Абылай және Қазақ тарихы



1. Абылай және Қазақ тарихы
2. Абылай сүйегіне жүргізілген антропологиялық зерттеулер
3. Абылайдын алғашқы суреті туралы ізденістер
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып шығудың өзі қазіргі ұрпақтың көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Ел тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің бірі ғана емес, бірегейі Абылайхан екенін санасы оянған әрбір қазақ баласы білетіндей болды.
Сонау ХҮІІІ ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос ретінде жер бетінде сақталып қалу –қалмауы тарих таразысына түскен «ұрпақ үшін, ел үшін, құтты мекен жер үшін» қан төгіп, жан беріскен кезеңде қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық тұлғасы бізге әрқашан қымбат.
Қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты қисса-дастандардан бастап, замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып қалдырған жәдігерлері аз емес. Тіпті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Оларда Абылай ханның жастық шағы, жау түсіріп, батыр болғаны, ел билеп, салиқалы-салмақты ішкі-сыртқы саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Шоқан Уәлиханов жазып кеткендей, Абылай есімі ерекше қасиеттерімен, тіпті, табиғаттан тыс құдіретті құбылыстармен байланыстыра айтылады. Кезінде орыс, қытай жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе.
1.О. Смағұлұлы. М.Кожаев. АОразаққызы. Абылай Хан. А.-1999
2. www.rambler.ru ЗиннерЭ.П. Сибирь в известиях заподноевропейских иследованиях.
3. www.rambler.ru ЗиннерЭ.П. Сибирь в известиях заподноевропейских иследованиях.
4.О.Смағұлы. М.Кожаев. АОразаққызы. Абылай Хан. А.-1999
5. Абылай ханнын бассүйек - бейнесі анықталды. Т.Нұрмағамбетұлы .Қазақ елі- 14- қараша 1997ж
6.Хамза Абдулин. Жау қолында қалған жазушылар\\”Халық кеңесі» 9-қантар 1992

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Абылай және Қазақ тарихы
2. Абылай сүйегіне жүргізілген антропологиялық зерттеулер
3. Абылайдын алғашқы суреті туралы ізденістер

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып
шығудың өзі қазіргі ұрпақтың көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Ел
тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің бірі ғана
емес, бірегейі Абылайхан екенін санасы оянған әрбір қазақ баласы білетіндей
болды.

Сонау ХҮІІІ ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос
ретінде жер бетінде сақталып қалу –қалмауы тарих таразысына түскен ұрпақ
үшін, ел үшін, құтты мекен жер үшін қан төгіп, жан беріскен кезеңде
қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық
тұлғасы бізге әрқашан қымбат.

Қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты қисса-
дастандардан бастап, замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып
қалдырған жәдігерлері аз емес. Тіпті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі
кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Оларда Абылай ханның жастық
шағы, жау түсіріп, батыр болғаны, ел билеп, салиқалы-салмақты ішкі-сыртқы
саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Шоқан Уәлиханов жазып
кеткендей, Абылай есімі ерекше қасиеттерімен, тіпті, табиғаттан тыс
құдіретті құбылыстармен байланыстыра айтылады. Кезінде орыс, қытай
жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе.

Арыстан туған Абылай ханның қазақ тарихында, еліміздің тәуелсіздігі
үшін күресте халқымызды өркениет әлеміне танытуда алар орны зор. Мұны
нақтылау үшін алғашқы қадамдар жасалып, салиқалы ғылыми зерттеулер
жүргізілуде. Абылай — белгілі бір тарихи кезеңнің кайраткері деген ұғымның
шеңберінен шығып, үш ғасырдай қазақ халқының азаттық символына, бірлігі мен
тірлігінің үранына, бостандық жолында желеп-жебеп жүретін аруағына айналған
үлы түлға.
Соңғы уақытқа дейін Абылай жөніндегі зерттеулер көбінесе жазба
деректерге негізделіп келген еді. Осыған орай, дерек кездерін кәбейте
түсетін тарихи-археологиялық және антропологиялық зерттеулерді жүргізу
кажет болды. Бұл бағытта жүргізілген кешенді жүмыстардың нәтижесінде
мынадай ғылыми түжырымға келген. Қазіргі кездегі сәулет, археология, атеизм
т. б. туралы әдебиеттерде айтылып жүрген: Абылай хан қабірі Әзірет Сүлтан
ғимараты ішінде қойылмаған, оның мүрдесі сыртта орналасқан деген пікір
жаңсақ, тарихи дерек-терге негізделмеген.
Қабір орны жөнінде нақты белгіленген байырғы және Кеңес өкіметіне
дейінгі деректер Абылай мүрдесі Қожа Ахмет Йасауи кесенесі ішінде, айна
тас деп аталатын құлпытас астында екені тайға таңба басқандай дәлелденді
және бұл қүлпытас пен оның астындағы шикі кесектермен қоршалған қабір
арасында ешқандай байланыстың да жоқ екендігі де ғылыми шешімін тапты.
Осы күлпытастың астында бірінші кабатта орналасқан шикі кесекпен
қоршалған жеке қабірдегі адам сүйегінің морфологиялық анықтамалары мен
жазба деректерде Абылайдың дене бітімі туралы айтылған сипаттамалары
(жасының қартаң тартуы, дене қимылының ширақтығы, орта бойлы болғаны,
тістерінің түсіп қалуы, санынан жаралы болуы т. б.) бір-бірімен дәлме-дәл
келетіні анықталды.
Монолит-блокпен алынған үстіңгі мәйіттегі шикі кесекпен қоршалған
адам сүйегінің барлық анатомиялық- морфологиялық анықтамалары мен тарихи
деректердің өзара сәйкестіктері сондай, оның барлығы кездейсоқ басқа бір
адамдікі болу мүмкіншілігі бұл күнде ешбір ғылыми дәлелін
таба алмайды. Ұқсастықтардың барлығына сәйкестендіріп анатомиялық-
топографиялық және патологиялық ерекшеліктерді қолдан жасау жүмыстары мен
оның бәрін бас пен қаңқа сүйектердің жасына, жынысына, фенобейнесіне,
бойына, салмағына орай жасанды түрде сәйкестендіру, тіпті бүгінгі дүние
жүзіндегі ешкдндай медико-биологиялық, ғылыми эксперименталдық лаборатория
бойынша қолдан келер іс емес екені баршаға аян. Сондықтан зерттелген
монолит-блоктағы шикі кесекпен қоршалған мәйіттегі адам сүйегі тек қана
Абылай хандікі екендігіне ешқандай күмән жоқ, нақты фактілер бойынша
дәлелін тапқан ақиқат шындық. Сөйтіп екі жүз жыл бойы беймәлім жатқан
Абылай мәйітінің мүрдесі анықталып, оның растығына бүгінгі үрпактың көзі
жетті.
Антропологиялық қайта калпына келтіру жұмыстары бойынша, Абылайдың
бас сүйегі негізінде алғаш рет жасалған фенобейненің мүсіні, онын 70 жас И-
Гамасындағы бет-пішіні мүсіншінің қиялынан мейлінше аулақ, табиғи қалпына
сәйкес сақал-мұрт формасынан басқасы жасалды.
Осы уақытқа дейін кеңтараған Абылай суреті алғаш рет 1943 жылы Германияда
пайда болғаны және оны кәсіби маманданбаған суретші, әрі ақын-жазушы Мәжит
Айтбаев салғаны анықталды.
Абылайдың бетпішінін типологиялық әдіспен сипаттағанда, оның
фенобейнесі аралас тураноид расасының казақстандық нүсқасына жатады.
Сонымен қатар оның жеке басындағы морфологиялық ерекшеліктердің біріне
мандай ені кең, мүрын құрылысы үлкен, бет жалпақтығы қазақ краниологиялык
серияларының ауытқу шеңберінен альіп қарағанда, біраз кушықтау болып
келетіні жатады.
Арнайы остеометриялық өлшемдерге қарағанда, Абылайдың 70 жас шамасындағы
бойының биіктігі шартты формула-лар арқылы есептегенде, шамамен 164 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай сұлтанның қоғамдық-саяси өмірі
Абылай ханның тарих сахнасына шығуы
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Абылай хан – саяси қайраткер
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Қазақ елі тәуелсіздігінің жаршысы – Абылай ханның Қазақстанның геосаяси жағдайына қосқан үлесі
Абылай хан билігінің нығаюы
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)
Абылай (Әбілмансұр)
Елшілік арқылы орыс патшасы
Пәндер