Ауылшаруашылық малды азықта және мал азығына қойылаты санитариялық – гигиеналық талаптар



Малды азықтандыру олардың денсаулығына өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жай және күрделі химиялық заттарды пестицидтер деп атайды. Пес- тицидтер өте кең таралған экзогенді у болып табылады. Олар топырақта суда ауада өсімдік құрамында болады. Мал ағзала- рына пестицидтер тікелей жанасқанда аэрогендік алиментарлық жолмен түседі. Азық сапасын төмендететін және кейбір кезде токсикалық қасиеттер артып азықты қолдануға мүмкіндік бер- мейтін минералдық улы заттарға жататындар: фтор, мышяк, қорғасын, мыс, барий, циониттер негізінен минералды тыңайт- қыштар, минералдық қышқылдар. Топырақ минералды және органо - минералдық заттардан тұрады. Минералдық заттардың көзі жер қабатының қатты қабығын (литосфера) құрайтын тау- лы породалар. Минералдық бөлік топырақтың 80-90 құрайды, ал органикалық заттар топырақта 10 пайыздан кем болады. Топы- рақтың органикалық бөлігі (гумус) өсімдік пен жануарлар тек- тес заттардың ыдырауынан және осы процесс кезінде жүретін реакциялар арқасында пайда болатын заттардың өнімдерінен тұрады. Топырақтың құрамында барлық белгілі химиялық элементтер анықталған. Топырақта литосфераға қарағанда оттегі, сутегі, кремний көп болады, ал алюминий, кальций, магний, калий аз кездеседі. Литосферамен салыстырғанда топырақта кө- мірсутегі 20 есе, ал азот 10 есе артық. Топырақта бұл элемент- тердің көп жиналуы тірі организмдердің тіршілік етуіне бай- ланысты (бір тіршілік иесіне 18 пайыз көміртегі және 0,3 пайыз азот келеді). Топырақтың минералдық бөлігінің химиялық құ- рамы оның шығу тегіне байланысты анықталады. Егер батпақ- ты топырақтың құрамында алюмини қосылыстары көп болса, құмды топырақта кальций қосылыстары көп кездеседі.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
2.3 Ауылшаруашылық малды азықтандыру

және мал азығына
қойылаты
санитариялық – гигиеналық талаптар.

Малды азықтандыру олардың денсаулығына өнімділігі мен өнім
сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды
факторларының бірі. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жай және
күрделі химиялық заттарды пестицидтер деп атайды. Пес- тицидтер өте
кең таралған экзогенді у болып табылады. Олар топырақта суда
ауада өсімдік құрамында болады. Мал ағзала- рына пестицидтер
тікелей жанасқанда аэрогендік алиментарлық жолмен түседі. Азық
сапасын төмендететін және кейбір кезде токсикалық қасиеттер
артып азықты қолдануға мүмкіндік бер- мейтін минералдық улы
заттарға жататындар: фтор, мышяк, қорғасын, мыс, барий, циониттер
негізінен минералды тыңайт- қыштар, минералдық қышқылдар. Топырақ
минералды және органо - минералдық заттардан тұрады. Минералдық
заттардың көзі жер қабатының қатты қабығын (литосфера) құрайтын
тау- лы породалар. Минералдық бөлік топырақтың 80-90 құрайды, ал
органикалық заттар топырақта 10 пайыздан кем болады. Топы- рақтың
органикалық бөлігі (гумус) өсімдік пен жануарлар тек- тес
заттардың ыдырауынан және осы процесс кезінде жүретін реакциялар
арқасында пайда болатын заттардың өнімдерінен тұрады.
Топырақтың құрамында барлық белгілі химиялық элементтер
анықталған. Топырақта литосфераға қарағанда оттегі, сутегі, кремний
көп болады, ал алюминий, кальций, магний, калий аз кездеседі.
Литосферамен салыстырғанда топырақта кө- мірсутегі 20 есе, ал азот
10 есе артық. Топырақта бұл элемент- тердің көп жиналуы тірі
организмдердің тіршілік етуіне бай- ланысты (бір тіршілік иесіне 18
пайыз көміртегі және 0,3 пайыз азот келеді). Топырақтың минералдық
бөлігінің химиялық құ- рамы оның шығу тегіне байланысты
анықталады. Егер батпақ- ты топырақтың құрамында алюмини
қосылыстары көп болса, құмды топырақта кальций қосылыстары көп
кездеседі. Карбо- натты топырақта басқа топырақ түрлеріне
қарағанда магний және кальций тотықтары көп кездеседі. Топырақтың
химиялық қосылыстарының ішінде үлесі жағынан ең көбін
кремний тотығы, содан кейінгі орындарды - алюминий, темір,
калий, натрий тотықтары иеленеді. Карбонатты топырақтарда бәрінен
де кальций мен магний тотықтары, ал сор топырақтарда - хлор- лы
калий және хлорлы натрий тотықтары көп болады. Топы- рақта өте
аз кездесетін микроэлементтер: кобальт, мыс, марга- нец, бор,
йод, фтор, бром, никель, стронций, селен, молибден,
мырыш,литий,барий т.б.неорганикалық қосылыстардың көзі тек топырақ
пайда болатын продамен шектелмей, сонымен бірге микроорганизмдер
әсерімен ыдыраитын өсімдік және жануарлар тектес органикалық
қалдықтар болып табылады Топырақтың тегінің (породасының) макро
және микроэлемент құрамы мен биохимиясы арасында тығыз байланыс
бар, бірақ кейде топырақ түзілу процесі кезінде бірнеше элементтер
топырақ ерітінділері- мен басқа жерге көшуі себебінен әртүрлі
геохимиялық аймақ- тар түзіледі.
2.4 Суға және су көзіне – қойылатын сани –
тариялық – гигиеналық талаптар және оның
санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу.
Судың физикалық жағдайы, химиялық және газдық құрамы,
микробпен ластануы, оның тағы басқа сипаттамалары мал денсаулығына
белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Тіпті мал суарып жүрген судың
өзгеруінің өзі олардың ас қорытуының бұзылуына әсерін тигізбей
қоймайды. Мұндайда мал жем, шөпке зауқы соқпайды. Осының бәрі оның
өнімділігін төмендетеді. Мал ішетін судың сапасы нашар болса
асқазан-ішек жолдары бұзылады. Сондықтан малды сапалы сумен
қамтамасыз ету үшін оның санитариялық – гигиеналық көрсеткіштерін
анықтап отыру қажет. Суды гигиеналық тұрғыдан бағалау су көзін
санитариялық тексеру, судың физикалық, химиялық және бактериологиялық
қасиеттерін анықтау негізінде жүргізіледі Мал шаруашылықтары
пайдаланатын табиғи су көздері мамандар тарапынан үнемі
сакнитариялық бақылауда болуы қажет. Су қоймаларын санитариялық –
топографиялық тұрғыдан зерттеу су көзінің тегі мен типін, көлемі
мен тереңдігін, топырақ пен жер қыртысының терең топырақ асты
қабатының сипатын, жер, су көзі айналасының топографиясын белгілеуге
мүмкіндік береді. Топырақ пен судың көзін ластайтын мүмкіндіктердің
бар – жоқтығын анықтайды. Су көздерін ветеринариялық – санитариялық
тұрғыдан бақылауға мынандай жайыттар жатады: оның ветеринариялық –
санитариялық жағдайын байқау және судың органикалық, тағы басқа
қалдықтармен, бөгде заттармен ластануының алдын-алу мақсатымен
күзеттер ұйымдастыру; су сапасын санитариялық – лабораториялық бақылау
және жыл маусымымен топырақ жағдайына сәйкес су сапасының
тұрақтылығына есеп жүргізу; мал ішетін су сапасы мал ауруларының
арасындағы қатынасын бақылау. Топырақты негізгі ластаушыларға
пестицидтер (улы хими- каттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс
қалдықтары, ластан- ған затардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары,
мұнай және мұнай өнімдері және т.б. жатады. Топырақтың ластануы
дегені- міз химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактерия, вирус
қарапайымдар, гельминттер) мен олардың тіршілік өнімдерінің
шамадан тыс мөлшерде болуы. Химиялық ластаушылар (неорга- никалық
және органикалық заттар) үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші
топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағыттап,
қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицит- тер, минералды
тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер жә- не т.б. Бұл
препараттар шамадан артық мөлшерде болса топы- рақты ластаушылар
болып шыға келеді. Екінші топқа-топырақ- қа сұйық, қатты, газ
тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түс- кен химиялқзаттар жатады.
Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-
санитариялық және малдәрігер- лік мекемелерден ағып шыққан сулар мен
нәжіс және зәр ара- ласқан қалдық суларды жатқызуға
болады. ТМД елдерінде пестицидтердің көптеген түрін
қолдануға рұқсат етілген. Пестицидтер ауылшаруашылығы
дақылдарының өнімділігін көтеру үшін өсімдік мақсатындағы
химиялық дәрі-дәрмек ре- тінде қолданады. Алайда пестицидтердің
топырақтағы нақты құрамы қалыпты мөлшерден едәуір асып түседі
және кейбір елдерде аса қауіпті мөлшерге дейін жетеді.
Ондай мөлшер адамға да, малға да зиян. Топырақ пестицидтермен
ластанса ол жердің суы мен шөбін малға беруге болмайды. Оның
ауасын жұтудың өзі қауіпті. Өйткені, олар жіті және созылмалы улану-
ға әкеліп соқтырады. Пестицидтер арасында организмдер үшін ең
қауіптісі топырақта ұзақ жылдар бойы сақталатын тұрақты
хлорорганикалық қосылыстар. Қазіргі кезде пестицидтер қолда-. нудың
қауіпсіздігін көтеруге зор көңіл бөлінеді. Осы мақсатпен ондай
препараттар улылығы аз препаратпен ауыстырылуда. Ол- ардың формалары
кейінгі кезде жетілдірілуде. Сондай-ақ, олар- ды ауыл шаруашылығында
пайдаланудың қауіпсіздігін қамтама- сыз ететін гигиеналық нормалары
да негізделуде. Минералды тыңайтқыштар ауыл шаруашылығында
топырақ құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын химиялық
қосылыстар. Оларға макро және микро тыңайтқыштар жатады.
Минералды макро тыңайтқыштар дегеніміз құрамына топырақ
құнарлылығын арттыратын негізгі элементтер (азот, фосфор,
калий) енетін заттар. Макро тыңайтқыштар азотты, фосфорлы,
калилі және аралас деп бөлінеді. Минералды тыңайтқыштар түрлері
көп-ақ. Мысалы, азотты тыңайтқыштар тобына аммиак суы, карбомид,
натрий нитраты, аммиак селитрасы, калий селитрасы және т.б.
енгізіледі. Фосфорлы тыңайтқыштар тобына қарапайым және қос
суперфосфаттар, переципитат, негізгі шлактар және т.б. жа- тады.
Азотты минералды тыңайтқыштар топыраққа тым артық енгізілсе мал
денсаулығына зиян. Өйткені, нитрат метгемоглоби немия деп аталатын
улануға ұрындырады. Сондай-ақ, олар то- пырақта канцерогенді әсері
бар нитрозаминдердің синтезделуі- нің негізі болады. Калий
топыраққа өте баяу көшеді және топырақтың өздігіне тазаруы мен
топырақ биоценозына зиянды әсер етпейді. Дегенмен, олармен бірге
топырақ қыртысына жа- санды сортандыратын хлор иондары енгізіледі.
Сонымен бірге мал организмне жиналған аз ғана калий жүрек-қан
тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Фосфат топырақ-
ты онша ластай қоймайды. Әйтсе-де фосфат тыңайтқышы гек- тарына
600 кг немесе топырақтың 1килограмына 200 мг аспауы қажет. Бұл
шамадан асып кетсе жем-шөптің органолептикалық қасиеті мен
қоректік құндылығын нашарлатады. Сонымен қа- тар топыраққа фосфор
тыңайтқышын енгізу онымен бірге 1литр жер асты суында 20мг дейін
фтор енгізілді деген сөз. Минерал- ды микротыңайтқыштар жердің
құнарлылығын көтеру үшін аз- дап қана (макротыңайтқышқа қарағанда
10-100 есе аз) енгізіледі. Құрамына қорғасын (0,3-1 пайыз) енетін
полимикро - тыңайтқыш- тар (ПМУ-7, ПМУ-8) кеңінен қолданлады. Олар дұрыс
қолданыл- маса топрақты қорғасынмен ластап алу ғажап емес. Топырақ
құ- рылымын жақсарту мақсатымен әдетте тұрақсыз және топы- рақ
микроорганизмдерінің әсерімен түзілетін көп циклды хош иісті
заттар пайдаланлады. Өсімдіктің өсуін реттеу үшін көбне- се, аз
мөлшерде өсімдіктің зат алмасуына белсенді түрде әсер ететін
табиғи және синтетикалық органикалық қосылыстар пай- даланылып жүр.

2.5 Малды күтіп – бағу технологиясын, күтуді,
пайдалануды санитариялық – гигиеналық
бағалау және оларды жетілдіру шараларын
белгілеу.
Малды дұрыс ұстау, азықтандыру және суарумен қатар оларды күту
мал денсаулығы мен өнімділігі үшін аса қажет. Малды суару,
азықтандыру және қолайлы жағдай туғызумен қатар, олар әрқашанда
күтуді қажет етеді. Осы күтудің арқасында мал организмі өзіне
қажетті табиғи тітіркеніш қабылдайды. Мұндай тітіркеніштер
организмнің физиологиялық қызметіне, зат алмасу процесіне,
организмнің функциональдық қызметінің өсуі мен қалыптасуын арттыруға,
сондай – ақ денсаулығы мен өнімділігінің өсуіне өз ықпалын
тигізеді. Топырақтың санитариялық жағдайы эпидемиологиялық,
эпизотологиялық және гигиеналық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Жануар тектес азық
Мегежіндерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайын зерттеу
Жоба тапсырмасын жасау
Бұқаларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда күкірттің маңызы
Терісі бағалы аңдарды өсіру
Мал шаруашылығы объектілерін салуды ұйымдастыру
Мал азықтарының қосымша көздері
Пәндер