Қазақстандағы конфессияаралық келісім мәселесі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ

КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕСІ (ДІН АРАЛЫҚ)

Кеңестік империя құлдырағанан бері, қазіргі заманғы Қазақстан он жылдан астам егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде ғұмырын жалғастыруда. Қазақстан - нарықтық эканомикаға негізделген, қоғамдық өмірдің барлық салаларын демократияландыру жолымен жүретін әлеуметтік, азаматтық қоғам құрушы зайырлы мемлекет. Бірнеше жылдың ішінде біздің қоғамымыздың өмірінің барлық салаларында дерлік терең, түбегейлі өзгерістер орын алды. Көші-қон үдерісінің нәтижесінде демографиялық ахуал өзгеріске ұшырап дін мен діни құбылыстардың өзінде де терең өзгерістерге алып келді. Сонымен қатар, соңғы онжылдықта азаматтық қоғам мен нарықтық эканомиканың құрылуы ғана емес, сондай-ақ «діни серкілістің » болумен де сипатталады: бұрынғы діни бірлестіктердің позицияларының күшейуімен бірге қазіргі қазақстан үшін барынша бемәлім жаңа «дәстүрлі емес» діни ұйымдардың пайда болуы байқалады. Атап айтар болсақ, пресветериандық және методизм сияқты Қазақстан үшін жат протестанттық конфессиялар сондай-ақ «Агапе», «Жаңа аспан» сияқты еліміз үшін дәстүрлі емес протестанттық шіркеулер, «Бахай», «Сайтан шіркеуі», «Саентология шіркеуі» сияқты өзге де дәстүрлі емес діни бірлестіктер.

Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 ж 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 ж. 1 қаңтарында Қазақстанның аумағында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниптік, екі шииттік, екі сопылық, төрт ахмадия ағымдары бар. Оған қоса, Қазақстан аумағында православтық шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230 РПЦ), жеті старообрядтық шіркеу, римдік-католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі 946 протестанттық бірлестіктер жұмыс істейді. Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни ғалымдарға төмендегілер енеді: 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 Бахай, 2 трансцендентальдық медитация қауымы. Ұлы АҚ Бауырластық 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т. б.

Қазақстан Республикасының Кониститутциясында ар-ождан бостандығымен принциптері, әртүрлі конфессияларға жататын азаматтардың өздерінің діни бірлестіктерін құруға теңқұқылығы, мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігі туралы принциптер бекітілген. Сондай-ақ, діннің және діни бірлістіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бір қатар нормативтік-құқықтық негіздер дайындап шығарылды. Қазақстандағы қандайда болмасын діни бірлестіктердің қызмет етуінің нормативтік-құқықтық негізі белгілі дәрежеде әзірленгендігіне қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған. Осы еліміздегі белгісіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа тенденцияларға байланысты анық та, айқын аңғарылуда. Бұл, әрине, әсіресе дін мен діни сананың күдік туғызатын діни-рухани нормалары мен догмаларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың пайда болуына байланысты. Мұндай әсірешіл нышандар діни фундаметализм мен діни экстремизм бетінде көрініс табуы мүмкін.

Қазақстанның зайырлы мемлекет болуына байланысты, ресми идеалогия дінге мейлінше бейтарап қарайды: ол діншіл де дінге қарсы да сипатқа ие емес. Қазіргі Қазақсандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттерден түбірлі өзгешелікке ие.

Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және көп конфессиялы Қазақстан үшін мейлінше күрделі мәселе. Бүгін Қазақстан әлемге тек мұнай өндіруші ғана емес, сондай-ақ Бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Онда әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары анағұрлым маңызды заманауи діни мәселелерді шешу үшін жиналады.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының осындай кездесулерінің соңғы бірінде еліміздегі конфессияаралаық келісіммен диалогтың маңыздылығы ерекше аталып өтілді. әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылардың осы бір кездесуіне конфессияаралаық келісіммен диалогтың негізгі принциптері айқындалды. Олар: толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу ұлтаралық келісім мен діни төзімділік. Бұл қағидалар Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да негізін құрайды. Бұл туралы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында айтылған. Онда Президент «Қазақстан діни-наным бостандығын қамтамасыз етті, конфессияаралық диалогпен діни құқылық саясаты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Бізде әртүрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі қамтамасыз етілген . . . » деп айтқан еді.

Дін, даусыз, біріктірудің, интеграциялық процестердің күшті факторы бола алады. Ол үшін діндепрден қайшылықтарды емес, керісінше ортақ белгілер мен прициптерді, ортақ негіздермен ортақ құндылықтарды, біріктіруші бастауды іздеуге міндеттіміз.

Айта кету керек, Қазақстан діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім ісінде терең тамырлар мен көне дәстүрлерге ие. Қазақстан көне заманнан бері сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. әркімге мәлім, қазіргі Қазақстаннның аумағындағы бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зоростризм, монехейлік, буддизм, хрестяндық (оның әсіресе нестериондық және яковиттік тармақтары) және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүрген, яғни толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президентінің әділ айтқанындай: « . . . бізге төзімсіздік немесе діни фонатизм жат. Бұл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде болмасын Құдайдың Сөзіне деген ашықтық. Бұл Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі. Біз әлемге өзіміздің толеранттылығымызбен, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымыз бен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуметі бұдан ары қарай да сақталуға, дамуға тиіс».

Бейбітшілікпен конфессияаралық келісім салаларында Қазақстан аясында болсын, тіпті дүниежүзілік ауқымда болсын қол жеткізген белгілі табыстарымызға қарамастан, әлі шешілмеген, жедел шешуді қажет ететін мәселелер баршылық. Әсіресе, қазір дүниежүзіне діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризм шынайы қауіп төндіріп тұр. Оларды XXI ғасырдың анағұрлымөткір мәселелеріне жатқызуға болады. Конфессияаралық келісім мен диалогты жетілдірудің жаңа жолдарын іздеу қажет. БҰУ-ның басшысы Кофи Аннан діни төзімділікті сақтау мен күшейту ісінде белгілі жетістіктерге қарамастан, діни төзімділікке қатысты мәселе өте көкей тестіжәне маңызды мәселе болып қала береді деп, сан мәрте оған назар аударған болатын.

Дін, әуелі, әлемдік және дәстүрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін дамытудың күштіфакторы болып табылады. Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады. Қазіргі әлемнің, оның ішінде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылық құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлік діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін және әртүрлі саяси құрылымдары, сан алуан этностар мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды.

Конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің нығаюы үшін, діннің біріктіруші, рухани тұрғыдан құрушы фактор есебінде рөлінің күшеюі үшін діни мәдениет пен діни сананы қалыптастыру қажет. Алайда, халықтың жаппай діни сауатсыздығы мен діни қызметкерлерінің өздерінің біраз бөлігінің діни сауатсыздығы жағдайына мүмкін болмай тұр. Қалыптасқан осы жағдайға байланысты, Білім министрі Б. Әйтімова ханым өзінің сөздерінің бірінде діннің негіздерін мектеп партасынан бастап оқыту қажеттігін баса айтқан еді. Бұған қоса, мен діни тәрбиені де ерте кезеңнен бастап, «ананың сүтімен» сіңіру қажет деп есептеймін. Сондай-ақ, барлық жоғарғы оқу орындарында «Дінтану» курсын енгізу мәселесін ұсынғым келеді. Курсты әдеттегідей таңдау бойынша емес, Қазақстандағы, әлемдегі қазіргі діни ахуалды ескере отырып, негізгі пәндердің бірі ретінде енгізу керек.

Осыған орай, халықтың діни сауатсыздығы дәстүрлі емес бағыттағы әр түрлі діни секталардың кең таралуына алып келгендігін айта кету керек. Діни секталардың таралуының өзге бір себебі біздің әлемдік және дәстүрлі діндеріміздің әрекетсіздігі болып табылады.

Зайырлы мемлекеттердегі, соның ішіндегі Қазақстандағы діннің шынайы ролі бір жақты емес мұнда діннің атқаратын рөлі екіұдайы сипатқа ие. Діннің және түрлі діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінуі дінде де, мемлекетте де өзіндік жеке «құқықтық кеңестің» қалыптасуына алып келеді. Бұл дін мен мемлекеттің өзара байланысымен өзара әрекетін реттеуге жағдай жасайды. Бірақ, бірде бір мемлекет, оның қаншалық зайырлы және демократияшыл болуына қарамастан, діннің мемлекеттен бөліну мәселесін түбегейлі де толық шеше алмайды. Бұл жайт бір мезетте діндер, әрі өз отанының азамат болып саналатын дінге сенуші адамға келгенде ерекше аңғарылады. Бұл жағдайда жеке адамға қатысты демократиялық шараларды жасау мүмкін емес. Сондықтан да, мемлекеттің шіркеуден абсалютты бөлінуінің мүмкін еместігі сияқты, абсалютты зайырлы мемлекеттің болуы да мүмкін емес.

Халықтың білімдік мәртебесін көтеру қажет дегенде халықтық дегенде біз халықтық тек діни сауаттылығын көтеруді ғана емес, сонымен бірге халықтың саяси мәдениетін, саяси сана мен өзіндік сананы қалыптастыруды, саяси сауаттылықты да айтып тұрмыз. Мұндай қажеттілік бірінші кезекте қазіргі өркениеттің ең үлкен қауіптерінің бірі - діни экстремизмге байланысты түсіндіріледі. Діни экстремизм діни білім мен тәжрибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Қазіргі саясаткерлер, саяси элита өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарына жету үшін көбінесе діни идеяларға жүгінеді, оларды белсенді пайдаланады және оларды желеу етеді. Діннің мұндай саясаттануы діни басшылардың қоғамда елеулі саяси орынға ұмтылуына жағдай жасайды. Бұл діннің саясатқа, мемлекеттк істерге араласуы деген сөз. Дін мен саясаттың араласуы аса қауіпті құбылыс, себебі, діни және саяси қайраткерлерлер өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарына жету үшін, жанжалдарды «ақтау» үшін діни догмалар мен нормаларға жүгінеді. Діни экстремизм, кейбіреулерінің дәл тауып айтуынша іс жүзінде саяси экстремизм яғни діни агрессияны ақтап шығару үшін пайдаланылады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде саяси да, діни де сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда жалпы мәдениет пен білімдік деңгейін көтерілу қажет.

ДІНИ ЭКТРЕМИСТІК АҒЫМДАР ҚАЙДАН БАСТАУ АЛҒАН?

XIX ғасырдың аяғына таман, атап айтқанда, 1898 жылы Рим қаласында Италия мемлекетінің ұсынысы мен алғаш рет ланкестікке (тероризмге) қарсы күресу қажеттілігі туралы дүниежүзілік І - ші Халықаралық конференция өткізілген болатын. Осы конференцияның жұмысына қатысқан 20 мемлекет өкілдері ланкестікке қарсы қолданылатын әкімшілік, құқықтық және саяси сипаттағы актілерге қол қойды. Бірақ өкінішке орай, көп ұзамай дүниежүзілік соғыстың басталып кетуі, дүниенің екі жүйеге бөлінуі ланкестікке қарсы І-ші Халықаралық конференцияда қабылданған қаулы-қарарлардың іс жүзіне асырылуына бөгет болды. Міне, сонан бері, 100 жылдан астам уақыт өтсе де ланкестік дүнижүзілік масштабта күн тәртібіне түспей келді. Бүгінгі таңда да ланкестік адамзат баласының өркениет жолымен бір қалыпты дамуына қатер тудырып отыр.

Әртүрлі өркениетті даму жолдарын ұстанған мен, түпкі мақсаты халқын тойындырып, елін өркендетіп, гүлдендіру болып табылатын Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстанда да тұрақсыздықтың уын шашуға мүдделенген террористік топтар өз әрекеттерін жандандыра бастады. Дей тұрғанмен, террористік-ланкестік, діни-экстремистік топтардың Орталық Азия мемлекеттерімен Қазақстан аумағына ене бастауын тек қана олардың түпкі мақсат-мүдделерінің тереңдңгңнен, залымдылығынан іздестіру аз. Оларды бұл аймаққа ендей бастауының объективті де, субъективті де себептері баршылық. Олар мыналар:

  1. Кедейшілік, өндіріс ошақтарының жаппай тоқтап тұруына байланысты аймақтың барлық елдерінде орын алып отырған жұмыссыздық әлеуметтік теңсіздік;
  2. Билік басындағылармен бұқара көпшілік арасындағы айырмашылық, мүлік бөлісіндегі әділетсіздік, адам құқықтарының аяққа тапталуы;
  3. Өмірден жеріну, жатсыну, қорғансыздық, рухани жұтамдық, білім деңгейінің төмендігі, саяси мәдениеттің жоқтығы, ұлтаралық араздық, діни бөлінушілік, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар жұмыстарының жетімсіздігі және әлсіздігі;
  4. Төмендегілердің ескіше өмір сүруге құлықсыдығы, ал билік басындағылардың жаңаша басқаруға қауқарсыздығын;
  5. билік басындағылардың сыбайлас жемқорлығы, бұқара халықтың мұң-мұқтаждықтарын елемеуі, бюрократиялық жүгенсіздік, теңсіздік;
  6. Аймақтағы мемлекеттер арасындағы мемлекетаралық аумақтық жер бөлінісінің екі жақтық мүдделері сәйкес келе бермеулерінің туындап отырған шекара төңіріндегі ірілі-уақты қақтығыстар;
  7. Аймақтағы мемлекеттердің аумағында мұнай, газ, түсті металдар мен басқа да шикзат көздерінің молдығына, сондай-ақ бұл мемлекеттердің орналасу жағдайлаын тиімділігіне байланысты ірі мемлекеттердің геосаясат тұрғысынан «ойын» алаңына айналдыруға мүдделіліктері;
  8. Аймақтағы белгілі мемлекет ішіндегі элитаралық қайшылықтарға Батыстың дамыған мемлекеттер тараптарынан араласушылық, оларды бір-біріне айдап салуға, трайболизмді қоздыруға ұмтылушылық, билік басындағыларға аппозициялық топтардың әрекеттерін қолданушылық.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері
Діни экстримизм
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы этноконфессиялық үдерістер
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ ДІННІҢ ОРНЫ
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz