Психология ғылымының салалары



I Кіріспе

II Негізгі бөлім:
1.1. Психология ғылымының салалары
1.2. Психология ғылымының аспектілері

III Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:
Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.
Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
3. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
6. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
7. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
8. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
9. Ж.Әбиев,С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.
10. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I Кіріспе

II Негізгі бөлім:
1.1. Психология ғылымының салалары
1.2. Психология ғылымының аспектілері

III Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған
және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің
тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің
негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан
психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан
алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей
салалары бөлініп шығады:
Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық
ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық
аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып
табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация
психологиясы, ғарыш психологиясы.
Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің
психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау
жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен
ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді
мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі
тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық
негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін,
балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә)
тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің
психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының
психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.
Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-
құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық
құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін
нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін
зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға
арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын
психопрофилактика және гигиенадан;адамның психикалық ауытқушылықтарын
зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың
өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек
көрсететін клиникалық психологиядан.
Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды
тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл
салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету
психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, Сот психологиясы сот,
айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б.
жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы
қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен
түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы
қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.
Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын,
басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың
психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін
қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және
т.б. мәселелерді зерттейді.
Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық
ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара
қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз
етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-
қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің
психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі
ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.
Психология тармақтарын жіктеудің негізі ретінде дамудың психологиялық
аспектілерін алуға болады. Бұл жағдайда даму принципі пайдаланылады.
Психология салалары
Енді психология салаларының келесі қатарын қарастырамыз:
Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық
заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр
түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі
тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы,
жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология.
Осы сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен
іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін
жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген
мәселелерді қарастырады.
Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын,
ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы
аурулардың себептерін қарастырады.
Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда:
олигофренопсихологыя - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының
дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын,
тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын
зерттейді.
Салыстырмалы психология — психиканың филогенетикалық түрлерін
қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып
зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері
ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір
түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әр қилы
механизмдерін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы
және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл
тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этиология деп
аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де
қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын
механизмдер зерттелуде.
Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен
айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен
кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық
құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезеңде әлеуметтік психология
қарқынды түрде дамуда. Әсіресе саяси, экономикалық қоғамның күрделі
мәселелері. Сонымен қатар үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік
жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамына жалпы бұқаралық байланыстар: радио,
теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы
құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-
ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы
әсер етудің психологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны
Психология пәні туралы
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Психология ғылымының мақсаты
Психология ғылымының салалары, әдістері
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Психологияның ғылымдар жүйесіңцегі орыны
Психология ғылымы жайында мәліметтер
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Пәндер