Екінші дүниежүзілік соғыс


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Екінші дүниежүзілік соғыс

Соғыс алдындағы мемлекеттердің сыртқы саясаты. Версаль жүйесі Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен құлады, бұған Германия қажетті деңгейде даяр еді. Осылай 1934 жылдан бастап 1939 жыл бойында әскери өндіріс 22 есе ұлғайды, әскер саны - 35 есе артты. Германия өндірістік өндіріс көлемі бойынша екінші орынға шықты.

Қазіргі кезде зерттеушілерде Екінші дүниежүзілік соғыс алдындағы Дүниежүзінің саяси жағдайына бірдей көзқарас жоқ. Марксистік тарихшылар екі өрісті сипаттаманы жақтайды. Олардың ойынша дүние жүзінде екі әлеуметтік - саяси жүйелер (социализм мен капитализм), ал капиталистік жүйе шеңберінде дүние-жүзілік қарым-қатынас жүйесі - болашақ соғыстың екі ошағы (Германи - Еуропада, Жапония-Азияда) орын алған деп саналды.

Тарихшылардың едәуір көп бөлігі, екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында үш политикалық жүйе болды: буржуазиялы - демократиялық, социалистік және фашисті - милитаристік. Осы жүйелердің арасында әлемді қамсыздандыру немесе оны болдырмау әрекеті жүріп жатты. Буржуазиялы-демократиялық және дүниежүзілік соғыстың шынайы альтернативі болды. Бірде бейбітшілік альянсы болмай қалды. Буржуазилы-демократиялық елдер соғыстың басталу бөлігіне бармады, олардың жетекшілері негізгі цивилизациялардағы советтік тоталитаризмнің үлкен қауіп төнетіндігін қарастыруды жалғастырды. СССР-дің Еуропадағы қауіпсіздік ұйым жүйесі Франция мен Чехославакия (1935) елдерімен келісім - шартқа қол қоюымен бітті. Бірақ бұл келісім - шарт Германияның «әлемді жасаушы саясатына» тосқауыл бола алмады.

Германия 1936 жылы қазан айында Италияда әскери - политикалық одағын құрды. («Берлиннің өзегі - Рим»), ал бір айдан соң Жапония мен Германия Антикоминтерлік пактіге қол қояды, кейіннен (1937 ж 6 қараша) 1 жыл өткенде Жапония Германияға қосылды.

Реваншистік алянстің құрылуы елдің буржуазиялы демократиялық лагерлердің белсенді болуына итермеледі. Бірақ 1939 жылдың наурызында ғана Англия мен Франция КСРО мен Германияға қарсы бірлескен әрекеті жайлы келіссөздерге әрекет жасады. Бірақ келісім шарттарға сол күйі қол қойылмады. Антифашистік мемлекеттердің болмаған одағының себептерін түсіндірудегі көзқарастардың екіжақтылығына қарамастан, біреулері агрессорға капиталистік мемлекеттер шектеу қоймады деген кінә тақса, келесілері КСРО саяси басшыларын айыптады және т. с. с., бірақ бүкіл дүние жүзіне зардап әкелген Антифашистік мемлекеттер арасындағы қарама - қайшылықты фашистік саясаткерлердің шебер қолдануы анық болып отыр.

Соғыс алдындағы КСРО саясаты. Агрессорларға шектеу қою саясаты фонындағы фашистік лагерлерінің ымыраласуы КСРО-ны тамырын кең жая бастаған агрессормен ашық күреске шығуына итермеледі: 1936 жылы - Испания, 1938 жылы Хасан көлі маңындағы Жапония мен кішігірім қақтығысу, 1939 жылы - Халкин - Голдағы Кеңес - Жапон соғысы, бірақ 1939 жылы 23 тамызда Германия мен КСРО арасында «соғыс жарияламау» пактіне қол қойылды (Молотов- Риббенторп пактісі деп аталады), (екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына сегіз күн қалғанда) . Бұл пактіге қатысты Германия мен КСРО-ның Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігінде, және Польшаны бөлудегі ықпалын шектейтін, дүниежүзілік қауымдастықтың иелігіне тиген бұл құпия хаттамалар соғыс алдындағы антифашистік күресте КСРО-ның рөліне қайта қарауға итермеледі, сонымен қатар 1939 жылдың қыркүйегі мен 1941 жылдың маусымы аралығындағы оның әрекеттеріне, екінші майданның ашылу тарихына және тағы басқа жағдайларға қайта қарауға ықпал етті.

Кеңестік - Германдық пактіге қол қоюы Еуропадағы күштердің арақатынасын бірдестен өзгертті: сол екпінмен тыныштандыруды жалғастырған Батыс Еуропадағы мемлекеттер агрессормен бетпе-бет келген кезде КСРО - Германиямен қақтығысу жағдайынан арылғандай болды (1939 жылдың 23 тамызы және 1 қыркүйек аралығында Англия мен Францияның Мюньхендік келісім шарт типі бойынша Польша мәселесі жайлы Германия мен бітім шарт жасасуға әрекет етті) .

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. Польшаға баса көктеп кірудің тікелей себебі болып Германияның ортақ шекарада (Гливицх қаласы) ашық түрде арандату әрекеті саналды, осыдан кейін 1939 жылдың 1 қыркүйегінде 57 немеіс дивизиясы (1, 5 млн. адам) 2500 шамасында танк, 2000 ұшақ Польша территориясына ендірілді. Екінші дүниежүлік соғыс басталды.

Англия мен Франция Польшаға ешқандай көмек көрсетпей Германияға 3 қыркүйекте соғыс жариялайды. 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейін Германияға қарсы соғысқа Аустралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Канада қосылды, АҚШ өзінің бейтарап екендігін жариялады, Жапония Еуропалық соғысқа араласпайтындығы жөнінде мәлімдеме жасады.

Соғыстың бірінші кезеңі. Осылай екінші дүниежүзілік соғыс буржуазиялық-демократилық пен фашистік - милитаристік соғысы ретінде басталды. Соғыстың бірінші кезеңі 1939 жылдың 1 қыркүйегі мен 1941 жылдың 21 маусымын қамтиды. Осы кезеңнің бастапқы шағында неміс әскері Мәскеу түбіне жетеді.

17 қыркүйекте Германия Германия - Молотов - Риббентроп пактісінің құпия хаттамаларында атап көрсетілген (Львов, Владимир - Волын, Брест - Литовск қалалары) сызықтан шығып Польшаның бір бөлігін жаулап алды.

1940 жылыдың мамырына дейін Англия және Франция қарсыластарымен әскери әрекет жүргізбеді, сондықтан бұл кезеңде «түсініксіз соғыс» атауына ие болды. Одақтастардың әрекетсіздігін Германия қолдана отырып, өз агрессиясын кеңейтеді. Ол 1940 жылы сәуірде Дания мен Норвегияны басып алып, осы жылдың мамырында солтүстік теңіз жағалауларынан «Мажино сызығына» дейін басып кірді. Мамыр айы бойы Люксембург, Бельгия, Голландия үкіметтері берілді. 1940 жылыдың 22 маусымында Францияның Германиямен Компьенде бітім жасауына тура келді. Іс жүзінде капитуляция болып, оңтүстікте маршал А. Петен (1856-1951) басқарған Коллаборационистік мемлекет, Виши қаласында әкімшілік орталықпен құрылды (Виши режимі деп аталады) . Қарсыласқан Францияны генерал Шарль де Голь (1890-1970) басқарды.

10 мамырда Ұлыбритания басшылығында өзгеріс болды, әскери кабинеттің басшысы болып Уинстон Черчиль (1874-1965) тағайындалды, оның антигермандық антифашистік және антисоветтік көзқарасы баршаға белгілі еді. «Түсініксіз соғыс» кезеңі ақталды.

1940 жылы тамыздан 1941 жылдың мамырына дейін неміс командованиесі Англия қалаларына әуе шабуылдарын жүйелі ұйымдастырып отырды, сол арқылы Англияны соғыстан шығуға мүшкілдеді. Соның нәтижесінде Англияға 190 мың фугосты және өртеуші бомбалар тасталынды, ал 1941 жылдың маусымына қарай оның сауда флоты торабының үштен бір бөлігі суға батырылды. Германия Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінде ығыстыра бастады. Болгарлық профашистік үкіметтің Берлиндік фактіге (Германия, Италия және Жапонияның 1940 жылы 27 қыркүйектегі келісім шарты) қосылуы 1941 жылы сәуірдегі Греция мен Югославияға қарсы агрессияның жеңісті болуына өз ықпалын тигізді.

1940 жылы Италия Африкада әскери әрекеттерін дамытты, осылай Англия мен Францияның отарлық иеліктеріне қол сұқты (Солтүстік Африка, Судан, Сомали, Египет, Ливия, Алжир, Тунис) . Бірақ 1940 жылы желтоқсанда ағылшындар Италия әскерін тізе бүгуіне мүшкілдеді. Германия одақтасына көмекке ұмтылды.

Соғыстың бірінші жартысында СССР саясаты ешқандай бағаланбады. Ресейлік және шетелдік зерттеушілер оны Германияға қатысты қолдаушы деп баяндауға бейім, бұған дейін СССР мен Германияның Молотов - Риббентроп пактісі негіз болып отыр. Сонымен бірге СССР-ге қарсы Германияның агрессиясына дейін екі елдің сауда ынтымақтастығы мен әскери саяси тығыз қарым-қатынас осыған дәлел ретінде қолданылды. Біздің ойымызша мұдай бағалаушы көзқарас жалпы еуропалық жаһанды деңгейде басым болды. Сонымен қоса Германия мен СССР ынтымақтастығынан алынған пайдаларға зейін аударушы пікірлер бұл біржақты ойды неміс агрессиясына тойтарыс беруге даярлана алып, ұтып алған уақыт ішінде СССР нығайту жайлы айтуға мүмкіндік беретін ой-пікірлерге дұрыстап бағыттайды, бұл нәтижесінде бүкіл антифашистік лагердің фашизімін жеңу үшін жағдай тудырды.

Бұл тарауда Екінші дүниежүзілік соғыстағы СССР-дің қатысуына алдын-ала бағалаумен шектелеміз, өйткені нақты мәліметтер 16 тарауда қапрастырылады. Бұл жерде кейінгі шешуші кезеңдердің кейбіреулеріне тоқталып өтеміз.

Соғыстың екінші кезеңі . Соғыстың екінші кезеңі (1941 жылдың 22 маусымынан 1942 жылдың қарашасына дейін) СССР-дің соғысқа араласуы мен қызыл әскердің шегінуі және оның алғашқы жеңісі (Мәскеу түбінде), және антигитлерлік коалицияның жедел түрде құрылуы болды. Осылай 1941 жылы 22 маусымда Англия СССР-ді толық қолдайтындығын баяндады, ал АҚШ сонымен қатарласа (23 маусым) экономикалық көмектесуге даярлығын хабарлайды. Нәтижесінде Мәскеуде 12 шілдеде Герман агрессиясына қарсы бірлесе әрекет ету жайлы ағылшын кеңестік келісім шартына қол қойылды, 16 тамсызда екі ел арасындағы (Герман Кеңес) тауар алмасу жайлы келісім шарт жасалды. Сол айда Ф. Рузвельт (1882-1945ж. ж. ) пен У. Черчиль арасында кеңесу нәтижесінде Атланттық Хартияға қол қойылды. Бірақ соғысқа АҚШ 1941 жылы 7 - желтоқсанда Перл-Харбор Тынық мұхиттық әскери-теңіз базасындағы қасіретінен соң кірісті. 1941-1942 жылдары Жапония, Тайланд, Сингапур, Бирма, Индонезия, Жаңа Гвинеяны, Филипинді басып алды. 1942 жылдың 1 қаңтарында Вашингтонда соғыс жағдайындағы «фашистік осьте» тұрған 27 мемлекет Біріккен ұлттар декларациясына қол қойып антигитлерлік коалицияның құрылу процесін аяқтайды.

Соғыстың үшінші кезеңі. Соғыстың үшінші кезеңі (1942 жылдың қарашасы мен 1943 жылдың ақыры), соғыс барысының түбегейлі өзгеруімен сипатталады, бұл фашистік коалицияның майдандағы стратегиялық инициативасын жоғалтуды білдірді. Антигитлерлік коалицияның экономикалық және саяси, моральдық тұрғыдан басым түскендігін айқындады. Шығыс майданында кеңестік әскер Сталинград пен Курск түбіндегі ірі жеңіске қол жеткізді. Англо-американдық әскерлер Африкада жеңісті қадам жасады. Олар герман-италия бірлестігінен Египет, Киренайканы, Тунисті босатты. Еуропада одақтастардың жеңісті әрекетіне қол жеткізді.

1943 жылы антифашистік блоктың одақтастық қарым қатынасы нығайды: Мәскеу конференциясында (1943-қазан) Англия СССР және АҚШ бірігіп, Италия мен Аустралияның жалпы қауіпсіздігі жайлы декларацияға қол қойды (Қытайда қол қойған) . Мұнда гитлерліктердің қасірет төндіргені үшін жауапқа тартылатындығы сөз болды.

Тегеран коференциясында (1943 ж 28 қарашасы-1 желтоқсан) алғаш рет Ф. Рузвельт, И. Сталин және У. Черчиль бас қосып, 1944 жылы мамырда екінші майданды ашу жөніндегі шешімді қабылдап, соғыс кезінде және соғыстан кейінде Германияға қарсы бірлесіп әрекет ету жөніндегі Декларацияға қол қойды. . 1943 жылдың соңына қарай Англия, Қытай және АҚШ басшылары дәл осылай Жапон мәселесін шешті.

Соғыстың төртінші кезеңі. Соғыстың төртінші кезеңінде (1943 жылдың ақыры мен 1945 жылдың 9 мамыры) Кеңес әскері СССР -дің батыс бөлігін, Польшаны, Румынияны, Болгарияны, Чехословакияны және т. б. елдерді фашистік басқыншылардан босата бастады. Батыс Еуропада сәл кешеуілдеп (1944 ж 6 маусымда) екінші майдан ашылып, Батыс Еуропа елдері азат етіле бастады. 1945 жылы Еуропаның соғыс алаңдарында 18 млн. адам, 260 мың қару мен минометтер, 40мың танк және өдігінен қозғалушы артиллериялық құрылғылар, 38 мыңнан аса ұшақтар қатыстырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы
Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 ж.ж.)
Екінші дүниежүзілік соғыс жөнінде
Бірінші дуние жүзілік соғыстың себептері
Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерттеу
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz