Медицинада тін жасушаларын қолдану


Жоспар.
Кіріспе
а ) Медицинада тін жасушаларын қолдану
Негізгі бөлім
а) Діңгектік жасушалармен емдеудің тарихы.
б) Биоэтикалық мәселелер.
Қорытынды
Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Клетка өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп клеткалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р. Гук (1635 - 1703) енгізген. Тіршілікті Клетка тұрғысынан зерттеу - қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Клетканың диаметрі 0, 1 - 0, 25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Клеткасының диаметрі 10 - 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде - 2×1012 Клетка, ал ересек адамның организмінде - 1014 Клетка болса, организмнің кейбір тіндерінде Клетка саны өмір бойына тұрақты болады. Клетканың тірі заты - протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері - цитоплазма және ядродан тұрады. Клетка ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды - рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды. Рибосома Клеткадағы белоктың түзілуін қамтамасыз етеді, белок синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 - 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің Клеткасында кездеседі. Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан Клетка бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (белоктар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия - Клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0, 2 - 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Клеткадағы негізгі энергия тасушы зат - аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т. б. тыныс алу процесін Клетка мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды. Ядро - организмдегі белоктық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін клетканың негізгі бөлігі. Эндоплазмалық тор - цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әр түрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады. Гольджи кешені - бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 - 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Клетка лизосомаларының түзілуіне қатысады. Лизосома - қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0, 2 - 0, 8 мкм. Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Клетка ішіндегі ас қорытуға және Клетка құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады. Клеткалық мембрана - Клетка цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Клетка қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Клетка органоиды. Оның қалыңдығы 7 - 10 нм. Негізінен Клетка мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Клетканың қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Клетканың жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Клеткасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Клеткасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Клеткасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік Клеткасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін - екіншілік Клетка қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Клетканың целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат - лигнинді сіңіріп, қатаяды да Клетка қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Клеткасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер - хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар
«2010 жылы 1 шілдеде Елбасының жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Ұлттық ғылыми медициналық орталықта жасуша технологиялар, оларды медицинада қолдану және «FDA» (АҚШ) сертификаттаған «Дің жасушаларының мастер қоры» зертханасын ашу саласындағы қазақстандық-америкалық жобаның тұсаукесері болған еді. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында бізде осылайша көптеген елдерде тәуекел бағытында саналатын жасуша технологияларын қолданудың қаржылық және технологиялық мүмкіндігі пайда болды. Көптеген елдерде түрлі себептерге орай, ондай мүмкіндіктерге ресми рүұқсаттар берілмей келеді, ал Қазақстанда бұны сынақтан өткізуден бөлек, осы бағытта емдеуге де рұқсат алынып отыр», - деді жиын барысында «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басшысы Абай Байгенжин.
Елбасының көрегенділігі арқасында сонау 2003 жылдан бастап ҰҒМО аясында дің жасушаларының (стволдық клеткалар) алғашқы клиникалық сынақтары жасала бастады. Осы уақыт аралығында қазақстандық мамандар аса ауыр саналатын ауру түрлеріне бір-бірінен бөлек әртүрлі 7 бағыт бойынша зерттеулер жасады. «Расында, бұған дейін ресми медицина игере алмай келген бағытта жұмыстар өрбіді. Мәселен, бұл бауыр ауруымен, екі типтегі қант диабеті ауруларымен, сондай-ақ орталық нерв жүйесімен байланысты, созылмалы бүйрек аурулары, буын ауруларына қатысты болатын. Бүгінгі күні біз бұл қызметтің ауқымын кеңейтіп, жүрек-қан айналымы ауруларын, иммунды ауруларды да емдеуді өолға ала бастадық. Соның арқасында біз халықаралық деңгейге шықтық. 2010 жылдан бері ресми түрде АҚШ тарапынан әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс істей бастадық. Дер уақытында қолға алған мүмкіндіктеріміздің арқасында біз дің жасушаларын қолданып емдеуге қатысты АҚШ «FDA» департаментінің рұқсатын алып отырмыз. Бұл жасуша технологиялары өзімізде және АҚШ-та ғана жасалады. Осыған дейінгі атқарылған жұмыстың арқасында 2009 жылдан бері шетелдерден көптеген пациенттерді емдеуді сәтті жүзеге асырып келгенімізді хабарлағым келеді»
Тоқтала кететін жайт, Астанада емделген шетелдік пациенттер арасында Куәйт, Араб Әмірліктері, АҚШ, Тайвань, Гонгкног, Корея, Ресей және басқа да елдерден келген азаматтар бар. Олардың барлығы науқастың аса ауыр санатына жатады. Сондай-ақ, бүгінгі күні дің жасушаларын қолданып емдеуге АҚШ пациенттерімен келісімшарттар жасалған. Оған сәйкес, емдеу ҰҒМО базасында жүзеге асады. Бұл ретте АҚШ-тың алғашқы пациенттері Астанаға емделуге 2010 жылы желтоқсан айында келген. Ал 2012 жылдың 4 тамызында клиникаға АҚШ-тан неврологиялық ауруға шалдыққан 11 пациент келді. Оларға кешенді тексеру және FDA сертификаттаған адам дің жасушаларын қолданумен ем жасалады. «Қазіргі кезде барлық пациенттерге дің жасушалары трансплантталды. Олар клиникада қаралуда, өздерін жақсы сезініп келеді»
Діңгектік жасуша дегенді көпшілігіміз күнделікті естіп жүргеніміз рас. Оны денсаулық, әсемдік, мәңгілік жастық сыйлайтын дәрі - панацея деп те атайды. Жалпы, діңгектік жасуша дегеніміз - адам тіні мен барлық мүшесіндегі жасушалардың құрылуына негіз болатын жасуша. Ол ұрық дамуының бастапқы сатысында мол болады, яғни, ұрықтың өз басы бүтіндей ажыратылмаған діңгектік жасушалардан тұрады. Нәресте өмірге келіп, одан ержете бастаған соң оның діңгектік жасушалары он есе азаяды. Ал ересек адамдардың ағзасындағы бұл жасушалар тіпті аз, көбінесе қан құрамы мен сүйек кемік майында ғана кездеседі. Бұл жасушалардың негізгі қасиеті - адамның кез келген ағзасының және тінінің жасушаларының өсіп-дамуына себеп бола алатындығында. Егер ағзаның кез келген жерінде ақау пайда болса, медициналық жолмен енгізілген діңгектік жасушалар зақымдалған жасушаны алмастырады да, оның қызметінің қалыпқа келуіне себеп болады.
«Діңгектік жасушаларды практикада қолдана бастағанымызға аз уақыт болғанымен, ғылыми зерттеулер осыдан он шақты жыл бұрын басталып кеткен. Ол зерттеудің басында тұрған профессор Жақсылық Досқалиев екенін айтып кеткеніміз орынды. Әуелі Алматыда, одан Ақтөбедегі мемлекеттік медициналық академия базасында, сәл кейінірек елордадағы Ұлттық медициналық ғылыми орталықта бұл зерттеулер жалғасын тапты. Көп шаруа атқарылды. Діңгектік жасуша дегенді материал дейтін болсақ, сол материалды алудың, сақтаудың тиімді, ғылымға негізделген жолдары ұсынылды. Бұны практикаға енгізу жолындағы Қазақстан ғалымдарының еңбектері әлемдегі көптеген белгілі ғылыми журналдарда жазылып жатыр. Оның жаңалық екенін дәлелдеу жолында жиырма шақты патент алынды. Феталдық жасушаларды дерттерді емдеу тәжірибесіне енгізуде Қазақстан ғалымдары бірінші болып жаңалық ашты деп сеніммен айта аламыз», - дейді Ұлттық ғылыми медициналық орталық бас директорының орынбасары, профессор Әлихан Досаханов.
Діңгектік жасушаны тәжірибеде қолданып, науқастарды емдеп отырған мемлекеттердің арасында Қазақстанның орны бөлек екенін айтқымыз келеді. Расында, діңгектік жасушамен түпкілікті емдеу соңғы он жылдықта пайда болды. Біздің елімізде ауруынан айығып кеткен мыңдаған адамдардың алғысы мен дәрігерлердің батыл қадамдары діңгектік жасушалармен емдеуді күннен күнге танымал әрі сенімді етуде.
Діңгектік жасушалармен емдеудің тарихы тым қысқа екен деп тұжырым жасауға болмайды. Өйткені, медицина тарихында 1922 жылы түсік тінінен жасушалар алынып, науқастарға алғашқы діңгектік жасушалар ауыстырып салынғаны (трансплантталғаны) мәлім. Сондай-ақ, 20-шы ғасырдың ортасында Адиссон ауруына ұшыраған науқастардың бауырының астына феталды жасушалар ауыстырып салынып, олар ұзақ әрі тиімді терапевтік нәтиже бергені расталған. Оған қоса өткен ғасырдың қақ ортасында, 50-ші жылдары Е. Томастың ауыр лейкемияға ұшыраған науқасқа жілік майын ауыстырып салғаны да діңгектік жасуша тарихындағы жаңалықтың бірегейі. Сондай-ақ, швед неврологтары 1985 жылы Паркинсон ауруына қарсы алғашқы жасушаларды сәтті ауыстырып салуды жариялағаны медицина тарихынан мәлім. Діңгектік жасушалармен жұмыс істеу қазіргі күнде дамыған мемлекеттерде реконструктивті нейрохирургияның арнайы бағытына айналды. 80-ші жылдардан бастап әлемнің дамыған мемлекеттерінде діңгектік жасушалардың қайталанбас құрамы мен ерекшелігін зерттеуде, оны клиникада қолдануда нақты қадамдар жасалуда. Көптеген ауруларды емдеу үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Ал біздің еліміз оны практикада қолдануды бастап та кеткені, ғалымдарымыздың үлкен энтузиазмы мақтаныш сезімін ұялатады. Өйткені, бұл көп шығын келтірмейтін әрі ота жасау сынды науқасқа біршама ауыртпалық әкелетін ем қатарында болмағандықтан, түптің түбінде клиникада кеңінен қолданыла бастайтыны күдік келтірмейді. Сондықтан емдеудің осы саласында тер төгіп жүрген дәрігер-ғалымдарымызды атап өткеніміз абзал. Олар - жасушалық технологиядағы қомақты бағдарламаның ғылыми жетекшілері профессорлар Ж. Досқалиев пен А. Байгенжин, зерттеуші профессорлар Б. Қаюпов, Ә. Жолдасбекова, А. Жүсіпова, С. Туғанбекова, Ғ. Шаймарданова, К. Қалиасқарова, М. Асқаров, медицина ғылымдарының кандидаттары Д. Жұманиязов, С. Сапарбаев, Н. Криворучко, Ә. Жұмахаева.
Медицинада діңгектік жасушаларды шыққан тегіне қарай эмбрионалды, феталды, кіндікбау қанынан және үлкен адамдардан алатын жасуша деп бөледі. Эмбрионалды діңгектік жасушаны бластоцистадан (3-8 апталық ұрық) алады. Бұл жасушаларды әртүрлі типтегі ағза жасушаларына қолдануға болады. Бүгінгі таңда әлемде эмбрионалды жасушалардың он шақты түрі алынып отыр.
Ғалымдар феталды діңгектік жасушаларды 9-20 апталық гестациядан (түсіктен) алуға болатынын айтады. Бұл жасушалардың өсу қабілеті бар әрі арнайы тіндерде жетілу мүмкіндігі жоғары екен. Сондықтан үлкен адамдарға ауыстырып салғанда бүлінген не «өлген» ағзаның орнында жетіліп, дәл сол ағзаның қызметін атқаратыны дәлелденген.
Діңгектік жасушаларды алуға болатын жолдың бірі, ол - бала туғаннан кейін жинап алынған плаценталық-кіндікбау қаны. Бұл қанның құрамында діңгектік жасушалар өте көп мөлшерде кездеседі. Оны діңгектік жасушалар криобанкісіне сақтаса, кейін бұл материалды кез келген тін мен органдарды қайта қалпына келтіру үшін пайдалануға болады, сонымен қатар түрлі ауруларды, тіпті ісік ауруларын да емдеуге болады.
Медицинада үлкен адамдардан алынатын діңгектік жасушалар «жетілмейтін» ағзалар деп есептеледі. Өйткені, ол ересек адамның әбден жетілген тінінде кездеседі де, тіпті оны өзгеге ауыстырып салғанда да сол жасуша алынған тінге салу қажет болады. Жалпы, ересек адамдардан алынатын діңгектік жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Жоғарыда айтқанымыздай, көбінесе кемік майы мен қан құрамынан алынады. Кемік майынан алынатын діңгектік жасушаны медицинада гемопоэздік жасушалар деп те атайды. Ол әр адамның құрсақтағы кезінен бастап сүйек кемігінде пайда болып, көбейеді. Олардан адам қанының барлық жасушалары: эритроциттер, лимфоциттер, миелоциттер дамиды. Гемопоэздік діңгектік жасушалар көбінесе лейкоз ауруымен ауыратын науқастарға трансплантталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz