Іскерлік қарым-қатынас


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Адам өмірі қоғамдағы басқа адамдармен күнделікті байланыста, қарым-қатынаста өтіп жатады. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы өзара тиімді, үйлесімді және пайдалы болуын көздейтін әдеп ережелерін адамдар ежелден-ақ қалыптастыра бастаған.

Әдеп дегеніміз - адамның жылдар бойы қалыптасқан өзіндік жақсы мінез-қүлқы мен касиеттерінің қоғамның баска мүшелерімен қарым-қатынасында көрініс табуы.

Әдеп терминін алғаш қолданған ежелгі грек ойшылы Аристотель (б. з. д. 384-322 жж. ) . Алайда әдепке байланысты ережелер жинағы б. з. д. 2350 жылдарда ежелгі Египетте қалыптаса бастаған.

Сол кездің өзінде-ақ "Мінез-құлық ережелері" атты кітап жазылған. Ал Ежелгі Қытайда күндіздионизм атты діни-философиялық ағымның негізін салушы Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций (Кунцзи) (б. з. д. 551-479 жж. ) өз еңбектерінде әдеп нормаларының ережелеріне айрықша көңіл бөлген. Конфуцийдің ойынша әдеп адамдар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастырады және өмірдің әр түрлі жағдайларында адамның өзін дұрыс ұстай білуін жүйеге салып отырады, түйықтан шығуға бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар өдеп нормалары адамның өз отбасында өзін дұрыс ұстай білуіне жөн сілтеуден бастап, патша мен оның қол астындағылардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауының негізгі бағыт-бағдары болып табылады.

Адамдармен күнделікті қарым-қатынаста болсын, іскерлік ортадағы қалыптасқан қарым-қатынас нормаларында болсьш әдептіліктің басты шарты ежелден-ақ кішіпейілділік болып саналған.

Кез келген ортада ез сөзін өткізе білетін, іскерлік саласында да табысқа жетуді көздейтін адамның басты құралы - кішіпейілділік болуы шарт. Аристотельдің айтуынша кішіпейілділіктің үш түрі бар: "Бірінші түрі - адамдармен кездескенде қалай қол беріп, сәлемдесуінен, екіншісі - бақытсыздыққа ұшыраған кез келген адамға көмектесуінен, ең соңғы үшінші түрі - адамның қонақты қабылдауынан көрінеді".

Әр дәуірдегі қоғамның өзгеруіне байланысты белгілі бір жүйеге түскен әдеп ережелері де өзгертіліл, толықтырылып отырады. Біздің қоғамымыз нарықтық қатынастар жүйе-сінде даму кезеңін басынан өткізуде. Демек, адамдар арасында істі дұрыс ұйымдастыруда басқа мекемелермен, шет елдермен іскерлік қарым-қатынас орнату мәселесі күн тәртібіне қойылады. Істі ұйымдастыруда оң нәтижелерге жету үшін қоғамның басқа мүшелерімен байланыс орнату, қарым-қатынас жасау ауқымы да кеңейеді.

Қандай керемет дарынды, ақылды, білімді адам болса да күнделікті өмірде, тіпті айналысып жүрген іскерлік саласында да ешбір табысқа жете алмайды. Мұның басты себебі неде? Істі ұйымдастыруда, іс барысында адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау ережелерін, әдеп нормаларын бүзуда.

Іскерлік байланыста, іскерлік қарым-қатынаста адамдармен сөйлесе, әңгімелесе білу өнері ең басты рөл атқарады. Іскерлік қарым-қатынаста сөз әдебін, сөйлеу мәдениетін сақтамай, үлкен табыстарға жету, өзін мәдениетті адам ретінде көрсету мүмкін емес. Яғни іскерлік ортаға тән сөйлеу түрі, сөйлеу мәнерін, сөздік корды, бір сөзбен айтқанда, іскерлік ортада қалыптасқан сөйлеу ерекшеліктерін толық меңгеру кажет. Іскерлік ортадағы сөйлеу, әңімелесу тек әдемі сөздердін тізбегінен құралған жылтыр тіркестер емес, белгілі бір жүйеге түскен, адамдар арасында қолдануда қалыптасқан өдеп нормаларының ең бастысы. Іскер адамның ой-өрісі, кандай ортада төрбие алғандығы, іскерлік саладағы қарымы оның сәлем беруінен-ақ байқалады.

ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАСТА ҚАРАТПА
СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Адамдармен қарым-қатынас жасауда, оны қалай атау керектігі, жалпы әр халықтың өзінің ұстанған әдеп нормалары бар. Әр адамға басқа адам тарапынан өз атын есту жағымды әсер қалдырады. Дегенмен адамды қалай атау ол адамға кімнің, қалай қарым-қатынас жасауына, жас ерекшелігіне, қызмет дәрежесіне үйлесімді болу керек. Мысалы, өзіңнен жасы үлкен адамдарды, жоғары дәрежедегі қызмет адамын, мекеме басшысын атымен атауың ол адамды басқа адамдар алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырады, әрі сенің мәдени өреңнің төмендігін көрсетеді. Өз басшыңды атымен атау, қарамағындағы адамдар алдында оның беделіне нүксан келтіреді, тіпті мекемедегі тәртіпті төмендетуі мүмкін. Отбасында ата-анаңды атымен атау әдеп нормаларын бұзғандық болып саналады.

Іскерлік ортада әріптестердің атын әкесінін атымен қосып атау немесе олардың аттарының алдында "мырза", "ханым", "бикеш" сөздерін қолдану қалыптасқан. Іскерлер арасында адамдарға бұлай қарым-қатынас жасауды дұрыс деп есептесек, ал күнделікті жолдастарыңмен, жақын туыстарыңмен, сыйлас адамдармен тілдесуде аталған тіркестерді қолдану ресмилікке әкеліп соқтырады, жылы қарым-қатынасты алшақтатады.

Қазіргі кезде адамның атақ-дәрежесін атымен қоса айту күнделікті өмірде қолданыла бермейді. Атақ-дәрежесін айтып тілдесу тек арнайы кездесулерде, ресми жиындарда ғана колданылады.

Бұрыннан келе жаткан достар, таныс адамдар біріне-бірі "Ереке, Әбекеңді кездестірмедіңіз бе?" деген орайда сөйлесе алса, ал ресми орындарда "Ербол Жұманұлы, Әбен Қазыбекұлын кездестірмедініз бе?" деп сөйлескені дұрыс. Қорыта айтқанда, адамдармен қарым-қатынас жасауда қазақ халқының "Сіз деген - сыпайылық, сен деген - анайылық", "Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді" деген ұлағатты сөздерін естен шығармаған абзал. Төмендегі сөз орамдарын қолдануда сөйлесетін адамдардың жас ерекшелігін ескеру қажет.

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауда қолда-нылатын сөз орамдары.

Жақын таныс адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста колданылатын сөз орамдары:

  1. ақсақал 8. сіңлім
  2. ата 9. інім
  3. әже 10. балапаным
  4. апа 11. айналайын
  5. аға 12. шырағым
  6. карындас 13. қарағым
  7. көке 14. қалқамРесми ортада қолданылатын сөз орамдары:
  • Нұрболат Кәдірбекұлы Маржан НүрланқызыРайхан ханым - Директор ханымЕңлік бикеш - Полковник мырзаБазарбек мырза

ІСКЕРЛІК ӘҢГІМЕ

Үлкен бір істі жүзеге асыру барысында іскер адамның алдында сол іспен айналысып жүрген басқа мекеме адамдарымен қарым-қатынас, іскерлік келіссөздер жүргізу міндеті тұрады. Іскерлік келіссөзге отырмас бұрын қолға алынатын іс жөнінде, ол істің екі жаққа пайдалы тұстарын айқындау үшін іскер адамдар кездесіп, мәселесін жан-жакты зерттеу максатында іскерлік әңгімелер жүргізеді. Іскерлік өңгімені жүргізудің көптеген жақсы қалыптаскан әдіс-тәсілдері бар.

Орнымен айтылған қалжың, өзіл өңгіменің өзі арадағы қатынасқа жаксы өсер етіп, өріптесіңмен тіл табысуға жөрдемін тигізеді. Сонымен қатар қалжыңың мен әзіл өңгімеңнін негізгі тақырыбы талкыланатын іске жакын болса, ол алдағы болатын әңгіменің өзін сол арнаға бағыттауға ықпал етеді.

Маңызды сұрақтарды талқылайтын тығыз уақыттағы кездесулерде, істің мақсаты мен мөнін қысқа, дәлелді тұжырымдап, бірден негізгі мәселеге көшу орынды.

Мәлімет алмасу барысында өз ойыңның нақтылылығына, жүйелілігіне, сонымен қатар сөйлеу мәнеріне баса назар аударып отыру керек. Өзіңе қажетті мәліметтер алу үшін, әңгімелесушіге орнымен сұрақ қоя білу де қажет. Алайда әріптесіңнің кейбір "қитұрқы" сұрақтарына да жауабыңның дайын болуын естен шығармау керек. Әңгіме тізгінін әрқашан өз қолыңда ұстасаң, әріптесің де әңгімеге белсенді түрде араласып отырады. Талқыланып отырған мәселенің өз пайдаңа шешілуі - сенің әңгімені жүргізе білу шеберлігіңе байланысты.

Әңгіме барысында әріптесіңе сұрақ қоюда сұрақтың мақсатына қарай мына сөз орамдарын пайдаланған орынды:

Кіріспе сұрақ. Сұрақтың бұл түрі әңгіме басталар алдында, әріптесіңнің талқыланатын мәселеге қызығушылығын арттыру мақсатында қолданылады. Мысалы: "Қазіргі кезде оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі кезек күттірмейтін іс болып тұр. Біздің мекеме бұл істі шешуді өз мойнына алады. Бұл орайда сіздердің ұстанған бағыттарыңыз қандай?"

Нақты сұрақ. Ә ріптесіңді сөзге тарту үшін: "Бұл мәселе туралы сіз не ойлайсыз?" "Бұл жайында сіздің ойыңыз қандай?" "Сіздің көзқарасыңызды білгім келеді?" "Сіз қалай есептейсіз?" деген сұрақтар арқылы оны әңгіме тақырыбына жетелеп отыру керек.

Балама сұрақ. Мұнда әріптесіңе сұрақтағы жауаптың бірін таңдауына мүмкіндік бересің. Мысалы: "Сіз бұл мәселені қашан шеше аласыз? Ертең бе, әлде жұма күні ме?"

Мащлдау адэац. Бұл сұракты өзара түсіністікке қол жеткізу үшін кояды. Әңгіме барысында талкыланып отырған мәселеге өріптесіңнің келісімін алу мақсатында " Сізді дұрыс түсінсем, бұл мәселені сіз дұрыс деп есептейсіз ғой?" - деп, оның келісімін алған соң, келесі мәселелерді талқылауға батыл кірісуге болады.

Байцау, бақылау сурагы. Бұл сұрақ әріптесінің әңгіменді көңіл қойып тыңдап отырғандығын немесе немкүрайды бас шүлғып орындағандығын байқау үшін қолданылады. "Бұл туралы сіз не ойлайсыз?" - деп, сұрақ қою аркылы оның жауабынан өз әңгімеңді оньщ қалай ұққанын байқайсың.

Қайрау сұрағы. "Бұл істі орындау сіздің қолыңыздан келе ме?"- деген сүрақты беру арқылы өріптесіңнің бұл іске деген көзкарасын, оны орындауға деген ынтасьш анықтайсьщ.

Шешуші сұрақ. Іскерлік әңгімені аяктау максатында қолданады. "Бұл мәселенің сіздер үшін де, біздер үшін де тиімді екендігіне сіздің көзіңізді жеткізе алдым ба?" - деген сүрақтан соң, әріптесіңнің келісімін алғаннан кейін, істі жүзеге асыру мерзімін бірден келісіп алған жөн. "Бұл істі 20 шілдеге дейін немесе 20 тамызға дейін орындағанымыз дұрыс болар еді", - деп, өңгімені корытындылаған орывды.

Іскерлік әңгіме барысында қойылатын сұрақтарға жауап беру кезінде мына қағидаларды естен шығармау керек:

Күрделі мәселелерді шешуге байланысты өзіңнің ой таразыңнан өткен нақты ойың болса ғана жауап беруің керек. Мұндай айқын жауабың, нақты шешімід болмаса, жауап беруге асьщпа, әйтпесе бұл мәселе бойынша іс барысында сөтсіздікке үрынасың.

Қойылған сүрақта саған ұнамайтын ұсыныс болса, немесе сұрақ барысында өзіңе жағымсыз сөз, я сөйлем қолданылса, оны жауабыңда еске түсіріп, қайталаудың қажеті жоқ.

Қайрау, арандату сүрақтарына жауап бермей-ак қою тиімді.

Сұрақ коюшының көңіл күй, сезімге бой алдырған "лепірме" сұрақтарына кыска, тұжырымды жауап қайтарған дұрыс.

Сөйлеуші неғұрлым сезім жетегіне берілсе, жауап беруші әрқашан салкынқанды, сабырлы болу керек.

Өз кезкарастарың мен үсыныстарыңды дұрыс негіздеу үшін дөлелдер мен карсы дәлелдерді пайдалана білу қажет.

Іскерлік карым-қатынас өдебінің негізгі қағидаларының бірі - өріптесіңді өзіңмен тең тұту, оған құрметпен қарау, оны бағалай білу. Әңгіме барысында әрштесіңнің пікірінщ дұрыстығын ашық мойындай білу - мейлі ол сенің көзқарасыңа қарсы болып, сенің позицияңды өлсіретсе де, іскер адамньщ бойындағы жақсы қасиет. Сен бұдан ешқашан
ұтылмайсың.

Қаралып отырған мәселе төңірегінде бірден кесіп жауап беруден аулақ бол.

ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАСТАҒЫ ЖАЗБАША ҚҰЖАТТАР

Әр адамның қызмет барысында кептеген қүжаттар жазуына тура келеді. Оқушы, студент өмірінде конспект, тезис, шығарма, реферат, курс жұмыстарын жазу жиі ұшырасып отырса, қызмет бабындағы адамдарға жұмыс есебін, баяндама, анкета толтыру, басқа мекемелерге іс барысына байланысты хаттар жазуға тура келеді. Аталған жазба жұмыстары бір күн ғана окылып тасталатын дүние емес, ол сенің оқудағы немесе кызметіңдегі алға қойған мақсатыңа жеткізетін, табыска бастайтын негізгі күжат болып есептеледі. Сондықтан кез келген іс қағазының мөтінін жазуға жоғарыда аталған талаптар мен принциптерді негізге ала отырып үлкен дайындықпен келу керек.

Енді осы қүжаттарды қалай, кім үшін, не мақсатпен жазу керектігін, оларды жазуда ескерілетін басты талаптар қалай болу қажеттігін анықтау максатында олардың кейбір түрлеріне тоқтала кетейік.

Анкета құрамы

  1. Аты - жөнің, мекен жайың, телефон нөмірің.
  2. Анкета толтырудағы мақсатың - қандай қызмет орнын алғың келеді.

3. Қыскаша өмірбаяның. Қайда, кашан дүниеге келдің, отбасы жагдайың, балаларың, денсаулығың, кей жағдайларда бойың мен салмағыңды да жазуға тура келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңда іскерлік қарым - қатынасты ұйымдастыру мен оның негізгі ерекшеліктері
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту
Қазақстандық іскерлік журналистиканың қалыптасуын зерттеу
Іскерлік қатынас
Іскерлік әңгіме құру ережелері
Іскерлік қарым- қатынас психологиясы пәні, оның міндеттері
Коммуникация. Іскерлік коммуникация мәдениет ретінде
Кәсіпорында өндірісті басқару мәдениеті («СП ерка» ЖШС мысалында)
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Іскерлік мәжіліс пен келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу ерекшелігІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz