Топша элементтері


ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІ.
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Периодты мына элементтер жатады: берилий, магний, кальций, сгронций, барий және радий. Бұл элементтерді, кейде, сілтілік-жер металдары дейді. Себебі олардың оксидтеріне сәйкес гидроксидтері сілті, ал оксидтері жерде кездесетін ауыр элементтер оксидтеріне ұқсас.
ПА - топшасы элементтерінің сыртқы электроңдық қабатында екі (ns 2 ) электрон бар. Бір электрон қозған жағдайда р - орбитальға ауысып, екі дара электрон пайда болады. Дeмек, бұл элементгердің тотығу дәрежесі +2-ге тең.
Берилий ІІА - топшадағы басқа элементтерден айрықша қасиет көрсетеді. Ол алюминийге ұқсас.
Табиғатта таралуы және алынуы. ПА - топшасы элементтері активті болғандықтан, табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі. Олардың ішінде магний мен кальций кең тараған, қалғандары өте сирек.
Берилий берилл деген минерал құрамында болады Ве 3 А1 2 (SіО 3 ) 6 . Магний, кальций, стронций, барий табиғи сульфаттардың, карбонаттардың, фосфаттардың құрамында болады.
ПА-топша элементтері өте активті металдар және бұлардың стандартты электрондық потенциалдарының мәндері төмен болғандықтан оларды алудың бірден-бір жолы - электролиз. Әдетте, тұздарының балқымаларын электролиздейді. Оны, сонымен қатар, металлотермия әдісімен алуға болады.
Қасиеттері. Бос күйінде ПА - топша элементтері жеңіл, сілтілік металдарға қарағанда қаттылау металдар. Олар қатты күйінде әр түрлі кристалл тор түрінде кристалданады. Сондықтан балқу температураларының өзгеруінде белгілі бір зандылық жоқ.
Химиялық активтігі, тотықсыздандырғыш қасиеті жағынан сілтілік-жер металдары сілтілік металдарға қарағанда әлсіздеу. Тек барийдің активтігі сілтілік металдардікіне жақын. Олардың тотықсыздандырғыш қасиеті рет номері өсуіне орай арта түседі. Берилий мен магний ауада тотығып, оксид пленкасымен қапталса, қалған сілтілік жер-металдары оттегімен шабытты әрекеттеседі. Оларды керосин астында сақтайды. Оттегімен әрекеттесіп олар оксид түзеді ЭО. Азотпен өте жоғары температурада әрекеттеседі де нитридтер түзеді:
3Э + N 2 - Э 3 N 2
Берилийдeн басқа сілтілік-жер мeталдары сумен әрекеттесіп, гидроксид және сутегін түзеді:
Э + 2Н 2 О = Э(ОН) 2 + Н 2
басқа сұйылтылған кышқылдардан
Э+Н 2 SО 4 = ЭSО 4 + Н 2
Сілтілік жер мeталдары азот қышқылын аммоний ионына дейін тотықсыздандырады:
4Э + 10НNО, = NH 4 N0 3 , + 4Э(КО 3 ) 2 + 3Н 2 О
Сілтілік-жер металдары барлық қосылыстарда +2 тотығу дәрежесін көрсетеді. Олар сутегімен қосылып гидрид ЭН,, оттегімен оксидтер ЭО түзеді. Олардың оксидтері суды қосып т гидроксидтерге айналады ГЭ(ОН) 2 ] . Гидроксидтері сілтілік қасиет көрсстеді (литий мен м агнийден басқа) . Сілтілік-жер металдарының әртүрлі тұздары бар. Тұздарының суда ерігіштігі де түрліше. Нитраттары мен хлоридтері жақсы ериді. Ал карбонаттары мен фосфаттарының ерігіштігі шамалы.
Берилий элементінің ионында екі ғана электрон болғандықтан, басқа сілтілік-жер металдарынан ерекшелігі бар. Ол алюминий элементіне ұқсас. Берилий алюминий сияқты амфотерлі қасиет көрсетеді, қышқылдармен және сілтілермен де әрекеттеседі:
Ве + КОН + 2Н 2 О = К 2 [Ве(ОН) 4 ]
Бұдан оның комплекс түзу қасиеті бар екендігі көрініп тұр.
Амфотерлік қасиет оның оксиді ВеО мен гидроксидіне де тән.
Берилийдің барлық қосылыстары улы. Жан-жануар берилий тозаңымен немесе түтінімен демалу кезінде уланады. Ол өкпе тканьдерінде жиналып, ауыр бронхитке соқтырады. Сондай-ақ сұйек тканьдерінде де жиналады. Берилий көп жерде жайылған мал берилий рахиті ауруымен ауырады.
Сілтілік-жер металдары көбінесе металлургияда, атом реакторында, құймалар алуда қолданылады. Берилий атом реакторында нейтрон тежегіш ретінде, тоттанбайтын құйма алуда пайдаланылады. Магний қосылған құймалар ракеталар, самолет, машина жасауда өте пайдалы. Барий қосылған құйма қорғасынмен бірге баспаханада қолданылады.
МАГНИЙ
Магаий активті элемент болғандықтан, табиғатта қосылыстар түрінде кездеседі. Ол доломит МgСО 3 • СаСО 3 , магаезит МgСО 3 , карналлит КСІ • МgС1 2 • 6Н 2 О, каинит КСІ • МgSО 4 • ЗН 2 О минералдарының құрамында болады. Магний тальк ЗМg0 • 4SіО 2 • Н 2 О жөнс асбест ЗМg0 • 4SІО, • СаО сияқты табиғи силикаттардың құрамды бөлігі. Теңіз суы - онда магний сульфаты болғандықтан МgS0 4 ащы келеді. Магний тұздары топырақтың да құрамына кіреді.
Ол бос күйінде күмістей ак, жеңіл металл. Қыздырған кезде ауада көз қаратпайтын жарқыл беріп жанадьг.
Оның бұл қасиетін жарық беретін ракеталарда, сурет түсір жағатын снарядтар жасау үшін пайдаланады.
Магнии өте актив металл. Ол ыстық сумен әрекеттесіп сутегін бөледі:
Мg + 2Н 3 О = Н 2 Т + Мg(ОН) 2
Сұйылтылған қышқылдармен сутегін бөле (азот қышқылынан басқа) әрекеттеседі. Кейбір оксидтермсн әрекеттеседі:
2Мg + SіО, = 2Мg0 + Sі
Магний оттегімен негіздік оксид түзеді Мg0. Ол суда ерімейтін ақ түсті ұнтақ. Оны магнtзитті ыдыратып алады:
МgСО 3 = Мg0 + СО 2
Магний оксидінің ерекше қасиеті - ол МgС1 2 концснтрлі ерітіндісімен араластырған ксзде қатты зат түзеді. Оны магнезиал цементі дейді:
МgС1 2 + Н 2 О = 2МgОНС1
Магнезиал цементі құрылыста, қайрақ тастар жасауда, отқа төзімді тигельдер мен кірпіштер жасауда қолданылады.
Магний оксиді суда нашар еритіндіктен оған сәйкес гидроксидін қосымша жолмен алады:
МgСІ 2 + 2КОН = Мg(ОН) 2 і + 2КС1
Магний гидроксиді орташа негіздік қасиет көрсетеді. Ол қышқылдарда және аммоний хлоридінде ериді:
Магнийдің биологиялық мәні өте зор. Ол өсімдік құрамына кіріп фотосинтез процесінің жүруіне, углевод пен майлар түзілуіне комектсседі. Ол фосфор қосылыстарының ьщырауы үшін де қажет. Егер топырақта магний молшері азайса, өсімдік ер түрлі ауруларға үшырайды (хлороз, жапырақтардың бозаруы) . Азықта магний мөлшерінің жетіспеуі мал өніміне кері әсерін тигізіп, оларды ауруға шалдықтырады. Сондықтан топыраққа микротынайтқыш ретінде доломит уатып ссбеді.
КАЛЬЦИЙ
Кальций табиғатта кең тараған. Ол актив металл болғандықтан тек қосылыстар түрінде болады. Калыдий табиғатта мына ишнералдар құрамына кіреді: ок тасы (мрамор) СаСО 3 , доломит ІМgСО 3 • СаСО 3 , гипс СаSО 4 • 2Н 2 О, фосфорит Са(РО 4 ) 2 апатит
ЗСа 3 (РО 4 ) 2 СаҒ 2 (СаС1 2 ), балқытқыш шпат СаF 2 Сонымен қатар кальций адам, мал организмдерінде сұйек, қан құрамына кіреді.
Кальций - ақ түсті, қатты металл. Ауада оның беті оксид қабығымен қапталған. Өте күшті тотықсыздандырғыш.
Ол қыздырған кезде ауада жанып оксид түзеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz