Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан ... ... ... ..4
3. Бесшатыр қорымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
4. Есік обасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
5. Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... ..14
6. Тасмола мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
7. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
8. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде дамыған өркениетін қалыптастырды, адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Сақ тайпаларының тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері – қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Сақ қорымдарының шоғыры Сырдария, Іле, Талас, Шу, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын өзендерінің аңғарларынан, Кеген мен Нарынқол алқаптарынан табылған. Археологтардың зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді.
Темір дәуірінің кезіндегі ру-тайпалардан қалған басты ескерткіштердің бір түрі - бүкіл Қазақстанның барлық жерінде кездесетін төбе болып жатқан обалар. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғасырлар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік, Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал.
1. Ақышев К.А., Байпақов К.М. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. – I том. – Алматы «Атамұра», 2010.
2. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. – Алматы «Білім», 2004.
3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. – Алматыкітап, 2007.
4. Сәйден Жолдасбайұлы. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. – Алматы «Ана тілі», 1995.
5. Ақышев А.К., Асылбеков М.Х., Байпақов К.М. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк). – Алматы «Дәуір» баспасы, 1994.
6. Қожабекұлы Б.А. Тарихи таным: Ежелгі халықтар, тайпалар, рулар, жер жұтқан қалалар. – Алма-Ата,1987.
7. Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. – Алматы, 1994.
8. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. – Алматы, 1995.
9. Маданов Х. Қазақ халқының арғы – бергі тарихы. – Алматы, 1995.
10. Қани М. Қазақтың көне тарихы. – Алматы,1993.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2. Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан ... ... ... ..4
3. Бесшатыр қорымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
4. Есік обасы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
5. Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... 14
6. Тасмола мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
7. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
8. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Кіріспе
Сақ мәдениеті -- ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде дамыған өркениетін қалыптастырды, адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Сақ тайпаларының тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері - қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Сақ қорымдарының шоғыры Сырдария, Іле, Талас, Шу, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын өзендерінің аңғарларынан, Кеген мен Нарынқол алқаптарынан табылған. Археологтардың зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді.
Темір дәуірінің кезіндегі ру-тайпалардан қалған басты ескерткіштердің бір түрі - бүкіл Қазақстанның барлық жерінде кездесетін төбе болып жатқан обалар. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 -- 3 ғасырлар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік, Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.
Б. з. б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан - болжамдар бойынша тиграхауда-сақтарға баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен басқа да аңғарларда көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген төмпешіктері бар үлкен молалы жер болып табылады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар әр түрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында қалыптасқан. Биіктігі 20 метрге дейін жететін патша обалары дейтіндердің көп жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық ландшафт А.Н.Бернштамды патша сақтары мен усундер нақ Жетісуды мекендеген деген қорытындыға келтірген.
Бесшатыр қорымы
Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында, Шылбыр қойнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршықтас және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге, олардың биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетіп ауытқып отырады; орташаларында тиісінше - 25 - 38 м және 5 - 6 м; кішілерінде - 6 - 18 м және 0,8 - 2 м.
Сирек кездесетіндері болмаса, қазылған обалар бұрындары тоналып кеткен болып шықты. Дегенмен де Бесшатыр обалары мерзімін белгілеуге болатын тамаша материал (қанжарлар, жебелердің ұштары) ғана емес, сонымен қатар қабір үстіне орнатылған іргелі құрылымдардың ерекше бағалы, жаға үлгілерін де берді. Диаметрі 104 м, биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Үйінді төбесі қиық конус тәрізді, жалпақ төбесінің диаметрі 32 м. Обаның тас жамылғысы табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген, бұл - орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді. Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жақтарында төменге қарай түсетін ордың (ені 2 м) ізі байқалады. Үйіндінің айналасынан 5 - 7 метр қашықтықтан тас дуал өтеді (ені 2 м және сақталып қалған биіктігі 50 - 60 см). Үйіндімен қатар бір басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қойтастардан қоршау түрінде тұрғызылған дөңгелек құрылыстар салынған. Үлкен обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған тас бағандарға қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашап салынған. Обаның солтүстік-шығыс жағында тағы да осындай жеті қоршау бар, олар оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Олардың жанынан қыш ыдыстардың көптеген сынықтары табылды, қыш қазандардың тұтқалары кездеседі. Қазылған қоршаулардың көпшілігінде тайыз жерден күл-ыс дақтары табылды, екеуінен сүйек қалдықтары, керамиканың сынықтары мен моншақтар шықты. Сірә, қоршаулар табыну мақсатына арналып, отқа табынуға және құрбан шалу ғұрпына байланысты болуы ықтимал.
Бесшатырда үш үлкен оба: Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары, орташа үш оба мен барлық ұсақ обалар қазылды. Бірінші Бесшатыр обасының диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м, оңтүстік жағынан - 8,93 м. Оба таспен жабылған. Үйіндінің түп жағына тас неғұрлым тығыз қаланған, обаның төбесі жалпақ. Үйінді үш қабат. Ең үлкені - екінші қабаты, ол қалыңдығы 8,5 метрден 13 метрге дейін жететін топырақ пен қиыршақтастан тұрады. Төменгі қабатының астында Тянь-Шань шыршасының өңделген тұтас бөренелерінен салынған үлкен ағаш құрылыс табылды. Сағана үйілген топырақ астына жерленген адамның үстіне тұрғызылғын, бұл түгелдей жер бетіндегі құрылыс.
Бесшатыр сағанасы сол кезде ағаштан салынған күрделі құрылыс болып табылады, ол бірнеше бөліктен тұрады, олар: дәліз (дромос), қабірдің алдыңғы кірер аузы және жерлеу бөлмесі. Сағананың барлық бөренелері жақсы өңделген: бұтақтары мен бұдырлары тегістеліп шабылып, қабығы аршылған. Бөлменің қабырғасын құрайтын бөренелер мұқият тегістеліп, бір- біріне тығыз қиюластырылған; бүкіл құрылысты мейлінше тұрақты ету үшін бөренелердің жуан жұмыр басы қарама-қарсы айқастырып салынған. Бұрыштарында бөренелер бір-біріне тек түйісіп қана тұрады және өзара бекітілмеген, сондықтан Бесшатыр құрылысы дағдылы түсініктегі қима емес.
Бөренелерде қашау мен пышақ іздері жақсы сақталған - олардың екі шеті мен ортасында кертік бар. Жерлеу бөлмесінің бөренелерден тұратын жалпақ төбесі шиден есілген арқандармен буылған қамыс төсеніш қабатымен жабылған. Сірә, жерлеу ғұрпынан кейін бөлмеге апаратын есікке ірі тастар қаланып, дәліз бекітіліп тасталған болуы ықтимал. Осыдан кейін ғана жерлеу құрылысының үстіне тас пен қиыршақтас аралас зор үйінді үйілген. Үлкен обалар тобының ең оңтүстігіндегі Алтыншы обадағы құрылыс та осындай. Оның үйіндісі таспен жабылған. Обаның диаметрі - 52 м, биіктігі - 8 м. Үйіндінің астында, ертедегі жер беті деңгейінен шамамен 2 м тереңдікте жерасты жолдарының жүйесі болған. Олар жерден қазылған және орталық бағыттағы есік пен бүйірдегі тарамдардан тұрады, негізгі жолдан түрлі бағыттарға бүйірге қарай жеті тармақ кетеді, олардың батыс жақтағы екеуі жарым-жартылай топырақпен, ал солтүстік-шығыс жақтағы біреуі ірі тастармен толтырылған. Жолдардың күмбезі жарты шеңбер тәрізді, жерасты жолдарының биіктігі 1,1 метрден 1,68 метрге дейін, ені 75 - 80 см. Қабырғалардың көптеген жерлерінде кішкене ойықтар жасалған, олардың айналасындағы ыс іздері оларда жер астында жұмыс істеген жер қазушыларға жарық беретін май шырағдандар тұрғанын дәлелдейді, бүйірдегі тарамдардан жануарлардың сүйектері - құрбандық шалудың қалдығы табылды. Бүйірдегі тармақтарымен қоса алғанда негізгі жолдың жалпы ұзындығы - 55 м.
14-обаны қазған кезде жерлеу құрылымының жаңа үлгісі ашылды. Обаның жерлеу құрылысының негізі - ұсақ қиыршықтастар араластырылып топырақтан тұрғызылған қабырғалар. Қабырғалар бөренелермен үш қатар етіп жабылған, бөренелердің төменгі екі қатары Тянь-Шань шыршасынан, ал жоғарғы қатары жиде бөренелер. Бөренемен жабылған төбесінде тас пен бұтадан және сексеуілдің шырпысынан он алты қатар етіп күмбез тәрізді жаппа жасалған. Мазардың негізі төртбұрышты, ал төбесы дөңгелек күмбез сияқты болған.
Қабірдің шығыс жағында есігі болып, есіктің екі жағында жерге тігінен көмілген қос-қостан екі бағана тұрған. Қос бағаналар бір-бірімен қазықтармен бекітілген, мейлінше берік болу үшін бөренелер шиден өрілген жуан арқандармен байланып тасталған. Кірер ауыздың төбесін бөренелердің үстінен ши арқандармен буылған екі қабат төсенішпен жапқан. Қабірдің лақатына кірер жердің жанына жуан бөрененің кесіндісі қойылған. Лақаттың еденінде адамның шашыраған сүйектері жатыр.
Бесшатырдың хронологиясы кіші обалардың бірінен табылған заттар бойынша айқындалады. Оның үйіндісі астындағы ұзын жағы батыстан шығысқа қаратылған үлкен қабір шұңқырында (көлемі 3,50 де 2 м) жерленген екі адамның қаңқалары жатты. Сүйектер бірінің жанында бірі шалқасынан созылып, бастары батысқа қаратып қойылған. Жерленгендердің әрқайсысының жанына оң жағынан қысқа семсер-ақинақтар қойылған, ал сол (қорамсақтарда барлығы 50 қысқа сапты және ұңғылы жебе ұштарының он екі түрі бар). Қанжарлардың сабы көбелек тәрізді, ұшы бүлінген. Солтүстік жақтағы сүйектің сол жағында темір умбон жатыр, тағы бір жатқан нәрсе, сірә, кішкене ағаш қалқанның қалдығы болуы мүмкін, бел тұсында темір тоға жатты. Сүйектердің арасынан төрт ақық моншақ және біріне-бірі дәнекерленіп жапсырылған іші қуыс алтын түйіршіктерден жасалған екі моншақ табылды. Материалдар жиынтығына талдау жасау жалпы алғанда Бесшатырды б. з. б. V - IV ғғ. деп белгілеуге мүмкіндік береді.
Бесшатыр қорымының көлемі 2 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Алайда Бесшатыр обаларымен байланысты ескерткіштердің таралған жері қорымның өз ауқымынан әлдеқайда кең. Мәселен, қорымның солтүстік-шығыс жағындағы 5 шақырым жердегі төбеде алты қоршау орналасқан, олар келбеті мен салынуы жағынан Бесшатыр обаларына ұқсас. Обалардың батыс жағында үш шақырым жерде нақ осындай төрт қоршау бар. Одан да әріректе, батыс жағындағы 10 шақырым жерде де осындай, оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан 45 қоршау бар.
Қорымның төңірегіндегі бұл құрылыстардың орналасуы, олардың сыртқы түрі,құрылымдары мен көлемінің бірдейлігі оларды Бесшатыр қабірлерімен бір мезгілде салынған және олармен байланысты деп санауға негіз береді. Менгирлерден қорымдар төңірегіне қарай ашық салынған қоршаулар - Бесшатыр обаларына байланыссыз, қайта негізгі объектіні толықтыратын сияқты.Бесшатыр қорымының барлық обаларына - үлкендері мен орташаларына да, кішілеріне де біркелкілік тән, олар тастар мен ірі қиыршықтастардан үйілген, төбесі жалпақ (трапеция тәрізді), етегіне тас тығыз қиюластырылып қаланған болып келеді. Үлкен обалар құрылымының ерекшелігі - үйінділер етегіндегі ордың терең болуы, обалардың астына кіретін жер осы орлардан басталған. Тегінде, жерлеу және обаны тұрғызу жоралғылары жасалғаннан кейін жер астына кіретін есік бата қылу, құлшылық ету және құрбан шалу үшін белгілі бір уақытқа ашық қалдырылып, сонан соң обаның кірер ауыз үстіндегі топырағының бір бөлігі құлап басып қалған болса керек.
Сәулет өнерінің ескерткіші ретінде Бесшатырдың әрбір үлкен обасы құрылыстың екі түрінен: сыртқы және ішкі түрлерінен тұрады. Сыртқы құрылыс - тығыз қаланған тастардан, тас дуалдардан және үйінділер төңірегіндегі менгирлер мен қойтастар тізбегінен тұратын үйдің үстіңгі қабатында орнатылған сияқты жалпақ тебелі үшкіл үйінді. Үйінді архитектурасында жер астына түсетін ор және ішкі құрылыстары - ағаш қабір мен қуыстар маңызды ескерткіштер болып табылады.
Мұның бәрі сақ тайпаларында Бесшатырдағы ғұрыптық құрылыстар салынғанға дейін-ақ архитектуралық-құрылыс тәсілдері мен түрлері: төрт бұрышты және дөңгелек етіп жоспарлау, тас қалау әдісі, ағаш өңдеу дағдылары мен ағаштан құрылыс салу, құрылыс кезінде ағашты, қамысты, тасты шеберлікпен ұштастыра пайдалана білудің ертеде-ақ орныққанын дәлелдейді. Сірә, мұндай құрылыс тәжірибесі ғұрыптық ескерткіштерді салу нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер мен қора-қопсылар салу кезінде де жинақталған болса керек.
Бесшатырдың ғұрыптық құрылыстары тайпаларының көсемдерін мәңгі есте қалдыруға тырысқанын көрсетеді. Құрылыс салғанда оларды бүлінбейтіндей (тонамайтындай) ету ғана емес, сонымен бірге мәңгі тұратындай етіп салу мақсаты да көзделді. Сақтардың түсінігі бойынша, ескерткіш өзінің көлемі жағынан көсемнің құдіреті мен байлығына сай келіп, келер ұрпақтың бойына құрмет және қорқыныш сезімін ұялатуға тиіс болды. Бесшатыр обалары өздерінің көрнектілігімен зор әсер қалдырады. Үлкен обаны тұрғызу үшін ғана елу мың текше метрден астам топырақ, тас, қиыршықтас пайдаланылған, ал онығ үстіне қорымнан 3 шақырым жерде орналасқан ең жақын таулардан мыңға жуық тақтатастар мен қойтастар тасып әкелінген.
Оба үйінділерін стратиграфиялық зерттеу бұл үлкен қорғандардың әрқайсысы тастар мен топырақты жөн-жосықсыз текшелеу ғана емес, қайта ұүрылымы алдын ала ойластырылған сәулетті ғимарат екенін көрсетеді. Топырақтың көп қабат етіп үйілуі оба ішіндегі ағаш құрылысқа қажетті микро-климатты қалыптастырылып, ескерткіш-обаның өз сынын ұзақ уақытта сақтауына да әсер еткен.
Үйінділердің көлемі жағынан қорым обалары үлкен, орташа және кіші болып бөлінеді,үйінділердің осы үш тобына қабір құрылыстарының әр алуан түрі: үлкендері мен орташаларына - бөренелерден тұрғызылған қабір, киіз үй тәрізді бейіт, ал барлық кіші обаларға жерден қазылған шұңқыр (кейде оған салынған тас жәшік) сәйкес келеді. 4-ші обадағы киіз үй тәрізді шатырлы бейітке ешқайсысы ұқсамайды. Әзірше ол скиф-сармат мәдениетінің обаларынан табылған осы түрдегі бірден-бір құрылыс.
Бесшатыр құрылыстарын салуға қажетті бөренелер оба орналасқан орыннаншамамен 200-250 шақырым болатын Іле өзенінің арғы бетінен, Іле Алатауының сілемдерінен дайындалған. Сол жерде, ағаш кесілген, бұтақтары мен бұдырларынан тазартылып, жасалған кетпелер арқылы оларды өзенге сүйретіп апарып, салмен құрылыс салынатын жерге жеткізген. Бұл орайда қыл арқандар мен ши талшықтарынан есілген арқандар пайдаланылған.
Ағаш кесу,бөренелерді қысқарту және басқа да ауыр жұмыстар жүзі тез мұқалатын ауыр қола балталармен орындалған. Бөренелерді өңдеу сан алуан шоттар, қашаулар, үскілер, қола шапашоттармен жүргізілген болса керек.
Бесшатыр обаларын қазғандағы материалдар Жетісудың сақ тайпаларының мәдениеті туралы түсінікті байыта түседі.Олар көпжылдық тәжірибенің, жоғарыда атап өтілгеніндей, жерлеу қабірлерін салу кезінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер салу кезінде де жинақталғанын дәлелдейді. Бұдан Жетісу сақтары таза көшпелі болған жоқ, олар жылдың жылы маусымдарында ғана көшіп, суық түсісімен қыстайтын жерлеріне барған да, қысқы тұрғын үйлерінде қыстаған деген қорытынды шығады. Тұрғын үй салғанда олар ағаш, тас, қамыс, бұта сияқты жергілікті материалды пайдаланған.
Есік обасы
Алтын жауынгер Қазақстандағы Сақ мәдениетінің ең жарқын көрінісі - археологиялық ескерткіштер, қорғандар, молалар. Олардың ішінде өзінің байлығы бойынша сирегі - Алматы облысындағы орналасқан молалар, Есік қаласының шетінде, Алматы қаласынан 50 км қашықтықта орналасқан. Есік қорған-моласы скиф-сақтар кезеңіндегі ең үлкен археологиялық ескерткіштердің және 20 - ғасырдың ең ұлы ашылуларының бірі болып саналады.
Алматы облысындағы Есік қаласы шетінде Сақ қорғаны қазылған, ол барлық әлемге кең танылған. Оның астында, молада, шырша бұталарымен жабылып, ағаш еденде сақ жауынгерлерінің киім киген кейпіндегі сүйектері жатқан, олар тұтастай алтынмен қапталған (Алтын жауынгер). Оның бастарына биік үшкірұшты бас киім киілген, сонымен қатар қанатты жылқылардың бейнелерімен суреттелген, бұл күн құдайын білдіреді. Қару-жарақтары ұзын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Ежелгі Түркі тайпалар одағының құрылуы «Түркі» этнонимі
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Тамғалы петроглиф тас кешені
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Қазақстан мен Орта Азиядағы сақтардың мәдениеті
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Пәндер