Психологияның дербес ретінде дамуы
1)Психологияның дербес ғылым ретінде (1879ж) дүниеге келуі.
2)Зерттеушілердің пікірі.
Пайдаланған әдебиеттер
2)Зерттеушілердің пікірі.
Пайдаланған әдебиеттер
Университеттік білім жүйесінің барлық заманда да ғылым дамуында ерекше орын алатыны ләзім. Оның кез келген елдің, мемлекеттің зияттық (интеллектуалдық) әлеуетін қалыптастыру мен кәсіби мамандар даярлаудағы маңызын ешкім жоққа шығара алмайды. Егер алғашқы университеттер (Болонья, Париж, Оксфорд және т.б.) тарихына назар аударатын болсақ, олардың әуел бастан дербес шығармашылық зерттеуге құштар жас ізденушілер, оқытушылар мен ғалымдар одағы ретінде қалыптасқан екен. Орта ғасырда кәсіби белгісі бойынша топтасқан және ерікті әрі тәуелсіз ресми дәрежесі бар кез келген адамдар бірлестігі “univеrsitas” деп аталатын. Мәселен, көпестер гильдиясы немесе қолөнершілер цехы осы атауды иеленді. Уақыт өте келе корпорациялар атауы оқу орны ретіндегі университет мағынасын бере бастады. Енді ғылыми еңбекпен айналысу еңбек бөлінісінің нәтижесінде туындаған кәсіби іс-әрекет болып саналды. Университет-корпорациялар сол кездердегі интеллектуалдардың бір жерде шоғырлануына мүмкіндік берді. Жалпы батыс Еуропада ортағасырлық университеттердің дүниеге келуі білім беру жүйесі тарихындағы ерекше ірі оқиға болды. Зерттеушілердің пікірінше, Болонья және Париж университеттері бүгінгі жоғары мектептің институционалдық құрылымының негізін қалады. Сол дәуірде аталмыш университеттер өзінің зайырлық сипатымен білім іздеген жастар үшін өте тартымды болды. Мәселен, Рим құқығы мектебінің негізін салушы Ирнерий ( шамамен 1055-1130 жж. өмір сүрген) іргетасын қалаған Болонья университетіне Еуропаның түпкір-түпкірінен мыңдаған жастар ағылып келе бастады. Педагогикалық қызметті заңгер-мамандар атқарғандықтан ғылыми жұмыста құқық саласымен байланысты болды. Болонья университетін бітіргендер саяси және әкімшілік тұрғыда жоғары мансапқа қол жеткізгендіктен бұл университеттік оқыту жүйесі бүкіл Еуропаға кеңінен тарады. Ал Париж университетінің француз ұлтының рухани тұтастығын қалыптастырудағы орны ерекше болды.
1. Грановский Т.Н. Лекция по истории средневековья – М., Наука, 1987.- 427 с.
2. Шустер Г. История тайных союзов, обществ и орденов. – М., 1996. – Т.1. – 389 с.
3. Смит Р. История психологии: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М., 2008 – 291 С.
4. Карье Г. Культурные модели университета /Alma mater. – 1996. – №3. – С. 21-28
2. Шустер Г. История тайных союзов, обществ и орденов. – М., 1996. – Т.1. – 389 с.
3. Смит Р. История психологии: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М., 2008 – 291 С.
4. Карье Г. Культурные модели университета /Alma mater. – 1996. – №3. – С. 21-28
Психологияның дербес ретінде дамуы
Жоспар
1)Психологияның дербес ғылым ретінде (1879ж) дүниеге келуі.
2)Зерттеушілердің пікірі.
Университеттік білім жүйесінің барлық заманда да ғылым дамуында ерекше орын
алатыны ләзім. Оның кез келген елдің, мемлекеттің зияттық (интеллектуалдық)
әлеуетін қалыптастыру мен кәсіби мамандар даярлаудағы маңызын ешкім жоққа
шығара алмайды. Егер алғашқы университеттер (Болонья, Париж, Оксфорд және
т.б.) тарихына назар аударатын болсақ, олардың әуел бастан дербес
шығармашылық зерттеуге құштар жас ізденушілер, оқытушылар мен ғалымдар
одағы ретінде қалыптасқан екен. Орта ғасырда кәсіби белгісі бойынша
топтасқан және ерікті әрі тәуелсіз ресми дәрежесі бар кез келген адамдар
бірлестігі “univеrsitas” деп аталатын. Мәселен, көпестер гильдиясы немесе
қолөнершілер цехы осы атауды иеленді. Уақыт өте келе корпорациялар атауы
оқу орны ретіндегі университет мағынасын бере бастады. Енді ғылыми еңбекпен
айналысу еңбек бөлінісінің нәтижесінде туындаған кәсіби іс-әрекет болып
саналды. Университет-корпорациялар сол кездердегі интеллектуалдардың бір
жерде шоғырлануына мүмкіндік берді. Жалпы батыс Еуропада ортағасырлық
университеттердің дүниеге келуі білім беру жүйесі тарихындағы ерекше ірі
оқиға болды. Зерттеушілердің пікірінше, Болонья және Париж университеттері
бүгінгі жоғары мектептің институционалдық құрылымының негізін қалады. Сол
дәуірде аталмыш университеттер өзінің зайырлық сипатымен білім іздеген
жастар үшін өте тартымды болды. Мәселен, Рим құқығы мектебінің негізін
салушы Ирнерий ( шамамен 1055-1130 жж. өмір сүрген) іргетасын қалаған
Болонья университетіне Еуропаның түпкір-түпкірінен мыңдаған жастар ағылып
келе бастады. Педагогикалық қызметті заңгер-мамандар атқарғандықтан ғылыми
жұмыста құқық саласымен байланысты болды. Болонья университетін бітіргендер
саяси және әкімшілік тұрғыда жоғары мансапқа қол жеткізгендіктен бұл
университеттік оқыту жүйесі бүкіл Еуропаға кеңінен тарады. Ал Париж
университетінің француз ұлтының рухани тұтастығын қалыптастырудағы орны
ерекше болды. Франция астанасы мәдениет пен зияткерліктің орталығына
айналды. Әмбебап ғылыми тіл ретінде латын тілін пайдаланған орта ғасырлық
батыс еуропалық университеттердің дүниеге келуі мен дамуы жалпы батыс
өркениетінің дамуына орасан зор ықпал етті. уропалық университеттер идеялар
мен доктриналардың таласы ғана емес, сондай-ақ ықпал ету аясын бөлісу үшін
жүргізілген тартыс алаңы ретінде де көзге түсті. Мәселен, реформалау мен
қайта құруды жақтаған Реформация құбылысына өз позициясынан айырылғысы
келмеген кертартпа күштердің контрреформациялық қозғалысы арасындағы
күресті зерттеушілер ерекше бөліп көрсетеді [1]. Рим католик шіркеуінің
мүддесін қорғаушы құрал ретінде көрінген монахтық ордендер қызметінің
университеттік білім беру мен тәрбие барысына ықпалы орасан үлкен болды.
Халықаралық рухани-саяси корпорацияның жарқын үлгісі ретінде Игнатий Лойола
(1491-1556) негізін қалаған иезуиттер орденін келтіруге болады. Өзіндік
рухы мен белгілі бір қағидалар мен ережелері, қатаң тәртібі мен құрылымы,
саяси және моральдық ілімі бар иезуиттер ордені құпия ұйым ретінде қоғамдық
өмірдің барлық саласына араласып отырды. Католик шіркеуінің мүддесін
қорғаушы иезуиттер XVIII ғ. басында Еуропадағы 24 университет пен 769
колледжге өз бақылауын жүргізді [2]. Тарихшылардың зерттеуі бойынша қазіргі
классикалық университеттік білім берудің негізгі қағидалары мен тұжырымдары
ХІХ ғасырда Еуропада қалыптасыпты. В. Фон Гумбольдт пен Дж. Ньюмен ұсынған
университеттік модель Германия университеттерін екі ғасыр бойы (ХІХ ғ –ХХ
ғ.) әлемдегі алдыңғы қатарға шығарды. Психологияның дербес ғылым ретінде
(1879 ж.) дүниеге келуі де Германияның Лейпциг университетінде орын алды.
Гумбольдттың оқыту мен ғылыми зерттеуді қатар ұштастыру идеясы неміс
университеттерін нағыз ғылыми орталықтарға айналдырды. Тарихтан 1810 ж.
ашылған Берлин университетінің жобасын лингвист әрі пруссиялық министр
болған Вильгельм фон Гумбольдттың тікелей өзі жасап жүзеге асырғаны мәлім.
Жаңа жобаның басты идеясы – іргелі ғылыми зерттеулермен айналысу, ол
университеттер үшін басты құндылық бағдары болуы шарт. Нәтижеде неміс
қоғамы білімді адамдарды, ғалымдарды аса қадір тұтты. Пруссиядан соғыста
жеңілген Францияның ғалымдары былай деген екен: “Пруссия жүргізген соғыста
жеңіске Берлин университеті жетті “.[3]. Дүниежүзінің жастары мен
ізденушілері Германияда жоғары білім алуға және тәжірибе алмасуға ұмтылды
және өз еліндегі университеттерді сол үлгіде қайта құруды көздеді. Мысалы,
АҚШ -та психологияның университеттік пән және кәсіби мамандық ретінде
қалыптасуында негізгі рөлді алған Ст. Холл (1846-1924) Германияда білім
алды. Психологтарды даярлаудың халықаралық орталығына айналған В.Вундттың
лабораториясында тәжірибе алған ол 1883 жылы АҚШ-та алғашқы психологиялық
лабораторияның негізін қалады. Психологиядағы Чикаго функционалдық
мектебінің лидері Д. Энджеллде (1869-1949) В.Вундттың лабораториясында
оқыды. Ал психология тарихындағы алғашқы мектептердің бірі –
структурализмнің негізін қалаушы Э. Титченер (1867-1927) В. Вундттың ең
сенімді берілген шәкірті болды. Ол Англияда өмірге келді және Оксфорд
университетінде психологиялық білім алды. Оны бітірген соң Лейпциг
университетінде В. Вундттың жетекшілігімен аспирантурада оқыды және
докторлық диссертация қорғады. 1892 жылы АҚШ -тағы Корнелль университетінде
(Нью-Йорк) психология факультетінің деканы болды. Тарихшылар Э. Титченерді
американдық Вундт деп те атайды. Германияның Лейпциг университетінде оқыған
ресейлік ғалымдар В.М. Бехтерев (1857- 1927), Н.Н Ланге (1858-1921) өз
елдерінде эксперименттік психологияның бастауында тұрды. В.М. Бехтерев 1885
жылы Қазан университетінде Ресейдегі тұңғыш психофизикалық лабораторияны
ашты. Ал Ланге 1896 ж. Новороссиялық университетінде (Одесса) экспериментік
психологиялық лабораториянының негізін қалады. Қазақстанда назар аударуға
тұратын психологиялық лаборатория ХХ ғ. 60-70 ж. Ш. Уәлиханов атындағы
Көкшетау педагогикалық институында жұмыс істеген көрінеді (М.Г.
Сұбханқұлов). Биылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- де психологиялық
лаборатория құру ісі қолға алынуда. Қазақстанда назар аударуға тұратын
психологиялық лаборатория ХХ ғ. 60-70 ж. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау
педагогикалық институында жұмыс істеген көрінеді (М.Г. Сұбханқұлов).
Биылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- де психологиялық лаборатория құру
ісі қолға алынуда. Бүгінгі таңда университеттік білім беру теориясы туралы
пікірталастар мен айтыстар дамылсыз жалғасуда. Әр жылдары пікірталасқа
қатысушылар қатарында Д. Ньюмен, К Ясперс, Х. Ортега-и- Гассет, А.
Флекснер, Р.М. Хатчинс, Ю. Хабермас және т.б. ғалымдар болды. Олардың
еңбектерінде университеттің идеалды үлгісін іздеудегі үш позиция көрініс
тапқан. Бірінші позицияда Гумбольдт дәсүріндегі зерттеуші университет
идеясы қолдау тапты; екіншісінде университеттің “мәдениетке оқытудағы”
жоғары миссиясы; үшіншісі қазіргі қоғамдағы университет міндетіне оқыту мен
зерттеуді ұштастыру ғана емес, сондай-ақ ерекше функция ретінде қоғамға
қызмет ету идеясын ұсынады. Жалпы жоғары оқу орындағы білім беру, оқыту
және тәрбиелеу процестерін теориялық талдау мен ұғыну ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz