Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы ақпарат


Баяндамашы: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ЭжҚФ Эк - 06. А Нұрсапарова Д. С.
Ғылыми жетекші: Нұрымова Ш. Қ.
Тақырыбы:
ҚР салық жүйесі.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында, Ел басымыздың және халықтың алдына қайылған міндет елу елдің қатарына кіру. Әлемдегі экономикасы дамыған, жан-жақты жетілген арыстандай айбатты елдермен тереземіз тең болсын десек, мемлекетіміздің қазынасын молайтуымыз керек. Сол арқылы біз халықтың әл-ауқатын жақсарта аламыз. Президентіміздің жолдауында халықтың тұрмыстық жағдайын дамытуға ерекше мән беріледі. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік салаларында соның ішінде қаржы саласында кейінгі жылдарда көптеген сандық және сапалық өзгерістер орын алуда. Салықтар мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасты, сондықтан да салық пен салық салу мемлекеттің басқару қызметінің немесе мемлекеттің тіршілік етуінің айырылмас маңызды бөлігі болып табылады. Себебі мемлекеттің бюджет кіріс көзінің 85-90% тек салықтардан тұрады. Елімізде салық кодексі бойынша 9 салық түрі мен 16 алымдар мен 10 төлемақы түрлері бар.
Келесі жылдары салық төлеу ісін жеңілдету мақсатында электрондық жүйе арқылы салық төлеу мүмкіндігін кеңейтпекші, сонымен қатар банкомат арқылы да төлеуге болады .
Салық бюджеттік саясат саласында Қазақстан Ресаубликасы үкіметінің 2010 -жылға дейінгі кезеңдегі негізгі стратегиялық мақсаттары: салық жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету; бюджетке салықтық түсімдердің өсуін Ішкі Жалпы Өнімнің (ІЖӨ) 30% деңгейіне дейін қамтамасыфз ету; Салықтық заңды жетілдіру; Салық жеңілдіктерін бір жүйеге келтіру; Кәсіпорындардың сыртқы экономиккалық қызметіне нәтижелі мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; Бюджеттің ашық болуын қамтамасыз ету және тб.
2006-жылдан бастап салық жүйесін реттеу қолға алынды. 2007-жылдан бастап қосымша құнға салынатын салық 1% - ға одан кейінгі жылдары тағы да 1-2%-ға төмендейді.
2007-жылдың біріші қаңтарында ҚР-ның Салық салу кодексінің кейбір құқықтық актілеріне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Оның мақсаты:
- Салық төлеушілерге, сонымен қатар ауылшаруашылық шикізатын өңдеуді іске асыратын ұйымдарға түсетін ауыртпашылықты азайту.
- Қосымша құн салығын нөлдік ставкамен қайтару процедурасын жеңілдету.
- Үйді жалға алу сектрын дамытуды жетілдіру.
- Шет ел және отандық өндірушілердің қызметінің экономикалық жағдайын теңестіру.
- Салық тәртібін күшейту.
- Салық кодексінің жұмыс істеп тұрған кейбір нормаларын анықтауды жүргізу.
Осы өзгертулерге байланысты осы жылы Қосымша құн салығы -1%-ға төмендеді, яғни -14%, 2008ж-13% 2009ж-12% болады.
2007ж- 14%
2008ж- 13%
2009ж-12%
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Жеке табыс салығын есептеу тәртіб өзгерді. 2006 -жылмен салыстырғанда ЖТС есептеудегі негізгі айырмашылықтар мынадай:
- Егер 2006-жылы қызметкерлердің табыстарының өсу шкаласымен ЖТС салынған болса, ал енді биылдан бастап-10% мөлшерінде нақты белгіленген ставка бойынша салынды;
- Егер 2006-жылы қызметкерлердің табыстарына ай сайын ұлғаю қорытындысы мен қайта есептеу коэффициенті қолданыла отырып ЖТС салынса, ал енді табыстарға ЖТС ай сайын салынады. (ұлғаю жиынынсыз және қайта есептеу коэффициентінсіз) .
- Егер 2006-жылы қызметкердің ЖТС салынуға жататын табысын айқындаған кезде мынадй салық шегерімдері:Табыс есептеудің тиісті айына ҚР-ның заңнамалық актісінде белгіленген айлық тесептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома; Асырауында адам пайда болған айдан бастап қызметкердің асырауындағы әрбір отбасы мүшелеріне айлық есептік көрсеткіш мөлшерндегі сома қолданылса, ал енді табыс есептудің тиісті айына ҚР-ның заңнамалық актісінде белгіленген ең аз жалақы мөлшеріндегі сома қолданылатын болады.
Егер барлық дамыған елдердегі таратылған ІЖӨ-нің үлесі әрбір 10 жылда заңды өсуін және ІЖӨ-нің 50% жақындауын есепке алса, таяу жылдарда салықтық және салықтық емес түсімдердің деңгейі ІЖӨ-нің 30%-на жетеді.
Өткен ғасырдың 90-ж аяғынан бастап ірі құрылыстық реформалар жүргізілгеннен кейін, Қазақстанда макроэкономикалық дамудың оңтайлы деңгейі анықталды, ол қазіргі кезде экономиканың 50% астам өсуімен дәлелденеді.
Мысалы, ҚР-ның Президентінің айтуына қарағанда «2010-жылға дейін елдің ІЖӨ өсуін 2000-жылмен салыстырғанда екі есеге жоспакрлағамыз, бірақ бүгін Қазақстан экономикасының екі есе өсуіне 2008-ж. өзінде жетеміз деген сенім бар. Қазіргі кезде экономикалық өсудің негізгі көзі- елдің шикізат қорын пайдалану. 1985-жылмен салыстырғанда бізде көмірсутегі шикізатын шығару көлемі 225%-ға ұлғайтуға мүмкіндік болды, ал бұл кезде бүкіл дүниежүзінде jны шығару 1, 3 еседен төмен көбейген»
Осы аталған салада ең басты заңды құжат- салық кодексі. Қазақстандағы салықты таратумен ҚP Қаржылық Министрлігі айналысады, онда кіріс бөлгін Салық комитеті, шығын бөлігін Қазына орындайды.
2004-жылдың 1қаңтарында Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес Жеке бастың табыс салығының(ЖТС) және әлеуметтік салықтың (ӘС) көлемі азайтылды/ Сонымен, ЖТС -тің ең жоғарғы азайтылғанға дейінгі көлемі 30% бен салыстырғанда енді 20% болды. Ал бүгін ӘС бұрынғы 21% - бен салыстырғанда ең жоғарғы регрессивті шкалада 20% - дан аспайды.
Мысалға, мемлекет бюджетінің кіріс бөлігіне 2004-жылы 10-айдың 1042, 0 млрд теңгесі түсті. Ол 2003-жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24, 2%-ға жоғары. Салық түсімдерінің үлесі 21, 4%-ға өсті. Соның ішінде ЖТС бойынша- 6, 2%, ӘС бойынша-6, 7%.
Қазақстанда бюджет-салық саласының дамуын жетілдіру үшін қаржы жүйесін тұрақтандыруына, агра өнеркәсіп өндірісінің өсуіне, кіші кәсіпкерліктің нығаюына байланысты Салық кодексінің жаңа редакциясын қабылдау қажет.
Мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің нығаю және өсу мүмкіндіктеріне байланысты тұрғындардың өзін-өзі ақтау саясатынан және экономикангың кейбір секторларына салық жеңілдігін беруден тұрғындардың әлеуметтік нашар бөлігн және нәтижелі емес, бірақ экономиканың әлеуметтік үлкен маңызы бар сакторларын тікелей мемлекеттің қолдау ролін күшейтуге көшу қажет.
Келешекте мемлекет бюджетіне салық түсімдерінің өсуін салықтық әкімшілікті жақсарту және салықтық нормалардың заңдылықтарын мұқият сақтау арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Үстіміздегі жылы қабылданған «Бюджет кодексі» бюджет үрдісін жүзеге асырудың жаңа жолдарын анықтады. Алдымен, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орташа мерзімдік бюджетті жоспарлаудың қажеттігіне назар аударылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz