Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе
I Бөлім. Жеткіншектердің девиантты мінез. құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері.
1.1. Девиантты мінез. құлық психологиясының теорияларының жалпы сипаттамасы.
1.1.1. Девиантты мінез. құлық себептерін түсіндірудің негізгі бағыттары.
1.2. Гендерлік айырмашылықтар психологиясы.

«Не істесем екен, не істесем екен сендерге, сүрініп кетіп, бүлініп жатқан тағдырлар»
Мұқағали Мақатаев
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселесі назардан тыс қалып көрген емес. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Ұлт болашағы – жас ұрпақ десек, мынау өтпелі кезеңдегі жас ұрпақ тағдыры, болашағы барша қауымды бүгіннен бастап алаңдатуы тиіс. Халқымыз ұрпағымен мың жасайды дегенде, дендері сау, өмірге икемді, жүйкесі мықты ұрпақ туралы айтқаны күмәнсіз.
Жаңа ХХI ғасырда біз өзіміздің және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді? Осыны айқындап алатын кез жетті. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында осыған жол ашып беріп, салауатты өмір сүруге шақырып отыр.
Адам денсаулығына кері әсер ететін, оның ұрпағын тоздыратын әдеттер, яғни шылымқорлық, маскүнемдік, есірткі қолдану, өзіне- өзі қол салу, жезөкшелік, т.б. көптеген мінез- құлық ауытқушылықтары ұлт рухына үлкен қатер төндіруде. Қазақстан Республикалық денсаулық сақтау агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, балалар мен жеткіншектердің психикалық және мінез- құлықтық бұзылыстар мен аурулар қарқынды өсіп келеді. Балалардың 60% жуығы темекі тартатындығы, 40% ішімдік пайдаланатындығы, тіпті 12% жуығы есірткі қолданатындығы да бүгін бәрімізге мәлім болып отыр. Бұл, сөз жоқ, қынжыларлық жайт.
Қазақта «ауру қалса да әдет қалмайды» деген сөз бар. Сондықтан осы уақытқа дейін мән бермей келген қауіпті әдеттерден арылуды ойласақ, онымен күресу жолдарын айқындай түсіп, жеткіншектердің девиантты мінез- құлық дәл соларға неліктен аса тән болатындығын зерттеп, үлкен ғылыми- педагогикалық мәселеге айналдыруымыз қажет.
Девиантты мінез- құлық, соның ішінде жеткіншектердің девиантты мінез- құлқы мәселелерін зерттеу XIXғ. Ч. Ломброзоның еңбектерінен бастау алып, қазіргі күні бұл мәселе көптеген ғалымдардың зерттеу нысанына айналған. Девиантты мінез- құлықты зерттеудің дәстүрлері психоаналитикалық және әлеуметтік мектептерде қалыптасқан, ал әлеуметтік психология шеңберіндегі жеке бағыт ретінде ол әлеуметтік және криминологиялық еңбектерде көрінді. Олардың ішінен М. Вебер, . Олардың ішінен Ч. Беккарла, М. Вебер. Э. Дюркгейм, О. Конт, Р. Мертон, Р. Миллз, Т.Парсонс, А. Подгурецкий, Н.Дж. Смелзер, П. Сорокин, Г. Тард, Э. Ферри, Э. Фромм және т. б. ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Ресейлік ғалымдардың ішінде А.А. Александров, Б.С. Братусь, Л.И. Божович, С.А. Беличев, Л.С. Выготскийді, М.Г. Гернет, Я.И. Гелинский, А.А. Габиани, С.И. Голод, В.П.Кащенко, И.С. Кон, В.Н. Кудрявцев, Ю.А. Клейберг, В.Т. Лисовский, А.С. Макаренко, В.В. Новиков, А.А. Реан, А.М. Свядощ, А.А. Сукало, С.Т.Шацкий,В.Ф. Шавчук және Д.И. Фельдштейнді ерекше атап өткен жөн.
Қазақстандық ғалымдардың да осы мәселеге аса ден қойып, зерттеу жүргізулері өте қуантар жайт. Олардың ішінен Г.Е. Аимбетова, Ш.Е.Джаманбалаева, Д.А. Дуйсенгалиева, Т.А. Заритовская, Д. Казымбетова, А. Канагатов, К.Д. Калиев, А.Ш. Шөпшекпаева, т.б. атамауға болмайды.Бұл ғалымдар жеткіншектердің девиантты мінез- құлқы, оның себептері, динамикасы, оның алдын- алу және психокоррекция шаралары аймағында күшті еңбек етуде. Олардың еңбектерін қарастырсақ, мұнда жеткіншектердің девиантты мінез- құлқы жалпылай, яғни тек жастық критерий бойынша ғана қарастырылатыны анық. Жеткіншектік жастың ерекшеліктері, психологиялық сипаты жалпы қамтылып, девиантты мінез- құлықпен

I Бөлім. Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік
айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері.
1.1. Девиантты мінез- құлық психологиясының теорияларының жалпы
сипаттамасы.
1.1.1. Девиантты мінез- құлық себептерін түсіндірудің негізгі бағыттары.
1.2. Гендерлік айырмашылықтар психологиясы.
Кіріспе
Не істесем екен, не істесем
екен сендерге, сүрініп кетіп,
бүлініп жатқан тағдырлар
Мұқағали Мақатаев
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қай ғасырда болмасын, тәрбие
мәселесі назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесі – мемлекеттің
маңызды міндеті деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Ұлт
болашағы – жас ұрпақ десек, мынау өтпелі кезеңдегі жас ұрпақ тағдыры,
болашағы барша қауымды бүгіннен бастап алаңдатуы тиіс. Халқымыз ұрпағымен
мың жасайды дегенде, дендері сау, өмірге икемді, жүйкесі мықты ұрпақ туралы
айтқаны күмәнсіз.
Жаңа ХХI ғасырда біз өзіміздің және балаларымыздың болашағын қандай
күйде көргіміз келеді? Осыны айқындап алатын кез жетті. Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаев өзінің Қазақстан – 2030 бағдарламасында осыған жол ашып беріп,
салауатты өмір сүруге шақырып отыр.
Адам денсаулығына кері әсер ететін, оның ұрпағын тоздыратын әдеттер,
яғни шылымқорлық, маскүнемдік, есірткі қолдану, өзіне- өзі қол салу,
жезөкшелік, т.б. көптеген мінез- құлық ауытқушылықтары ұлт рухына үлкен
қатер төндіруде. Қазақстан Республикалық денсаулық сақтау агенттігінің
мәліметтеріне сүйенсек, балалар мен жеткіншектердің психикалық және мінез-
құлықтық бұзылыстар мен аурулар қарқынды өсіп келеді. Балалардың 60% жуығы
темекі тартатындығы, 40% ішімдік пайдаланатындығы, тіпті 12% жуығы есірткі
қолданатындығы да бүгін бәрімізге мәлім болып отыр. Бұл, сөз жоқ,
қынжыларлық жайт.
Қазақта ауру қалса да әдет қалмайды деген сөз бар. Сондықтан осы
уақытқа дейін мән бермей келген қауіпті әдеттерден арылуды ойласақ, онымен
күресу жолдарын айқындай түсіп, жеткіншектердің девиантты мінез- құлық дәл
соларға неліктен аса тән болатындығын зерттеп, үлкен ғылыми- педагогикалық
мәселеге айналдыруымыз қажет.
Девиантты мінез- құлық, соның ішінде жеткіншектердің девиантты мінез-
құлқы мәселелерін зерттеу XIXғ. Ч. Ломброзоның еңбектерінен бастау алып,
қазіргі күні бұл мәселе көптеген ғалымдардың зерттеу нысанына айналған.
Девиантты мінез- құлықты зерттеудің дәстүрлері психоаналитикалық және
әлеуметтік мектептерде қалыптасқан, ал әлеуметтік психология шеңберіндегі
жеке бағыт ретінде ол әлеуметтік және криминологиялық еңбектерде көрінді.
Олардың ішінен М. Вебер, . Олардың ішінен Ч. Беккарла, М. Вебер. Э.
Дюркгейм, О. Конт, Р. Мертон, Р. Миллз, Т.Парсонс, А. Подгурецкий, Н.Дж.
Смелзер, П. Сорокин, Г. Тард, Э. Ферри, Э. Фромм және т. б. ерекше көңіл
бөлуді қажет етеді. Ресейлік ғалымдардың ішінде А.А. Александров, Б.С.
Братусь, Л.И. Божович, С.А. Беличев, Л.С. Выготскийді, М.Г. Гернет, Я.И.
Гелинский, А.А. Габиани, С.И. Голод, В.П.Кащенко, И.С. Кон, В.Н. Кудрявцев,
Ю.А. Клейберг, В.Т. Лисовский, А.С. Макаренко, В.В. Новиков, А.А. Реан,
А.М. Свядощ, А.А. Сукало, С.Т.Шацкий,В.Ф. Шавчук және Д.И. Фельдштейнді
ерекше атап өткен жөн.
Қазақстандық ғалымдардың да осы мәселеге аса ден қойып, зерттеу
жүргізулері өте қуантар жайт. Олардың ішінен Г.Е. Аимбетова,
Ш.Е.Джаманбалаева, Д.А. Дуйсенгалиева, Т.А. Заритовская, Д. Казымбетова, А.
Канагатов, К.Д. Калиев, А.Ш. Шөпшекпаева, т.б. атамауға болмайды.Бұл
ғалымдар жеткіншектердің девиантты мінез- құлқы, оның себептері,
динамикасы, оның алдын- алу және психокоррекция шаралары аймағында күшті
еңбек етуде. Олардың еңбектерін қарастырсақ, мұнда жеткіншектердің
девиантты мінез- құлқы жалпылай, яғни тек жастық критерий бойынша ғана
қарастырылатыны анық. Жеткіншектік жастың ерекшеліктері, психологиялық
сипаты жалпы қамтылып, девиантты мінез- құлықпен ұштастырылады. Бұл дұрыс-
ақ. Алайда, мұнда бір жағдай назардан тыс қалып қойған тәрізді. Бұл қандай
жағдай?
Жеткіншектердің көбінің идеологиясында маскулиндік құндылықтарының
бірінші орынға шығуы байқалады. Оларға сәйкес, ер адам күшті, тәуелсіз,
белсенді, агрессивті, өзіне сенімді, индивидуалды жетістіктерге
бағдарланған және т.б. болуы, ал әйел заты – нәзік, шыдамды, әлсіз,
тәуелді, эмоционалды, жанұяға бағдарланған және т.б. болуы шарт.
Бүгінгі таңда өмір ұл балалармен қатар, жеткіншек қыз балалардың да
мінез- құлқындағы девиациялардың өсуінің мысалдарын келтіріп отыр. Осы
мәселемен күресу қоғамға ауыр тиіп отыр. Дәстүрлі түрде жеткіншектердің
девиантты мінез- құлқы жыныс ерекшеліктерін ескермей- ақ зерттелінген еді.
Ол ең алдымен маскулиндік қасиет деп саналды.
Сондықтан да, жеткіншектердің девиантты мінез- құлқын зерттеуге деген
гендерлік келісті ұсына келе, оның алдымызда жаңа мүмкіндіктер аша түсуіне
сенімдіміз. Болмысты танып- білудің гендерлік келісінде психикалық
құбылыстарға деген жыныссыз көзқарас жойылады, алайда мұнда ер және
әйел иерархиясы мен поляризациясы қатал ұстанбайды. Психологиядағы
гендерлік талдаудың әдіснамалық негіздерін шетел (Ш.Берн, Х.Джин,
Д.Кандиоти, Г.Коои, Д.Фаррингтон, Д.Зиммерман, т.б.), сонымен бірге ресей
(Н.И.Абубакирова, О.А.Воронина, Т.А.Гурко, И.СКлецина, Л.П.Репина,
Н.А.Челышева, т.б.) ғалымдары да өңдеуде.
Біз неліктен жеткіншектердің девиантты мінез- құлқын талдауда гендерлік
факторды есепке алуды ұсынып отырмыз?
Ер және әйел адамдардың биологиялық айырмашылығынан бас тартатын
жыныстық- жастық талдаумен салыстырғанда, гендерлік талдау жеткіншек ұл
және қыз балалар арасындағы агрессивтіліктің айырмашылық бастауын олардың
әлеуметтенуі мен өздерінің нақты бір гендерлік рөлдерді ойнау
спецификасында көруге мүмкіндік береді.
Балалық шақтан есею фазасының дағдарыстық сиаптымен шартталатын
жеткіншектік кезеңнің көптеген қиыншылықтарына бүгінде орындалатын
гендерлік рөлдерге деген талаптардың айқындалмауы келіп қосылады. Мысалы,
қыз балалардан үйде ұқыптылықты, салмақтылықты, қарапайымдылықты және
мейірімділікті талап етсе, мектепте – ұлдардың жетістіктеріне тең ақыл-ой
және физикалық іс- әрекеттегі жетістіктерді күтеді, бұқаралық ақпарат
құралдарынан (БАҚ) ола тәккаппар, қатал, өзіне сенімді болу керектігін
біледі. Гендерлік рөлдердің мұндай теңдесуі және еркектік пен әйелдік
стереотиптерінің ұштасуы жетеіншекті өзін жыныссыз және оған қауіпті
қоршаған әлемде жалғыз пенде сезінуіне әкеліп соғады. Мұндай жағдайдағы
агрессивтілік, түрлі девиациялар қазіргі замандағы гендерлік
идентификацияның қиындауымен байланысты қысымға жауап ретіндегі қорғаныс
механизмі болып келеді.
Сондықтан да гендерлік факторды есепке алу девиантты мінез- құлқы
байқалатын жеткіншектермен профилактикалық және коррекциялық шараларды ары
қарай жетілдіре түсуге маңызды принцип болары анық.
Сонымен, жеткіншектердің девиантты мінез- құлқын зерттеуге деген жаңа
келіс зерттеу тақырыбын таңдауға түрткі болды – Жеткіншектердің девиантты
мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтар.
Зерттеу мақсаты: жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік
айырмашылықтарды зерттеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер алдыға қойылды:
1. Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік
айырмашылықтарға қатысты психологиялық әдебиеттерге талдау
жасау;
2. Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік
айырмашылықтарын эксперименталды зерттеудің әдістерін,
процедурасын, зерттеу базасын негіздеу;
3. Эксперимент барысында алынған нәтижелерді өңдеу және
қорытындылау;
4. Педагогтерге, ата- аналарға ұсынылатын психологиялық
нұсқауларды белгілеу.
Зерттеу нысаны: жеткіншектердің девиантты мінез- құлқы.
Зерттеу пәні: жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік
айырмашылықтар.
Зерттеу болжамы: жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік
айырмашылықтарды маскулиндік деңгейі анықтайды.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерге теориялық талдау жасау, Бем сауалнамасы,
В.В.Бойконың эмпатиялық қабілеттер деңгейін диагностауға арналған
әдістемесі, Басс- Дарки агрессия күйін диагностауға арналған әдістеме,
жыныстық идентификацияны анықтауға арналған проективті әдістеме,
нәтижелерді математикалық өңдеу, статистикалық мәліметтерді қолдану.
Зерттеудің эксперименталды базасы: Өскемен қаласының Үлбі полиция
бөлімінің жасы толмағандардың істері бойынша инспекциясында тіркелген 34
жеткіншек.
Практикалық мәні: зерттеу барысында алынған нәтижелер девиантты мінез-
құлыққа бейім жеткіншектердің гендерлік әлеуметтенуінің профилактикасы,
коррекциясы бойынша нұсқауларды практикалық тұрғыдан пайдаланыла алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнің
екі тарауынан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және тіркемелерден
тұрады.
Кіріспеде тақытыбымыздың көкейкестілігі ашыла түскен, сонымен бірге,
зерттеу мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны, пәні, зерттеу болжамы, зерттеу
әдістері, зерттеудің эксперименталды базасы және практикалық мәні
баяндалған.
Бірінші тарауда жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік
айырмашылықтарға қатысты психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау
жасалған.
Екінші тарауда жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік
айырмашылықтарын эксперименталды зерттеудің әдістері, процедурасы, зерттеу
базасы, нәтижелердің интерпретациясы көрініс берген.
Қорытындыда жасалған жұмысқа қысқаша шолу жасалынып, жүргізілген
эксперимент нәтижесіндегі зерттеу болжамымыздың дәлелдену – дәлелденбеуі
жағдайы бағаланған.
Әдебиеттер тізімінде автормен зерттеу тақырыбына сай деп танылып,
талдауға алынған әдебиеттер қатары берілген.
Тіркемелерде эксперимент барысында қолданылған әдістемелердің
нұсқалары, жалпылаушы схемалар, таблицалар берілген.
1.1.Девиантты мінез- құлық психологиясының теорияларының жалпы
сипаттамасы.
Психология өмір сүру мен іс- әрекет үрдісіндегі адам психикасының даму
және қызмет ету заңдылықтарын зерттейді.
Психологиялық пәндердің жалпы қатарындағы ерекше арнайы бағыты
девиантты(ауытқыған) мінез- құлықтың әлеуметтік психологиясы болып келеді.
Ол жеткіншектік жаспен байланысты әлеуметтік- психологиялық мәселелердің
кең спектрін қамти келе, өзінің пәні бойынша комплексті, пәнаралық сипатқа
ие. Алайда, шет елдік те, отандық та психологтарда девиантты мінез- құлық
терминіне деген ортақ көзқарас қалыптасқан жоқ. Бір зерттеушілердің ойынша,
девиантты мінез- құлық термині қоғам қолдаған әлеуметтік нормалардан
ауытқулардың кез- келген түрі жайлы сөз болған жағдайда қолданылуы тиіс
деп санаса, басқалары бұл түсінікке тек құқықтық нормаларды бұзуды, ал
үшіншілері - әлеуметтік патологияның сан алуан түрлерін( өлтіру,
наркотизм, алкоголизм және т. б.), төртіншілері- әлеуметтік шығармашылықты
енгізуді ұсынады.
Бар rүрделілік мұнда жатыр׃ девиантты мінез- құлық әрқашан адамдардың
қылықтарының, әрекеттерінің, іс- әрекет түрлерінің қоғамда немесе оның
басқа топтарында тараған нормаларына, мінез- құлық ережелеріне қатысты
қандай- да бір сәйкессіздікпен байланысты.
Нормалар мен рөлдерге сәйкес келмейтін мінез- құлықты девиантты деп
атайды. Мұнда кейбір ғалымдар санау басының нүктесі ретінде сәйкес келетін
мінез- құлықтың экспектацияларын(күтулер) қолдануды қолдаса, басқалары
мінез- құлық аттитюдтерін( эталондар, үлгілер) қолдануды жөн көреді. Кейбір
ғалымдар тек әрекеттер ғана емес, сонымен қатар, идеялар (көзқарастар) да
девиантты бола алады деген пікір айтады. Жиі жағдайда девиантты мінез-
құлықты оған деген қоғамның реакциясымен байланыстырады, сонда оған
былайша анықтама береді׃ Девиантты мінез- құлық – топтық нормадан ауытқу;
артынан ол изоляция, емдеу, түрмеге жабу және тағы басқа жазалау түрлерін
қолдануға әкеліп соғады (Б.А. Урванцев,1991)
Ғалымдар девиантты мінез- құлық терминімен индивидтің нақты
әрекеттерін де, сонымен қатар, тұрақты әлеуметтік құбылысты да атайтынына
көңіл бөледі.
Девиантты деп әлеуметтік нормалар мен күтулерге сәйкес келмейтін мінез-
құлық танылатын болса, онда жалпы қабылданған норма түсінігі
салыстырмалы болып келеді, ал осыған сәйкес, девиантты мінез- құлық та
салыстырмалы( қатысты немесе релятивті) болады.
Осындай девиантты мінез- құлық жайлы ең жалпы көзқарастарды талдай
келе, оған адамның әрекеттері ретінде және әлеуметтік құбылыс ретінде
анықтама беруге болады. Сондықтан да девиантты мінез- құлық - бұл
әлеуметтік нормалар мен күтулерді тұлғаның оларға деген құндылықтық
қатынасын көрсетуі арқылы өзгертудің ерекше тәсілі. Мұнда девиантты
әрекеттер:
– мәнді мақсатқа жету құралы ретінде;
– психологиялық ширығу, шектелген қажеттілікті қанағаттандыру
және іс- әрекеттен басқаға ауысу тәсілі ретінде.
Девиантты мінез- құлық өз динамикасына ие. Әрине, оның көрініс
беруінің әлеуметтік қауіпті формаларын минимизациялау немесе коррекциялауға
бағытталған өз уақытындағы шараларды қабылдау үшін осы динамикасын түсініп,
есепке алуы міндетті.
Жеткіншектік девиацияларда келесі ерекшеліктер аса айқын көрініс береді
деп саналады:
1. мінез- құлықтық реакциялардың жоғары аффективтік ширығуы;
2. реакцияларының импульсивті сипаты;
3. реакциялардың қысқа мерзімділігі критикалық шығу көрінісімен
сипатталады;
4. стимуляцияның төмен деңгейі;
5. реакцияларының дифференсацияланбаған бағыттылығы;
6. девиантты әрекеттерге дайындықтың жоғары деңгейі.
Девиантты мінез- құлық – бұл ең алдымен өзара әрекеттесу үрдісінде
пайда болатын қандай- да бір мәселелерді шешуге байланысты орын алатын
субъектілер арасындағы қатынастарының ерекше формасы; бұл өзінің алғашқы
әлеуметтік ортасынан дистанциялану(алыстау) және жаңа ортаға кірмеу жолымен
жеке басының Мен -ін бейнелеудің ерекше тәсілі. Нәтижесінде жасөспірім
өз әлеуметтік статусын жоғалтады да, топқа, жалпы қоғамға оппозицияда
болады. Бұл міндетті түрдегі құбылыс жасөспірім өиірінің қайта
ұйымдастырылуына әкеліп соғады, себебі оның әлеуметтік рөлін өзгертіп қана
қоймай, оның психикасының терең құрылымдарына қол сұғады.
Девиантты мінез– құлық әрқашан да конфликтті және қоғамда, әлеуметтік
топтарда, тұлғалардың арасында және, ең ақырында, тұлғаның өз ішінде болып
жатқан қайшылықтарды бейнелейді Шынында, конфликт терминінің өзі арнайы
әдебиеттерде көптеген анықтамаларға ие. Ол ұйымда өзара қарама-
қайшылықты көзқарастар, мінез- құлықтың екі ұшты тенденцияларының көрініс
беруімен сипатталатын психологиялық және әлеуметтік құбылыс(Р. Марр, А.
Флиастер,1994) ретінде, сонымен қатар, күресумен және өткір эмоционалды
күй кешулермен байланысты шешілуі қиын қарама- қайшылық( В.Г. Зазыкин,
А.П. Чернышев, 1992) ретінде, мақсаты нейтрализация, қол сұғу немесе
қарсыласты жою болып келетін құндылықтар мен претензиялар, белгілі бір
статус, билік, ресурстар үшін күрес(О.Н. Громова, 1993) ретінде, және де
қақтығыс субъектілерімен қандай- да болмасын дәрежеде саналы түсініліп,
бағаланатын әлеуметтік қайшылық(Е.Н. Степанов, 1994) ретінде және т. б.
қарастырылады.
Адам мінез- құлқы – ең күрделі құбылыс екенін есепке алған жөн. Оны
себептілігінің аналогиясы бойынша табиғи құбылыстармен түсіндіру мүмкін
емес, ол тікелей өзара әрекеттесуші факторлардың – әлеуметтік -
экономикалық жағдайлар, ситуативті жағдайлар, тұқымқуалаушылық және т.
б.– тура салдары болмайды. Адам мінез- құлқында сыртқы жағдайлар жүйесі
ішкі күй кешулер жүйесінде бейнеленіп, ъеорын алады. Сондықтан да, адам
өмір салтының және мінез- құлқының объективті де, субъективті факторларын
да жеклеу мүмкін емес. Девиантты мінез- құлықта объективті және
субъективті факторлардың бірлігі көрініс береді.
Девиантты мінез- құлықты зерттеудің дәстүрлері негізінде
психоаналитикалық және әлеуметтік психолгия шеңберіндегі жеке бағыт
ретінде ол әлеуметтік және криминологиялық еңбектерде көрінді деуге болады.
Олардың ішінен Ч. Беккарла, М. Вебер. Э. Дюркгейм, О.Конт, Р.Мертон, Р.
Миллз, Т.Парсонс, А. Подгурецкий, Н.Дж. Смелзер, П.
Сорокин, Г. Тард, Э. Ферри, Э.Фромм және т. б. ерекше көңіл бөлуді қажет
етеді. Ресейлік ғалымдардың ішінде А.А. Александров, Б.С. Братусь, Л.И.
Божович, С.А. Беличев, Л.С. Выготскийді, М.Г. Гернет, Я.И. Гелинский,
А.А.Габиани, С.И.Голод, В.П.Кащенко, И.С.Кон, В.Н.Кудрявцев, Ю.А.Клейберг,
В.Т.Лисовский, А.С.Макаренко, В.В.Новиков, А.А. Реан, А.М.Свядощ,
А.А.Сукало, С.Т.Шацкий, В.Ф. Шавчук және Д.И.Фельдштейнді ерекше атап
өткен жөн.
Сонымен қатар, дңевиантты мінез- құлықты түрлі аспектілері басқа да
ғылымдардың зерттеу пәні бола бастады, олар- құқықтану мен психиатрия,
статистика, этнография, антропология және т.б. Алайда, девиантты мінез-
құлықтың психологиялық механизмдерін ең алдымен әлеуметтік психология
зерттейді.
Н.А.Бернштейн әрбір ғылым өз аймағындағы құбылыстарға қатысты, ең
алдымен, екі анықтаушы сұраққа жауап беруі тиіс деп ескерген еді, олар:
құбылыс қалай және неліктен пайда болады? Алайда, девиантты мінез-
құлықтың әлеуметтік психологиясы үшін үшінші сұрақтың да мәні зор:
девиантты мінез- құлық не үшін іске асырылады, қандай міндетті шешуге
бағытталған? Төртінші сұрақты қоюға да болады: ол нені көздейді?
Бірінші сұрақ алдына девиантты мінез- құлықтың феноменологиясы, оның
сапалық сипаттамалары мәселесін қояды. Екінші сұраққа жауап девиантты мінез-
құлықтың себеп- салдарлық байланыстарын зерттеуді көздейді. Және де үшінші
сұраққа жауап беруде біз тұлғаны девиантты мінез- құлыққа тікелей
итермелейтін мақсаттар мен мотивтерді талдауымыз қажет. Ал, төртінші- нені
көздейді?- деген сұраққа жауап адамдардың айырмашылықтары және
қоғамда(топта, субмәдениетте, т.б.) қабылданған нормалармен сәйкес
келмейтін әрекет- қылықтар жасалынатын әлеуметтік жағдайлар мен шарттардың
түрлілігі салдарынан аса күрделі және көпқилы болып келеді.
1.1.1.Девиантты мінез- құлықтың себептерін түсіндірудің негізгі
бағыттары.
Девиантты мінез- құлықтың себептерін қалай түсіндіруге болады?
Бұл өте қиын. Соңғы уақытта ғалымдар себеп терминінің өзінен
қашқақтауға тырысады; оны жеткілікті түрде корректті емес, көп мағыналы деп
санап, корреляциялық байланыстар мен тәуелділіктер жайлы сөз қозғауды жөн
көреді.
Арнайы әдебиетте детерминация ұғымының өзін де түрлі анықтамаларда
кездестіруге болады. Біріншіден, әлеуметтік психологияда адамның өз
әлеуметтік есеюі( әлеуметтенуі) барысында ойнайтын рөлдерінің мәні жайлы
көзқарас(Дж. Мид) орын алған. Екіншіден, детерминация аса кең мағынада
түсіндірілді: жақын әлеуметтік ортамен салыстыруға келмейтін қоғамның жалпы
тұлғаға әсері ретінде. Алайда, әлеуметтік нормалардан ауытқудың жоғары
мүмкіндігіне шарт болатын аса нақты факторлар да бар екені анық. Сондықтан
да, девиантты мінез- құлықтың себептеріне қатысты түрлі ғылыми
концепцияларды(келістерді) қарастырып өтейік.
Адам мінез- құлқында түрлі дәрежедегі компоненттер үйлесіп жататындығы
белгілі, олар: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Белгілі бір
теория шеңберінде олардың қайсысына басты назар аударылғанына байланысты
девиантты мінез- құлықтың негізгі себептері де анықталады.
Девиантты мінез- құлықтың себептерінің биологиялық трактовкасы.
Ауытқыған мінез- құлықты биологиялық себептердің көзқарасынан
түсіндіретін теориялардың тарихы ертеден бастау алған, алайда бұл бағыттың
классикалық ғылыми еңбектері тек XIX ғасырда пайда болды. Ең алдымен, бұл–
итальяндық дәрігер- психиатр Чезаре Ломброзоның еңбектері. Онда ғалым
адамның анатомиялық құрылысы мен қылмыстық мінез- құлқының арасындағы
байланысты көрсетіп, дәлелдеген. Ол туа біткен қылмыскер ұғымын енгізген,
яғни, Ч. Ломброзаға сәйкес, оны физикалық, анатомо- антропологиялық
белгілер бойынша анықтауға болады. Олардың ішінде: массивті, алдыға шығыңқы
төменгі жақ, мыжырайған тұмсық, сирек сақал, құлақтың салбыраңқы ұштары,
төмен орналасқан маңдай және т.б. Өзінің зерттеу тәжірибесінде
антропометрикалық әдісті қолдана келе, автор туа біткен қылмыскердің 37-
ге жуық сипатын атап көрсетті. Ч.Ломброзоның ілімін XIX ғасырдың соңында
француз психологы Г.Тард аса радикалды теоретикалық сынға салды. Кейін
Ломброзо ілімі ғылымидәлелденбеген, негізсіз деп танылды.
XX ғасырда Уильям Шелдон адамның соматофизикалық құрылысы типтері, оның
темпераменті және мінез- құлық формалары арасындағы байланысты дәлелдеді.
Шелдон дене бітімінің 3 түрін бөлген: эндоморфты, мезоморфты және
эктоморфты – олар темпераменттің 3 типімен сәйкес келеді( висцеротония,
соматотония, церебротония). Олардың үйлесуі нақты бір психотипті көрсетеді.
Мысалы, церебротониктерге ұстанымдық, сезімталдық, социофобия, жалғыздыққа
бейімдік тән; соматотониктерге ләззат алуға деген қажеттілік, тасыған
энергия, басшылық пен билікке ұмтылыс, тәуекелге бел бууға бейімдік,
агрессивтілік, сезімталдықтың жоқ болуы тән.
Биологиялық теориялардың ішінде Чарлз Дарвин ұсынған эволюциялық бағыт
маңызды мәнге ие. Бұл келіс табиғи сұрыпталу мен тұқымқуалаушылық заңдарына
негізделген. Мұнда адам мінез- құлқының түрлі аспектілері түрлік
тұқымқуалау бағдарламаларының көрініс беруі ретінде қарастырылады.
Эволюциялық келісті сынға алушылар жануарлар мінез- құлқының заңдарын адам
психологиясына көшірген негізсіз, дәлелсіз деп санайды.
Конрад Лоренц Дарвин идеяларын дамытып, этологиялық келісті ұсынды.
Мұнда ол адам мінез- құлқының түрлі феномендерін тіршілік үшін күрестің туа
біткен инстинкті деп түсіндірді. Адамның мінез- құлқын ол алғашынан
агрессивті, инстинктілерге негізделген деп қрастырған. Теоретиктер –
эволюционистер бойынша, агрессивті мінез- құлықтың бастама көзі басқа туа
біткен механизм болып табылады: барлық жануарларға, соның ішінде адамдарға
да тән күрес инстинктісі.
Адам мінез- құлқының биологиялық детерминанттарын қазіргі күнгі
зерттеулер белсенді жалғасын табуда және биология, медицина, криминология,
физиология және ерекше – генетикада өз орнын табады.
Психогенетика- психикадағы биологиялық пен әлеуметтік жақтарды
теңестіру, адамның психологиялық сипаттамаларының тұқымқуалау мәселелерін
зерттейтін арнайы психологияның белсенді дамудағы саласы. Оның XIX
ғасырдағы жарқын өкілдері- Ф.Гальтон жіне Г.Мендель. Олардың зерттеулерінің
нәтижелері психогенетика немесе евгеника (Гальтон бойынша) негізіне
айналды. Евгеника ( тура мәніт – ең күштілердің тууы жайлы ғылым) тілеген
белгілері бар ұрпақ тудыру үшін адамға жасанды селекция әдісін қолдануды
ұсынады.
Г.Мендель тұқымқуалаушы белгілерді беру заңдылықтарын ашты. Дәл ол
генетиканың негізін салушы болып табылады. Ол ең алғаш мынаны көрсетті:
тұқымқуалаушы белгілер араласпайды, олар өзгермейтін дискреттік бірліктер
түрінде ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Тұқымқуалаушы белгілер (элементтер,
факторлар(Мендель бойынша) және гендер( В.Иогансон бойынша) ер және
әйел жыныстық жасушалары- гаметалар арқылы беріледі. Американ генетигі
Т.Морган 1912 жылы гендер хромосомаларда орналасатындығын ашқан.
У. Пирс XX ғасырдың 60 жж. Ортасында мынандай қорытындыға келді:ер
адамдағы артық Y- хромосома криминалдық зорлыққа бейімділікке жағдай
жасайды. Ал, Х.Айзенк, абақтыдағыларды зерттей келе, мынандай қорытындыға
келген: экстраверттер интраверттерге қарағанда қылмыс жасауға аса бейім, ал
бұл, өз кезегінде, генетикалық дәрежемен шартталған.
Алайда, девиантты мінез- құлықтың жалпы биологиялық концепциялары
ғылыми әлемде аз танымал. Алдын- ала айта кетсек, бүл девиантты мінез-
құлықтың психологиялық теорияларына да қатысты. Көптеген мамандар девиантты
мінез- құлықтың табиғаты мен детерминациясын түсіндірудің әлеуметтік немесе
әлеуметтік- психологиялық келісін ұстануды жөн көреді.
Әлеуметтік келіс.
XIXғ.соңы – XXғ.басындағы әлеуметтанушылар- Ж.Кетле, Э.Дюркгейм,
Д.Дьюи, М.Вебер, Л.Леви- Брюль және т.б. ауытқыған мінез- құлықтың
адамдардың өмірлерінің әлеуметтік жағдайымен байланысын анықтады. Жан Кетле
мен Эмиль Дюркгеймнің түрлі аномалийлер саны әрқашан соғыс жылдарында,
экономикалық кризистер, әлеуметтік толқындар кезінде кқрт өзгергендігін
көрсетті. Олардың бақылаулары девиантты мінез- құлықтың әлеуметтік
тамырларына бағыттала келе, туа біткен қылмыскерлер теориясына қарсы
келді.
Сонымен бірге, олар және олардың ізбасарлары әлеуметтік орта мен
девиантты мінез- құлық арасындағы байланысты анықтай келе, ауытқулардың
табиғатын соңына дейін түсіндіре алмады.
Э. Дюркгейм адам қоғамына девиациялардың қандай- да бір оптималды
деңгейі міндетті түрде тән болады деп санаған. Ол адам денесінің
температурасы тәрізді және де девианттылықтың осы қандай- да бір оптималды
деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз ету қажет. Э. Дюркгейм өзін- өзі өлтірулер
табиғатын зерттей келе, өзінің аномия теориясында девиацияға әлеуметтік
анықтама берді(1897). Аномия деп ол күрт өзгерістер, секірістермен
тудырылған қоғамның нормативті жүйесінің бұзылуы немесе әлсіздеуі күйін
түсіндірді.
Оның теориясын дамытып, модификациялаған – Р.К. Мертон. Ол аномия
мәдениет пен әлеуметтік құрылым немесе қалыпты, заңды құралдар және
қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа(заңсыз) тәсілдерін іздеу ұмтылыстары
арасындағы қақтығыс, қайшылықтардың нәтижесі болып табылады деп санады.
Мертон аномиялық бейімделудің бес тәсілін бөліп көрсетті: конформдылық,
инновация, ритуализм, ретритизм және көтеріліс(мятеж). Мұндағы
конформизмді(сәйкестік) девиантты емес мінез- құлықтың жалғыз типі деп
санады, себебі осы жағдайда әлеуметтік қолданатын мақсаттар мен оларды
жүзеге асырудың тәсілдері мен құралдары толық қабылданады.
Инновация(мақсаттарды қабылдау, оларға жетудің легитимді тәсілдерінен
бас тарту) қолдау тапқан қоғамдық мақсаттармен келісу, алайда оларға
жетудің әлеуметтік қабылданған тәсілдерін жоққа шығаруды білдіреді.
Ритуализм берілген мәдениеттің мақсаттарымен келіспеу, алайда
әлеуметтік қолдау табатын тәсілдерді қолданумен келісуді білдіреді.
Ретритизм (әлеуметтік нормаларды орындаудан бас тарту, пассивті қашу)
адам бір уақытта мақсаттардан да, оларға қол жеткізудің әлеуметтік
қолданатын құралдары мен тәсілдерінен де бас тартқан жағдайында бақыланады
(мысалы, наркомания түрінде).
Көтеріліс (бунт, әлеуметтік нормаларды теріске шығару) тек қана жоққа
шығару емес, ескі мақсаттар мен құралдарды жаңаға ауыстыруды көздейді.
Т.Парсонс Р.Мертонның аномиялық бейімделулер типологиясын кеңейтіп,
девиантты мінез- құлықтың 8 типін ұсынды. Ол девиантты мотивациялардың
пайда болуын орындалмаған күтулермен түсіндірді. Жеткіншектер мен жастардың
мінез- құлқын ол аномия ұғымы төңірегінде қарастырды, яғни оны құндылықтар
мен нормалар қажетті мінез- құлықтың аса нақты көрсеткіштері болмаған
немесе өз мәнділігін жоғалтатын күй деп анықтайды. Бұл құндылықтар
жүйесінің жетілмегендігінің себебі болады,өйткені мұндағы негізгі орынды
жеке бас сіттілігі алады. Осындай қоғамда құрылымдық дифференсация дамиды,
ал ол қақтығыстарға және девиантты мінез- құлыққа әкеліп соғады.
Әлеуметтік девиациялардың басқа объективті факторы- девиантты
субмәдениет және оқыту нормаларының әсері (Р.Клауорд, Л.Оулин). Солайша,
ерте балалық шағынан девиантты субмәдениетке (криминалды, конфликтті немесе
ретристік) енгізілген тұлғаның девиантты мінез- құлықтың сәйкес формаларын
көрсетуінің мүмкіндігі зор. Қазіргі заман субмәдениеттерінің тұлғаның
девиантты мінез- құлқына әсері аса маңызды, алайда ол жеткіліксіз
зерттелген сұрақ екені анық. Тұлға әрқашан қандай- да бір әлеуметтік топтың
ортасында болатыны хақ. Бірқатар жағдайларда топтық қажеттіліктер басымдық
көрсетеді- топқа ену, оның нормаларын ұстану, оның мүшелеріне еліктеу, өзін
басқа топтарға қарсы қою,т.б. Осының негізінде көптеген субмәдениеттер
өсіп, дамиды- аристократиялық элита, хиппи, металлистер, рокерлер, гейлер,
скинхэдтер,т.б.
Девиантты мінез- құлық, сонымен қатар, әлеуметтік рөл немесе
тұлғаның әлеуметтік функциясы ұғымдары арқылы суреттеледі(Дж.Мид, М.Дойч,
Р.Краусс). Рөл – адам мінез- құлқына қатысты күтулер жүйесі, адамның өз
мінез- құлқының моделі жайлы елесі, және де алатын орын, яғни статусқа
сәйкес мінез- құлық. Осыған сәйкес, адамдар түрлі рөлдерде болуы мүмкін,
соның ішінде- девианттың да рөлі бар.
Қазіргі заманғы ресейлік ғалым Ю.А.Клейберг жеткіншектік девианттылық
мысалында девиантты мінез- құлықты тұлғаның мәдени нормаларға қатынасы
арқылы ашады: Ауытқыған мінез- құлық – әлеуметтік нормалар мен
күтулердің оларға деген тұлғаның құндылықтық қатынасын көрсетуі арқылы
өзгерулерінің ерекше тәсілі. Бұл үшін ерекше құралдар қолданады: слэнгтер,
мода, символика, мәнер, әрекет,т.б. Жеткіншектердің девиантты әрекеттері
мәнді мақсатқа жету, өзін- өзі тұрақтандыру жіне сілкіну құралы ретінде
орын алады.
Сонымен, әлеуметтік жіне оған жақын әлеуметтік- психологиялық теориялар
девиантты мінез- құлықты әлеуметтік үрдістер, қоғам мен нақты тұлға
арасындағы күрделі өзара қатынастар нәтижесі ретінде қарастырады. Бір
жағынан, қоғамның өзінде ауытқыған мінез- құлықтың шынайы себептері бар
екенін көріп отырмыз, мысалы әлеуметтік дезорганизация және әлеуметтік
теңсіздік. Ал, екінші жағынан, біз нақты адамның оның тұлғасының
әлеуметтену үрдісіндегі индивидуалдығының рөлін түсінуге келеміз.
Әлеуметтік жағдайлар девиациялардың сипатын анықтай алатындығын
мойындпй аламыз. Алайда, олар нақты тұлғаның ауытқыған мінез- құлқының
себептері мен механизмдерін түсіндіруге жеткіліксіз екені анық.
Психологиялық келіс.
Біз мінез- құлықтық девиациялардың қалыптасуына түрткі болатын
биологиялық және әлеуметтік жағдайларды қарастырдық. Енді тұлғаның
ауытқыған мінез-құлқының психологиялық механизмдерін қарастырайық. Мұнда
тұлғаның ауытқыған мінез-құлқының мәніне күн сәулесін құятын негізгі
психологиялық концепцияларды шолу арқылы көптеген сұрақтарға жауап бере
аламыз.
З.Фрейдтің психоанализінен шыққан психодинамикалық теориялар адам мінез-
құлқының санасыз механизмдерін ашады. З.Фрейд(1856-1939) адамның
психикалық өмірінде саналылық және бейсаналықты бөліп көрсетті. Тағы бір
жаңалық- психикалық аппарат құрылымын енгізу болды. З.Фрейд ұсынған
құрылымдық модельге үш жүйе немесе күш жатады: Ид, Эго және Супер-Эго.
Тұлғаның психологиялық жайы осы үш құрылымшаның қалайша эффективті өзара
әрекеттесуіне тәуелді.
Ид- бұл терминді Фрейд қарапайым тілектер, импульстер, иррационалды
ұмтылыстар, қорқыныш- тілек комбинациясы және фантазиялардан тұратын
психиканың үлкен бөлігін бейнелеуге қолданды. Бұл қайнаған эмоцияларға
толы хаос.
Эго- өмір талаптарына бейімделуге және берілген жанұя шеңберінде қол
жетерлік жолдарды табуға мүмкіндік беретін функциялардың атауы. Ол Ид
ұмтылыстарын басқаруға қажет. Ол саналы, сонымен қатар, бейсана
аспектілерге ие. Саналы Эго – көптеген адамдар оны жеке Мен немесе Мен
терминдері арқылы түсінеді; ал бейсана Эго қорғаныс үрдістеріне ие.
Ид және Эгомен қатар, Супер – Эго ұғымы енгізілді. Бұл- қалдықтағы ата-
ана әсерінің бейнесі болып табылатын психикалық аппараттың бөлігі. З.Фрейд
бойынша, Супер- Эгоның басты міндеті – Эгоға моральдық әсер ету арқылы Ид
тілектерін басу. Берілген құрылымның негізгі функциялары мыналар болып
табылады: идеал, өзін- өзі бақылау, ар- намыс, ұят.
Тұлғаның қалыпты дамуы оптималды қорғаныс механизмдерінің пайда болуына
әкеледі, олар сана мен бейсана сфераларының таразыларым теңестіреді.
Керісінше жағдайда тұлғаның қалыптасуы аномальды сипатқа ие болады. Келесі
қорғаныс механизмдері ең маңызды болып табылады: басу(ығыстыру), терістеу,
проекция, реакцияның қалыптасуы, регресс, сублимация.
Қазіргі заманда неофрейдистердің аса көрнекі өкілдері қақтығыстардың
сексуалды этиологиясы жайлы көзқарастардан бас тартты. Солайша, К.Хорни,
Д.Боулби, Г.Салливан ауытқулардың себептері өмірдің алғашқы жылдарындағы
анасымен эмоционалды контактінің, жылы қарым- қатынастың жетіспеуінен деп
көрсетеді. Индивидуалды психологияның негізін салушы А. Адлер көзқарасы
бойынша, сәби дүниеге екі негізгі сезіндермен келеді: толымсыздық сезімі
және өзі тәріздестермен ортақтық сезімі. Ол өзінің толымсыздығының
компенсациясы және мәнді әлеуметтік қатынастарды орнату ретінде мінсіздікке
ұмтылады. А.Адлер индивидуалдылықтың дамуын айқындаушы негізгі фактор деп
басты өмірлік мақсатты атады. Жалпы түрде – бұл басқалардан асып түсуге
жету мақсаты. Оның нақты мазмұны көптүрлі: билікке, сұлулыққа, байлыққа,
күшке, танымалдыққа, білімділікке ұмтылыс және т.б. Асып түсу мақсаты
өмірдің алғашқы жылдарында толымсыздық сезіміне жауап реакциясы ретінде
көрінеді. Толымсыздық сезімі, Адлер бойынша, алғаш рет 4-5 жаста пайда
болады. Толымсыздық сезімін жеңудің негізгі тәсілі – компенсация.
Толымсыздық сезімін компенсациялау үшін адамдар түрлі жолдар қолданады.
Олар басқаларды басып тастауға талпынады немесе зорлықты қолданады.
Басқалары легальды тәсілдерге – сәттілікке, билікке, топтарға бірігуге
және т. б. жүгінеді. Жеткіліксіз немесе дөрекілік компенсация кезінде
толымсыздық сезімі аса өткір бастан кешіріледі және толымсыздық комплексіне
айналады А.Адлер берілген механизмді аномальді және қалыпты құбылыстардың
шеңберіне таратты.Тұлғаның қалыптасуының маңызды факторы ретінде А.Адлер
отбасы құрылымын бөліп көрсетеді. Ондағы баланың орны және сәйкес тәрбиелеу
типі девиантты мінез- құлықтың пайда болуына мәнді, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz