Қазақ халқының әдеп-ғұрпы


I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Қазақ халқының әдеп.ғұрпы.
2.Қазақ халқының салт.дәстүрлерінің ерекшелігі.
III.Қорытынды.
Әдебиеттер
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-таным-дық рөлі орасан зор.
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті түрмыста үнемі үйретіп, қаньг мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы — салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дү-ниетанукөзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз үрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттёрін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттады.
1.Ғабдулин.М.Қазақ халқынының ауыз әдебиеті-А,1999.
2.Қазақ халқының салт-дәстүрі-А,1997.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Жоспар.

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Қазақ халқының әдеп-ғұрпы.
2.Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ерекшелігі.
III.Қорытынды.

КІРІСПЕ

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің
ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол
келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми
өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал
ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді
адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін
игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен
біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-
дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-таным-дық рөлі орасан зор.
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам
заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы
ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын
сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті түрмыста үнемі
үйретіп, қаньг мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген
күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі
өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы — салт-
дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дү-ниетанукөзқарасын қалыптастыратын
тәрбие мектебі. Өз үрпағының сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі, өнерлі
болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттёрін
әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттады.
Әсіресе, Өнер алды — қызыл тіл, Жер астында жатқанды — қазбай
қарап тіл табар деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз
тілді тәрбиенің пәрменді қүралы, ақыл-ойдың асыл қоймасы деп таныды.
Қазақтың айтыс өлеңдерінде, терме-толғауларында, бесік жырында, ертегі,
аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтел, нақыл сөздерінде ел тағдыры, келер үрпақ
қамы, бас босгандығы, адамгершілік, ар-ождан мәселелері жан-жақты саз
болып, дидактикалық ақыл-өсиет, насихат түрінде айтылып, ол халықтың қыз
үзату, келін түсіру, шілдехана, баланы бесікке салу, алікті жөнелту сияқты
дәстүрлі жиындарында марапатталып келді. Сол арқылы көпшілік қауымға,
әсіресе жастарға өнеге айту, тәлім-тәрбие беру көзделді.
Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін
тектеу, болмысын тану, оның аьылын та-рихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп
отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы
болып отыр.
Өкінішке орай, ұзақ жылдар ұлттық салт-дәстүр атаулыны аяқ асты
ету, ана тілі мен ұлт мәдениетіне менсінбей қарайтын мәңгүрттердің көбеюі,
қала берді кісі өлтіріп, үй тонап, бас еркінен айрылып, еңбек түзеу
колонияларында отырғандардың көпшілігінің жастар арасынан шығуы ұлттық
тәлім-тәрбиенің мектептер мен арнайы оқу орындарында пәрменді түрде
жүргізілмеуінен туындаған сорақы, жат көріністер еді.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы
дәстүрлері мен тағлымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, жастарды
ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емесСебебі Л. Н. Толстой
айтқандай: Өткенді жақсы білмеиінше, кёлешекке сапар шегу айсыз қараңғыда
• сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар.
Қазіргі заман талабына тура келмейтін, мән-мағынасы өзгерген,
ескірген салт-дәстүрлердің кейбіреулеріне сын көзімен карай отырып,
сүйіспеншілігін білдірщ Ұлттық сезім — адамды қоршаған ортанын (әлеуметтік-
экономикалық, мәдени және жараты-лыс құбылыстарының) сол ұлт өкіліне
тартқан ерекше сыйъь Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты, адамның жеке
басының қанағаттануына, шаттануына немесе риза болмауына, қанағаттанбауына
байланысты ой-қиял, әсер, түйсігінің сыртқа шыққан көрінісі, ол өзгелерге
тіл арқылы жеткізіледі. Мысалы, Елім-ай әнін ести отырып, елінің басына
түскен ауыртпалықты, шапқыншылықты елестетіп мұңаюы, немесе Саржайлау,
Сарарқа күйлерін ести отырып, тыңцаушының туған жер табиғатына деген
сүйіспеншілік, шаттық сезімінің оянуы табиғи занды қүбылыс. Сондай-ақ
Туған жер Волга өзеніне арнаған орыс әнін, Кавказдың асау Терек өзеніне
арнаған әні мен Асся биін тыңдап, көріп отырған үлт өкілінің туған
өлкесіне, өз үлтының мәдениетіне деген асқақ сүйініш сезімінің бір белгі
бермеуі мүмкін емес. Міне, мұяың бәрі үлт мәдениетінің үлттық рухани
сезімді оятуға тигізер әсері. Адамның ана тіліне деген сүйіспеншілігі де
үлттық сезімнің ерекше бір түрі. Мысалы, үзақ уақыт туған елден жырақ, жат
жүртта жүріп, көпшілік ішінен өз үлты өкілінің ана тілінде тіл қатуына елең
етпейтін, іш тартпайтын азамат болмайды. Өйтқ.ені ана тілі — адамның ішкі
сезімін басқаға жеткізуде көкейге тез оралатын, сезімнің сыртқа шығар
көрінісін басқаға білдірудің күшті қүралы. Ұлттық сезімнің әсерлі бояуы,
нақышты ой айшықтарь көркем сөз өнері, оның ең асылы —. ауыз әдебиетінің
өлең түрі арқылы сыртқа шығып, тыңдаушыға әсер етеді. Айталық, баланың тілі
шыққаннан бастап, оның ой-сезімі бесік жыры арқылы қалыптасып,ойын өлеңдері
арқылы қаньгаа сіңген. Өйткені ол жастайынан ауыз әдебиетінің асылдары:
мақал-мәтел, өлең-жырларды, аңыз-ертегілерді жаттап, жадында сақтап азамат
болып өскен. Ұлттық сезім үлттық эстетика, әдеп, парасаттылық және
күнделікті өмірдегі талғам мен сезімнің жиынтығы —- көркем шығармалар
арқылы көрініс береді. Ол — үлттық сезімді оятуға әсер ететін күшті қүрал.
Жи-ын-тойда Қыз Жібек, Қозы Көрпеш -— Баян сүлу жыры немесе ақындардың
насихат термелері айтылып жатса, елең етпес — қазақ, немесе Манас жыры
жырланып жатса, қаны қызбас қырғыз болмаса керек. Көркем сөз айшығына жан
сезімімен елікпес адам болмайды. Табиғаттың нелер тамаша көріністері,
адамның іс-әрекеті, бет-бейнесі көркем сөз өрнегі арқылы өріліп
беріледі.Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер де ұлттық еезімді оятуға себепші
болады. Мысалы, домбыра тартып, влең айтып, айтысып жатқан ақындардың өлең-
жырларына, белдесіп жатқан балуандардың күресіне селқос қарайтын қазақ
болмайды. Себебі домбырамен өлең айтып, жыр төгу — ұлттық дәстүр және ол
сол үлттың мақтанышы. Сондықтан да өлең-жыр әуені, домбыра сазы — ұлттық
сезімді оятатын тәрбие құралы.
Ұлттық тағамдарды даярлау, сыйлы қонағын ұлттық тағаммен сыйлау да
ұлттық мақтанышты көрсетеді. Және ол әр ұлттың өзіне тән тағам даярлау
ерекшелігінің белгісі болып табылады. Мысалы, өзбек қонағын палаумен
сыйласа, қазақ ет асымен, ұйғыр манты, лағманымен, татарлар пәрәмішімен
сыйлайды. Қазақ шайды қаймағы бар қою сүтпен баптаса, қалмақ, үйғырлар май,
түз, үн салып береді. Неміс халқы кофе қайнатып береді. Міне, осының бәрі —
тагамды берудегі ұлттық ерекше дәстүрлер.
Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына
байланысты. Қазіргі ғылыыми дәлелдеулер бойынша, қазақ ұлтының алғаш пайда
болуы XIII—XIV ғасырларда басталды деп жүрміз. Олай болса, сол дәуірден
бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғүрып, салт-дәстүрлері қалыптасып,
дамыды. Оның озық үлгідері ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге
жетті. В. Г. Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде: Әдет-ғүрып
замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке
мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Олар халықтың
сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас
мүсін тәрізді... — дейді. Әрине, әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-
ғүрыпы болады. Олар сол халықтың ерекше белгісі болып сақтала береді.
Ұлттық салт-дәстүрлер — тарихи көне процесс. Көптеген салт-
дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан ол
кейде бірталай ұлттарға ортақ мәнді дәстүр болып келеді. Мысалы, асар —
қырғыз, қазақ, өзбек, тәжік, түрікмен халықтарына ортақ өте ертеде пайда
болған дәстүр.
Салт-дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге
деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып,
өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері
жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы,
қазақтар жаугершілік заманда қой сойып, қанына найзасын малып, бір-бірімен
анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп серттескен. Бертін жаңа
қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлде жойылды.
Немесе бүгінгі күндерде ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс
тойларын өткізудің тәрбиелік мәні жаңарған салт-дәстүрдің қажетті түрі.
Оның ұрпақ тәрбиесі үшін үлкен прогресшіл тәрбиелік мәні бар.
Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы қарым-қатынаспен тығыз
байланысты. Әр халықтың мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен дараланьш, көзге
шалынады. Алайда басқа халықтардың әсерінсіз таза, дара ұлттық мәдениет
тіпті де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материалдық және рухани
байланысы, қарым-қатыңасы арқылы олар бір-бірін мәдени байлығы жағынан
толықтырады — дейді С. Н. Артановский. Әртүрлі ұлт пен халықтарда
кездеспейтін, қайталанбайтын таза ұлттық салт-дәстүр ешбір елде болмақ
емес. Бір үлтта бар салт-дәстүрлер, үлттық ою-өрнек, тағам, спорттық ойын
түрлері екінші бір ұлтта да белгілі ұқсастықпен және өзіндік ерекшелігімен
көрініс береді,
Мысалы, қазақтың көкпар тарту ойыны кейбір ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының әдет-ғұрпы
Қазақ халқының әдеп ғұрыптары
Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Қазақ халқының этникалық мәдениеті
Қазақ халқының ұлттық мінезбітіктері
Қазақ халқының ортағсырлық мәдениеті
Қазақ халқының ұлы ақыны
Қазақ халқының қолөнері
Әдеп жайлы
Қазақ халқының әдет-ғұрыптарынығы қазақ әдебиетіндегі орны
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь