Қазақтандағы палеолит дәуіріндегі ескерткіштер



І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім.
1.Қазақтандағы палеолит дәуіріндегі ескерткіштер.
2.Орталық Қазақстандағы Ашель ескерткіштері.

ІІІ.Қорытынды.

Әдебиеттер
Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (бұдан бұрынғы 2,6 млн жыл — 700 мың жыл), ашель (бұдан бұрынғы 700 мың — 150—120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150—120 мың — 35—30 мың жыл) кезендеріне бөлінеді. Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген, өйткені оның оңай жарылатын шақпақ тасты бәрінен де көбірек қолданғаны, ал оған ұқсас тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес. Ма-ериал тандау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т. б. бөлініп шыққан.
Ауыр салмақты, тік бүрышты үсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайыл-масынан, қатып қалған төменгі төрттік кезеңнің қалың конгломераты арасынан табылған. «Клектон тұрпаттас» деп аталатын бұл ежелгі құралдардың одан анағұрлым кейінгілерден айырмасы — олардың соғатын қыры тым үлкен, ол тіпті бүкіл сынық көлемінің жартысынан көбірек. Олармен бірге үлкен шақпақ тастар, дөңес нуклеустер де табылды; әлгі сынықтар солардан сындырылып алынған. Ашельдік Бөріқазған және Тәңірқазған тұрақтары мейлінше назар аударуға лайық. Бұл тұрақтардағы құралдардың таралу шегі айқын және өнделген шақпақ тас бұйымдар белгілі бір шектен тыс жерлерде сирек кездеседі. Бөріқазған мен Тәңірқазғаннан табылған ежелп палеолиттік саймандар төрт топқа: екі қырлы және бір қырлы шапқы құралдар; шапқылар; ауыр тас сынықтар; ірі ұра тастар - нуклеустер болып бөлінеді.
1.Қазақстан тарихы,-Алматы,1996.
2.Байбатша Ә.Қазақ даласының ежелгі тарихы.-Алматы,1998.
3.Қазақстан тарихыкөне заман бүгінге дейін.(Очерк)-Алматы,1994.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Қазақтандағы палеолит дәуіріндегі ескерткіштер.
2.Орталық Қазақстандағы Ашель ескерткіштері.
ІІІ.Қорытынды.

Кіріспе.
Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (бұдан бұрынғы
2,6 млн жыл — 700 мың жыл), ашель (бұдан бұрынғы 700 мың — 150—120 мың жыл)
және мустье (бұдан бұрынғы 150—120 мың — 35—30 мың жыл) кезендеріне
бөлінеді. Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген, өйткені оның
оңай жарылатын шақпақ тасты бәрінен де көбірек қолданғаны, ал оған ұқсас
тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес. Ма-ериал тандау көбінесе
құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынадай
түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер,
пышақтар, тескіштер және т. б. бөлініп шыққан.
Ауыр салмақты, тік бүрышты үсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына
жатқызылады, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-
батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайыл-масынан, қатып қалған
төменгі төрттік кезеңнің қалың конгломераты арасынан табылған. Клектон
тұрпаттас деп аталатын бұл ежелгі құралдардың одан анағұрлым кейінгілерден
айырмасы — олардың соғатын қыры тым үлкен, ол тіпті бүкіл сынық көлемінің
жартысынан көбірек. Олармен бірге үлкен шақпақ тастар, дөңес нуклеустер де
табылды; әлгі сынықтар солардан сындырылып алынған. Ашельдік Бөріқазған
және Тәңірқазған тұрақтары мейлінше назар аударуға лайық. Бұл тұрақтардағы
құралдардың таралу шегі айқын және өнделген шақпақ тас бұйымдар белгілі бір
шектен тыс жерлерде сирек кездеседі. Бөріқазған мен Тәңірқазғаннан табылған
ежелп палеолиттік саймандар төрт топқа: екі қырлы және бір қырлы шапқы
құралдар; шапқылар; ауыр тас сынықтар; ірі ұра тастар - нуклеустер болып
бөлінеді.Бірінші тобы көбірек кездеседі. Шапқы құралдардың Оңтүстік-Шығыс
Азия мен Африканың шель-ашель кеніштерінен табылған дерекі тас саймандардан
елеулі айырмашылығы жоқ, олардың барлық жағдайда да малта тас сияқты түрде
болуы айқын аңғарылады, тас құралдардың бір шеті өнделген, екі жағынан мол
сындырылып жұқартылған, еткірленген имек жүзі бар, ал қарсы жағы
өнделмеген. Теменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты
пайдаланып, біріне-бірін ұрған.Мұндай техника соққылау техникасы немесе
малта тас мәдениеті деп аталып кеткен, өйткені оған көпшілік жағдайда
езендерде кездесетін кәдімгі малта тастар шикізат болған. Кейіннен шой
балғалар пайда болып, олар жақсырақ нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді.
Олар көбінесе цилиндр немесе дөңгелек түрде болып, көп жерінде жемірілген
және соғылған із қалған. Мысалы, X. А. Алпысбаевтың Қаратау жотасы
ауданынан тапқан құралдары жоғарыда аталған тәсілмен өнделген. Құралдар
дайындау үшін негізгі шикізат малта тастар болған. Құралдарды өндеу кезінде
тастың екі жақшетінен ортасына қарай шеттері мол сындырылып, жұқартылған да
кесетін имек жүз шығарылған. Құрал кейіннен шапқы ретінде пайдаланылған.
Қаратау жотасының тас құралдарын зерттеудің нәтижелері Мовиустың негізгі
қағидаларына қайшы келеді, ол төменгі палеолит дәуірінде шектеулі екі аймақ
болғаны туралы болжам ұсынған еді. Олардың біріне мекендеушілеріне қолдан
жасаған шапқыларды пайдалану ғана тән болған Үндістан, Оңтүстік жәие Батыс
Европа, Алдыңғы Азия мен Африка жатқызылды. Екінші аймақ солтүстік-батыс
Үндістан, Жоғарғы Бирма, Қытай, Ява болып табылады, олардың тас құралдарды
жасау техникасында екі және бір жағы өткір шапқы құралдар тән. Оңтүстік
Қазақстанда табылған тас құралдар негізінде мынадай қорытынды жасауға
болады: Екі немесе бір шеті шабатын құралдар мен қол шапқыларының бір
жерден табылуы азиялық төменгі палеолиттік мүлде ерекше мәдениеттің болуы
туралы және төменгі палеолит дәуірінде Азияның даму жолының ерекше екендігі
туралы пайымдаулармен келісуімізге мүмкіндік бермейді. Оңтүстік
Қазақстаннан табылған материалдардың Азия мен Африка аумағында табылған
еңбек құралдарьь мен ұқсастығы және солармен баланатындығы төменгі
палеолиттік мәде-ниет дамуының бірдей екендігі, оларда өзгерістер мен
дамудың бір жолмен жүргендігі туралы жорамал айтуға мүмкіндік береді.
Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстаннан да табылады. Мұнда
құралдар қара және сұрғылт-жасыл түсті шақпақ тас жыныстарынан
дайындалған.Осындай тұрақтардың бірі - Сарыарқаның солтүстік-шығыс шетінде
орналасқан Құдайкел. Құралдар арасынан бифастарды, яғни тастан екі жақ беті
өңделіп жасалған құралдарды, жануарлардың терісін ендеуге және ағашты
ұқсатуға арналған қырғыштарды, сондай-ақ көптеген нуклеустерді — жоңқалар
мен жалпак тіліктер сындырылып алынып құрал ретінде пайдаланылған ауыр
тастарды атап өтуге болады. Орталық Қазақстандағы басқа да ашельдік
ескерткіштер арасынан Жезқазған қаласынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан
Жаман Айбат және Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай
тұрақтары назар аударуға лайық. Тас бұйымдар жиынтығы арасында шапқы
құралдар ерекше көзге түседі. 60—70-жылдары Балқаш өңірі мен Маңғыстау
даласында интенсивті жүргізілген зерттеулер археолог А. Г. Медоевтің
Қазақстанның алғашқы заман тарихы проблемаларына және тас ғасыр
индустриясының өзіндік дамуына дәстүрлі емес кезқарастарының қалыптасуын
көп жағынан анықтады. Зерттелген ескерткіштерді кезбен шолып байқау оның
ертеде еткен кездің археологиялық қырларын бірегей түсінуге жетуіне
мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, оның көзқарастары сол кгзге қарай
дүниежүзілік археологиялық ғылымда жинақталған деректемелермен жақсы
ұштасты.
Осы уақытқа қарай жинақталған материалдар қайтадан ой елегінен еткізілуде
және Қазақстан сияқты қуаң аймақтағы палеолит ескерткіштерінің езіндік
ерекшеліктерін анықтау өте маңызды болып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда алғашқы
адамдардың ашық үлгідегі Семізбұғы, Бөріқазған, Шақпақата, Өнежек
тұрақтары мен басқалары зор рел атқарды. Мәселе мынада: шегінділердің сары
топырақты немесе жайылма қатпарларында көміліп қалған археологиялық
қалдықтар алғашқы адамдардың өмірі туралы, олардың тас саймандары туралы
бірегей, егжей-тегжейлі ақпарат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Палееоолит дәуірі
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі Қазақстан
Алғашқы адаймның пайда болуы және оның дамуы (дәуірлер)
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Тас дәуіріндегі Қазақстан
Әлеуметтік экологияның қалыптасуы
Қола дәуір мәдениеті
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Пәндер