Абай Құнанбаев: балалық және жастық шағы


АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
(1845-1904)
Балалық және жастық шағы
Қазақтың ұлы акыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде,, туған. Шыққан ортасы - аукатты, Тобықты руының белгілі ел билеушілері бол-ған. Әкесі Құнанбай кезін-де болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Ал, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай - өз заманының атақты билері.
Кұнанбайдан - Құдайберді, Тәңірберді (Тэкежан), Абай, Ысқак, Оспан, Қалиолла (жас кезінде өлген), Ысмағұл деген жеті балатуған. Солардын ішінде Абай жас кезінен-акерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген Сырт көзге мо-мын және сөзге иланғыш, аңқау Абай жас кезінен өлең, әңгі-меге әуес болады, ертегі-аңыздарды құмарта тындайды. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі-аңыздар - Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.
Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул-Жаппардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқи-ды. Болашак ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағүрлым үздік оқыған. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жүмсайды. Шығыстың калассик акындары: Низами, Сағди, Хафиз, Фзули шығармаларымен, ертегі, дастан қиссаларымен Абай осы кезде танысқан. Балалық шағындағы өлең жазамын деген талабын:
Фзули, Шәмси, Сәйхали,
Науаи, Сағди, Фирдауси,
Хожа Хафиз-бу һаммәси,
Мәдәт бер я шағири фәрияд! -
деп, Шығыс ақындарыма сиынудан бастауы да Абайдың оларға деген сол кезйегі ынтасынбайқатады. Медреседегі діни уағыз-дармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі тілдерін игеру арқылы шығыс клас-сиктерін оқып-үйренуге жетуі - Абайдың аса зор табысы.
ІМедресенің соңғы жылында Абай, мүсылманша оқумен катар, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл - Абайдың кейін орысшаны өз бетімен үйреніп, игеріп кетуі-не негіз болған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ез қасына алады да, ел билеу ісіңе баули бастайды. Ел басқару қыаметінде өз орнымды басар ұлым осы ғой деген дәмемен Абайға өр түрлі жол көрсетіп, тәрбиелейді.
Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдет-ғұрып, тұрмыссалтын терең танып-білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен-билердің ортасына түседі. 1 Солардан сөз үйреніп, билікке керек қазақтың ескі сөз, жөн-жобасын, ма-калдап, тақпақтай айту үлгілерін зерттейді. Бұл жол Абайды халықпен жакындастырады. Ол ескі кеп әңгімелерді халық ішінен үйренеді. Сол әңгіме-жырлардағы елдің зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді, ел ақындарының атқамі-нерлер жайындағы сынын кеп естиді.
Сөйтіп, бір жағынан, Шығыс, орыс мәдениетінен хабары бар Абай ел тарихымен таныса келе, ақыл-ойы толысып, көзге түсе бастайды. Балалықпен ерте қоштасып, ел ісіне араласқан ол елдің тұрмыс-тіршілігін, атқамінер әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып жүдеген кедей шаруаларды, барымта-бақта-ластықты, содан туған лаң-пәлелерді көреді. Өздері надан, ел тағдырын ойламайтын басшыларға сынай қарайтын болады. Мүның бәрі Абайға әке жолын үстаудың жетімсіздігін, халыққа жақын басқа жол іздеу кажеттігін аңғартады.
Осыдан бастап Абайдың әкесі Құнанбаймен, оның маңындағы қошаметшіл топпен ісі мен сезі бір жерден шыға бер-меген. Бірде Қүнанбай өз баласының халықшыл мінездерін ұнатпай оған: «Сен жұрттың бәрімен күліп сөйлесесің, жай-дақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, қүс та жалайды, кісіге қадірің болмайды. Көрінгенмен жақын боласың, кісі таны-майтын желбегей жүрген кісінің басына ел үйірілмейді», - деп мін тағады. Әкесіне жауап ретінде Абай: «Қолында құра-лы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан да қойшыколаң, жарлы-жакыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдак су артык деп білемін», - депті.
Бұл жағдайлар - халықтың өмір сүру жағдайлары мен келешегіне түрліше көзқарас Абайдың ел билеу қызметінен шеттей бастауына әкеледі. Ендігі жолды ол кітаптан, озық ел-дердің мәдениетінен іздер.
«Шығысым батыс боп кетті»
60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орыс-шасын өз бетімен үйрену аркылы дамытады, орысша кітаптар-ды көп окиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп, кітаптар алдырады. Қысқы айларда қалада ұзақжатып, кітапханада отырып оқитын болады. Сейтіп жүріп ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас төнкерісшіл Е. П. Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л. Толстой кітабын сұрап тұрған қазақты көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сүрайды. Осылайша басталған екеуінің таныстығы кейін үлкен достыққа айналады.
Михаэлис Петербург университетінің студенті болып жүріп патша үкіметіне жақпайтын сөз-әрекеттері үшін осында жер аударылған, ол Н. Г. Чернышевскийдің жолын куған және онымен жакын таныс болған. Соның көмегімен Абай ендігі жерде керек кітаптарды іріктеп, жүйе-жүйемен оқитын болады. Ол орыс, батыс әдебиеттерін, философиялық, қоғамдық әдебиеттерді беріле оқиды. Ресейдегі саяси ағым, қоғам-дықдамудың мәселелерін қарастырады. Осыдан барып Абай «Дүниеге көзімді ашқан - Михаэлис» деген. 1880-жылдарда Михаэлис арқылы ол Долгополов, Леонтьев сияқты айдауда жүрген демократтармен танысады.
Бұл жылдары Абай орыс әдебиетінін классиктері Пушкин, Лермонтов, Салтыков-Щедрин, Некрасов, Толстой шығармаларын, Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов сияқты революцияшыл-демократтардың еңбектерін оқиды. Еуропанын бірталай ақындары мен ғалымдарының, ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады. Олардың ішінде Сократ, Платон, Аристотель, Байрон, Гете, А. Дю-ма, Спенсер, Льюис, Дарвин, Дрепер, тағы басқалардың шығармалары кездеседі. Сол арқылы Абай әдеби білімін, дүниетанымын кеңейте түреді.
Ақынның халқын гылым, опер жолына үндеуі мен демократтық кезқарасты кабылдауы, өмір шындығын терең танып, коғамдық кайшылықтарды откір сатира тілімен аяусыз шеғіеуінің бір тамыры осы мүршіарда жатыр. Олар Абай бойындағы ақындық талантты оятты, оның жетіліп, дамуына жәрдемдесті. Оған дейін ойын-сауыктарда әзіл-қалжың ретінде шағын шумактарды суырып салып айтқаны болмаса, ол акын болуды мақсат етпеген. Оның өлендерінің жүйелі, ақындық үлгіде жазылуы 1882 жылдан басталады. Бүл жылы жазылған «Қансонарда бүркітші шығады анға» және Лермонтовтан аударған «Бородино» өлендері - Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындылар. Мұның алғашкысында ақын казақтың аңшылык өнерінің суретін нанымды өрі көркем етіп көз алдыңызға елестетсе, екіншісінде орыс халкалқың Наполеонға қарсы ерлік күресін жырлаған Лермонтовтың «Бородино» атты өлеңін қазакшаға дәл, түпнұсқаға жақын етіп, аударуға тырысқан. Бірак өленнің тек алғашкы шумақтары ғана сақталған.
Щокылдардың орта кезінен бастап Абай акындык жолға біржола бетбұрады. Бұл кездегі оны нелендерінің қай-қайсысы болсын - толысқан ой-сананың жемісі. Бұған дейін әрекідік жазған өлеңін өз замандасы Кекпай атынан таратып жүрген Абай жылдан бастап ез атына көшірген. Бұл жағдайды Көкпай акын былай деп еске түсіреді:
«Ақылдан бастап 1886 жылға шейін Абай әрбір өленді жазыгүрді. Бірақ бұл уақыттағы сездерінін барлығын «Көкпай сөздері» деп жүргізді. Кейін Омбыда «Дала уалаяты» мен «Серке» газеті шыққанда, бірер өленін тағы да менің атымнан жіберді. Осы хал 1886 жылға шейін келді де, сол жылдың жазында ел жайлауға шықты. Абай аулының ен өрістеп барып орнықпақ болған жайлауы Баканас өзенінің бойы еді.
Көш жүріп кетті. Біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып, артынан келдік. Осы жылы Абай аулында доктор Долгополов та қонақ еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатыр екен.
Абай конып жатқан ауылды көріп, осы суретті өлең қыл деді. Мен біраз өлең кылып едім, жақтырмады да, өзі жаз-бақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып, бәріміз жайланған соң, Абайға келіп едім: «Өлең Көкшенің' бойынан асайын деді ғой», - деді. Мен: «Асса, басында мен қолқалап алған нәрсе емес еді, енді өзіңіз ретін тауын, қайтып аларсыз», -деп қалжыңдадым. Сөйтсем, сол күні «Жаздыгүн шілде болғанданы» жазған екен, оқып берді. Өзі жазған сөзіне ең алғашкы рет, аз да болса, қанағат қылғанын көргенім сол. Менің қал-жыңыма орай қылып: «Сен соғымыңа бір тубие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын», - деді».
Осы жылдардан бастап Абай өленді үзбей жазуға тырыс-қан. Бірақ ел арасындағы шиелініскен тартыстар оның әде-биетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген. Сондықтан кей жылдары аз, кей жылдары көп жазып жүр-ген.
«Дүние де өзі, мал да өзі»
Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлені бүл такырыптағы түнғыш шығармасы болумен катар, ақыннын сөз өнері жолындағы жана ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.
Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп, сынайды.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Бұл - өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді опык жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығы-ның халықтык, ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді. Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны терендете түседі.
1986-жылы Абай «Ғылым таппай мактанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлендер жазды. Мұның алғашкысы үстаз ақынның кейінгі үрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлен бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы - ғылым болуы ке-ректігін түсіндіреді.
Ғылым таппай мактанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа кұлуге, -
дейді ол. Сөйтіп, ғылымга бсрілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.
Ғалым болмай немене,
Балалыкты кисаңыз. .
Болмасаң да үксап бак,
Бір ғалымды керсеңіз.
«Ондай болмақ кайда?» деп,
Айтпа, ғылым сүйсеңіз!
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де езі, мал да өзі,
Гылымға коиіл белсеңіз, - дейді.
Ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның айы-рықша ескертуі бар. Ол - қандай нәрседен қашық болу, қан-дай нәрсемен дос болу.
Бес нәрседен кашык бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеніз,
Тілеуін, өмірің алдында,
Оған кайғы жесеніз.
Әсек, өтірік, мактаншак,
Еріншск, бекер мал шашпақ, -
Бес дұшпанды білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап кой -
Бес асыл іс көнсеңіз, -дейді.
Ғылым жолы - әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жол-мен жүре алмайды.
Надандарға бой берме
Шын сөзбенеи елсеңіз,
немесе:
Надандыкпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме,
дегенде, ол ғылым үйренетін жастын, караңғы, надан кауымнан өзгеше болуын калайды.
«Интернатта окып жүр» өлеңінде Абай әлгі ойларына тын пікірлер сосады. Мұнда сыншылдык басым. Акын патшалык ел билеу жүйесі, окыту тәртібіне сын айтады. Халықка пайдалы емес, залалды болып шығатын әкімдер мен шалағай төрелердін оқудағы мақсатын көрсетеді.
Орыс тілі, жазуы
Білсем деген таласы
Прошение жазуға
Тырысар, келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек,
Істің ақ пен қарасы.
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
. . . Аз білгенін көпсінсе,
Көп казакка епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Ақын мүндай мақсатпен ғылым қууды қуаттамайды. Олардың «Иә тілмаш, иә адвокат» болу ниетіне Салтыков пен Толстойды әдейі қарсы қояды. Толстой мен Салтыков-Щед-рин сьшап, маскаралаған орыс чиновниктерінің бейнесін олардын есіне салады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz