Жалпы дін туралы түсінік


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

1-лекция

Дін туралы түсінік .

Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамдармен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.

Дін туралы арнайы ғылымды - дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық - әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos - халық, logos - ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология - (көне грек тілінде teos - құдай, logos - ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio - мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.

Дінді философиялық - әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз - оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.

Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және “діндарлық генінің” болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялықанықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақта оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.

Дін этностардың оқшаулану факторлардың бірі болып табылады және әтнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.

Діни сана күнделікті және консептуалды болып 2-ге бөлінеді:

Күнделікті - діни түсінік, дағды, қағида дәстүр.

Консептуалды - осының бәрі белгілі бір дін түсінігіне ие болады, теориялық негізінде жасалып ақиқаттылығы дәлелденеді.

Діни қызмет: ілімдік және ғұрыптық болады. Діни қызмет дегеніміз - діни ілімді жинақтап, саарлау, түсіндіру және тарату, діни идеологияны жасап, орнықтыру.

Діни бірлестіктердің мынадай түрлері бар: діни мекеме (мешіт, шіркеу, діни оқу орны т. б. ), діни секта және деноминация. Бұлардың ішінде шіркеу, мешіт т. б. бірлестіктің неғұрлым кең түрі саналады. Олардың орталықтандырылған құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі бар.

Секта (латынның “ойлау тәсілі, ілім, бағыт”деген мағынадағы сөзінен шыққан) әдетте орнықты діни ілімге оппозициялық ағым, әлеуметтік, дүниетанымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болады, тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Секталарға тән нәрсе - өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау.

Деноминация - (латынның denomen - “атын өзгерту” сөзінен) не басқа діни бірлестіктерден бөлініп шығады, не әуелгі бастан дербес қалыптасады. Сенушінің құдайдың қалауы пенделеріне рухани қайта тууна қоғам және белсенділік т. б.

Мифология рухани адамдардың өздерінің қоршаған орта туралы түсінігін тарихи, өздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер кейіпкерлер арқылы жеткізеді. Мифтер мазмұнына қарай: космологиялық (әлемнің жаралуы туралы), астраномиялық (планета, жұлдыздар туралы), теологиялық (құдайдың пайда болуы туралы), антропологиялық (адамның пайда болуы туралы), этногенездік (рулар, тайпалардың пайда болуы туралы) эсхатологиялық (ақырзаман, топан су туралы) .

Діннің түрлері:

Діндер докторинасына және сенім жағына байланысты 2-ге бөлінеді:

1) тек тәңірлік (монотейстік)

2) көп тәңірлік (политейстік)

Діндер құрылымына қарай:

  1. құрушысы бар
  2. әдет - ғұрыптарға сүйенген діндер

Діндер мазмұны мен ерекшеліктеріне қарай 3-ке бөлінеді:

  1. алғашқы
  2. ұлттық
  3. әлемдік

Алғашқы діни наным сенімдер:

  1. Анемизм - жан рухқа сенуші яғни жанның өлімсіздігі мен жанның табытқа сену (мысалы көне түріктерде әруақтарға сену)
  2. Фитишизм - жансыз заттарға сену және оларды қастерлеу. Фитишизм барлық діндерге тән құбылыс.
  3. Тотемизм - кульптерге сену, жануарлар мен өсімдіктерге, ата - баба культіне сену және тотемдік рәміздерге сену.
  4. Магия - грек тілінде сиқыр деген мағынаны береді. Алғашқы қауымдық құрылыстан бері күнімізге дейін жалғасын табуда.

2-лекция

Ежелгі Шығыс діндері.

Шығыс геог. тән қатаң табиғат шарттары адамның жұмыла қимылдауына мәжбүрлеп табиғи апатқа себепкер ретінде көп құдайға сенумен қатар табиғат апатына қарсы ұйымдастырған адамдар да құдай ретінде қабылдаған. Ежелгі Шығыс дін тарихында абыздардың ролі жоғары болып, билеуші адам құдайдың тағдырын өз қолдарында ұстап тұрды. Ежелгі сенім бойынша ел басқарушы табиғат күштері де бағынды.

Ежелгі Египет діні.

Ежелгі Египетте діннің қиыншылығы бір діннің тәулік ішінде болуы. Ежелгі Египет діні полицентризм болып табылады. Құдайлар аң және адам бейнесінде болып 2-ге бөлінеді. Сонымен қатар жекеленген хайуандарға да табынған.

Атун - Ра - Атон - күн құдайы.

Маат - әділдік құдайы

Тот (құтан) - ақыл құдайы

Бастет (мысық) - әйелдерді қолдаушы құдай

Хапи - өзен құдайы, жер ананың күйеуі

Шу - ауа құдайы

Нефмут - дымқылдық құдайы

Бұлардан бөлек адам кейпіндегі құдайлар:

Осирис - өлілер мен жер асты құдайы

Исида (Осиристің әйелі) - әйелдерді қолдаушы құдай

Гор (Осиристің баласы) - перғауындарды қолдаушы құдай

Жекеленген аңдарға табынуды, өгіз құдайы - Апис, қолтырауын құдайы - Сабектті ерекше орын алады. Дүниенің жаратылуы туралы египетте екі көзқарас бейімделген. 1-сі Хаостан күн құдайы пайда болса делінсе, 2-де әлемде сусыннан шыққан лотос гүлімен байланыстырған. Сонымен қатар әрбір қаладан шыққан құдайлар бір - бірін жарату барысында пайда болды делінген. Египеттегі діни мәтіндері жазылған кітаптар б. з. д. XXI - XVIII ғ. Сарковактар мәтіні кітабы және жаңа патшалық дәуіріндегі “өлілер” туралы кітаптарда кездеседі.

Ежелгі Қос өзен діндері

Қос өзен б. з. д. V м. ж. бұрын алғашқы қала мемлекеттер пайда болып, әр қаланы қолдайтын ерекше құдайы болуымен қатар ортақ құдайлары болған.

Ниппур қаласының құдайы - Эниль құдайы (ауа әміршісі)

Эреду қаласының құдайы - Энка (мұхит әміршісі)

Урук қаласының құдайы - Ан (аспан әміршісі)

Наниада қаласының құдайы - Ки - Нанна - (соғыс әміршісі)

Бұлардың бәрі Шумер құдайы болып табылады. Аккадтықтар осы құдайлардың атын өзгерту нәтижесінде соларға сенді. Әлем жаратылуы туралы шумер мифологиясы Энильдік оның әйелі Нин - Лиль деседі. Басқа құдайлар содан жарады деген. Шумер Аккад дінінде болашақ дінбасыларды дайындайтын жжабық мектепте текті адам алатын абыздық оқу болды. Таңертең және кешке екі мезгіл құдайға құрбандық шалынды. Вавилон, Шумер Аккад діндерінің ерекшелігі аспан денесіне қарап пал ашу ьолып аспанды бақылайтын арнайы мұнаралары зигкураттар салынды.

3-лекция

Ежелгі Грек және Рим діндері

Крит мекені кезеңі б. з. д. III - II м. ж. аралығын қамтып басқару орталығы өмір толығымен сарайлармен байланысты болды. Дін теократиялық түрде болды. Қос қабатты Кнос сарайының көптеген бөліктерінің бірнешеуінде арнайы құдайларға арналған құрбандықө шалатын орындар болды. Сарай қабырғаларындағы түрлі түсті суреттерде өгіз бейнесінің көп болуы және аңыз бойыншы (Текей туралы аңыз) алғашқы патшасы Минос, мифтерде байқалғандай Криттер алғашында өгізге табынғандығы белгілі. Кнос сарайында басты роль атқаратын абыздар.

Құдайлар құрметіне гректердің жасаған құрметі полистік жүйенің қалыптаса бастаған кезеңіне сай келеді. Пелопонес соғысының шығуымен гректердің құдайларға көзқарастары өзгеріп олардың әлсіз екенін барлық тағдырға байланысты екендігіне көз жеткізді.

Этрускілерде пал ашуға ерекше маңызға ие болған. Жануарлар мен ұшқан құстың және табиғаттың кейбір ерекшеліктеріне қарап болашақты болжады. Римдегі патшалықтың кезінде бұл палшыларға ерекше ат бере бастады.

Авгур - құстардың ұшуына қарап пал ашады

Гаруспик - жануалардың ішкі құрылысына қарай ашады

Фламиндер - жекеленген құдай культтеріне қызмет көрсететін

Фетсиандар -халықаралық құқтың дұрыс қолдануын қорғайтын абыздар.

Грециядағы сияқты Римде де абыздар ерекше каста болмай тек міндеткерлік яғни шенеуліктік қызметтегі принципте болды. Республикалық кезеңде б. з. д. III ғ. бастап Рим дініне Грек сенімдері ықпал ете бастады. Негізгі өздеріне тән құдайы - Ямус, екі бетті құдай. Империялық кезең басталуымен Римде императорлар өздерін де мәжбүрледі. Барлық құдайлардың ғибадатханасы дайын атқа ие Римнің бас храмы - пантион болып, Римдіктер өздерін ерекше етіп жаратқанына сеніп, өз қалаларын қасиетті деген атаумен қосты. Римдіктердің күнтізбесінде құдайларға арналған мейрам мейрам - Ферна деп аталған.

Ақпан -Парситали - ата баба әруақтарына

Көмек-Мамыр - Флорали - гүл құдайы

Желтоқсан - Сатурнали

Наурыз - Марс, Қыркүйек - Юнона мен Минерва

ГРЕК ҚҰДАЙЛАРЫ: ЭТРУСКІ ҚҰДАЙЛАРЫ: РИМ ҚҰДАЙЛАРЫ:

Зевс - найзағай Юпитер

Гера - аспан Тин Юнон

Аид - өлілер Веханс Плутон

Посейдон - теңіз Нефуис Нептун

Афина - даналық Минерва

Артемида - аңшылық Диана

Гелиос - күн

Гермес - хабаршылық, сауда Меркурий

Гефест - терімшілік, ұсталық Вулкан

Апаллон - қол өнер

Дионис - шарап

Деметра - табиғат Церера

Арест - соғыс Мариос Марс

Афродита - махаббат Венера

Геракл - жарты құдай

Нимфалар мен сатирлер - орман

Патша - билеуші (Македонский қосты)

4 - лекция

Зараостризм

Заратуштра өмірі туралы бірнеше кері ағар пікір бар. Кей мәліметтерде оны б. з. д. 1500 - 1200 жылдар аралығында өмір сүрді десе, кей деректерде б. з. д. VI ғ. өмір сүрді деседі. Анық нәрсе ол оның бүгінгі таңдағы Иран территориясында туылғандығы. Аңыз бойынша Спитамон деп ата - анасы деп атқойған. Ол 20 жасқа толған соң бұл өмірден бас кешіп аскеттік жолмен 10 жыл жеке өмір сүріп, өз дінін қалыптастырады. Оның пікірінше қайырымдылық құдайы Ахура Мазда болып, отқа табынған. Бұл өмірдің жақсылықпен айдынның, зұлымдық пен қараңғылықтың күресінен тұрады деген. Қасиетті кітабы - Авеста болып табылады. Ең көне тараулары б. з. д. XIII ғ. жатады. Авеста бойынша әлемде алғашқы адамзат билеп оны ангра маймыл құдайы өлтірген соң күрес болады деп есептеген. Адамзаттың өлімінен әлем отқа оралып қайта жаралды. Ахура Мазда зұлымдық құдайы Ангра маймылға қарсы шығып екеуінің арасындағы күрес мыңдаған жылға созылады. Ахура Мазда Фраваши деп аталатын Заратуштраның рухын жасап, оны ғұмыр бәйтерегі Хаома өзеніне орналасады. Ахура Мазда бір өгіз бен адам жаратты. Зұлымдық құдайы өгіз бен адамды өлтірді. Бірақ екеуінің ішінен көптеген адам шықты. Келесі мың жылдықта Ахура Мазда Заратуштраға адам бейнесін берді. Заратуштра жаңа дін арқылы адамдарды ізігілікпен жақсылыққа бастайтынөз насихатын жүргізді. Ал адамзатқа еркіндік берді. Әлемнің даму циклі аяқталғанда Заратуштра жер бетіне құтқарушы кейпінде орналасады. Әлемнің соңында өлген адамның жаны Ахура Мазда құдайы алдында есеп береді. Олар жаза көпіріне барып, өмірдегі жақсылығы мен жамандығына қарай жазалайды. Зараостризм дініде өкптеген діни мейрамдар болып, күнімізге жеткені түркі халқы арасында өткізетін Наурыз мейрамы. Арнайы храмдар - Зигхурат. Заратуштра алғашқы кезде дінінің гимін айтып, Иран территориясында жақтастар таба алмағандықтан, Бактрия мен Сагдияна территориясына өтіп кетеді. Бактрия билеушісі б. з. д. VI ғ. Заратуштраны бас кеңесші етіп алды. Парсы билеушісі Кир Бактрияны жаулап алған соң өз ықпалын кеңейту мақсатында бұл дінді қабылдап, бұл дінді мемлекеттік дін дәрежесіне көтереді. Бұл діннің ықпалында да орта Азия халықтары да қалды. Зараостризмнің ізі буддизм, християндық, мұсылмандардың ішінде де бар, сонымен қатар үндістан территориясында да бар.

5- лекция

Буддизм.

Буддизм б. з. д. I м. ж. орта шенінде Үндістанда пайда болған дүние жүзіндегі 3 діннің бірі. Будда буддизмде барынша әбден жетілген және басқаларға діни жолмен күнәдан көрсете алатын адам. Б. з. д. VII - VI немесе VI - V ғ. Ганга өңірінің орталық бөлігінде өмір сүрді делінеді. Осы діннің негізін салушы деп жорамалданатын Сиддхартху Гаутаму Шакья - Муниді Будда атымен атайды. Буддизм Оңтүстік Шығыс және Орта Азия, сондай - ақ Қиыр Шығыс елдеріне де тарады. Буддизм өмір өзінің барлық көрінісінде тек жамандық, барлық тіршілік иесіне қайғы - қасірет әкелуші деп үйретеді. Жамандық пен қасіреттің себебі - адамның сезімдік әлемде қайта туған (сансара) барлық адамдық сезімге бөлінуге, құмарлыққа қалауын орындауға құштар болуы.

Буддизмде адамдар қоғамдық кастаға бөлінді:

Брахмандар : оларды құдай аузынан жаратқан деген ұғымда болды. Сол себептен олардың ішінен қазылар, оқытушылар шығады. Ол ең жоғарғы каста билік те солардың қолында.

Каштр : оларды құдай екі білегінен жаратқан деген ұғым да болды. Олар білім алады, тәрбиеленеді, соғыстың кезінде, қорғану кезінде қару - жарақтар алып жүреді. Бұл бүкіл елді осы екі каста билеп алды деген ұғымның дәлелдемесі.

Виш : оларды құдай соңынан жаратты деген ұғымда, олар сондықтан да ең қиын қара жұмыстарды жасайды, егін егеді, саудамен айналысады, мал бағады. Сонымен қатар олар діни оқу орындарына қаражат бөледі.

Шудр : оларды құдай аяғынан жаратқан. Олар түпкілікті зәңгерлер, олар жоғарғы үш кастаға қызмет етеді. Бұлардың кәсіптері ең лас, қара жұмыстар.

Олардың тәртіптері қатаң болды:

  • төменгі кастадағы адам жоғарғы кастадағы үйленуге тыйым салынды.
  • Ер адам өз кастасынан төменгі кастадан үйленуге болады, бірақ төртінші каста шудрдан емес.
  • Брахмандарды құдайдың таңдаулы адамы дейді
  • Патша қандай жағдай болмасын брахмандардан салық алмайды.
  • Брахмандарға өлім жазасын берсе де, оның тек шашын сыпырып алып тастайды, ал басқа кастадан болса, ол үкім орындалады.
  • 10 жастағы брахман 100 жастағы шудрденартық болды
  • Шудрлер бұралқылар, хайуанаттан да төмен, иттен де күні қараң, қорлықтағы адамдар
  • Шудрлердің бірі брахманға қолын созып, таяқ көтеріп қалса немесе жай брахманды ұстамақ болса, онда оның қолы кесіледі, ал тепсе аяғы сындырылады. Шудрлердің бірі брахманды үйретумен де әрекет жасаса, оған қайнап тұрған зәйтүн майын ішкізу жазасы беріледі.

6 6- лекция

Даосизм

Ежелгі Қытайдағы Конфуцияндықпен бірге пайда болған бұл діннің құрушысы Лао - Цзы. Қытай данышпаны Лао - Цзы дінін құрған кезде Қытай ішкі соғыстармен қажыған болатын. Діннің философиялық жағы өте басым болып, құрушысы туралы мағлұматтар аз. Негізгі кітабы “Дао - дэ - цзин”. Дао - жол дегенді білдіреді. Адамдарда пассивті түрде өмір сүруге итермелейтін бұл дін өмірдің ағысымен қарсы шықпай бас иуді насихаттайды. Сенім негізі бойынша Дао табиғат заттық тұрғысынан да қарасты болады. Адам жерге тәуелді, жер аспанға, аспан Даоға, Дао өзіне тәуелді болды. Дао ироглифі құдай ұғымына жуық әлдене ретінде қабылдауға байланысты. Бірақ ол мифологиялық құдайдың ешқайсысына ұқсамайды. Мейлінше тылсым. Адамдарға мәлімі Дао, өзгесі беймәлім.

Дао сенімі бойынша жанды заттарға зиян келтірмеу негізгі принціптерінің бірі болып саналады. Сол үшін де бұл дінде адамдар тек өсімдіктермен ғана қоректенеді. Мәңгілік өмір нәрін іздестіріп, медицина саласында көптеген дәрі дәрмек ойлап тапты. Алғашқы тамақтану жүйесін құрып, аш қалуды насихаттады. Дао билікпен ісі жоқ болып, әміршілер туралы категориялар қалыптасқан. Өзін мақтаған әмірші жұртты қорқытып ұстайтын әмірші, көп заң шығарушы әмірші, жаман әмірші деп халықтың жағдайын түсінген тек олардың күн көрісін ойлаған әмірші жақсы әмірші деп атады. Дао діні байқағанымыздай салтпен ешбір байланысы жоқ, діни философиялық өте мықты дамыған адамдарды пассифті түрде өмір сүруге уағыздайтын дін болып табылады. Қоғамдағы спорттың түрі ушу дао дінінің негізінде құрылған. Бұл спорттық түрдің өзі пассифті түрде адамдардың денмсаулығына пайдалы гимнастикамен ғана шектеледі.

Ежелгі дүние мен орта ғасырда дао манастырлары тек діни орталық болып қана қоймай, сонымен қатар ірі медициналық орта болып табылды. Қызыл рамияның жеңісімен Қытайда соңғы қоғамның орнауымен дао храмдары жабылып монахтары қуғындалды. Тек соңғы кезеңде ғана діндеріне қайта рұқсат беріліп, қайта жанданылды.

7-лекция.

Конфуция .

Конфуциция б. з. д. VI ғ. соңында өмір сүрген. Негізін қалаушы - Конфуций болып табылады. Қытайда конфуциялизмнің айтарлықтай маңызы зор. Конфуцизм көбіне саясат пен ақылақ мәселесіне қатысты көптеген кітаптар жазылған. Бұл діннің негізгі кітабы - Кинг және Шунг болып табылады. Отбасы мүшелері және жақындары, көршілер және достар арасындағы қатынастарды реттейтін бір қатар негіздерден тұрады. Сенім және ғибадат негізі жоқ. Дінде көк пен рухта маңызды рөл атқарады. Конфуцизмнің негізі туралық, әділдік және сүйіспеншілік болып табылады. Конфуцизм ілімі ата - бабаларды, олардың өмір сүру жолын қастерлеуді уағыздайды. Оның негізінде бүкіл адамзат тағдыры аспанда күні ілгері жазып сызылып қойылған, адамның қатынасында ешнәрсені өзгерту мүмкін емес. Әрбір Қытайлық өз өміріндегі елеулі қадам туралы ата - бабаларды хабардар етуді, солардың рұхсатын алуды парыз санаған. Конфуцизм үшін ең ауыры өмірден ұрпақсыз өту болған. Өйткені ұрпақсыз өткен адамның соңынан оны еске алып, есімін қошеметтейтін ешкім болмайды деп есептеген. Қытай өркениеті қашанда болмасын ұйымшыл, халықтық салтқа деген дәстүрімен күшті. Оған мысал, қытай жерін жаулап алған ғұндар, моңғолдар, маньчжурлар да конфуция дәстүрін ығыстыра алмай, қайта өздері оны қабылдауға мәжбүр болды. Мұның өзі қытай мәдениетінің, конфуция ықпалының мызғымас жалпылама деген сенімділікті нығайтты. Расында, конфуция ерте заманнан келе жатқан дүниетанымның, діннің, саясаттың көне де, құдіретті түрі деуге толық негіз.

8-лекция.

Синтоизм

Қазіргі таңдағы Жапонияда Буддизмммен қатар Синтоизм үстемдік етуде. Синто діні рулық құдайларға негізделген дін болып, синто сөзі - құдайлар жолы деген мағына береді. Бұл дін жапониялықтардың ұлттық діні болып саналады. Синтоизм дінінің мифтік кезеңі ерте орте ғасырлардағы VII-VIII ғ. жапон жазбалары. Кодзики мен Нихонги де кездеседі. Діни мифология бойынша жапон халқы Удзгами атты рулық құдайлардан таралған деп сеніп, “Удзу” - ру, “Ками” - құдайлар деген тіркестен құралған. Құдайлар аспан мен жерден жаратылып, Ками құдай аты әрі ру болып саналады. Қол жазбаларда 8 млн-ға жуық құдай аты аталып ең соңғы Камилер Удзанаги мен Удзгами болып, 1-шісі жаратушы құдай, 2 - шісі оның жұбайы. удзанаги жұбайымен аспандағы көпірде тұрып өзінің найзасымен жапон аралдарын жаратты. өзінің сол көзімен күн құдайы Аматерасуды жаратты. Құдай ана Аматерасу жапонның қорғаушы қолдаушы құдай ретінде және де күріш алқаптарын қоағаушысы ретінде ерекше бағаланды. Борын құдайы Сусанномен (Аматерасудың күйеуі) бірінші жұп құдайдан кейін келеді. Күйеуі әйелін тыңдамағандықтан Аматерасу оны жерге жіберіп жібереді. осылайша Сусанно жердегі алғашқы император әулиетін құрды. 1-сі миф бойынша Дзимутенно болып саналады. Космогомиялық мифологияны жапон абыздары Кодзиги мен Нихонгиге жазды. Бұл жерде Идзанагидің қалайша бүкіл құдайларды жаратқандаға туралы мәліметтер береді. Синтоизмнің сенім негізі бойынша ерекше құрмет көретін құдай ана - Аматерасу болып, сонымен қатар оны мен бірге 3 қасиетті зат солармен бірге құрметтеледі:

  1. Айна - шындықтың символы
  2. Қылыш - ақылгөй символы
  3. Яшма (тас аты) - бірлесе жапа шегу
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаманизм
Дәстүрлі діни түсінік
Абай Құнанбаевтың философиясы, дін туралы ойлары
Діннің шығуы
Ежелгі түркілердің наным-сенім түсініктері
Діннің шығуы және алғашқы түрлері
Діни сана
Философия және дүниетаным жайлы
АЛҒАШҚЫ ДІНИ НАНЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ
Діннің жастар психологиясына әсері жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz