Азаматтық құқық негіздері туралы


Жоспар:
1 Азаматтық құқық түсінігі. Азаматтық-құқықтық қатынас.
2 Кәсіпкерлік қызмет ұғымы, түрлері.
3 Меншік
Азаматтық құқық - бұл тауар- ақшалай және қатысушыларының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері - жеке тұлға және заңды тұлғалар. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның 2 категориясы болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар .
Жеке тұлға - заңды тұлға мәртебесіне иемдембейтін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат . Оның кәсіпкерлік құқығы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін басталады. Кәсіпкер не, қалай, кім үшін өндіру керек мәселелерін өзі жеке шешеді.
Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Оған мекеме, ұйым, кәсіпорын жыне т. б. жатады.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. “Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734) еңгізді. Кәсіпкерлік-бұл адамның зерттеу және сегменттеу қызметі, жаңа ізденіске бағытталады және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік-новаторлық іс. Нағыз кәсіпкерлік-ол өнертапқыш. Зерттеу және сегменттеуда “кәсіпкерлік қабілеттілік” деген ұғым бар.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық формаларының ерекшеліктері:
-шаруашылық бірлестіктің қатысушылар саны
-капитал иесі
-басқару формасы
-мүліктің қайнар көздері
-мүліктік жауапкершілік шегі.
Кәсіпкерлік қызметпен заңды және жеке тұлғалар айналысады.
Заңды тұлғаның екі түрі бар: коммерциялық және коммерциялық емес .
Коммерциялық ұйымдар : толық серіктестік, коммантидтті серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорындар.
Серіктестік - үлестері әртүрлі формалы және оның құрамынан шыққан кезінде сондай алынатын, барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке жеке араласатын шағын компаниялар болып табылады.
Толық серіктестік - серіктестіктің міндеттері бойынша оның мүшелері өзінің барлық мүліктермен ортақ та толық жауапкершілікте болады.
Коммандитті серіктестік - мұнда серіктестік мүшелерінің бір бөлігі осы ұжымның міндеттемелері бойынша, өз мүліктері есебінен толық жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек өздері қосқан жарнасы көлемінде ғана жауапкершілікте болғандықтан, басқару ісіне араласпайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - серіктестіктің міндеттемелері бойынша оның мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан жарналары көлемінде ғана жауапкершілікте болады.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - яғни бұл жерде серіктестіктің міндеттері бойынша оның мүшелері ең алдымен өз жарналары көлемінде, ал жарналары жетпей қалған жағдайда өз мүліктерінің жарнаға тең көлемінде қосымша жауапкершілікте болады.
Акционерлік қоғам - бұл қаржысы акцияларды сату арқылы жиналатын және сол акция иелеріне келешектегі пайда есебінен дивиденд беріп отыратын серіктестіктер.
Акция -бұл оның иесі акционерлік қоғамның капиталына өз үлесін қосқанын және оның сол кәсіпорынның түсірген пайдасының белгілі бөлігін алуға құқы бар екенін растайтын бағалы қағаз. Акционердің өз акциясына алып отыратын табысы дивиденд деп аталады.
Қарапайым акция акционерлік қоғамның өз арасында бөлуге арналған пайданың бір бөлігінен дивиденд алуға құқық береді. Сонымен бірге, акцияның бұл түрі акционерлердің жиналысында қатысуға және бір дауысқа құқық береді.
Бүгінгі таңда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нәтижесінде меншік пен кәсіпорындардың алуан түрлері мен формаларының барлығы бірдей заң жүзінде орнықпағанымен, дұрыс қалыптаса бастады. Олардың ең алдымен мемлекеттік меншікке негізделетін және төмендегідей формаларда әрекет жасайтын түрлері бар:
мемлекеттік бюджетте тұрған кәсіпорындар мен ұйымдар-несие негізінде коммерциялық қызметпен айналыспайтын мемлекеттік-бюджеттік кәсіпорындар;
шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін мемлекеттік шаруашылық есептегі кәсіпорындар;
мемлекеттік-жалгерлік кәсіпорын-мемлекеттік кәсіпорынды, оның бір бөлімшесін немесе басқа мүліктерін сондағы еңбек ұжымының өзі жалға алған жағдайда құрылады;
кооперативтік кәсіпорындар-бұл жаңа түрлі кооперативтер. Олар жалға алған немесе олардың пайдалануына берілген мүліктерді пайдаланып, тауар шаруашылығымен айналысу мақсатымен кооперативке мүше ретінде ерікті түрде бірлескен адамдар тобы. Олар өндірісті дербес, өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру принципіне сәйкес ұйымдастырылады.
мемлекеттік-акционерлік қоғам немесе холдингтер;
мемлекеттік бірлескен кәсіпорындар, сол кәсіпорынды құрушылардың мүліктерін біріктіру жолымен құрылады. Оларға заңдылық құқығы бар тұлғалар, шетел мекемелері мен азаматтары кіреді.
Мемлекеттік меншік
- Конституциямен, Азаматтық кодекспен меншіктің бір түрі ретінде бекітілген.
Азаматтық кодексте азаматтық-құқықтық қатынастардағы барлық қатысушылардың теңдігі көзделген.
Азаматтық кодекстің 111-114 баптарына сәйкес мемлекет азаматтық - құқықтық қатынаста өзіндік егемендік иммунитетін көрсетпейді, қайта азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде қатынасады. Мысалы, мемлекетке және әкімшілік - аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзге норма туындамайтын болса, қолданылады. (АК - тің 114 - бабы) және азаматтық - құқықтық дауларды Қазақстан Респуцбликасының қатысуымен соттар шешеді. (АК - тің 111 - бабы 3-тармағы) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz