Оңтүстік Қазақстанға өзге ұлттардың қоныстануы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстанға өзге ұлттардың қоныстануы.

Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан тарихының ғылымы ондаған жылдар бойы кеңестік идеологияның құрсауында дамып келді. Көптеген тарихи мәселелердің шынайы беті ашылмай біржақты қаралды. Қазақстан тарихы басқа түркі халықтарының тарихынан бөлек зерттеліп, «қызыл империяның тұншықтырушы идеологиясы» аясында ұзақ жылдар бойы бұрмаланып дамыды. Империяның ұлттық идеологиясы патша өкіметінің отарлық идеологиясы негізінде қалыптасып, қазақ халқының сана-сезімін, ой-өрісін, ділін өзгертуге, біртіндеп рухани кіріптар етіп, орыстандыруға бағыттады. Сондықтан да ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясының Оңтүстік Қазақстан өңірінде әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени, рухани-ағартушылық салаларда жүргізген орыстандыру мен шоқындыру саясаты тарихтың «ақтаңдақ» беттерінің шынайы көзін аша түсетініне күмән жоқ. [1]

Қазақ даласының патшалық Ресей әкімшілігінің құрамына кіруі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан басталып, ХІХ ғасырдың 60 жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. 1865 жылы Ташкент қаласы патша әскерінің қолына өткеннен кейін, Қазақстанның оңтүстік аймағы толығымен Ресейге қарады. 1867-1868 жж. қазақ жерін басқару ісін реформалау мен жаңадан жауланған жерлердің әкімшілік жүйесі Орталық Ресейдегі басқару жүйесіне сай қайта құрылды. Осының нәтижесінде Түркістан генерал-губернаторлығы құрылып, оған Жетісу және Сырдария облыстары кірді. Жаңадан қосылған шет аймақтарды қарқынды отарлау мақсатында патша әкімшілігі алғашында казак әскерлерін, кейіннен қара шаруаны да қоныстандыру әрекеттерін бастады. 1891 жылы қабылданған «Далалық облыстарды басқару ережесіне» сай, далалық облыстар мен Жетісу өлкесінің жерлері мемлекет меншігіне айналып, ол жерлерде өмір сүріп жүрген көшпелілер жерді уақытша пайдаланушылар ретінде ғана қалды. 1846 жылы Ұлы Жүз қазақтары орыс бодандығын қабылдады. Бұл Жетісу өлкесінің орыс әкімшілігінің құрамына өтуінің алғашқы көрінісі еді. [2]

1867-1868 жылғы қабылданған «Уақытша Ережеде» Жетісу, Сырдария облысының қандай уезден құрылатыны анық көрсетілсе, Далалық облыстарындағы уез атаулары нақты бкерілмеген. Ережеде көрсетілген уез, олардың құрылған жылдарын мұрағат деректерінен өзгешелігі бар. Жетісу, Сырдария облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша Ереженің» 12 бабына сәйкес Сырдария облысындағы Қазалы, Перовскі, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент, Жизақ уездері құрылуы тиіс болды. Ережеде көрсетілген Ташкент уезі алғашқы кезде Құрама деген атпен 1871 жылы құрылып, 1886 жылдан кейін Ташкент деп аталса, Түркістан уезі белгіленген уақытына кейін пайда болды. 1867 жылы Түркістан өлкесінің алғашқы генерал-губернаторы Кауфманның бұл уезді құруға келісім бермеуіне байланысты 1872 жылы құрылады. 1868 жылы болыстарды құруға ұйымдастырылған арнайы комиссия Түркістан ауданында да қазақ болыстарын құрып, оларды Шымкент уезінің құрамына қосты. Түркістан қаласы мен оның қышлақтарында да ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мұрағат деректерінен алынған отырықшы тұрғындардың шамамен алынған ұлттық құрамы мен сандық көрсеткішін төмендегі кестеден көруге болады.

1-кесте

Үй саны
Адам саны
Сарттар
Қазақтар
Татарлар
№: 1
: Түркістан
Үй саны: 1460
Адам саны: 6355
Сарттар: 6210
Қазақтар: 25
Татарлар: 60
№: 2
: Шолақ қорған
Үй саны: 176
Адам саны: 776
Сарттар: 763
Қазақтар: 13
Татарлар: 3
№: 3
: Иқан
Үй саны: 302
Адам саны: 537
Сарттар: 537
Қазақтар: -
Татарлар: -
№: 4
: Созақ
Үй саны: 322
Адам саны: 1317
Сарттар: 1314
Қазақтар: -
Татарлар: 3
№: 5
: Бабай қорған
Үй саны: 87
Адам саны: 412
Сарттар: 412
Қазақтар: -
Татарлар: -
№: 6
: Қарнақ
Үй саны: 294
Адам саны: 1032
Сарттар: 1023
Қазақтар: 9
Татарлар: -

Негізінен сарттар (өзбектер) Түркістан қаласы мен оның қышлақтарында шоғырланды. 1872 жылы 17 наурызда Жизақ уезі тарқатылып, территориясы Ходжентке қосылды да оған бөлініп келген қаржы көлемі жаңа құрылған Түркістан уезіне бөлінді. 1872 жылы Түркістан уезінің ұлттық құрамы; қазақ-61400, сарт-9905, орыс-270, бұхарлық еврей-61, татар-67 адамды құрады. [3]

Орталық Азияда орналасқан Шудан оңтүстікке қарай Сырдарияның жоғарғы ағысына дейін Ұлы Жүз бен Орта Жүз тайпалары мекендеген жер Жетісу облысы деп аталды. ХІХ ғасырда Жетісу облысының көпшілік аумағы орыс иелігінде болды. Өлкенің бірыңғай тұрғындары көшпелі қырғыздар (қазақтар) . ХІХ ғ, асырда ьбасқа ұлт өкілдері қоныс аудара бастады. 1885 жылғы қоныс аударушылар саны: Ерлер-283, 098; әйелдер- 241, 136; отырықшы халық-22, 285; дәрежесі жоғары тап өкілдері-1, 906; көпестер-887; мащандар-12, 165; шаруалар-22, 786; демалыстағы және запастағы шендер мен олардың отбасы-4, 555; әскери шенді адамдар-9, 676; қызметкерлер-47; тараншылар-786; дүнгендер-10, 595 және басқа да тап өкілдері-9, 864 жаннан құралды. Барлық көшпелілер саны-524, 234 жан, отырықшылар-142, 105; барлығы-666, 339. [4]

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-демографиялық дағдарысты реттеу жолында Оңтүстік Қазақстан облысының алар орны зор. Сол жағдайда талдамастан бұрын, облыстың әлеуметтік-демографиялық тұрғыда еліміз 12 ретті жүйелі халық санағын, басынан кешірген. Алғашқы санақ 1897 жылы өткізілген болатын. «1897 жылғы мәлімет» бойынша еліміздің территориясында өмір сүрген ұлттардың этникалық құрылымы төмендегідей, яғни ол уақытта жалпы 2 млн 465 мың халық болып, оның ішінде;

2-кесте

Ұлты:

Ұлты

Саны:

Саны

Пайыздық көрсеткіші:

Пайыздық көрсеткіші

Ұлты: қазақтар
Саны: 1, 903 мың
Пайыздық көрсеткіші: 77, 1 %
Ұлты: орыстар
Саны: 431 мың
Пайыздық көрсеткіші: 17, 8 %
Ұлты: украиндар
Саны: 37, 6 мың
Пайыздық көрсеткіші: 1, 5 %
Ұлты: татарлар
Саны: 41, 7 мың
Пайыздық көрсеткіші: 1, 6 %
Ұлты: мордва
Саны: 11, 8 мың
Пайыздық көрсеткіші: 0, 4 %
Ұлты: немістер
Саны: 5, 7 мың
Пайыздық көрсеткіші: 0, 2 %
Ұлты: өзбектер
Саны: 1, 3 мың
Пайыздық көрсеткіші: 0, 05 %
Ұлты: башқұрттар
Саны: 1, 7 мың
Пайыздық көрсеткіші: 0, 07 %

Ал, 1897-1914 жж. аралығында халықтың ұлттық құрылымында біршама өзгерістер орын алып, оның ішінде Жетісу, Сырдария аймағында

3-кесте

Ұлты
Жетісу аймағы
Сырдария аймағы
Ұлты: қазақтар
Жетісу аймағы: 60, 5%
Сырдария аймағы: 62, 3%
Ұлты: орыстар
Жетісу аймағы: 23, 5%
Сырдария аймағы: 37, 5%
Ұлты: өзбектер
Жетісу аймағы: 1, 7%
Сырдария аймағы: 23, 9%
Ұлты: қарақалпақтар
Жетісу аймағы: -
Сырдария аймағы: 6%
Ұлты: қырғыздар
Жетісу аймағы: 5, 1%
Сырдария аймағы: -

Ішкі Ресейден түрлі ұлттардың ағылуы (переселенецтердің) және қала, ауыл халқының түзіле бастауы, яғни Жетісу аймағында қала халқы 48, 25%-ын құрап; оның ішінде қазақтар - 9, 1%, орыстар - 43, 4%, өзбектер - 5, 2%, татарлар - 7, 2%, дүнгендер - 7, 2%, ұйғырлар - 22%, украиндар - 4%, басқа халықтар - 1, 4%, шаманы құрасақ онда Сырдария аймағында қала халқы - 46, 82% түзіп, ондағы қазақтар - 17, 2%, орыстар - 11%, өзбектер - 62%, татарлар - 4, 2%, дүнгендер - 0, 1%, украиндар - 1, 5%, басқа халықтар - 3, 7%-ті құраған. [5]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері
Әскери-казактық отарлау
Патша өкіметінің көші-қон саясаты
XX ғасырдағы жат мекен немесе жаңа өлке
Патша өкіметінің көші-қон саясаты туралы
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Қазақстандағы православие тарихы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі әлеуметтік жағдайы
Малайзияның этносаяси құрылымының қалыптасуы және этносаралық жағдайы
«Оңтүстік Қазақстандағы татарлардың арасындағы этнотілдік үрдістер»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz