Құқық түсінігі және қоғамдағы рөлі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ... ... ... .. 6
1.1 Құқықтың дамуының теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Құқық белгілері және жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Құқық нормаларының түсінігі және жіктелуі ... ... ... ... ... . 10
1.4 Құқық нормаларының жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... 15
2.1 Гипотеза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Диспозиция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
2.3 Санкция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
2.4 Конституциялық . құқықтық нормалар ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... .. 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... 25

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.

1. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: «Нұр-пресс» 2007-296 бет
2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006.- 264 бет
3. Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық / Құраст. Е.Баянов. – Алматы: Жеті жарғы,2001. – 624 бет
4. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы: - Алматы: Заң әдебиеті, 2008 – 130 бет
5. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. -2-басылым, өңд., толықт. – Астана: Фолиант, 2011 – 360 бет
6. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері. Оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 256 бет
7. М.Какимова. Основы теории государства и права. Учебник. 2 изд. – Астана: Фолиант, 2010. – 256 стр.
8. Венгеров А.Б. Теория государства и права. А.Б.Венгеров М. «Юрист» 1998. – 624 стр.
9. Спиридинов Л.И. Теория государства и права. Учебник.Л.И.Спиридинов М. «Проспект» 1999. – 304 ст.
10. Стамкулов А. Понятие правовых отношений, их виды. А.Стамкулов «Фемида», 2001. - №10
11. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша тестілеуге арналған оқу-әдістемелік құрал. Ақтөбе: ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты, 2012. – 120 б.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 4
1. ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ... ... ... .. 6
1.1 Құқықтың дамуының теориялары ... ... ... ... ... ... . ... .. 6
1.2 Құқық белгілері және жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... 9
1.3 Құқық нормаларының түсінігі және жіктелуі ... ... ... ... ... . 10
4. Құқық нормаларының
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... 15
2.1
Гипотеза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
2.2
Диспозиция ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
2.3
Санкция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 17
2.4 Конституциялық - құқықтық нормалар ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын
білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған,
мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған
пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде
“неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура
келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік
құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген
жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық
ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды
түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар
құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының
бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан
құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз
кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де
себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда
ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің
атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі
қатынастар.
Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің
дипломдық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау
2 бөлімді қамтиды. “Құқық туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы
жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі
құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми
түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса,
келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі
ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге
ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге
тырысады.
Міне, осындайлық құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде
сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.
“Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны” – бөлімінде нормативтік
реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратындығы, олар
әлеутеммік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз
қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды.
Құқықтық норма атты ІІ тарауда Құқықтық қайнар көздер және құқықтық
норманың ұғымы, түрлері және оның құрылымы жайлы айтылды. Аталған
бөлімдерде құқық пен мораль ара-қатынасы жөнінде, құқықтың құқықтық норма
тудыратыны және ол нормалар жазбаша нысанда болатыны жөнінде, құқықтық
нормаларға жалпы және айрықша белгілер тән болып келетіндігі жайлы ауқымды
дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар, құқық, құқықтық норма жөнінде сөз
еткенде міндетті түрде олардың қайдан бастау алатынын, яғни қайнар көздер
жайлы айтылуы тиіс. Сол әдетінші, мен де осы бөлімде құқық негіздерін 4
түрге бөліп қарастырдым.
Құқықтық қатынас атты ІІІ бөлімде құқықтық қатынас түсінігі мен
белгілері және заңды айғаққа қатысты ғалымдардың тұжырымын келтіре отырып.
1. ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ
1. Құқықтың дамуының теориялары
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі
обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол — әлеуметтік нормалардың қалыптасып,
қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың
(әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде
бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі
қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді
келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің
нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет –
ғұрып, салт – дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте –
бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға
айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан
ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді: — деген
мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы
реттеп – басқаруға өте қажет.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті
реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына
сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік
бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы
реттеп, басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан
пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми
зерттеулер жасап келеді.
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың
мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,
дамып келеді деп түсіндіреді.
Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері
арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың
әсері мол болады – деп уағыздаған.Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын,
оның мемлекетпен байланысын субъектілердің құқығының міндеттері болатын
және мемлекеттің бақылауын қостайды.
Әлеуметтік теория – ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық
қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан – жақты ғылыми тұрғыдан
зерттеуді жақтайды.Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич,
Р.Паунд. Құқықтық әлеуметтік мазмұнын зертеуге көңіл бөленді, құқықтық
мемлекетті жақтайды.
Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым – қатынасын
реттеп , басқарып, адамдардың мүдде – мақсатын орындау деп түсінеді. Заң
ғылымы құқықтың жеке өзін саясат идеологияға қоспай зерттеуді
жақтайды.Құқықтың белгі — нышандарын жақсы зерттеуді , құқықтық мемлекетті
жақтады.Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді,
бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілеттері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен,
П.И.Новгородцев.
Материалистік теория – құқық саяси – экономикалық үстемдік жүргізетін
таптың мүдде – мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың
мазмұны екі элементтен тұрады — деп түсіндіреді: экономикалық базис пен
үстем таптың мүддесі.
Бұл теорияның тарихи даму процесін 3 кезеңге бөлуге болады: Бірінші
кезең – құқықтың мазмұнын түсіну және оның қоғам дамуындағы мазмұны; екінші
кезең – құқықтың болашағына көз – қарасы; үшінші кезең – марксистік көз –
қарасты бұрмалау.
Бірінші кезеңде ғылымның құқықтың мазмұнын түмінуі дұрыс еді –
құқықтың экономикалық және таптың күреспен тығыз байланыста болуы. Екінші
кезеңде – буржуазиялық мемлекетпен құқық теориясының мазмұнын біржақты
зерттеп, оның процестік рөлін, маңызын дұрыс түсіндіреді. Қоғамның
болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Ушінші кезеңде кейбір
елдердің басшылары марксизмнің мазмұнын бұрмалап, өздерінің әкімшілік –
әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.
Жоғарыда көрсетілген құқық теорияларының жеке алғанда дұрысы да,
бұрысы да баршылық. Бірақ барлығының мазмұнын біріктіргенде бірнеше дұрыс
қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:
— Құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болшақ емес;
— Құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде – мақсатын
қорғайтын негізгі құрал;
— Құқық меншіктің барлық түрлерін қорғайтын негізгі куш;
— Құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауындағы,
қоғамдық тәртіпті қорғайтын құрал.
Сонымен, құқық жеке тұлғалардың экономикалық, саяси, әлеуметтік т.б.
бостандығын, теңдігін қорғайтын негізгі құрал. Құқық қоғамның объективтік
дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара – қатынасын зерттейтін
негізгі күш – құрал.
Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті,
құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау
алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. Бұл
теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны – адамдардың
табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары мен бостандықтарын
ешкім шектей немесе жоя алмайды – деп түсіндерген. Цицерон – табиғи
бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес –
деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье,
Гольбах,Радищев т.б.өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік
норма мен құқықты бір – біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды
бірігіп басқарады.
Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан
бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді. Бұл теорияның өкілдері құқық
адамдардың рухани сана – сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады
деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ – деп уағыздаған. Адамдар
субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек
қоғамның даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын
нормаларды өзгертіге болады.Бұл теорияның өкілдері : Густав Гуго, Карл
Савинын,Фридрих Пухта, Штиль т.б.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы — әке,
мемлекеттің басшысы – монарх.
Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-
әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген
тұжырымды қолдайды және тағы басқалар. XX ғасырдың басында жақсы дамыған
теория. Теорияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі
құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс – әрекетіне, жұмысына әсер етуі.
Адамның ішкі сана – сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс – әректінің
байланысын Петрижицский этикалық сана деп атайды.Бұл теория құқықты екі
түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды ( позитивтік ).
Жеке тұлғалық құқық – жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты
қиналу. Оң жағымды позитивтік құқық – басқа адамның беделіне, абыройына
сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.
Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым –
қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде – мақсатын орындау деп
түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай
зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі – нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық
мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап
зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілдері: Р.Штаммлер,
Г.Кельзен, П.И.Новгородцев.
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда
болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір
сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы
ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша
жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “әдет” заңына бағынып
келген.
Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз
етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын,
жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
1.2 Құқық белгілері және жүйесі I.Құқық жүйелілігі-құқық ережелері
әрқашан ішкі біртұтас заңдылыққа бағынатын құқықтық құрамдастардың
жиынтығы.Мысалы: Әрбір елдің өзіндік ұлттық құқықтық жуйесі болады
II.Нормативтілігі
III.Формальді анықтылық белгісі-яғни құқықтық ереженің жазбаша нысанда
болатындығы.
IV.Жалпыға бірдей міндеттілік жіне жалпыға бірдей қолжетімділік.
V.Императивтік сипаттың болуы:биліктік сипаты.
Құқықтың қайнар көздері-құқық нормаларының көрініс табу,бекітілу
нысаны.
Түрлері:
I.Әдет-ғұрып ережелері-ұзақ уақыт бойына қалыптасқан,көп мірте
қолданылған нақты бір қоғаммен мойындалған жүріс-тұрыс ережесі.
II.Сот прецеденті-нақты істер бойынща соттың қабылдаған шешімінің
заңдық кушінің болуы жане оның кейінгі істерге үлгі ретінде қолданылуы.
III.Нормативті құқықтық акт-заң шығарушы орган мен қабылданатын
жалпыға бірдей міндетті құқықтық ережелер 1998 жылғы “Нормативті құқықтық
актілер туралы ҚР-ның заңы”.Нормативті құқықтық актілер екіге
бөлінеді:I.Заңдар; II.Заңға тәуелді актілер.
Заңдар жай заңдар жане конституциялық болып бөлінеді.
Заң дегеніміз-заң шығарушы органмен қабылданатын белгілі бір қоғамдық
қатынастар тобын реттейтін нормативті құжат.
Жай заңдар дегеніміз-ағымдағы,қолданвстағы барлық заңдар.
Конституциялық заңдарға:конституция,конституцияға өзгертулер мен
толықтырулар енгізетін заңдар,қабылдануы конституцияда көрсетілген
заңдар(референдум туралы,президент,парламент,үкімет ,сайлау туралы заңдар).
Бұл жіктелудің негізі-заңдықкушіне байланысты.
Заңға тәуелді актілер дегеніміз-конституция мен заңдарға сәйкес
қабылданатын,оларда көрсетілген құқықтық ережелерді егжей-тегжейлі жүзеге
асыру механизмін көрсететін құқықтық ережелердің жиынтығы.Мысалы:үкіметтің
қаулылары,министрліктің,әкімдердің шешімдері,регламент,ережелер.
Ғылыми доктрина-атақты, белгілі ғалымдардың ғылыми еңбектері,
тұжырымдамалары.
Құқық жүйесі – құқық саласы(конституциялық,әкімшілік,аза маттық жане
т.б.),институттары, жеке меншік құқық институты, жаза институты,құқық
нормалары.
Құқық ғылымында құқық саласы дербес болып танылу үшін,оның келесідей
белгілері болуы керек .
1)Өзіне тән бәртектес қоғамдық қатынастар тобы,реттеу пәні.
2)Реттеу әдісінің болуы,әдіс дегеніміз-қоғамдық қатынастарға әсер
етудің амал-тәсілдері. Құқық ғылымында әдістердің екі түрі бар
1)императивтік-билік пен бағыныштылыққа негізделетін әдіс. 2)диспозитивтік
әдіс-тараптардың теңдігіне негізделген.
3)Қайнар көздерінің болуы,яғни сол қатынастарды реттейтін
жүйеленген,нормативтік-құқықтық актілердің болуы.
4)Қадаларының болуы.
Конституциялық құқық - ең маңызды,себебі оның реттеу пәніне келесідей
қоғамдық қатынастар жатады: 1)мемлекеттік құрылымды айқындау.
2)конституциялық құрылымды айқындау. 3) қоғамдық құрылысты айқындау .
4)адам мен азаматтың мәртебесін айқындау. 5)қоғам өмірі үшін аса маңызды
мәселелерді шешеу, сайлау құқығы, мемлекеттік тіл мәселесі, меншік
институты.
ҚР-да мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді:
I.Заң шығарушы билік-парламент.
II.Атқарушы билік-үкімет.
III.Сот билігі-сот әділдігін жүзеге асырудың жолы.
Құқық жалпы ұғым болып табылса ,құқықтық нормалар құқықты
қалыптастыратын , дара ұғымдардың көп сандағы жиынтығы. Құқықтық
нормалар құқықтық формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс — тіршілігі
объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы
өмір сүреді. Қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан
құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады. Норма сөзі латын
аударғанда үлгі , ереже деген мағынаны білдіреді. Құқықтық
нормаларды қабылдау , бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болады және
олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез-
құлықтары , әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан
алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері
құқық нормаларымен реттеледі , немесе қорғалады. Мысалы субъект үйін
сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс ,
некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық
қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті
мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы,
құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.
3. Құқық нормаларының түсінігі және жіктелуі
Құқық нормасы дегеніміз-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары
мен міндеттерін туындататын,мемлекет пен бекітіліп шығарылатын жалпыға
бірдей міндетті ереже.
Құқықтық нормалардың ерекшеліктері :
1) Құқықтық нормалар бекіткен үлгі , талаптар бәріне бірдей
қолданылады. Құқықтық нормаларының мәтінде көрсетілген информация
ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді , шешімін бекітеді.
Мысалы , Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы)
он тқрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәселелердң олардың
атынан ата- анасы , асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген
ережені бекіткен. Яғни , бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей
болып табылады.
2) Құқықтық норма халықтың , таптардың , топтардың , тіпті жеке
адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның
еріктерінің құқықтық норма бекітілуі көп болған. Мысалы , коммунизм
идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің Коммунистік партияның
монифистері деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы
заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған . К.Маркс өзінің
құдай қосқан әйелі бола тұрып , отбасында қызметші болған Ленхен деген
әйелмен көңілдес болып , бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс
Ф.Энгельске сәбиді менікі дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп
беруді армандайды . Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды
некеден туған балаларға ғана иүрагерлік берілген. Социалистік
идиологияны жазу барысында К.Маркс Коммунистік партияның манифесінде
қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
3) Құқықтық норма қажет болған жағдайда мемлекет күшпен қамтамасыз
етіледі. Сот , прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар
құқықтық норма бұрмаланған , немесе орындамаған субъектілерге күш
қолданылады , жауапқа тартады.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек,
отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-
процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар,
қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы,
ерік беруші нормалар.
Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының
қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық,
заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және
т.б.
Құқық нормасының белгілері:
-Бұқаралық сипаты.
-Құқық нормасының мемлекет пен тікелей байланысты болуы.
-Мемлекеттік еркінің көрініс табуы.
-Құқық нормасының көп мәрте қолданылуы.
1.4 Құқық нормаларының жіктелуі:
Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу
және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады
құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып
қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді . Кейбір құқықтық
нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық, қаржы
отбасы, әкімшілік , банк , сайлау , инвистиция, жер сияқты қатынастарды
реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты
конституциялық – құқықтық , әкімшілік құқықтық , азаматтық — құқықтық ,
және т.б. болып жіктеледі. Ал , құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне
асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Міндеттейтін норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы
әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
2) Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді
жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
3) Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді
жұзеге асыруға байланысты құқықтарды реттейтін норма.
4) Дефинитивті норма – нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің
нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормада
субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде не мағынада
көрсетілмейді. Бір дефинитивтік нормалар пәнінің негізгі
категорияларын анықтайды , үлкен маңыздық рөл атқарады және Қазақстан
Республикасының құқықтық жүйесінде , құқық салаларында жиі кездеседі.
Мысалы , Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабы
қылмыстық ұғымының мына анықтама мағынасында бекіткен : Осы Кодексте
жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет ( іс-
әрекет немесе әрекетсіздік ) қылмыс деп танылады
Неке және отбасы туралы заңның 1-бабында некенің ұғымын , неке
ерлі- зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды
туғызатын , отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен
тараптардың ерікті және толық келісімді жағдайда жасалған еркек пен
әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ, — деген дефинициямен берілген .
5) Декларативтік норма – негізігі құқықтық идеялар жариялану
мағынасында көрсетіледі. Мысалы , Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс
жүргізуге кодексінің 8-нормасында қылмыстық процестің барлық
міндеттері былай деп жарияланған : Қылмыстық процестің міндеттері
қылмыстарды тез және толық ашу , оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және
қылмыстық жауапқа тарту , әділсот талқылауы және қылмыстық заңды қолдану
болып табылады .
6) Құқықтық реттеу тәсілі бойынша құқықтық нормалар диспозитивтік
, императивтік , мадақтайтын және ұсыныс беретін түрлерге жіктеледі:
а) Диспозитивтік норма – субъектілерге өз тараптарынан құқықтары
мен міндеттерін өз қалаулары бойынша іс жүзіне асыруға мүмкіндік және
құқықтық қатынастарға түскен жағдайда еркіндік таңдау мінез – құлқы
қамтамасыз етіледі. Мысалы , азаматтық құқықтың нормалары осы санатқа
жатады.
ә) Импиративтік норма – қатаң сақталуды,и орындалуы талап етіледі
және екі жақтың келісімі бойынша өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқықтың
нормаларыимперативтік болып саналады.
б) Мадақтайтын норма – құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің
мінез – құлықтары қызметінің тәртіптері мен түрлері бекітіледі. Сол
арқылы субъекттер арнайы белгіленген мадақтауға ие болады. Мысалы ,
бекітілген норма бойынша жазасын түзеу колониясында өтеп жүргендер
үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Немесе адам көмбе
тауып алған болса Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 247-бабының
2-тармағы мынадай марапаттайтын норманы бекітеді: Тарих және мәдениет
ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар
Қазақстан Республикасының меншігіне берілуі тиіс . Бүл орайда ондай көмбе
табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе көмбені тапқан адам осы көмбе
құнының елу прценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.
в) Ұсыныстық нормалар – мемлекет және құқық теориясында жиі
пайдаланылады. Мысалы , Қазақстан Республикасы Президенті қабылдаған
жарлықтарында Үкіметке арнайы бір саланы реттеуге қаулы қабылдау керек
екеніне ұсыныс жасауы мүмкін .
7) Құқықтық нормалар функциялары бойынша реттейтін және құқық
қорғайтын нормалар болып бөлінеді:
а) Реттейтін нормалар – бұл субъектілердің субъектілік құқықтары мен
міндеттерін олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын
норма. Сатып алу , айырбас жасау , шартқа отыру , некеге тұру ,
мұрагерлікке ие болу , ипотека және т.б.
б) Құқық қорғайтын норма – құқық бұзушылыққа барған субектілерге
мемлекет атынан шара, күш қолдану арқылы қол сұғылған , бұзылған
құқықтарды орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау функцияларын
атқарады. Құқық қорғайтын нормалар негізінде әкімшілік , қылмыстық
кодекстің ерекше бөлімдерінің баптарында нақтылы мағына бекітілген
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады,
себебі,көп жағдайда олар бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге
бағытталған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құқық
тамемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси билікті
ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады, қолданады және оларға
кепілдік береді.
Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен,
экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді.Егер
әдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысына бекітілсе,құқықтық
нормалар жалпыға мәлім болу мақсатында жазбаша рәсімделе басталады.
Құқықтың пайда болуы-әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы
қарама-қайшылықтардың таралуын әлеуметтік нормалардың реттей алмауының
салдары.
Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:
1) Мононормалардың ( алғашқы қауымдық әдет – ғұрыптардың )әдет
құқығының нормаларына айналуы және осыған байланысты оларды мемлекеттің
санкциялауы;
2) Құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды – нормативтік
актілерді – шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқық – шығармашылық
қызметі;
3) Сот және әкімшілік органдарымен қабылданатын нақты шешімдерден
құралған және басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін
прецеденттік құқық.
Құқық нормасының көп мәрте қолданылуы ішкі құрылымы-оның құрылымдық
бөлшектерінің ішкі тәртіпке сәйкес орналасуы. Құқықтық нормалар жеке
тұлғалар мен заңды тұлғалардың нақтылы мағынадағы құқықтық жағдайларын,
мінез-құлықтарын бекітеді. Құқықтық нормалар қжет болған жағдайда
мемлекеттік күшпен қамтамасыз етіледі. Сот,прокуратура, полиция және басқа
да мемлекеттік органдар құқық нормаларын бұрмалаған, немесе орындамаған
субъектілерге күш қолданады,жауапқа тартады. Құқықтық нормалар басқа
әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда жалпы мазмұнға ие, бәріне
бірдей қолданылатын мінез-құлықты бекітеді. Осыдан мынандай қорытынды
туындайды: құқықтық нормалар өмірде болған жағдайларға сан алуан рет
қолданылады және ол жеке бір субъектіге бағытталмайды жалпыға бірдей болып
табылады. Мемлекеттік органдар өздерінің құқық бекіткен құзырлары бойынща
құқықтық нормаларды қабылдайды. Бірақ, қабылдаған нормалардың бәрі құқықтық
нормалар болып саналмайды. Олардың бәрі көптеген кесімдері әр түрлі
жағдайларға байланысты болған сәттерге арналып шығарылады. Мысалы,
Қазақстан Республикасы Президентінің бір адамды орденмен марапаттау туралы
шығарған жарлығы министрдің төменгі сатыда тұрған бөлім, басқарма
бастықтарын тағайындау туралы шығарған бұйрықтартары, облыс әкімінің
аппараттығы бөлім басшысын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары және т.б
бұл жерде лауазымды тұлғалардың шығарған кесімдері өздерінің құзырларына
байланысты, бір ғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz