Аңыз әңгімелер


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

. Аңыз әңгімелер.

Фольклорлық жанрдың біреуі - аңыз әңгімелер. Әуел баста тарихта болған, келе-келе халықтың ауызша айтатын аңыздарына айналған Алдар көсе, Қожанасыр, Жиренше, Асан қайғы, Қорқыт секілді фольклорлық образдардың айналасында неше алуан қызық-қызық салт ертегілері бар. Аталған аңыз әңгімелерді мазмүнына қарай екі топқа бөлеміз: бірі - күлдіргі, тапқыр әңгі-мелер; екіншісі - заман мен адамның арасындағы қа-тынасты сарабдал сыиға салатын ойшыл әңгімелер. Әдбетте, күлдіргі, тапқыр аңыздарға Алдар кесе мен Қо-жанасырдың аттарымен аталатын аса мазмұнды оқиғаларды жатқызамыз.

Алдар деген атау бір ғана қазақта емес, көрші татар, башқүрт халықтарының аңыздарында да аталады. Әр елдің ұлттық ерекшеліктріне тән Алдардың жүрген жері, өмір сүрген ортасы әр басқа болып келеді. Мәселен, қазақтың Алдары сырт пішінінен, көселігінен алыстан аңғарылады. Ол көшпелі ауылдың тұсында, тау мен даланың арасындағы кеңістікте жүреді, ал башқүрттың Алдары қалың орманның, өзен-көлдің жағасында әрекет етеді.

Алдар көсе алдымен діннің қағидаларына карсы шығады. Алланың жердегі пендесінің жүріс-тұрысын бақылап тұратын жәбірейіл мен аттаған адымындағы кемшілікті үдетіп әкететін шайтандар бар-мыс деген діни нанымдарды екі халықтың Алдары жоққа шығарады, оны күлкіге айналдырады. Мәселен, В. И. Ленин орыс шаруалары «поптарға сенген жоқ» "Десе, В. Г. Белинский орыс халқы «табиғатында атейст халық» дейді, оған поптар туралы орыс ертегіледін мысалға келтіреді. Сол секілді қазақтардың, башқұрттардың Алдарында діншілдікке қарсылық, оған сенбеушілік сезіледі.

Әдетте, Алдар көсе алдымен бай-манаптарға, хан-билерге тиіседі. Солардан халықтың өшін алып береді. Оның Алдар деген әйгілі атынан қу мен сүм, бақсы мен балгер, сараң мен саудагер, құнсыз бен келеңсіздер қозыкөш жерден қорқады. Себебі ол сырымды ел көзінше айтып, әшкерелейді деп сексенеді. Ол қарсы болған адамдарына бірден барып ұрыінбайды, туысы бөлек, тұлғасы басқа адам болып келеді. Одың өз сырын өзіне әшкере еткізеді. Сондықтан ол жан дүниесіндегі жасырын жатқан жамандығын жасыра алмайтуғын халге жетеді. Оқиғаның соңы апыр-топыр күлкімен, Алдар көсенің мазағымен бітеді. Алдар көсе образы халықтың сыншыл, сергек ойынан туған өлмес елдің өшпес күші.

Қазақ фольклорында басқа халықтардың ауыз әдебиетінен алынған бірлі-жарым сюжеттер кездеседі. Ондай сюжеттер сауда-саттық, достық, мемлекеттік қатынастар, ел мен елдің араласуы арқылы тараған. Соның айғағы деп эпостан «Көроғлыны», аңыз әңгімелерден «Қожанасырды» атауға болады. Әсіресе, Қожанасыр көп елдерде айтылады. Шығыс халықтарында ондай әңгімелерді латифа, зарифа, нәдира, аджиба (арабша - әзіл-тапқыр әқгімелер) деп атаса, батыс әдебиетінде анекдот деп аталады. Анекдот деген сез - грекше жарияланбаған, баспаға шықпаған, ауызша айтылған өткір сөз деген ұғымды білдіреді. Бұл атауды алғаш рет әдебиетте қолданған Рим тарихшысы П. Кисарийский. Тарихта бұл жанр парсылардан, арабтардан тараған деген аңыздар бар. Бұған кесімді байлау айту өте қиын. Себебі, әр елдің өзіне тән Қожанасыры бар. Бір елдерде Қожана-сырды оқымысты, ұстаз деп айтса, екінші елде молда, әпенде екен деп санайды.

  • Қожанасырдың тарихта болған, болмағаны туралы әр түрлі болжамдар бар. Мәселен, түркі ғалымдары Қожанасыр 1207-1285 жылдары Түркияның Ақшаһар деген қаласында өмір сүрген деп дәлелдеуге тырысады. Жоқ, Қожанасыр деп жүргеніміз - XIII ғасырда өмір сүрген әзірбайжаннық белгілі ғалымы Насреддин Туси Хажы дейді.

Жұмбақтар, жаңылтпаштар жинау.

Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік үғымдар мен түсініктерді ойқиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеденақ жұмбақтар-дың алуан түрлерін шығарған. Ертедегі жұмбақтар;

Апаң, апаң -

Ескі шапан,

Иір қобыз,

Жарық жүлдыз. (Түйе)

сияқты, көбінесе мал шаруашылығына байлаңысты және:

Сүмбіл теректі, Жасыл желекті, Ерден қалмайды: Жауға керекті. (Найза)

сияқты қару-жарақ, құрал-саймандар туралы болған.

Заман өзгерген сайын халық педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса берді. 19-20 ғасырларда бу машиналары, электротехника, радио, телеграф, самолет, ракета, космос кемелері, т. б. техникалық, прогрестерге байланысты жұмбақтар туды.

Самұрық құс самғады,

Көктен өтіп,

Айға жетіп

Жеңілдеді салмағы. (Космос кемесі)

Жолы - темір, Жалы - темір Шымыр атты Зымыраттым. (Трамвай)

Көкшіл айна үйдегі Көрсетеді киноны. (Телевизор)

Темір сирақты

Алып жирафты

Жұмсап көр енді

Үй сап береді. (Көтергіш кран)

Жұмбақтарды Аристотель «Жан-жақты жымдасқан метафора» дейді. Яғни затты бейнелеп, баламалап силаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне у аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді, әрі заттарды салыстыра кез алдына елестетіп, дүниетанымдық қабілетін дамытады.

Жұмбақтар, көбінесе үйлесімді ұйқасы әсем де ырғақты өлеңмен құрылады. Қара сезбен жасалған жұмбақтар да бар. «(Отқа жанбас, суға батпас» (мұз) айтыс түрінде құрылған, яғни жұмбақ айтыстарын екі ақын шығарып бірі өлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі сол жұмбақтың шешуін өлеңмен айтады- Авторы белгісіз ел аузында жатталып қалған жұмбақ айтыстар да кездеседі:

А й т у ш ы. Бір жәндік көрдім аласа, Түрі басқа тамаша. Ешбір жанға қосылмай, Жүреді өзі оңаша . . . Ұялады өзі жиырылып, Тіктеп біреу қараса. Ине мен біздей кірер еді Жалымен тіктеп қадаса.

Ш е ш у ш і. Бұл айтқаның кірпі ғой, Түктері біздей түрпі ғой: Түгінің түрі - алаша, Инедей кірер қадаса. Өзі ұялшақ дегенің: Кісі көрсе жиырыльш, Домаланып иіріліп. Жатып алып, жүрмейді. Арыстан, аю, жолбарыс, Алуын оның білмейді.

Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез келген айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді, тек жұмбақтың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімі болуға тиіс.

Жұмбақ айтушььнеғүрлым көбірек, күрделірек жұмбақтарды тауып айтып, шешушіні женуге тырысады. Егер жұмбақ шешуші мүдірмей, айтылған жұмбақтарды.

Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақында-ры дамыта түсті, олардың бір ерекшеліктері, ол жаңылт-паштар көбінесе әрі тіл ширату, әрі дүние таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу мақсатында жазылады. Мысалы:

Тілалғыш Бек *

- Тіл алғыш, - деп

Мақтасақ біз

Біл алғыс деп, - білімділікке тәрбиелеп,

бүлдіршінге сүйіспеншілік білдірсе,

Бөдене бедеде

Көбелек көдеде,

Бедені-беде де,

Көдені - көде де, - деген жаңылтпаш

арқылы әрі «б», «к», «д» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырса, әрі «бөдене», «беде», «көбелек», «көде» деген сөздердің мағынасын жақсы ұғындыруды мақсат тұтады.

-- Кеспе өссін тал, Өссе өсімтал, Өссе өссін тал Кеспе, өссін тал, - деген жаңылтпаш ба-

ланы табиғатты қорғауға тәрбиелейді, әрі «с», «т» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырып, баланың тілін ширатады.

От басында балаға жаңылтпаш айтқызып жаттықты-рудың бірнеше жолы бар, ең әуелі бала жаттықтырушының айтқан жаңылтпашын жаңылмай, тез-тез айтуға үйренуі керек.

Әдет-ғұрып, салттық дәстүрлерге байланысты мәліметтерді жинау(шілдехана, бесікке салу, ат қою, тұсау кесу, сүндетке отырғызу т. б. ) .

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасаған-дардың бірі - қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықгың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек, қыруар жұмыс. Оның бәрін қамти алмасақ та, сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі сәбилік кезден - ес біліп, ер жеткенге дейінгі салт, дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері баланың өсу жолымен беріліп отыр.

Жас келіншектің екі қабат болғаны белгілі болса, оның абысындары мен қайын сіңілілері сол үйге оңаша құрсақ тойын жасатып, аман-сау босануына тілек білдіреді. Қазақ ғұрпы бойынша бала біткен келіншекті "күмәнді", "аяғы ауыр", . "ішінде көжесі бар" деп тұспалдап айтады.

Қазанжарыс - әйел босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл-желпі тамақ істеп, оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып жарысады. Халық ұғымы бойынша туатын бала "қазан жарысқа қатысып" одан бүрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.

Сүйінші. "Сүйінші келініңіз келеді деп, Әдеппен қол қусырып сәлем берді" ("Наурызбай - Қаншайым" жырынан) . Қуанышты хабар жеткізуші адам сүйінші, сүйіншіі деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бүл шын қуанудың, ризалықгың белгісі. Сүйінші сүраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай ерсілігі жоқ.

Шілдехана. "Сәрсенбай зор куанышты болып, шілдеханаға қанша қыз-бозбала жиып . . . баланың есімін Жамал Қойып еді" (М. Дулатов) . - "Аманжол Атекем аулына шілделікке кеткен" (С. Көбеев) . Кей жерлерде шілделік деп те атайды. Жаңа туған нәрестеннің кұрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда "балаңыздың бауы берік болсын" дегендей құгты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана өмірге адам келгеннің және оған куанудың бір белгісі.

Шашу. "Ханымдар Қаншайымға келген жерден шашуға қүрт орнына ділдә шашты" ("Наурызбай - Кдншайым") .

Шашу - куаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала туғанда, келін түскенде, алыс сапардан көп күткен жолаушы келгенде, қүда келгенде, тағы сол сияқгы зор жақсылық, қуанышты күндерде әйелдер құрт-кәмпиттен, күміс тиыннан шаіну шашады. ІПашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып, балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

Қалжа. "Менің сорлы шешеме қалжа қайда. Қой сат деп әкем барды көрші байға". (С. Торайғыров) . Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ "қалжа" деп аталады. Жақын адамдар да щхлжа әкеледі. Бұл әрі сыйластық, кұрмет, әрі босанған әйел сауығып кетсін деген мақсатпен туған елдік дәстүр, ғұрып.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қармақшы өңіріндегі аңыз әңгімелер
Аңыз-әңгімелердің танымдық және тәрбиелік мәні
Аңыз әңгімелерді оқыту әдістері
ҚАЗАҚ АҢЫЗ - ӘҢГІМЕЛЕРІ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ АСПЕКТІЛЕРІ МАЗМҰНЫ
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Қазақтың аңыз ертегілері, жаңылтпаштары, нақыл сөздері
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Қазақ халқы тарихындағы аңыздар мен мифтер
Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің түрлері
Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz