Тәуекел хан туралы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
I. Тәуекел хан
1. Тәуке хан . . . 4
II. Тәуекел ханның саясаты
2. 1Тәуекел хан қазақты қалай құтқарып қалды? . . . 7
III. Қорытынды . . . 13
Әдебиеттер тізімі . . . 14
Кіріспе
Хақназар хан қайтыс болды. Онымен бірге қазақтың империялық амбициясы да өлгендей еді. Себебі, ол жаулап алған жерлер біртіндеп жау қолына қайта өтіп жатты. Мемлекеттің тәуелсіздігін, жұрттың амандығын қамтамасыз етуге тиісті сұлтандар таққа таласып, хан болуға үміттілер бірін-бірі қырып жатты. Бұл анархияға себеп - заңды мұрагердің жоқтығы емес еді. Мұрагер бар болатын. Бірақ, оның бір аяғы көрде, бір аяғы төрде еді. Ол жасы сексеннен асқан Шығай болатын. Жауыз сұлтандармен тіресе алмайтынын сезген ол, баласы Тәуекелді ертіп, Бұхара билеушісі Абдаллах ІІ-шінің қолтығына барып тығылады. Бұлардың соңынан ерткен қалың қолы бар еді. Бұл қуатты әскерді Мәуеренахр әміршісі Тәшкен билеушісі Баба сұлтанға қарсы соғысқа пайдаланды. Қазақтардан құралған армияға Тәуекел сұлтан қолбасшылық жасады. Бірнеше рет соғысып, ақыр соңында Абдаллахтың алдына Баба Сұлтанның басын әкеп береді. Бұдан кейін де, қазақ әскері Бұхардың жауларын шауып, күйретумен айналысты. Абдаллахтың кезекті бір дұшпанын талқандап, қайтып келе жатқанда Тәуекел шұғыл шешім қабылдайды. Әскерін Дешті Қыпшаққа қарай алып жүреді. Бұл дегенің, Абдаллахпен одақты үздім дегені . . . Бұхар әміршісінің бір сұмдықты ойластырып жүргенін Тәуекел түсінді. Содан ғой, қолайлы сәтті пайдаланып, Сары арқаға өтіп кеткені . . . Далаға келгенде, Тәуекелді ешкім бірден ақ киізге көтеріп, хан сайлаған жоқ. Ол замандарда Қазақияның көп бөлігі Хақназар ханның ұлдары Мұңғатай және Дінмұхаммед сұлтандардың ықпалында болатын. Олар заңды мұрагердің көзін жоюға тырысты. Бірақ, Тәңірдің дегені болады. Сыртынан атағына қанық қазақ жұрты Тәуекелді қатты жақсы көрді. Билер, датқалар Тәуекелдің жанына жинала бастады. 1590-жылдардың ортасына қарай Тәуекел бүкіл қазақ жұртының ханы ретінде таныла бастайды.
1) Тәуекел хан
Хақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж. ) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп - Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуереннахрды Тәуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды. Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды.
Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады. Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің құрамында «Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгерлері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды.
2. 1) Тәуекел хан қазақты қалай құтқарып қалды?
Хақназар хан қайтыс болды. Онымен бірге қазақтың империялық амбициясы да өлгендей еді. Себебі, ол жаулап алған жерлер біртіндеп жау қолына қайта өтіп жатты. Мемлекеттің тәуелсіздігін, жұрттың амандығын қамтамасыз етуге тиісті сұлтандар таққа таласып, хан болуға үміттілер бірін-бірі қырып жатты. Бұл анархияға себеп - заңды мұрагердің жоқтығы емес еді. Мұрагер бар болатын бірақ, оның бір аяғы көрде, бір аяғы төрде еді. Ол жасы сексеннен асқан Шығай болатын. Жауыз сұлтандармен тіресе алмайтынын сезген ол, баласы Тәуекелді ертіп, Бұхара билеушісі Абдаллах ІІ-шінің қолтығына барып тығылады. Бұлардың соңынан ерткен қалың қолы бар еді. Бұл қуатты әскерді Мәуеренахр әміршісі Тәшкен билеушісі Баба сұлтанға қарсы соғысқа пайдаланды. Қазақтардан құралған армияға Тәуекел сұлтан қолбасшылық жасады. Бірнеше рет соғысып, ақыр соңында Абдаллахтың алдына Баба Сұлтанның басын әкеп береді.Бұдан кейін де, қазақ әскері Бұхардың жауларын шауып, күйретумен айналысты. Абдаллахтың кезекті бір дұшпанын талқандап, қайтып келе жатқанда Тәуекел шұғыл шешім қабылдайды. Әскерін Дешті Қыпшаққа қарай алып жүреді. Бұл дегенің, Абдаллахпен одақты үздім дегені… Жас сұлтан неге мұндай шешімге келді? Оның екі себебі бар-тын. Өзінің қарсыластарын қазақ сұлтанының қолымен қырып-жойған Абдаллахқа ендігі уақытта Тәуекелдің де қажеті жоқ еді.
Оның үстіне, Тәуекел - Жошы ханның тұқымы. Тиісінше, бір замандарда Мәуеренахр тағына дәмеленуі де мүмкін. Осыны ойлағанда Абдаллах өзін қоярға жер таппай кететін. Содан қазақтың сұлтанынан ерте құтылудың жолын ойластырып, оны біресе Иранды шабуға, енді бірде Үндістанға жұмсап отырды. Бұхар әміршісінің бір сұмдықты ойластырып жүргенін Тәуекел түсінді. Содан ғой, қолайлы сәтті пайдаланып, Сары арқаға өтіп кеткені…
Далаға келгенде, Тәуекелді ешкім бірден ақ киізге көтеріп, хан сайлаған жоқ. Ол замандарда Қазақияның көп бөлігі Хақназар ханның ұлдары Мұңғатай және Дінмұхаммед сұлтандардың ықпалында болатын. Олар заңды мұрагердің көзін жоюға тырысты. Бірақ, Тәңірдің дегені болады. Сыртынан атағына қанық қазақ жұрты Тәуекелді қатты жақсы көрді. Билер, датқалар Тәуекелдің жанына жинала бастады. 1590-жылдардың ортасына қарай Тәуекел бүкіл қазақ жұртының ханы ретінде таныла бастайды.
«Закрытие мира по казахский» немесе Тәуекел қазақ ұлтын жоғалудан қалай сақтап қалды?
Тәуекел хандықты тоз-тозы шыққан күйде қабылдап алды. Сұлтандар өзара қырылысып, қараша халықты зәрезап қылған. Жұрты арып-ашқан. Осыларды киіндіріп, қатарға қосу бұл бірінші міндет болды. Екінші мәселе бар еді… Абдаллах ІІ-ші Тәуекелдің сытылып шығып кеткеніне қатты ашулы еді. Ол хан мен оның хандығымен бірге жоқ етіп жіберу жоспарын құра бастады. Сөйтті де, өзі бастап, Жайық пен Донның арасында көшіп жүрген Ноғай ордасына барды. Бұл жұртқа қыз бергенін, келін түсіргенін естеріне салды.
Сөйтіп, қан арқылы туыстығын бұлдап, көшпелі жұртты Қазақ хандығымен соғыста одақтас болуға көндірді. Астрахань қаласын Бұхара армиясы әл жинайтын, әскери жаттығу өткізетін Батыстағы бастионға айналдырды. Каспий теңізінде Бұхара хандығының флотилиясы ерсілі-қарсылы жүзіп жүрді. Қазақтың тағдыры пышақ жүзіне қойылды. Тәуекелдің армиясы бұрындары оңтүстік аудандарда шейбанидтармен ғана соғысса, енді батыста ноғайдың шабуылын тойтаруына тура келді. Абдаллах қазақтың оңтүстігі мен батысын қанды шеңгелге алғасын, енді шығысы мен солтүстігін де бүруге барын салды. Содан мыңға тарта саудагер мен елшілерге «мен саған көмектескенмін, енді сенің жәрдемің керек» деген хатты ұстатып, түбі ноғайлық Сібір ханы Көшімге жібереді. Не керек, қазақтың жан-жағындағы қақпалар тарс-тарс жабылып жатты. Ұлтымыз қасапхананың ортасында қалды…
2. 2) Тәуекел хан тұсындағы қазақ-орыс қатынасы
Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар белгіленген құжаттардың бастапқы тізімі Федор Ивановичтің Тәуекел ханға 1595 жылы Мәскеу патшасының қол астына қазақтарды қабылдау туралы Грамотасынан басталады. Ал, Мәскеу мемлекетінің тарапынан мұндай позицияны қалай түсінуге болады? 1595 жылы орыс патшалығы қазақ ханы Тәуекелді қол астына кіргізу идеясы қайдан пайда болған? Орыс-қазақ қатынастарын зерттеген тарихшылар осындай шетін мәселені қозғамай және бұл міндетті болуы тиіс құбылыс ретінде қарастырған.
Бұл қандай да заңның бұзылғаны немесе хронологиядағы қателікті көрсету мақсатында баяндалып отырған жоқ. Қазақтардың Ресей мемлекетінің қол астына кіруінің заңды рәсімделуі мейлі XVI ғасырдың аяғы, немесе XVIII ғасырдың 30 жылдары болсын әйтеуір ол жүзеге асқан. Бұл жерде бір құбылыстың әдейі алдын-алған саяси-әрекеттің өзінен-өзі белгілі болуы күмән тудырады. Онда тәуелсіз қазақ ханына оның қол астына кіруін және оның бұйрықтарын орындауын талап етуі, сыртқы жаулардан қорғауға уәде беруіне дәлелді негіздері болуы тиіс. XVI ғасырдың аяғында Мәскеу мемлекетінің сол кездегі сыртқы және ішкі жағдайын есепке алатын болсақ, қазақтарды қол астына кіргізу туралы мәселені көтеруге қауқарсыз болатын. Өйткені аталған мерзімде орыс патшалығы швед, поляктармен соғысып жатқан болатын және билік үшін ішкі талас-тартыс күшейіп тұрған кезеңмен сәйкес келеді. Қай жағынан қарасаңда 1595 жылы Орыс патшасының Федор Ивановичтің қол астына кіруін талап етуіне ешқандай негіз болмаған, ал Тәуекел ханның оны өтінуі мүмкін емес. Бұл кезеңде Тәуекелдің Орталық Азияның саяси сахнасында атағы асқақтап тұрған кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр.
Сонымен, бұл құжаттың пайда болу тарихы турасында айтсақ. Оның түпкі нұсқасы былай: 1594 жылы қаңтарда қазақ ханы Тәуекел орыс патшасы Феодор Ивановичке Құлмұхаммед бастаған өзінің елшілігін жібереді. Оған Қазақ хандығының Бұқармен күресінің шиеленісіп, екі мемлекеттің арасындағы саяси қарым-қатынастардың нашарлай бастауы себеп болды. Қазақ елшілігінің алдына бірнеше міндет қойылды. Олар: Бұхар ханы Абдолла және Сібір патшасы Көшіммен күресте, орыс мемлекетінің әскери көмек беруін және соғыста қолданылатын от қару сұрайды. Сондай-ақ негізгі мақсаты өзінің немере інісі Ораз-Мұхаммед сұлтанды тұтқыннан босатып алу болған. Оның үстіне Тәуекел өз елшісі арқылы Орыс патшалығынан Қазақ хандығын қол астына алуын өтінген. [Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках: Сб. документов и материалов. - Алма-Ата, 1961. - С. 40. Далее: - КРО-1. ] . Бірақ қазақ елшісі Құлмұхаммедтің Мәскеуде жүргізген келіссөздеріне қарағанда, Қазақ ханы Тәуекел Мәскеу мемлекетінің қол астына алуды өтінгенде, Қазақ хандығының саяси тәуелсіздігін мүлдем жою деп түсінбеген. Қайта, Бұқар және Сібір хандықтарына қарсы күресу үшін әскери одақтасу ретінде қарағаны көрінеді. Бұл кезеңде ойраттардың (қалмақ) бір бөлігі Тәуекел ханға бағынды. Тәуекел хан Мәскеуге жолдаған хатында өзін қазақ пен қалмақтың патшасы деп атаған. Барған елшілігінде Құлмұхаммед бек осында жатқан Иран елшісі Ғади бекпен танысып, ортақ жау - Бұхар ханы Абдоллаға қарсы күрес туралы келіссөздер жүргізіп, күрес шартының негізін салады. Бас уәзір Борис Годунов екі елшіліктің еркін жүздесуіне жағдай жасап береді.
Енді қазақ ханы Тәуекелдің Орыс мемлекетінің қол астына алуын сұрағандағы себебі туралы сөз қозғалық: Біріншіден, 1588 жылы Батыс сібірде Данил Чулков Сібір хандығының қыпшақ билеушілерінің династиясынан шыққан Сейд-Ахмед пен қазақ сұлтаны Ораз-Мұхаммедті тұтқынға түсіреді. Онымен бірге оның әжесі Шығай ханның әйелі Ондан сұлтанның анасы Ази патшайым да болған. Алтын ханым Ондан сұлтанның әйелі, Ораз-Мұхаммедтің анасы, Тәуекелдің үлкен жеңгесі және екі немере қарындастары Бақтыханым және Күнханым болған. Олардың барлығын тұтқындап, Данил Чулков мәскеулік сарайға әкелген, және ұзақ жылдар бойы оларға құрмет көрсетілген. [Султанов Т. И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. - Алматы, 2001] . Қадырғали Жалайыр өзінің «Шежірлер жинағы» атты еңбегінде Шығай ханның үш әйелін ерекше атап өтеді. Біріншісі - Байым бегім. Одан Сейдқұл сұлтан, Ондан сұлтан, Алтын ханым; Екіншісі - шағатайлық Яқшым бегім. Одан Тәуекел хан, Есім хан, Сұлтан; Үшіншісі - Бұрындықтың қызы Дадим ханым. Одан Әлі сұлтан, Сұлұм сұлтан, Ибрахим сұлтан, Шахым сұлтан деген ұлдары болған. Соған қарағанда, Тәуекелдің орыс тұтқынан өзінің туған-туыстарын құтқару ойымен, қол астына алу туралы өтінішін білдіруі мүмкін. Бұл туралы белгілі тарихшы М. Вяткин 1588 жылы Қазақ ханы Тәуекелдің інісі Ораз-Мұхаммедті орыстардың тұтқындағаны туралы және сол үшін 1594 жылы орыс патшасына Тәуекел ханның елші жібергендігін жазады. Автордың айтқанындай: «Шын мәнінде Құлмұхаммедтің келуінің себебі сұлтан Ораз-Мұхаммедті тұтқыннан босату еді», - деп, екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың сыртқы саясаттағы ірі оқиға екендігін атап өтеді. Екіншіден деректерге көз тастасақ, Ораз-Мұхаммед пен қазақ елшісі Құл-Мұхаммедтің арасындағы 1594 жылы Мәскеудегі сарайда сұлтанның жайындағы сұхбатында: “Бізге саған патшаның оң қабақ танытатыны және барлығының қосылуын қалайтыны туралы хабар естідік. Сенің орныңа Тәуекел ханның ұлын жіберген күнде ғана босатады деп естідік”. Елшінің хабарды «естідік» деген сөзі орыс елшілерінің тікелей ұсыныстарынан кейін айтылып тұр және думалық орыс шенеуніктер тарапынан қысым көрсетілгені көрініп тұр. Тәуекел ханның елшісінен өз еріктерімен Мәскеу патшалығының қол астына кіргізуге қол жеткізгісі келетіні көрінеді. Ораз-Мұхаммед келген елшіге: “Федор Иванович ұлы мәртебелі және сенімді патша, оған көп адамдар қызмет етеді, бізде оның қол астына кіруіміз керек екендігін менің Тәуекел ағам түсінбейді”. Елшінің оған берген жауабы: “Егер Тәуекел хан оны қаламаса мені мұнда жібермес еді”. Орыс патшалығының қол астына кіргісі келеді деген сөзді қара әріпен жазамын. Өйткені ханның мұндай шешімі ерікті емес, тек қысым көрсетілуі арқылы болуы мүмкін деген болжамым бар.
Орыс патшалығына барған елшілік Тәуекел хан күткендей нәтиже берген жоқ. Орыс патшасы ыңғайлы кезеңді пайдалана отырып, қазақ хандығын қол астына кіргізуге итермеледі. Оның бұйрығы бойынша Бұхара билеушісімен және Сібір ханы Көшіммен соғысуға міндеттейді. Ал, Тәуекелдің немере інісі Ораз-Мұхаммед сұлтанды елге қайтаруды өтінген тілегіне орыс патшасы оның орнына баласы Үсейін қожаны аманатқа жіберген жағдайда ғана босата алатынын білдірген. Орыс үкіметі Ораз-Мұхаммед сұлтанды Қазақ хандығы мен Мәскеу арасындағы қатынастарды нығайтуға жәрдем етеді деп санаған. Қазақ ордасына орыс патшалығының шешімі бойынша Вельямин Степанов бастаған орыс елшілігі жіберілетін болып белгіленді.
1595 жылы 28 наурызда Мәскеуден шыққан патша елшілері сол жылдың 30-мамырында Тәуекел ханның ордасына жеткен. Патшаның берген сыйлықтарын елші аман-есен табыстайды. Хан оны жақсы қабылдап, қонақжайлық танытады. Қазақ ханымен келіссөздер жүргізуден басқа орыс елшісі В. Степанов қазақтардың санын, олардың негізгі кәсібін, әскерлерінің құрамымен қару жарақтарын, қалмақтар және басқа да көршілес мемлекеттермен қарым қатынастарын біліп, осылар жөнінде патша өкіметіне түгелдей мәлімет беруге тиісті болатын. Бұл секілді деректер Ресейдің басқа елдермен қарым-қатынас орнатуда аса қажетті.
Орыс елшісінің Тәуекел ханмен жүргізген келіссөздері, негізінен, екі мәселенің төңірегінде болды. Бірінші - қазақ-орыс әскери одағын құру, екінші - Қазақ хандығының Ресей қол астына қарауы туралы болды. Кері қарай елшілер 1595 жылы 30 шілдесінде қайтады. Олармен бірге Мәскеуге Тәуекел ханның баласы Мұрат және елші Құлмұхаммедпен оның қасында үш адам жол тартады. Құжаттарға қарағанда, Мәскеу мемлекеті Қазақ хандығын қол астына қарау туралы өтінішіне ризашылықпен қарап, оған әскери көмек көрсетуге әзір екендігін білдірген. Дегенмен сол уақытта Қазақ хандығына әскери көмек көрсетпеді. Тәуекел хан ешқандай көмексіз Бұхар билеушісін өз күшімен жеңе алды.
Сібір тарихын зерттеген тарихшы А. Миллердің «Международное положение Казахстана во второй половине XVI века» атты ғылыми мақаласында екі ел арасындағы байланыстар біршама талданады. Автор қазақтардың көрші ноғайлар мен шайбанилермен Хақназар, Шығай, Тәуекел хандар тұсындағы халықаралық қатынастарын зерттей келіп, 1594-1595 жылдары қазақ-орыс қатынастарын талдап, ол кезеңде алшақта жатқан Ресей қазақтарға шынайы көмек көрсете алмағанын атап өтеді. Автор 1594-1595 жылдарғы қазақ-орыс қарым-қатынастарының уақытша аяқталуына байланысты Тәуекелдің орыс елінің қол астына кіргісі келмегенімен түсіндіреді. Әрине, мақалада сол кезеңдегі саясатқа жат, хандардың тарихи тұлғасы мен олардың қазақ халқының басын құру үшін жүргізген күресі тоталитарлық жүйенің идеологиясына қарама-қайшыкеледі.
Қазақ ордасының қайраткерлері Мәскеу мемлекетінің сыртқы саясатын біржола таниды. Бұқарға қарсы күресте тек өз күшіне сену керегін байқайды. Қалыптасқан жағдайда қамқорлық туралы мәселе жөнінде келісімге келу мүмкін болмай шыққанымен, дипломатиялық қатынастар, сондай-ақ, сауда байланыстары жалғаса берді. Неге екені белгісіз, Ораз-Мұхаммедтің орнына жіберген Тәуекел ханның ұлы Мұратқа не болды, және екі тараптан жасалған талпыныстар неге үзілді, ол туралы сол кезеңде, кейін де зерттеушілер ауыз ашпайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz