Экология қазақтың қорымы болып шықпасын


Экология қазақтың қорымы болып шықпасын

Әлемдік экология рейтингіне назар салсақ, еліміз 133 елдің ішінде зорға 70-інші орынды иеленеді екен. Статистикалық мәліметті Йель және Колумбия университеттерінің экологтары дайындаған. Бұл ретте «экология» деп тек қана ауа мен судың тазалығы емес, халықтың денсаулық жағдайы, ауаның сапасы, су ресурстары, биологиялық жетіспеушілік, табиғи ресурстар секілді түрлі факторлар кіреді. Бірінші орында қасқайып, әдетте малын арынан бірінші қоймаса да, адамын бірінші қоятын Швеция, Финляндия, Жаңа Зеландия секілді елдер тұр.

Жалпы, табиғаттың ластануы жайлы сөз адамзат өміріне техника араласқалы бері қозғалып келеді. Біз таяуда ғана өз газетімізде табиғатты сүйетінін және оны қорлауға болмайтынын дәлелдегісі келетін пекиндік жігіттің қырық күн бойы ағаш басына орнатқан шатырында ассыз, сусыз отырып, рекорд жасағаны туралы жазған болатынбыз. Айта берсек, мұндайлар тіпті көп. Экологияны қорғау мақсатында лондондық бір топ өзінше бір топ құрды. Клубтың атын ағылшын тілінен тікелей аударғанда, «Өркениеттен безген топ» деп жеткізуге болады. Сонымен бұлар қайтеді дейсіз ғой, бұлар шынында да өзінің өркениеттен безгенін көрсетеді. Олар өркениеттен, яғни, радио, теледидар, автомобиль, ұшақ, отарба т. б. нәрселерден міндетті түрде бас тартады. Қайда барам, қайда қонам десең, өз еркің бар, бірақ әлгі нәрселерге рұқсат жоқ. Жаяу жалпылап жетесің бе еңбектеп жетесің бе, арбаға мінесің бе, өз еркің . . . Бірақ әлгі клубтың мүшесі бола тұра, техникаға аяқ артсаң (тіпті радио тыңдасаң да) мүшеліктен қуылып кетесің. Тек қуылып қана қоймай, сені ант атқан ретінде қарауы тіптен қиын. Ал, бұл клубтың мүшелері кім дейсіз ғой? Көбіне ғалымдар, мемлекеттік қызметте болған зейнеткерлер мен жастар. Олардың барлығы да салиқалы, саналы жастар. «Экологияны және жер планетасын сақтап қалу мақстында құрылдық» деп жазған аталған клубтың тұғырнамасында . . .

Біздің елде де экологияны өз қалпында сақтау үшін осындай бірдеме ойлап таппасақ болмас, тегі. Ғаламшардың қаншалықты ластанғанын мына деректен білуімізге болар еді. 2001 жылғы ғалымдар Кельн шіркеуінің іргесіндегі бір моланы тексергенде, одан ішінде суы бар құмыра тауып алыпты. Ғылыми жолмен жүргізілген сараптамадан соң, бұл ыдыстың мұнда сақталуы жатқанына аттай 1500 жыл болғанына көз жеткізілген. Ал, ең кереметі осынау судың бойынан қазір біз ішіп жүрген суда кездесетін бірде-бір зиянды элемент ұшыраспапты. Ғалымдардың айтуы бойынша XY ғасыр бұрын адамдар ішкен су осындай таза болған. Әйткенмен, қазір мұндай су планетамыздың бір жерінде де кездеспейді . . .

Біз экология туралы сөз қозғағанда, тек жерді айтып, суды естен шығарып алатынымыз бар. Айталық, сулардың дұрыс қалыптасуынан экологияның 55 пайызы ластана түседі. Мысалы, әлемдік көлемде мұхит пен суды зерттеушілердің айтуынша бүгінгі таңда адам улы заттарын көметін жер таппай, суға лақтыруды әдетке айналдырып алды. Бір ғана пластмассалардан жасалған заттың өзінген кит, дельфин, сонымен қатар көптеген су құстары арам қатады екен. Осы ретте, қолға қалам алып, оны есептеп көрсеңіз, әр жыл сайын теңіз бен мұхитқа тасталған пластикалық континерлер мен неше түрлі ыдыстың көлемі 10 000 тоннаға жететін көрінеді. Бұған қарап, кит пен дельфинді сіздің және біздің баламыздың көретініне дауа жоқ. Ал, немереміздің көруі екі талай . . . Бәлкім мұражайдан қызықтар . . .

Біз бұлайша, мұхиты бар елге күле қарай алмаймыз. Себебі, мұндай хәл өзімізде де басымызда бар. Айталық, геолог-экологтар Каспийде бекіре балықтар құрып бара жатқаны туралы талайдан бері дабыл қағуда. Хазардың төрт жағалауындағы 4 елде емес, бекіре балықтың ең көп нүктесі, атап айтсақ, 90 пайызға жуығы біздің елдің үлесінде. «Бекіре балық азайды» дегенде оны ешкім аулап таусытпаған (уылдырығы аса қымбат балықты аулап жатқандарда аз емес), оның жойылуына мұнай қалдықтарының көбеюі себеп болып отыр. Бұған Волга өзенінен бермен жылжитын лас судағы зиянды қоспаларды қоса санаңыз.

2005 жылдың «жылап-еңіреп», қоштасып кетер тұсында Қытайдың химия зауытында болған жарылыстан Сунгари өзеніне төгілген 100 тоннадай аса улы химикаттың Ресей-Қытай-Қазақстан су ішіп отырған Амурды ластап, «жаңа жылдық үлкен сый» жасағаны белгілі-тін. Мұның нәтижесінде Қытай Ресейден кешірім сұрап және аталмыш өзеннен 2 жыл бойына балық аулауға келісімшарт жүргізілді. Ескертіп қояйық, келісім тек екі елдің арасында болды. Ал, бастауын Қытайдан алып, Қазақстан, Ресей арқылы Обь өзеніне құятын Ертіс өзенінің бір бөлігі бұл уға малшынып отырса да біз елден ешкім кешірім сұраған жоқ және экологиялық қорған жасалынған жоқ. Бұл тек бір ғана оқиғаның зардабы. Болмаса, қара Ертістің өн бойын жағалай қонған ел жыл сайын 120 тонна қауіпті құлдық тастап (қоқыстың иесі Қытай, Ресей ), мұның салдарынан су құрамынан мырыш, қалайы молдап табылуда. Мұны тазарту шарасын еске алған жан баласы болсашы?!Есесіне, осынау улы химикатты, яғни қара Ертістің суын Астана қаласына бұрып, қажеттілікті өтеу туралы жоспар жасалынуда . . .

Қызығы сол, елімізде экология туралы сөз қозғалғанда, жоқтаушылардың құлын даусы шығады. Бірақ оған міз бағар ешкім жоққ. Экология- Олжас Сүлейменовтің, болмаса поэзиясын соңғы кезде саясатқа әкеп теліген Мұхтар Шахановтың немесе құрылу құрылмасы екі талай «Жасылдар» партиясының, әр президент сайлауы сайын кандидат болып тіркелмесе, көңілі көншімейтін Мэльс Елеусізовтың да қолынан келетін іс емес. Бұл тек бірінші Үкіметтің шаруасы.

«Құлақтарына алтын сырға» деп айтайық, қазақтың қалың моласына айналғалы тұрған қауіпі бар Балқаш проблемасына қатысты I форумның өткеніне аттай 6 жыл уақыт өткен. Әйтседе алты жылдан бері алты шара өткізілмей жоспардың барлығы «қалғып-мүлгіп» кеткен. Бұл істің басында жұртқа жаны ашымас., можантопай біреу отырса, қолды бір-ақ сілтер едік-ау. Алайда «Балқаш» форумы үйлестіру Кеңесінің төрағасы, Үкімет басшысы Даниал Ахметов мырзаның өзі . . .

Бүгінде экологиялық апат туралы сөз қозғайтындар зияны бірнеше ғасырсыз кетпейтіні мәлім болған Семей полигоны немесе қайығы мен балығынан айырылып, бүгінде көлшікке айналған «жесір теңіз» Арал туралы әлдеқашан ұмытқан. «Экологиялық қауіпті аймақ»деп дабыра қағылған Аралдың кепкен табанынан тұздардың ауаға ұшқанын тоқтату мақсатында жасалынып жатқан шара жоқққа тән. . Өйткені, мұнан ешқандай да қорытынды шыға қоймайтынына көз жеткізді. Ендігі басты мәселе- Қара Ертістің суы мен Сорбұлақтың жағдайы. Қара Ертістің күйі соңғы уақытта жиі айтылып келеді. Ал, Сорбұлақ сөз президенттік сайлауда табиғаттың жанашыры болып көзге түскен М. Елеусізов саяси сахнаға шыққанда ғана айтылып жүр.

Шынын айтқанда, Сорбұлақ апатыныңң алдын алу үшін екі рет дамба салынғанымен, оның сапасы төмен болып шықты. Дамбаның астына жиналған су уақыт өте келе лай болып, Астана-Алматы жолының екі жағынан лайсаң көлшікке толтырғанын жасыра алмаймыз. Осынау «арты қылам -деп тыртық қылудың» әсерінен таяу жылдары ғана салынған Астана-Алматы күрес жолының ойыла бастауына әкеп соты.

Осы ретте Сорбұлақтың сорын табаны күректей жиырма жылдан бері жыр қылып келе жатқан еліміздегі жалғыз эколог М. Елеусізовты тыңдап көрелік:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық сынақтар хронологиясы
Ақтөбе облыстық музейлердің бүгінгі жетістіктері нарық заңдылықтарына бейімделген даму сатысының бірі
Көне заман ғұрыптық-еске алу құрылыстары
Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін қандай рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері
Берел қорғаны
Елеке сазының зерттелуі
Қазақ өркениетінің символдары
Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары
Қарағанды облысының географиясы
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz