Тілдің сөзжасам жүйесі



Кіріспе
Тілдің сөзжасам жүйесі


Негізгі бөлім

а) Сөзжасамның тәсілдері

ә) Сөзжасамның қызметі

б) Сөзжасамның зерттелуі


Қорытынды

Сөзжасамның басқа салалармен байланысы

Пайдаланған әдебиеттер
Сөзжасам – тіл білімінің жеке, дербес саласы. Оның өзіндік зерттеу обьектісі бар. Бұл саланың обьектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады. Басқаша айтқанда, сөзжасам тілдегі сөз жасау процесімен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.
Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан өте күрделі сөзжасам жүйесі бар. Бұл тілдің дамуымен бірге дами отыра, талай даму сатыларынан өтіп, әбден тынығып, күрделеніп, өлшеніп қазіргі өте жүйелі дәрежеге жеткен. Басқаша айтқанда, тілімізің әбден қалыптасқан, орныққан, күрделі, өте жүйелі сөзжасамы – ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі.
Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік құбылысқа жататыны белгілі. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздермен қатар туынды сөздер де болғаны белгілі. Олар туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Яғни, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы, сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.
Қазақ тілінде сөз жасауға қатысатын негізгі тұлғаларға түбір сөз және қосымша жатады.
Сөзжасам процесіндегі түбірдің негізгі болып саналатын себебі түбір сөздің лексикалық мағынасы жаңа сөздің лексикалық мағынасына арқау болады, өйткені тілде бір лексикалық мағына екінші лексикалық мағынаның негізінде жасалады.
1.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989 жыл
2.Қазақ грамматикасы. КССР-інің «Ғылым» баспасы. Астана, 2002 жыл

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
М Ә Н Ж А З Б А

Ж о с п а р

Кіріспе

Тілдің сөзжасам жүйесі

Негізгі бөлім

а) Сөзжасамның тәсілдері

ә) Сөзжасамның қызметі

б) Сөзжасамның зерттелуі

Қорытынды

Сөзжасамның басқа салалармен байланысы

Сөзжасам – тіл білімінің жеке, дербес саласы. Оның өзіндік зерттеу
обьектісі бар. Бұл саланың обьектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы
тілдік нұсқалар сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу
үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен
мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады.
Басқаша айтқанда, сөзжасам тілдегі сөз жасау процесімен байланысты барлық
құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.
Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан өте күрделі сөзжасам
жүйесі бар. Бұл тілдің дамуымен бірге дами отыра, талай даму сатыларынан
өтіп, әбден тынығып, күрделеніп, өлшеніп қазіргі өте жүйелі дәрежеге
жеткен. Басқаша айтқанда, тілімізің әбден қалыптасқан, орныққан, күрделі,
өте жүйелі сөзжасамы – ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі.
Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік құбылысқа жататыны
белгілі. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге
толық куә бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір
сөздермен қатар туынды сөздер де болғаны белгілі. Олар туынды түбір,
күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі.
Яғни, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы, сөздердің
тіркесуі арқылы жасалады.
Қазақ тілінде сөз жасауға қатысатын негізгі тұлғаларға түбір сөз және
қосымша жатады.
Сөзжасам процесіндегі түбірдің негізгі болып саналатын себебі түбір
сөздің лексикалық мағынасы жаңа сөздің лексикалық мағынасына арқау болады,
өйткені тілде бір лексикалық мағына екінші лексикалық мағынаның негізінде
жасалады.
Жаңа сөз жасауға тілдегі түбірлердің барлық түрі қатысады. Оларды
атағанда мынадай: негізгі түбір, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз,
қысқарған сөз.
Тілдің сөзжасам жүйесінде түбір сөздер басқаша тұрғыда да қызмет
атқарады, оны жаңа сөздің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуынан көруге
болады.
Тілдің сөзжасам жүйесіндегі жұрнақтардың әрқайсысының өзіндік
мағынасы бар, бір жұрнақтың өзі бірнеше мағына білдіре береді. Ондайда көп
мағыналы жұрнақтар бірнеше жұрнақтың қызметін атқарады.
Сөзжасам жүйесіндегі жұрнақтың ішінде сөзге үстеме мағына беріп,
сөзді мағына жағынан түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, үйшік,
кітапша, сарғыш, т.б. Мұндай жұрнақтар ғылымда талас та туғызып жүргені
рас, өйткені мұнда сөз мағынасы мүлдем өзгеріп кетпейді. Бірақ осындағы үй
мен үйшік, кітап пен кітапша, сары мен сарғыш деген сөздердің әрқайсысы
тілде өзінше лексикалық тұлға ретінде қолданылады, дербес қызмет атқарады.
Сөзжасамдық жұрнақтардың тілдегі қызметінің әр кезеңде түрліше
дәрежеде болуы – жиі кездесетін құбылыс. Бір кезеңде актив қызмет атқарған
жұрнақтар, келесі бір кезеңде пассивтенуі мүмкін.

Тілде әбден қалыптасқан сөзжасамдық тұлғалар бары, жаңа сөз қай
тәсілмен жасалса да, осы тұлғалар арқылы жасалатыны анықталды және ол сөз
жасаушы тұлғалар тілде қалыптасқан белгілі сөзжасамдық тәсілдердің
нәтижесінде жаңа сөздерді тудыратыны байқалады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің бар мүмкіндігі, ішкі құрылысы мұнымен
аяқталмайды.
Тілдің сөз тудырым құрылысы сөзжасамдық тұлғалардың тілде қалыптасқан
тәсілдер арқылы бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуінен тілде орныққан
белгілі сөзжасамдық үлгілер бар.
Жаңа сөз атаулының бәрі сөзжасам заңдылықтары арқылы өмірге келеді.
Мысалы, қазақ тілінде сөз тудыру процесінде әр сөзжасамдық тұлғаның өзіндік
орны бар. Оны әркім өзінше өзгерте алмайды.
Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып толықтырып отыру негізінен
тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден
сөз қабылдау арқылы да тілдің сөздік қоры байып отыратыны көпшілікке
таныс.
Тілдің сөзжасам жүйесінде қызмет атқаратын үш тәсілдің бәрі де –
ертеден келе жатқан тәсілдер. Оларды үшке бөліп көрсеткенмен, әрқайсысының
іштей өзіндік ерекшеліктері де бар. Бірақ олардың ішкі ерекшеліктерімен
қатар ортақ белгілері де бар.

Синтетикалық тәсіл
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі бұл атауынан басқа да бірнеше түрде
айтыла береді. Солардың ішінен балама есепті жиі қолданылатыны –
морфологиялық тәсіл.
Синтетиклық сөзжасамның негізінде пайда болған бүтіндер де бірде
туынды сөз, екінші бір жерде туынды түбір делінсе, олардың қай сөз табына
тән екендігі ескеріліп, туынды зат есім, туынды етістік, т.б. осы
тәрізденіп, жеке-жеке сөз таптары тұрғысынан ат тағылатын жағдайлар да бар.
Синтетикалық сөзжасамда ең түпкі мағыналы бөлшек түбірі болады. Ол
түбір сөз немесе түбір морфема делінеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Сөзжасам
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі
Күрделі сөздер
СӨЗЖАСАМ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Түркі тілдерінің сөзжасам мәселелері
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»
«Қазақ тілі сөз жасамындағы лексика-семантикалық тәсілдің көрінісі»
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі
Пәндер