпақ құрттардың бір класы. Жер шарында кең тараған, 2 класс тармағына: дигенетикалық сорғыштар (Dіgenea) және Аспидогастерлерге (Aspіdogastraea) жататын 4 мыңға (кейбір деректер бойынша 7 мыңға) жуық түрі бар. Бәрі де паразитті тіршілік етеді. Дене пішіні жапырақ тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 5 см-ге дейін, араларында 1,5 м-ге жететін түрлері де бар. Денесінің алдыңғы жағында (ауыз) және құрсақ бөлімінде (құрсақ) бір-бірден сорғыштары бар, кластың аты осыған байланысты қойылған. Осы сорғыштары арқылы олар иесінің денесіне бекінеді. Сорыштардың сыртын тегумент (эпителийге сәйкес) қаптап жатады, кірпікшелері болмайды. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ол жіңішке өңешке жалғасады. Ортаңғы ішек өңештен басталып, артқа қарай созылып, тұйықталған екі тармақтан құралады. Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Денесінің ортасында не бүйірінде негізгі түтіктер орналасқан. Олар дененің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа ашылады. Тыныс алу және қан айналым жүйелері болмайды. Жүйке жүйесі жұп ми ганглияларынан тұрады. Одан денесінің алдыңғы жағы мен ауыз сорғышына және артқы бөліміне қарай үш жұп ұзына бойы жүйке бағаналары тарайды. Сезім мүшелері өте нашар дамыған. Жыныс жүйесі гермафродитті, жақсы дамыған. Аталық жыныс жүйесі тарамдалған екі тұқым бездерінен тұрады. Олардан қос тұқым жолы шығып, кейін олар қосылып, тұқым қапшығына айналады да, тұқым шығарғыш түтікпен шағылыс мүшесіне жалғасады. Аналық жыныс безі – біреу. Одан шығатын жұмыртқа жолы кеңейіп кішкене қапшыққа – оотипке (Мелис денешігіне) айналады. Дененің екі бүйірінде сарыауыз бездері орналасқан, олар оотипке жалғасады. Оотиптен жыныс клоакасына ашылатын – жұмыртқаға толы жатын басталады. Ары қарай даму үшін жұмыртқа суға түсуі керек. Олардың судағы жұмыртқасынан кірпікшелі дернәсілдер – мирацидий шығады. Әрі қарай дамуы үшін олар аралық иесінің (ұлудың) денесіне өтеді. Бұдан

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Трематодтар -- Бауырды немесе дененің басқа да беліктерін зақымдайтын және әртүрлі аурулар туғызатын құрттар. Қансорғыш қанға түсіп, шистосомоз ауруын туғызады. Сорғыштар, трематодтар (Trematoda) - жалпақ құрттардың бір класы. Жер шарында кең тараған, 2 класс тармағына: дигенетикалық сорғыштар (Dіgenea) және Аспидогастерлерге (Aspіdogastraea) жататын 4 мыңға (кейбір деректер бойынша 7 мыңға) жуық түрі бар. Бәрі де паразитті тіршілік етеді. Дене пішіні жапырақ тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 5 см-ге дейін, араларында 1,5 м-ге жететін түрлері де бар. Денесінің алдыңғы жағында (ауыз) және құрсақ бөлімінде (құрсақ) бір-бірден сорғыштары бар, кластың аты осыған байланысты қойылған. Осы сорғыштары арқылы олар иесінің денесіне бекінеді. Сорыштардың сыртын тегумент (эпителийге сәйкес) қаптап жатады, кірпікшелері болмайды. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ол жіңішке өңешке жалғасады. Ортаңғы ішек өңештен басталып, артқа қарай созылып, тұйықталған екі тармақтан құралады. Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Денесінің ортасында не бүйірінде негізгі түтіктер орналасқан. Олар дененің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа ашылады. Тыныс алу және қан айналым жүйелері болмайды. Жүйке жүйесі жұп ми ганглияларынан тұрады. Одан денесінің алдыңғы жағы мен ауыз сорғышына және артқы бөліміне қарай үш жұп ұзына бойы жүйке бағаналары тарайды. Сезім мүшелері өте нашар дамыған. Жыныс жүйесі гермафродитті, жақсы дамыған. Аталық жыныс жүйесі тарамдалған екі тұқым бездерінен тұрады. Олардан қос тұқым жолы шығып, кейін олар қосылып, тұқым қапшығына айналады да, тұқым шығарғыш түтікпен шағылыс мүшесіне жалғасады. Аналық жыныс безі - біреу. Одан шығатын жұмыртқа жолы кеңейіп кішкене қапшыққа - оотипке (Мелис денешігіне) айналады. Дененің екі бүйірінде сарыауыз бездері орналасқан, олар оотипке жалғасады. Оотиптен жыныс клоакасына ашылатын - жұмыртқаға толы жатын басталады. Ары қарай даму үшін жұмыртқа суға түсуі керек. Олардың судағы жұмыртқасынан кірпікшелі дернәсілдер - мирацидий шығады. Әрі қарай дамуы үшін олар аралық иесінің (ұлудың) денесіне өтеді. Бұдан соң, мирацидий кірпікшелерін тастап, қозғалмайтын спороцистаға айналады. Оның денесіндегі партеногенетик. жұмыртқалары бөлініп, келесі ұрпақ - редия пайда болады. Соның ішінде гермафродитті дарабастың дернәсілі - церкарий дамиды. Редиядан шыққан церкарий екінші аралық иесінің (балықтардың, бақалардың, су жәндіктерінің) денесіне еніп, циста түзіп, метацеркарийге айналады. Омыртқалы жануарлар сол екінші аралық иені жейтін болса, метацеркарий оның ішегіндегі қабырғасынан босап, гермафродитті дарабасқа айналып, дамуын аяқтайды. Сорғыштар - адам мен жануарларда трематодоз ауруының қоздырғыштары болып саналады. Мысалы, бауыр сорғыш (Fascіola hepatіca) - мүйізді ірі қара малдар мен қойлардың және адамның бауырында паразиттік тіршілік етеді.
Сорғыш құрттар тегi және құрылыс жағынан кiрпiкшелi құрттарға ұқсас болып келедi. Айырмасы сорғыштар түгел паразиттiк тiршiлiкке көшкен. Сондықтан паразиттiк тiршiлiк етуiне байланысты олардың құрылысында өзгерiстер бар. Трематодтар деген ұғым гректiң "сорғыштарында тесiк бар" деген мағына бередi. Сондықтан оларды сорғыштар класы дейдi. Барлық сорғыш құрттар омыртқалы жануарлардың әртүрлi iшкi мүшелерiнде эндопаразиттiк тiршiлiк етедi. Ересек түрлерi омыртқалы жануарлар мен адамдардың организмiнде, көбiнесе ас қорыту жүйесiнде, ал личинкалары омырқасыз және омыртқалы жануарлардың организмiнде кездеседi. Ғылымға шамамен барлығы 7200 түрi белгiлi.
Паразиттiк тiршiлiкке бейiмделгендiктiң басты белгiсi көп мөлшерде ұрпақ беретiндiгi. Сондықтан олардың ұрпағы мындап-миллиондап есептеледi. Бұл олардың жер бетiнде кеңiнен таралуына мүмкiндiк бередi. Негiзгi өкiлi бауыр сорғыш құрттар. Құрылысы. Дене пiшiнi жапырақ тәрiздi, сопақша ланцет тәрiздi, шар тәрiздi, лента тәрiздi болып келедi. дене тұрқы 5- ЗО см, кейде одан да үлкендерi болады. Сорғыш құрттардың өздерiне тән ерекшелiктерi болады: бас жағында ауьтз сорғышы, дененiң бауыр жағында екiншi бауыр сорғышы орналасқан. Артқы жағында зәр шығаратын тесiгi болады. Терi-ет қапшығы кутикула мен оның астында жатқан ет қабаттары қосылысынан пайда болады. Дене қуысы паренхимамен толтырылған.

Сорғыш кластар Trematodes.

Бұл кластың өкілдері бір шама көп, 4000 түрі бап барлық трематодтар паразиттер болып табылады. Олар үшін күрделі тіршілік циклдері көбею тәсілдерінің ауысуы, ұрпақ кезектесуі және аралық иелерінің ауысуы тән. Сорғыштардың дене пішіні жапырақ тәрізді. Паразитизмге бейімделу процесінде күшті сорғыштар - бекіну мүшелері пайда болған. Одан басқа көптеген сорғыштарда барлық денесін жауып тұратын және иесіне бекуін жеңілдететін ұсақ қылқандар болады. Ұсақ түрлерінде ас қорыту жүйесі қап түрінде немесе екі соқыр иілген канал тәрізді болады. Күрделірек түрлерінде ас қорыту жүйнсі қатты тармақталған және ас қорытудан басқа ас өнімдерін мүшеге таратын тсымалдау қызметін атқарады. Қалған жағдайда сорғыштар жалпақ құрттардың құрылысын қайталайды. Жыныстық жетілу кезеңі омыртқалы жануарларда өтеді. Пайда болған жұмыртқа дамуы үшін суға түсуі қажет. Бұдан дернәсіл - мерацидий дамиды. Ол жарық сезгіш көздерімен және қозғалуға мүмкіндік беретін кірпікшелермен жабдықталған. Бұл дернәсіл фото - , гео - , және хемотаксис әдістерін пайдаланып белсенді түрде аралық иелерін табады. Мирацидий қатаң арнайылығы бойынша бауыраяқты моллюск ағзасына түседі. Паразиттік тіршілік етуге байланысты дегенерацияға ұшыраған дернәсіл аналық сопрациста кезеңіне өтеді. Онда партеногенетикалық жолмен көбеюге мүмкіндік беретін аналық жыныс жүйесі дамиды. Оның өзінен көп жасушалы редийлер дамиды, олар да партеногенетикалық әдіспен көбееді. Нәтижесінде бірнеше ұрпақты редийлер қалыптасады.

Бірінші жағдайда церкарийлер иесінің ағзасына өз бетімен кіреді немесе өсімдіктерде инцистерленеді, шөппен қоректенетін жануарлардмен және адамдармен жұтылады. Екінші жағдайда церкарийлер иесінің негізгі қорегі болып табылатын жануарларды іздеп, сонда тыным стадияларын инцистерленген метацеркарийлерді түзеді. Церкарийлердің метацеркарийлерге қарағанда хемотаксистері жоқ, тек гео-фототаксистерді қолданып, шөптегі инцистирлеу нәтижесінде оларға спецификалық иелерін табуға мүмкіншіліктері бар. Сондықтан церкарийлердің негізгі массасы иесін таппағандықтан немесе керекті ағзаларды таба алмағандықтан өледі. Сорғыштардың негізгі иесінің инвазионды стадиясынан өткен соң, ағзасында бүкіл өмір бойы мекен ете алатын мүшені іздейді.

Паразит - сорғыштардың көбісі адамның ас қорыту жүйесінде мекен етеді; кейбіреулері өкпеде, басқалары іштің қан тамырларында және кіші жамбаста кездеседі. Адам сорғыштарымен түрлі түрлеріне байланысты ауруға шалдығуы мүмкін: су арқылы және церкарийдің тері арқылы өтуі, көкөністердің ағзаға түскен кезінде немесе тамаққа түскен жапырақтардағы инцистильді церкарий паразиттерінен ауру жұғуы мүмкін. Адам ағзасына түскеннен кейін сорғыштардың көбісі мүшелерге жеткен кездегі локализациялы қиын миграцияларды жүзеге асырады. Миграция мүшелер арасындағы кеңістіктерде және мүшелер ішіндегі қуыстардағы қантамыр тамырларында жүреді. Сорғыштар адам ағзасында миграцияны бастаған кезде ауыр интоксикациялар және аллергиялық хәл байқалады, бірақ осы уақытта ауруға диагноз қою өте қиын. Сорғыштар қоздыратын ауруларды трематодоз деп атайды.

Трематодтардың диагностикасы үшін фекалиялардағы жұмыртқаларды анықтау, зәр, қақырық құрамын және аллергиялық сынама зерттеу әдістерін жүргізеді. Сорғыштар тек адамның ағзасын құртып қоймай , сонымен қатар бүкіл сүтқоректілерді қоздырады, сондықтан олардан толық емделу мүмкін емес.

Сорғыштардың даму циклі бойынша, адамды паразиттеуші ерекшеліктердің түрлері: 1) бір аралық иесінде дамитын және ас қорыту жүйесінде мекен ететіндер; 2) бір аралық иесінде дамитын және қан тамырларында мекендейтіндер; 3) екі аралық иесінде мекен ететіндер.

Бір аралық иесі бар, ас қорыту жүйесінде мекендейтін сорғыштар. Осы экологиялық топтың сорғыштарына көптеген көлемдегі сорғыштардың түрлері жатады. Олар үлкен көлемді, ауыз және іштің сорғыш түтіктері дененің алдыңғы жағында бір - біріне жақын орналасқан. Паразиттер адамдар мен ірі шөп жегіш сүтқоректілердің бауырларында және жіңішке үлкен ішектерінде өмір сүреді. Шөп жегіш жануарлар трематодтармен, адамдарға қарағнада жиі ауырады. Олар осы аурудың ең негізгі қоздырғыштары болып табылады. Сондықтан трематодтармен көбінесе ауыл тұрғындары ауырады. Лабораториялық диагностика - осы сорғыштар жұмыртқаларының фекалияда зерттелуі. Алдын - алуы - қолдың жөнді жуылуы, аудандардағы баубақшаларды тұрып қалған сумен суарғандағы жерлерде өсетін көкөністердің, шөп шәләмдәрдің термикалық тазалануы және ауру жануарлардың емделуі мен баубақшалардың санитарлық қорғанысы.

Бауыр сорғышы Fasciola hepatica - фасциолез қоздырғышы. Паразиттің денесі жапырақ тәріздес, денесінің алдыңғы жағы түмсық тәрізді үшкір болып келеді. Жатыры үлкен емес және разетка тәріздес сорғыш түтіктері іші жағынан кейін орналасқан. Жатыр артында қатты тармақталған тұқымшалары, жұмыртқашалары, сарыуыздары және ішек бұтақшалары. Сары - қоңыр келген үлкен жұмыртқалары бар. Жылы ылғалды климаты бар қалаларда фасциолез жиі кездеседі. Бауыр сорғышының тіршілік циклы осы топ паразиттеріне сәйкес келеді. Паразиттердің негізгі иелері болып - ірі сүтқоректілер және адам болып табылады. Аралық ие - кіші моллюск.ық мәселе, Австралия территориясындағы осы моллюск түрлері жоқ болғанымен, фасциолез кең тараған. Осы паразит - басқа бір мал шаруашылығымен тасымалданып, басқа аралық иеге үйреніп қалды. Негізгі иесінің ағзасында дернәсілдер өздерінің қапшықтарынан босап, ішек қабырғасын тесіп, құпсақ қуысына түседі. Одан кейін олар бауырға бағытталып, өт жолдарына келеді. Мұнда олар 3-4 айда жыныстық жетіліп, жұмыртқа сала бастайды.

Үлкен Бауыр сорғышы үлкен өлшемімен ерекшеденеді, (75 мм). Тіршілік циклі, диагностикасы мен алдын- алуы ерекшеленбейді. Үлкен көлеміне байланысты ауыр түрде өтеді, және ол Оңтүстік-Шығыс Азия, Гавай аралында, Өзбекстанда кездеседі.

Қан арнасында тіршілік ететін бір аралық иесі болатын сорғыштар

Бұл топқа қан сорғыштар болатын - шистосома деп аталатын түрлер жатады. Дара жжынысты болып келеді. Аталықтары - жалпақ, аналықтары- ирек пішінді. Сорғыштары үлкен емес, денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқаан. Барлық қан сорғыштар Азияда, Африка мен Америка белдеуінле кездеседі. Жетілген шистосома жасушалар қанда болғандықтан, ішкі мүшелерге және сыртқы ортаға арнайы заттар бөлінуімен ерекшеленеді. Шистосомаларда қылтандары болады, солар арқылы олар ферменттер бөліп, иесінің тіндерін зақымдайды. Ферменттер арқылы жұмфртқалар қан тамыр қабырғасын тесіп, тіндерге, ішек немесе қуыққа түсіді. Бұл паразиттерге қан арқылы жұмыртқалардың мүшелерге түсуі қауіпті, ол жерде локалды қабыну процесстері болады. Дернәсілдік түрі су моллюскілерінде дамиды. Цекарилер ағзаға енгенде терінің зақымдануын тудырады - церкариоз деп аталады. Ол қыарумен, бөртпемен, т.б. аллергиялық реакйиялармен сипатталады. Цнркарийлер көп мөлшерде өкпеге түссе, пневмонияны шақырады. Церкароздар шимтосомалармен ғана емес, басқа да су құстарында кездесетін қан сорғыш паразиттермен шақырылады. Мұндай церкарий түрі адам ағзасында теріде не болмаса өкпеде өледі.

Шистосома дернәсілдері ағзада миграйияланып, құрсақ қуысыың қан тамырларында, кіші жамбас астауында тұнып, жыынысты жетіледі. Патогенді әсері иесіндегі токсико- аллергиялық реакциялармен сипатталады және жергілікті реакйиялар тундайды: зақымдалған мүшенің қансырауы, ойық жаралардың, полиптердің түзілуі, олар қар\терлі түрге айналуға қабілетті. Диагностикасы шистосомалардың зәрде және нәжісте анықталуына негізделген. Сонымен қоса аллергиялық теріасты реакйяларын, иммунобиологиялық реакцияларды жүргізеді.

Алдын-алуы: осы паразиттері бар су көздерінде көп болмау. Церкарийлер шырышты қабат арқылы енуге қабілетті болғандықтан, зарарсызданға суды қолдану керек. Жалпы профилактика ретінде су көздерін қорғау. Аралық иелерімен күрес.

Адам ағзасында шистосомалардың үш түрі кездеседі, олар Азия тропиктерінде, Африка және Америкада кездеседі.

Shistosoma Haematobium - зәр шығару шистосоматозонының қоздырушысы. Аталығы 1,5, аналығы 2 см-ге дейін жетеді. Сыртқы дене жабыны тегіс емес. Жұмыртқалары ірі, 0,16 мм-ге дейін жетеді, төменгі бөлігінде ұзынша келген қылқаны бар болады. Аралық иесі - моллюск, ал ақырғы иесі - адам және маймылдар, оларда паразит тамыр ағысы арқылы зәр шығару мүшелеріне - қуыққа және жыныс мүшелеріне миграцияланады. Паразиттер Африка, Оңтүстік-Батыс Үндістанда кездеседі. Зәр шығару шистосоматозына гематурия (зәрде қан), қасаға үстінде ауырсыну, зәр шығару каналында тастардың пайда болуы тән. Осы ауру тараған аймақтарда зәр шығару жүйелерінің қатерлі ісктері 10 пайызға артады. Диагностикасында зәрде жұмыртқалар анықталады, сонымен қатар қуық және қынаптағы өзгерістер: іріңдеу, ойық жаралар, полипті өсінділер және жергілікті қабыну анықталады.

Shistosoma Mansoni - ішек шистосоматозының қоздырғышы. Алдыңғы түрге қарағанда көлемі кішілеу (1,6 мм), денесі тегіс емес. Жұмыртқасы зәр шығару шистосоматозының жұмыртқасындай, тек қылқаны бүйірінде орналасқан. Аралық иесі - моллюск, негізгі иесі - адам мен маймылдар, иттер және кемірушілер. Таралу ареалы да кең: Солтүстік, Экваториалды және Оңтүстік-Шығыс Африканы, Оңтүстік-Батыс Азияны қамтып, паразит Батыс жартышарға - Бразилия, Венесуэла, Гайана және Антиль аралдарына да таралған. Адамда ол шажырқай және бауырдағы қақпа венасында мекендейді, сондықтан алғашқы зақымдану тоқ ішекте (колит, қан аралас іш өту, тоқ ішектің полипозы) және бауырда (веналық тоқырау және церроз) анықталады. Диагностика кезінде нәжісте жұмыртқалар анықталады.

Shistosoma japonicum - жапон шистосоматозының қоздырушысы. Көлемі алдыңғы түрлердегідей, дене жабыны теп-тегіс. Жұмыртқалары домалақ, қылтаны кішкентай. Аралық иесі - моллюск, негізгісі - адам, жабайы және үй сүтқоректілері (кемірушілер, иттер, тұяқтылар). Ареалы - Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияны қамтиды. Паразит ішек веналарында орнығады, сондықтан диагностикасы мен клиникасы ішек шистосоматозындай. Парзит жұмыртқасы қан арнасы арқылы көптеген мүшелерге, соның ішінде бас миына таралады.

Екі аралық иесі бар сорғыштар. Бұл сорғыштар адам ағзасының көптеген мүшелерінде, асқорыту жүйесінде мекендейді. Тіршілік циклінің негізгі ерекшелігі - екінші аралық иесінің бар болуы. Оларға әртүрлі жануарлар жатады. Бұл аралық иелері арқылы паразиттер екінші иелері ағзасына тасымалданады, тіршілік циклді аяқтайды. Ағзаға түскен сорғыштардың йеркарийлері тыныштық стадиясына - метацеркарийге айналып, миграцияланбайды және көбеймейді.

Екі аралық иелері бар сорғыштарды тіршілік циклі сумен байланысты және байланысты емес деп жіктеуге болады.

Тіршілік циклі сумен байланысты сорғыштар. Бұл экологиялық топқа жататын паразиттер көп мөлшерде кең тараған. Олардың таралуы су көздерінің бар болуына және екінші иелерінің - балықтардың және шаянтәрізділердің қозғалғыштығына байланысты болып келеді. Ауруға шалдығушылық адамдардың этникалық тамақтану дәстүрімен де тығыз байланысты: шикі балық пен шаянтәрізділерді қолдану, тамақтарды экзотикалық консервациялау әдістері (строганина, беткей термикалық өңдеу, т.б.) және кәсіби айналысушылыққа (балықшылар және олардың отбасы мүшелері, геологтар, аңшылар, табиғи аймақтарда көп болатын адамдар және т.б.) байланысты.

Адам ағзасында бұл паразиттер ащы ішекте, өт жолдарында, өкпеде мекендейді. Ішекте мекендейтін паразиттер ас қорыту жүйесі арқылы ағзаға еніп, сол жерде қалады. Миграция кезеңі болмайды, сол себепті ауру қатерсіз түрде өтеді, симптомсыз, кейде іш өту мен іш қатпасы кезектесіп келуі мүмкін. Диагностикасы нәжісте жұмыртқа анықтауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішек құрттар немесе гельминттер
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОЙ ТРЕМАТОДОЗ АУРУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ, ЕМДЕУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
ЕРТІС ӨЗЕНІ ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ЕГІСТІК БІРЛЕСТІКТЕРІ ТОПЫРАҚТЫҚ НЕМАТОДТАР
Гельминттерді жіктеу негіздері, олардың иелерін классификациялау. Гельминттердің морфологиясы және биологиясы
Медициналық гельминтология өзекті мәселелері
Таспа құрттар класы – cestoda
Ауданымызда жиі кездесетін паразит құрттар
Цестодтардың жіктелуі
Жалпақ құрттар
Жалпақ құрттар туралы
Пәндер