Емдік гимнастика



Емдік гимнастика — қазіргі заманда кең тараған ұғым. Ол емдеу әдістерінің тиімді түрлерінің бірі. Біздің елде ол негізінен советтік дәуірде ғана дамыса да өзінің түп-тамырын осыдан бірнеше ғасыр бұрын, сонау ыңылым заманнан бастайды.
Емдік гимнастиканың, шығу және даму тарихына арналған ғылыми еңбектер көптеп саналады, әсіресе емдік жаттығулардың денсаулыққа әсерін анықтауға П. Ф. Лесгафт, И. М. Саркизов-Серазини, В. М.
Мошков, Д. Ф. Шпаковский, т. б. сияқты ғалымдар үлкен үлес қосты.
Әр ғасырдың өзіне тән емдеу әдісі және соған сәйкес дене тәрбиесі болған. Мысалы, бойындағы дерттен арылу үшін, адам табиғаттың сыйы — суды, жарық сәулені, әр түрлі қимыл-қозғалысты пайдаланған.
Мәселен, Қытай, Үнді елдерінде жаттығуларды біздің дәуірімізге дейінгі 3000— 1800 жылдары кең пайдаланған. Олар ішкі ағзалар ауырғанда, буындар зақымданған кезде тыныс мүшелері арқылы дұрыс дем алуды мұқият қадағалаған. Сол сияқты массаж, ырықсыз қозға-лыстар, қарсыласу қимылдарын пайдаланған.
Емдік гимнастика ежелгі Греция елінде де үлкен қарқынмен дамыған. Оған мол үлес қосқан атақты ғалым — медицинаның атасы —
Гиппократ (біздің дәуірімізге дейінғі 400-370 жыл) еді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Емдік гимнастика — қазіргі заманда кең тараған ұғым. Ол емдеу әдістерінің
тиімді түрлерінің бірі. Біздің елде ол негізінен советтік дәуірде ғана
дамыса да өзінің түп-тамырын осыдан бірнеше ғасыр бұрын, сонау ыңылым
заманнан бастайды.
Емдік гимнастиканың, шығу және даму тарихына арналған ғылыми еңбектер
көптеп саналады, әсіресе емдік жаттығулардың денсаулыққа әсерін анықтауға
П. Ф. Лесгафт, И. М. Саркизов-Серазини, В. М.
Мошков, Д. Ф. Шпаковский, т. б. сияқты ғалымдар үлкен үлес қосты.
Әр ғасырдың өзіне тән емдеу әдісі және соған сәйкес дене тәрбиесі
болған. Мысалы, бойындағы дерттен арылу үшін, адам табиғаттың сыйы —
суды, жарық сәулені, әр түрлі қимыл-қозғалысты пайдаланған.
Мәселен, Қытай, Үнді елдерінде жаттығуларды біздің дәуірімізге дейінгі
3000— 1800 жылдары кең пайдаланған. Олар ішкі ағзалар ауырғанда, буындар
зақымданған кезде тыныс мүшелері арқылы дұрыс дем алуды мұқият
қадағалаған. Сол сияқты массаж, ырықсыз қозға-лыстар, қарсыласу
қимылдарын пайдаланған.
Емдік гимнастика ежелгі Греция елінде де үлкен қарқынмен дамыған. Оған
мол үлес қосқан атақты ғалым — медицинаның атасы —
Гиппократ (біздің дәуірімізге дейінғі 400-370 жыл) еді.
Ежелгі Рим медицинасында емдік гимнастиканың пайда болуына ықпал
жасаған, үлкен еңбек сіңірген, атақты ғалымдар Целий, Цельс, әсі-ресе,
белгілі рим дәрігері Гален болды (біздің дәуірімізге дейінгі 200 — 130
жылдар шамасы). Целкй өз туындыларында көптеген созылмалы

ауруларға қарсы, міндетті түрде, дене тәрбиесін қолдану керектігін атап
көрсеткен. Әсіресе сал, нерв жүйесі ауруларын жазуда емдік гимнастика мен
массаждың айрықша пайдалылығын дәлел-деген.
IX—X ғасырларда ғұлама ғалым, әлемге аты әйгілі үлы дәрігер Авиценна
(Әбу-Әли Ибн Сина) осы салада үлкен еңбек жазып шыққан. Ол өз қағидасында
күн сәулесін, ауаны және дене тәрбиесін әр адамның жасына байланысты ұтымды
пайдалануды үсынды.
Орта ғасырда дін ықпалы басым болғандыңтан, медициңа керенаулап, оған
қоса емдік гимнастика да тоқырап қалды.
Ғылым мен өнердің жаңарьш қайта өрлеген дәуірінде дәрігерлік
гимнастика туралы туындылар қайтадан шыға бастады. Атақты ғалым Тиссонның
бірнеше еңбектері, Гофманның Ортопедия туралы тұрақтаты, Меркуриалистің
Гимнастика өнері атты ғылыми анықтама кітабы жарық көрді.
XVI—XVII ғасырларда Россияда медицина саласында аурудың алдын алу
шаралары қолға алынып, өскелең келешек үрпақ үшін ең қажет нәрсе қимыл-
қозғалыс, оның ішінде дене шынықтыру жаттығулары деп тапты (М. В.
Ломоносов, А. П. Протасов).
XVIII—XIX ғасырларда емдік қасиеті бар жаттығулар туралы пікірлер
кебейе бастайды. Европада Лингтің швед гимнастика жүйесі кең тарады.
Көптеген емдік гимнастикалар шведтік гимнастика жүйесінің бір тарауы
болғанымен педагогикалық, әскери және эстетикалық гимнастика болып
есептеледі. Линг гимнастикасының негізгі мақсаты — буындарды зақымдайтын
ауруларға қарсы емдік жаттығулар қолдану еді.
Осы кезде орыс терапия мектебінің негізін қалаушы М. Я. Мудров және
көрнекті хирург Н. И. Пироговтың емдеу гимнастикасын ішкі ағ-залар
ауырғанда, жарақаттанып, жараланғанда қолдану өте қажет деген тұжырымы кең
тарады.
Емдік гимнастиканың кең таралуына үлкен ықпал жасаған ғалым

П. Ф. Лесгафт. Ол анатомиялық-физиологиялық құбылысты негіздей
отырып, дене тәрбиесін аурудың алдын алу ісінде өте жоғары қойды.

Орыс ғалымдары А. И. Полунин, С. П. Боткин, П. И. Дьяконов, В. В.

Горниевский т. б. өз туындыларында емдеу гимнастикасына материа-листік
көзқарас тұрғысынан келді. Дегенмен патша өкіметі тұсында Россияда емдік
гимнастика қанат жайып дами алмады. 1921 жылы

Демалыс үйлерін ашу туралы Халық Комиссарлар Советі қаулы қабылдады.
Онда елімізде дене тәрбиесін дамытуға, оны халық игілігіне айналдыруға
ерекше көңіл бөлді. Дене тәрбиесінің денсаулың сақтау ісінде алатын орны
белгіленді. Сондай-ақ осы сала қызметкерлері алдына жаңа міндеттер қойылды.
Демалыс үйлерінде тынығушылар үшін арнайы жаттығулар лайықталып алынып,
олардың мелшері, методикасы аурулардың әр тобына арналып құрас-тырылды.

1923 жылы алғаш рет емдік гимнастика туралы оқу құралы жарық көрді. Ол
Қызыл Армия санаторийлерінде, әскери медицинада қолданыла бастады.
Емдік гимнастика емханада, ауруханаларда әр түрлі күрделі операцияға
дейін, одан кейін де, акушерлік және гинекология, нерв жүйесі салаларында,
т. б. ауруларды емдеуге қолданылатын болды. Тұңғыш рет
Москвада (1928 ж.) және Ленинградта (1932) дене шынықтыру
институттарында емдік гимнастика кафедрасы ашылды. Сол сияқты мұндай
кафедра Медицина институтында да ашылды, сондай-ақ арнайы мамандан-дырылған
ғылымизерттеу институттары ұйымдастырылды. Олар емдік гимнастикасының
негізгі мән-мағынасын, әр түрлі ауруларға қолдану әдістерін, тигізетін
әсерін айқындаумен шұғылданды. Бұған атсалысқан танымал ғалымдар, білікті
мамандар: И. М. Саркизов-
Серазини, В. Н. Мошков, А. А. Лепорский, Е. Ф. Древинг, В, В.
Горниевская, В. К. Добровольский болды. Осы ғалымдардың әрқайсысы-ақ
емдік гимнастиканың қандай сырқатқа қолданатынын ашып көрсетіп берді.
Мәселен, жүрек-қан тамыр ауруларында, ішкі ағзалар зақымданғанда қолданатын
жаттығу-ларға И. М. Саркизов-Серазини мен
В. Н. Мошков өз еңбектерінде тиянаңты түсініктеме берсе, Е. Ф.
Древинг, В. В. Горниевская омыртқа, буын ауруларына қолдану әдісін
көрсетті, ал В. К. Добровольский іш құрылысына операция жасалғаннан кейін
қандай жаттығулар қолданы-латынын айтып берді.
Ал Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық госпитальдарға
күрделі емдеу әдісінің қүрамына міндетті түрде дене тәрбиесі немесе
гимнастика енгізілді. Соның көмегімен қатарға қосылған жауынгерлер аз емес.
Соғыстаы кейінгі жылдары емдік гимнастика тәсілін кеңейтіп өкпе, жүрек
қан тамырларына — операция жасағанда, жүйке зақымданғанда, кү-йіп ңалғанда
т. б. еркін қолдана бастады.
Совет ғалымдары емдік гимнастиканы жеке-дара пән ретінде ңарамай, оны
комплексті емдеу әдістерінің бір тарауы деп қарады.
Сонымен бір-ге, олар ғасырлар бойы әр елдің дәрігерлері қолданған
емдік гимнастиканың үлгілеріне жан-жаңты талдау жасады.
Қазіргі емдік гимнастиканың тағы бір артықшылығы — ол тек жеке адамды
ғана емес, жалпы көпшілік қауымды ңамтиды.
Денсаулың сақтау жүйесінің алдында тұрған басты міндет — аурудың алдын
алу, жаппай диспансерлік тексеруден өткізу, еңбекшілердің жалпы хал-
жағдайын жаңсарту. Осындай күрделі міндетті орындауға емдік бағыттағы
гимнастиканың қосар үлесі аз емес. Ол тек аурудың алдын алып қоймай, оны
емдеуге де үлкен ықпал жасайтыны белгілі.

ТІРЕК-ҢОЗҒАЛЫС АППАРАТЫНА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
ОМЫРТҢА ЖОТАСЫНЫҢ ҢИСАЮЫ
Адамның тұлғасы мен сымбаты, жүріс-түрысы омыртқа жотасына
байланысты. Иық тік, кеуде жазық қыолып, кермаралдай керіліп жүрудің
өзі осы эмыртқаның дұрыс болуынан. Осы кітаптың ал-дыңғы бөлімінде
көрсетілген қалыпты жағдайдағы омыртқа жотасындағы иректер оны қоршаған
бұлшық етке тікелей байланысты.
Дене сымбаты кішкене бала кезден бастап қалыптасады. Оның басын дұрыс
ұстауынан, отыруынан, жүруінен жоғарыда сөз болып отырған омыртқа иректері
(лордоз, кифоз) қалыптасады. Оның дұрыс не бұрыс болуы көп жағдайға
байланысты.
Мектепте партаның жоғары не төмен болуынан, орындықтың
ыңғайсыздығынан, біржағына қисайып отырудан немесе ауыр жүкті бір қолмен
унемі көтеруден т. б. жағдайларден адам денесі бір жағына қисайып кетеді.
Сол сияңты ұзаң ауырып, организм әлсіреген-де кұяң, ішек-қарын жарасы,
сондай-аң өт қабынғанда, буындар ауырғанда, адамның жүрісі өзгеріп, омыртқа
жотасы бір жағына шығып кетеді.
Адам тұлғасы, мүсіні бұзылу деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдік дене шынықтыру
Қан айналымы аурулары
Қантты диабет
Созылмалы пневмония кезіндегі емдік дене шынықтыру (оқу әдістемелік құрал)
Тыныс алу ағзаларының аурулары кезіндегі емдік дене шынықтыру
Балалар мүсінінің бұзылуы. Сколиоз
Дене тәрбиесі және төзімділік
Емдік дене шынықтырудың өмірдегі маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін гимнастиканың маңызы
Жарақаттарды емдік дене тәрбиесі арқылы емдеу
Пәндер