Ұлы отан соғысының басталуы


Ұлы отан сғысының басталуы
Бұл қандай соғыс? Кеңес өкіметінің орнағынына жиырма төртінгші жыл. 30-жылдардағы зобалаңнан халық есін жия бастаған. Алдағы бақытты өмір үшін белсене еңбек етіп жатты . Еңбекші халық алдында түнді қаннен - қаперсіз ұзақ ұйқымен өткізуге кірісті. Өйткені ертең жексенбі - демалыс. Оқушылардың біразы ертең ертемен пионер лпгеріне бару үшін буынып -түйініп қойған. Енді бір бөлігі ертең болатын турисік саяхаттарды ойлап жатып, ұйқыға шомған.
Танғы сағт төртте таянды. Тек шекарашылар ояу. Кенет батыстағы шекаралар жарқылдаған, от сияқты сәулелерді байқады. Олар тез арада көбейіп, қызылды-жасылды болып, қалып келіп қалды. Жер -көкті моторлар гурілі алып барады. Ә дегенше болған жоқ, батыс жақтан келген ұшақтар біздің аэродромыздағы, соғыс қаруы тұрған қоймаларға, қалаларымызға үсті үстінен бомбалар тастады. Жер беті қаптаған машина : танкілер әскерлер тиген жүк машиналар, мотоцикілдерге мінген солдаттар. Сұмдық көрініс, бүкіл дгүние астан-кестен . Құлаған үйлер, қираған қалалр мен елді мекендер, ртенген қоймалар, қырылған адам.
1941 жылғы маусымның 22- сінде Кеңес мемлекетінің батыс шекарасында осылай басталды. Батыс шегара өте ұзақ болатын, үш мың шақымдай. Бұл соғыс КСРО тарихына Кеңес елінің Ұлы отан деген соғысы деген атпен енді. Өйткені соғыс бастаушылар рсы мемлекетті жою мақсат етті. Ал кеңес халқына өз елің, мемлекетің, халқыңның тәуелсіздігін сақтап қалу керек болды . Сондықтан да осы соғыс жеңіспен аяқтау үшін оған бүкіл ел, бүкіл халық қатысты.
Германия фашистері бұған дейін бірнешне елдерді басып алғаг еді. Енді КСРО-ға қарсы соғысқа әбден дайндалды. Күшіне сенген согндай, бұл елді 3-4 айда басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ жау қателесті.
Қатысқан әскерлер мен қырылған адамдар саны жөнінен, шаруашылыққа, жалпы адамзатқа клетін зияны жөнінен тарихта мұндай соғыс болған емес.
Герман фашистері тарапынан бұл нағыз әділетсіз соғыс. Тыныш жатқан елге басып кірді. Ал, кеңес елі тарапынан әділетті, өз Отанын қорғау соғыс болды.
Бұл соғысқа бұрынғы КСРО-ның құрамдас бір ресбубликасы ретінде Қазақыстан да, оның барлық халықтары да түгел қатысты.
Қазақыстан соғыстың алғашқы күнінде. «Соғыс» деген суық хабар Қазақстанның барлық жеріне, сол маусымның 220сі күні-ақ жетті . Қалалар мен ауылдың бәрінде де жиналыстар өткізілді.
Жаз айының осы бір жайым шуақ жексенбісінде Алматы қаласының еңбекшілері халық жиылатын жерлерге ағыла басьады. Адамдардың өңінде бұрынғы қуаныш пен жайдарлық сезілмейді.
Жиналысқа қатысқандар фашистердің елімізге опасыздық пен жасаған шабылуын қатаң айыптады. Қазақстанның еңбекшілерінн барлық күнін жаудың күл -талқан етуге жумсауға, Қызыл армияның керекті нәрсесін бәрімен қамтамасыз етуге шақырды. Отанымызды қорғауға көимір, мыс, қорғасын, астық қанша керек болса, сонша береміз. Жауға еш бір мейрім болмасын ! деген үдеу қабылдады .
Шымкент қаласының қорғасын зауотының жұмысшылары:
«Жұмыс бұрынғыдан әлднеқайда жақсы істейміз, елімізге қанша қорғасын керек болса, сонша береміз . . . »-деп қаулы етті .
Ал, Жамбыл обылысының Жамбыл ауылындағы Илич атындағы колхоздың колхозшылары: « . . . Биылғы бітік егінді тез жинап, мемлекетке астық тапсыруды мерзімінен бұрын және асыра орындаймыз, қандй жау болса да жеңеміз!»-деп сет берді.
Ресбублика еңбекшілеі өздерінің жиналыстарында кеңес үкіметінің « Барлығы майдан үшін, барлығы да жеңіс үшін деген үндеуін бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді .
Дұшпанмен тікелей шайқасуға өз ерліктерімен тілек білдіргендер күн сайын әскери комисарияттардың алдында топ-топ болып келе бастады. Маусымның 22-сінде осындай адамдар саны Ақтөбеде бір сағат ішінде қырыққа жетті. Ал, Алматыда екі аптада екі мыңнан аса адам арыз берді.
«Міне тез арада майданға жіберуіңізді сұраймын. Артелерист ұлым Повелге снарят жеткізіп тұрамын. 18 жасар қызым санитарка болып бірге барады», - жазды өз арызындаФ. П. Плишкин.
«Фашистердің айуандығына қанымыз қайнады . Бізді соғыстың алдынғы шебіне жіберуіңізді сұраймыз», -деп өтінді Қарағанды шахталарының жұмысшылары.
Міне, қазақстандықтар бірнеше мың шақырым қашықтағы қалықтардың, орыстар мен украйындардың, бельарустар мен молдавандардың, т. Б. Жеріне жау басып кіргенде, осынша ерліктің, достықтың үлгісін көрсетті.
Ол күндері елдің батыс шекарасындағы кеңес әскердің жағдайы өте ауыр болды. Ел жерінің әрбір адамын күші басым жаудан асқан ерлікпен қорғады. Бұған Брест қамалын қоршаушылардың ерлігі мысал болды. Нақ шекарадағы бұл қамалға соғыс бірден жетті . оны қорғаушылардың көбі, командирдің әйелдері мен балалары соғыстың алғашқы минуттарында-ақ қаза тапты. Ал тірі қалғандары ақырына дейін алысты.
Су, азық -түлік таусылды, оқ-дәрі де бітуге айналды. 30- дай ғана қорғаушы қалды . Майор Гаврилов жаудың беріліңдер дегеніне оқпен жауап берді. Тірі қалғандарының ішінде қазақстандық жауынгер Айтпаев та жүрді.
Кенет, таяу жерде жаудың бір атыс ұясы пайда болып, қамалдағыларға ажал оғын себелей жөнелді. Сол сәтте-ақ Айтбаев ажал оғына қарай ұмтылды . Ол атыс ұясына таяу барды да, гранат лақтырды. Пулеметтің үні өшті. Бірақ сол жерді Айтбаев та қаза болды. Сөйтіп, ол өзін құрбан етіп, көп жолдастарын сақтап қалды.
Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күнін бастап-ақ осылай барлық майданда ерлікпен шайқасты.
Шаруашылықты қайта құру. Бүкіл елдегі сияқты, Қазақстанда да шаруашылықтың барлық саласы соғыс мақсатына қарай қайта қүұрылды . Көптеген өнеркәсәп орындары соғысқа қажет өнімдер шығаруға кірісті. Шымкент қорғасын зауотының өнімі тікелей оқ жасайтын зауоттарға жіберілді. Қарағанды шахтерлері, Ембі мұнайшылары соғысқа байланысты иапырмаларды орындауға кірісті . Олар отан қорғау қорына мыңдаған тонна көмір мен мұнайды арттық өндіруге міндеттеме алды. Теміржолшылар майданға қажетті әскери техниканы, азық-түлікті, өндіріс шикізатын тоқтаусыз өткізуоге уәде берді.
Батыс аудандардан көшірілген 200- ден астам заот, фабрике, артьелдер мен цехтар жұмысқа кірісе бастады .
Ауыл шаруашылығында да үлкен өзгерістер болды. Егіс көлемі артты . Жаңа дақылдар егіле бастады . Колхозшы шаруалары жоспардан тыс майданға мыңдаған тонна астық, ет, май, басқа да ауылшаруашылық өнімдерін жөнелтті .
Маман жұмысшылардың майданға кетуіне байланысты орнына әйелдерден, жастардан мамандар даярлады .
Соғыстың алғашқы жылында-ақ Қазақстан еңбекшілердің отаншылдық қасиеті бүкілхалыққа сипат алды . Екі-үш адам үшін жұмыс істеушілер, бірнеше мамандықты менгергендер, өнер тапқыштар, екі-үш норма орындаушылар кңөбейді
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАППАЙ ЕРЛІК КӨРСЕТУІ
Мәскеу үшін шайқасу. Фашисттер Кеңес мемлекетінің аса таныс Мәскеуді басып алуға бар күшін салды . үлкен шығынға ұшырағанына қарамастан, үсті-үстіне жаңа күш әкеліп, алға қарай жылди берді. Ақыры 1941 -жылы қарашаның бас кезінде гитлершілердің астанаға 25-30 шақырымдай таяп келді. Оны жаудың басып алу қаупі төнді. Мәскеуліктер түгел дерлік туған қаласын қорғауға шықты . Мәскеуді қорғауға Қазақстанның барлығы 316-атқыштар дивизиясы қатысты . Оғанг генерал-майор И. В. Панфилов басшылық етті . Осы двизияның жауынгерлері Мәскеуді қорғауда және жауды астанадан қуып тастауға жаппай ерлік көрсетті .
Дубесеково разъесі бағыттан қорпғау сияқты жетекші В. Г. Клочков бастаған 28 жауынгерге тапсырылды . Олар жауды өткізбеуге барынша дайындалды . Окоптар, оқ ататын ұялар қазып алды. Пулемоттар үні танкіге қарсы қолданатын қарулар үшін орын дайындады. Оқ-дәрілер жеткізіп алды .
Қарашаның 16-сында жау28 гвардияшы-панфиловшылардың тұрған шебіне 20 танкі жіберді. Ұрыс төрт сағатқа созылды. Жауынгерлер танкке қарсы мылтықпен, жанармай құйылған бөтелкемен, гранаттармен жау танкілерін істен шығара берді . 14 машина лақылдап жанып жатты . Жауынгерлердің біразы қаза тапты . Тірі қалғандары ерлікпен шайқаса берді. Фашистер ұрысқа тағы 30 танкі жіберді . Темір сауытты машинамен соғысу қиындай берді . Дәл осы кезде В. Г Клочков: « Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ - артымызда мәскеу!»- жалынды ұран тастады . Батырлар қайта жігерленіп, күші тең емес шайқасқа қаһарлана кірісті . Тағы да төрт танкі істен шықты. Танкілерді тапсалап шабылуға шықты фашис солдаттарының ондаған өлігі ұрыс даласында жайып жатты . Біраздан кейін біздің жауынгерлердің оқ-дәрілері таусылды. Клочков ең ақырғы бір буда гранатын көтеріп, таяу келген танкіге тап беріп, қиратты . Бірақ сол сәітте жау орнынан ауыр жараланып, өзі де қаза болды. Осы ұрыс 23 панфиловшы қаза болды. Бірақ жау танкілері олардың шебін бұзып өте алмады. 28-гвардияшы-панфиловшылардың ерлігі бәірер күнде бүкіл майданға, сәл кейінірек бікіл әлемге жайылды . Олардың бәріне де Кеңес Одағының батыры атағы берілді . Мәскеу үшін шайқаста И. В. Капров басқарған панфиловшы атқыштап полькі мен аға летенинант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон асқан ерлік көрсетті . Өздерінен күші төрт есе басым жаумен бір ай бойы кескілескен ұрыс жүргізе отырып, дұшпанды ойсыраған шығыцнға ұшыратты және астанадан едәуір алысқа қуып тастады .
КЕҢЕС РЕСБУБЛИКАЛАРДЫ ЖӘНЕ ЕВРОПА АЗАТ ЕТІУГЕ ҚАТЫСУ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРТИЗАНДАР
Батыстағы Кеңес Ресбубликаларды азат ету. 1943 жылы жаз айында Қызыл Армия жаппай шабылуға шықты. Фашистер Ресейдің Курск қаласының түбінде «Шығыс тасқаны» деген мықты қозғалыс қүұрып, Кеңес әскери ілгері бастырмаймыз деп ойлағна . Бірақ бұл жерде де олардың быт-шыты шықты. Біздің әскерлердің тегеурінді шабылуына шыдай алмаған жау әскерлері Днепр өзеннің арғы бетіндегі тағы бір бекіністеріне барып орналасты. Оны өздерінше «Алынбас қамал» деп атады . Алайда мұнда да көп тұрақтай алмады . Бұл қамалды алуда Омар Сүлейменов пен Николай Александров бастаған жауынгерлер асқан батылдық пен айлакерлік көрсетті . Олар түн жамылып өзеннен өтіп, жаудың ту сыртынан шықты . Алдымен оқ-дірі, азық -түлік қоймасын басып алды . Содан соң жаудың тылынан шабылу жасап, оның көп әскерінің астан-кестенін шығарды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, біздің әскер өзеннен өтіп алып, жаппай шабылуға шықты.
Днепр өзеннің тағы бір жерінен өтерде көрсеткен теңдесі жоқ ерлігі үшін 18 жастағы Жәнібек Елеусізов Кеңес Одағының Батыры атағын берілді.
Ал үш жылдан бері фашистердің табан астында тапталған Украйна, Беларусь, Молдова және Балтық бойындағы ресбубликаолардың жері жатты.
Біздің әскерлер Украйнаның астанасы Киев қаласынан таяп қалды . Дұшпандар қалай осы қаланы көбірак қолда ұстау үшін, Қызыл Армия «Н» елді мекенде соққы беруді ұйғарды . Осы мақсатта бұл елді мекенге көп әскер, қару-жарақ жіберді . Мұны алдын ала білген біздің әскерлер шұбатылып келе жатқан дұшпанды бір оңтайлы жерде күтті. Колоннаның алды тосқауылға тіреліп тоқтады. Жолдың бір жағы түгел батпақ. Екінші жағында қызыл әскер. Бір снарият жаудың сонғы бронды мәшинесін қиратты. Фашистер қақпаға түсті . Осы шайқасқа сержант А. Р. Обуховский бастаған зенбірекшілер ерекше көзге түсті . Тоғыз бронды транспорттар, но екі авто мәшене, оқ-дәрі тиген ондаған ат-арба, алпыс тұтқын қолға түсті. Қашып құтылам деп батпаққа түсіп, жұтылған танкілер, бронды мәшінелер, әсгкерлер қаншама. Ертеңіне Киевке шабылу бастады . А. Р Обхобски тобы тағы да жау әскеріне қатты соққы берді. Осы ерліктері үшін майданға Оңтүстік Қазақстан обылысынан барған он сегіз жасар Анатолий Реманович Обуховскийге Кеңес Одағының Батыры берілді . Украйна жерін жаудан азать етуге әскери ұшқыиштар Т. Бигелдинов пен С. Д. Луганский теңдесі жоқ ерліктер көрсетті .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz