ХХ ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы


ХХ ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы
Тактика - ұрысты жүргізу туралы ғылым. Ол Қарулы Күштердің, әскер түрлерінің барлық бөлімшелері мен бөлімдерінің соғысты дайындауы, ұйымдастыруы және жүргізуінің теориясы мен практикасын қамтиды. Тактика бөлімше мен бөлім жауынгерлерінен жоғары ұрыстық дағдыны, жеке қаруды, сондай-ақ бөлімдер мен бөлімшелердің қару-жарағы мен әскери техникасын толық ұрыстық қолдану мүмкіндіктерін, маневрлі ұрыс жүргізуін талап етеді.
Тактика дұрыстығының өлшемі - ұрыста жеңіске жету болып саналады. Бөлімдер мен бөлімше жауынгерлері игерген тактика өнері неғұрлым жоғары болған сайын, жеңу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Кез келген ұрыс тактикалық тәсілдерден басталады, сонымен жүргізіледі және аяқталады. Қарулы Күштердегі тактикалық дайындықтың әскери дайындықтың барлық пәндерін біріктіретін, жауынгерлерді оқытудың маңызды пәні болып есептеледі.
Тактиканы терең білу, ұрыста әрекет ете білу мен өз қаруы мен техникасын дұрыс қолдана білу - жауынгерлердің күшті қарсыластарды да жеңеуі мүмкіндік береді.
Әлемнің әр түрлі мемлекеттері мен халықтарының бар тарихы қарсыластардың агрессивті ұмтылысынан қорғаудың негізгі органы ретінде олардың қарулы күштерінің тарихымен тығыз байланысты. Міне, сондықтан да ежелгі уақыттан бастап, кез келген мемлекеттің негізгі қызметі негізделген әскери саясат жасау болған және бол бермек.
Армияның өзегі болып саналатын алғашқы жасақшы-дружиналар, нөкерлер, қаруланған күрестің ұйымдастырушылық және тактикалық формалары алғашқы қауым құлағаннан кейінгі кезеңде пайда бола бастады. Бұл кезеңдегі қарулы қақтығыстар соғыс сипатын ала алмады және заңды құбылыс болып саналмады.
Ру қатынастары ыдырай бастаған кезеңде көсемдер қасына әскери нөкерлерді жинай бастады. Әскери жасақтың тууына байланысты қалыптасып келе жатқан мемлекетке әскери және саяси тірек болып табылады. Қаруланған адамдардың ерекше жасағы пайда болады.
Армия соғыс аспабы ретінде құл иеленуші мемлекеттің құрылуымен туындаған. Армия ядросы ретінде ақсүйектер өкілдерімен құрылған тұрақты жасағы болды. Шығыс мемлекеттерде бұл патшалармен құрылған касталық әскерлер болды. Соғыс уақытында әскерлер қосындардан жинақтал, ан. Әскердің негізге түрі - жаяу, атты әскер, сондақ-ақ жауынгерлік дөңгелекті арбалар болды. Көшпелі халықтарда әскерді негізінен атты әскер құрады.
Барлық мемлекеттердегі тұрақты әскерлердің аздығын есепке ала отырып, соғыс уақытына қосындар шаруалар қауымынан құралды, мемлекетті нығайту мақсатында тұрақты әскердің саны өсті, ал қоснынның рөлі түсе бастады. Армия жиі ұзақ соғыстардың ықпал етуінен кәсіби сипатқа ие болды. Армияны кәсіби-жауынгерлермен толықтыру жүйесі Ежелгі Грецияда б. з. д. ІХ ғ., Римде - б. з. д. ІІ ғ. Біртіндеп милициялық жүйені ығыстырып құрылды.
Өндірістің феодалдық тәсілі ежедгі әлеммен салыстырғанда, өндіргіш күштердің даму мүмкіндігіне кең жол ашты: жер өңдеу тәсілі жетілдірілді, қолөнер, сауда, өндіріс дамыды. Металлургияның дамуы суық қару өндірісін кеңейтуге, оқатар қарудың алғашқы түрлерін жасауға жол ашты. Феодалдық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар оның әскери ұйымдастыруының сипатына да ықпал етті. Сол кездегі армияларда жаяу әскер армиялары мен әскери-теңіз флоттары болды Армияны әскердің екі түрі болды - жаяу және атты әскер. Олардың қатынасы мен рөлі бірнеше рет өзгерді. Әскерді жинақтаудың негізгі тәсілі феодалдық-рыцарьлық қосынды шақыру болды. Осы жағдайда барлық егіншілік мемлекеттерде жаяу әскер өз мәнін жоғалтып, әскердің негізгі түрі - атты әскер негізгі рөл атқарды.
Батыс Еуропа армияларында жаяу әскер саны атты әскерден асып түсті, бірақ олар нашар қаруланған және нашар үйретілген еді. \
Русьте жаяу әскер бірінші орынды атты әскерге беріп, шайқастарда маңызды рөл атқаруын жалғастыра берді. Бұл кезеңнің барлық ірі шайқастары, мысалы Куликово шайқасы (1380) - аттты және жаяу әскердің бірлескен жеңісі.
Феодализмнің соңғы кезеңінде қосынның орнын орталықтандырылған мемлекеттің жалдамалы армиясы басты. ХҮ ғасырдың соңына таман Батыста жалдамалы армиясы әскер жинақтаудың негізгі тәсілі болды.
Қазақстанда әскер басқаша жинақталды. Басқыншылардың қорғану мүддесі бірыңғай орталықтандырылған мемлекет құрыға әкелді, бірақ орталық үкімет ақша тапшылығына байланысты үлкен жалдамалы әскерді ұстап тұра алмады. Сондықтан да ХҮ ғасырдың екінші жартысында қазақ орталықтандырылған мемлекетінің негізгі әскери күші ұлыс сұлтандары басқарған рулар мен тайпалардан құрылған жергілікті әскерлер болды.
Сол кезеңде өндірістің, металл өндіру, балқыту, өңдеу әдістерінің көбеюіне байланысты жақсы қарулар жасалып, онымен армияны жарақтандыра бастады. Бұл дәуірдің екінші кезеңінде мықты және иілмелі қылыштар, металды қорғаныс жабдықтар пайда бола бастады.
ХІҮ ғасырда Еуропа елдерінде, оның қатарында Русьте оқатар қарулар -зеңбіректер, мылтықтар пайда бола бастады. ХҮ ғасырдың соңында ХҮІ ғасырдың басында лафетке орнатылған зеңбіректер 500 м қашықтықққа шейін ата алатын қысқа ұңғылы ауыр мылтықтар білтелі мылтықтарды ығыстырып шығарды.
Жинақтау жүйесіндегі өзгерістер және оқатар қарулардың пайда болуы әскер түрлерінің сипаты мен ұрыстағы рөлін өзгертті.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Аралығында Еуропаның көптеген елдерінде бурджуазиялық ревюциялар болып өтті. Өнеркәсіптің капиталистік тәсілінің жеңісі әр түрлі мемлекеттер өмірінің аумағына әсер ете отырып, оның ішінде қарулы күштерінің одан ары дамуына да ықпал етті.
Жалдамалы армия орнын жалпы әскери міндеттілік негізіндегі жаппай армия басты. Бұл кезендегі қарулы күштер құрылысы тұрақты армия мен флотқа көшумен сипатталады. Ең алғаш мұндай армия ХҮІІ ғ-дың аяғында, буржуазиялық революция барысында Францияда, сосын Пруссия, Австрия және басқа елдерде құрылды. Жаппай жалдамалы армияның құрылуы халық санының өсуіне ықпал етті. Егер біздің эрамыздың басында бүкіл жер шарында 150-200 млн адам тұрған болса, 1800 жылы халық саны 950 млн, ал 1860 жылы ол 1 млрд 300 млн адамға жетті.
Қазақстанда армияны жинақтау басқаша өтті. Экономикалық әлсіздік үлкен армияны ұстап тұруға мүмкіндік бермеді, сондықтан ХҮІІІ ғ-дың 30-жылдары Абылай хан рекурттық міндеткерлік негізінде тұрақты армия құрды.
Өндірістің жаңа жолдары қарулану мен ұрыс техникасын қамтамасыз етуге ықпал жасады. ХҮІІ ғ-дың соңында тегіс ұңғылы 250-300 м қашықтықта ататын мылтық пайда болды. ХҮІІІ ғ-дың бұл мылтық білтелі мылтық ығыстырып шығарды. ХҮІІІ ғ. қарулануға иілген дүмді мылтықтардың түсе бастауы - көздеп оқ атуға мүмкіндік жасады, ХҮІІІ ғ-дың екінші жартысында жеңілдетілген лафеттер мен дала артиллериясы ойлап шығарылды. Аталған қарулардың баллистикалық жақсы жақтарынның арқасында артиллерия өз әскерінің басынан асыра оқ ата алу мүмкіндігін алды.
ХІХ ғ-дың ортасында тегіс ұңғылы қару-жарақтың орнын ойықты қару басты. Бұл зеңбіректермен мылтықтардың ұрыс мүмкіндіктерн арттырды. Артиллерияда ядро орнына снарядтар қолдана бастауы ату қашықтығын ұлғайтты.
Әскерді ұйымдастыру құрылымында ірі өзгерістер болды. Олардың санының өсуі бригада, дивизия, корпусқа бөлді, бірақ тактикалық дербестікті олар тек ХІХ ғ-дың соңында алды.
Сондай себептермен тұрақты күшті әскери - теңіз флоты құрылды. ХҮІІІ ғ-даескекті қайықтың орнына артиллериямен жабдықталған желкенді қайық келді. Флот негізін салалық және фрегатты кемелер құрады. Кемелері эскадраларға біріктіріліп, бірнеше дивизиядан тұрды. ХІХ ғ-дың бірінші жартысында алғашқы бу карабльдері пайда болды (1833-1856) . Қырым соғысы оның желкенді флоттан басымдылығын көрсетті.
Үлкен, тұрақты армия мн флотты ұстап тұру мемлекет үшін қиыншылық тудырады. Сондықтан да, әсери санының жетіспеушілігін жоғары әскери машықмен жабуға тырысты. Командалық құрамға деген талап шұғыл өсті және оның дайындығы үшін әскери мектептер мен академиялар енгізіле бастады. Барлық армияда жауынгерлік, ату және басқа арнайы жарғылар пайда бола бастады.
ХІХ-ХХ ғғ. аралығында әскери істе маңызды өзгерістер болды. Армияның саны шұғыл өсті- соғыс кезінде халық санының 10-20% -ы (ХІХ ғасырмен салыстырғанда 3-5 есе көп) жұмылдырылды. Тарихта тұңғыш рет көп миллиондық армия пайда болды. Майдан мен тыл арасында өзара байланыс орнады.
Күшті әскер техникасы, механикалық құралдарымен, көлік және байланыс пен жабдықталған көп миллиондық армияны қолдану әскерлерге орасан күш пен қиратқыш күш берді. Ұрыс қимылдары мыңдаған шақырым майдандарға және үлкен тереңдікке қанат жая бастады.
Әскери өнер-әскери ғылымның маңызды саласы. Ол соғыс пайда болуымен туылған өндіріс тәсілдеріне байланысты және соғыс жүргізудің әдістері мен түрлерін зерделеумен айналысады.
Әскери өнер-тұтастай алғанда, соғыс жүргізу мен дайындалудың теориясы мен практикасы. Бұл жеңіске жету үшін күш пен құралдарды пайдаланудың әскери шеберлілігі.
Ежелгі Шығыс мемлекеттері арасындағы соғыстар жаулап алу сипатында болды. Жорық табысты болу үшін қарсыласты зерделеу, әскерді дайындау, әрекет ету мен соққыны бағыттауды дұрыс анықтау қажет болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz