ХIX-ХХ ғасырдағы әдебиеттің даму ерекшілігі



1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерісі жеяіп, патшаның тақтан құлауын қазақ халқы аса зор қуаныш сезіммен қарсы алды. Патшаның отаршылдық саясатының асқындауы, еңбекші халықгың шектен тыс езгіге ұшырауы, 1916 жылғы қазақтан майданның қара жүмысына жігіт алу мен оған қарсы шыққандарды аяусыз жазалау шаралары қазақ халқының патшаға деген өшпенділігін арттырып жіберген еді. XX ғасырдың басында 1905 жылғы орыс төңкерісінің әсерімен Қазақстанда саяси бостандық мәселесі күн тәртібіне қойылды да, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты оқыған зиялы азаматтар елді ұйқыдан оятып, оның саяси санасын көтеруге қызмет етті. Олар надандықты, ескішіл көрсоқырлықты сынай отырып, елді оқу-білім үйренуге шақырды. Осындай жағдайда патшаның тақтан түсуі отар елдердің құлдықтан босанып, азат тәртіпке көшуіне жол ашқандай болды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Х1Х-ХХ ғасырдағы әдебиеттің даму ерекшілігі.
1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерісі жеяіп, патшаның тақтан құлауын
қазақ халқы аса зор қуаныш сезіммен қарсы алды. Патшаның отаршылдық
саясатының асқындауы, еңбекші халықгың шектен тыс езгіге ұшырауы, 1916
жылғы қазақтан майданның қара жүмысына жігіт алу мен оған қарсы шыққандарды
аяусыз жазалау шаралары қазақ халқының патшаға деген өшпенділігін арттырып
жіберген еді. XX ғасырдың басында 1905 жылғы орыс төңкерісінің әсерімен
Қазақстанда саяси бостандық мәселесі күн тәртібіне қойылды да, Әлихан
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты оқыған зиялы
азаматтар елді ұйқыдан оятып, оның саяси санасын көтеруге қызмет етті. Олар
надандықты, ескішіл көрсоқырлықты сынай отырып, елді оқу-білім үйренуге
шақырды. Осындай жағдайда патшаның тақтан түсуі отар елдердің құлдықтан
босанып, азат тәртіпке көшуіне жол ашқандай болды. XX ғасыр басындағы
көрнекті қазақ ақындарының бірі Сөбит Дөнентаев осы оқиғаға "Бостандық"
атты өлеңін арнап:
Тілекті бүгін хақтың берген күні,
Көл-дария көздің жасын көрген күні.
...Ғаламға аузын ашқан айдаһардың
Мерт болып, мақсатының өлген күні,—
деп жазды. Бұл мазмұндағы өлеңдер М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, С.
Торайғыров, Б. Майлин, Б. Сүлеев, С. Сейфуллин т. б. қазақ ақындарының
қаламынан да туды. Қазақ халқының отаршылдық езгі мен қараңғылықта қамалып
отырғанын қинала суреттеп, елді оқу-білім жолына шақырған ағартушылық
өлеңдер жазып келген бұл ақындар шығармашылығы осы тұста саяси астар алып,
қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді жырлауға ауысты. Заманның озгеріп,
бостандық таңы ататынына олардың сенімі артты.
Жұрт болудың ойланалық амалын,
Қамсыз жатар емес енді заманың,
Надандықтың қираталық қамалын,
Мақсатыңа ұмтыл, таяу, алашым! —
деп жазды М. Дулатов. Ал Ш. Құдайбердиев:
Бостандық таңы атты, қазағым, керіңдер.
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық одеттен безіңдер, —
деп жар салды.
Бөлек ел болудың жолын бірліктен, бай-кедей болып бөлінбеуден іздеген
Бейімбет Майлин:
Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма,
Бірлікпенен жұмыс атқар, басыл да,
Азын-аулақ миың болса басында,
Партия, штат, дау-дамайды қой, қазақ! —
деп үн тастады.
Бостандықты Асығып тез аттандық атты өлеңімен қарсы алған Сөкен
Сейфуллин оның көктен түсе қалмағанын, теңдік үшін күрескен ерлердің
еңбегімен келгенін жырлады. Ақынның күрескер кейіпкері "тәуекел қылып",
"Зеңгір таудың басына шығып", шығар күнді қарсы алады. Күн шыққан қуанышын
елге жеткізу үшін, "асығып тез аттанады".
Бұл өлеңде Сәкен қазақтардың да төңкеріске қатысқанын айтып отыр.
Тәуекел қылып аттанып,
Атқа қамшы бастық біз.
Неше қатер жерлерден
Аман-есен астық біз,—

дейді. Бұл — бұрын ешкім айтпаған сөз. Қазақтардың теңкеріске қатысын үлт
өкілдерінің ешқайсысы мойындамаған. А. Байтұрсыновтың өзі кезінде: "бізге
осындай теңдік әперіп отырған — орыс халқының ақ жүрек, адал ниетті
көсемдері, орыс халқының жұмысшылары һәм әскері. Бұлар бостандықты қан
төгіп жеңіп алды. Олардың бұл жақсылығын қалай қайтарамыз? Бізді бұл
қуанышқа, бұл бостандыққа жеткізген кім? Біз кімге борыштымыз? Мұны
ойлайық!" — деп жазған.
1917 жылдың наурыз айының 9-күні жазылған Сәкен өлеңі кейін оның
авторы мен басқа ұлт көсемдерінің төңкеріске көзқарасын айқындаған, екі
жақтың арасының ашылуының басы болған туынды еді.
Қалай болғанда да, қазақ ақындарының бостандықты қарсы алған жырлары
отаршылық пен ұлттық езгінің астында екі жақты қаналған еңбекші халықтың
бостандықты, азат күнді аңсаған көңіл күйін танытқан еді.
Патша құлағаннан кейін Қазақстан Уақытша үкіметтің қарамағына көшті.
Оның пәрмені бойынша жер-жерде Қазақ комитеттері құрыла бастады, бірақ
Уақытша үкімет пен олардың жергілікті органдары еңбекші қазақ елінің
мүддесіне қызмет ете алмады. Ендігі жерде Ресей құрамына автономия болып
кіретін бөлек ел болудың жоспарлары туды. Бұл жағдай "Алаш" партиясы (1917,
шілде) мен Алашорда үкіметінің (1917, желтоқсан) құрылуына алып келді.
Қазақ ақындарының біразы оны қолдады. Сұлтанмахмұт Торайғыров:
Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді Алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз.
Бұл заманға жеттік біз.
Жасайды Алаш, өлмейміз
Жасасын Алаш, жасасын! —
деп "Алаш Ұранын" жазса дербес қазақ мемлекетінің болашағын түрік халықтары
ынтымағымен байланыстыра қараған Жүсіпбек Аймауытов:
Арғы атам — ер түрік
Біз қазақ еліміз.
Самал тау, шалқар көл
Сарыарқа жеріміз.
...Ат мінсек, жел болып,
Дауылдап шабамцз.
Лап десек ерленіп,
Дауылдап жанамыз.
...Ер түрік ежелден
Оқ тескен етіміз.
Қаймығып еш жаудан
Қайтпаған бетіміз, —
деп жаңа ұлт мемлекетін қорғарлық ерлік дәстүрлерді еске салды.
Алайда 1917 жылдың қараша айындағы төңкеріс кезінде үкіметтің
большевиктер қолына өтуі жағдайды өзгертіп жіберді. Екі жылдай кеңес
өкіметімен қатарласа өмір сүргенмен, Алашорда үкіметі кең қанат жая жүмыс
істей алмады. Оның жүмысына елдегі Азамат соғысы, уақытша билікті қолына
алган Сібір үкіметі де көп кедергі жасады. Большевиктер Алашорда
автономиясын мойындамауға тырысты. Керісінше, қазақ халқына большевиктердің
бағдарламасына сәйкес таптық жіктелуге негізделген автономия беруге дайын
екендіктерін білдірді. Ақыры Кеңес өкіметі орныққан кезде, Алашорданы
таратып жіберді.
Ресейдегі ақпан тоңкерісін шын пейілмен қабылдаған қазақ қаламгерлері
қазан айындағы жаңа төңкерісті ықылассыз қарсы алды. Олардың көбі саяси
жағдайды түсіне алмады жөне қазақтың мойнына отаршылдықтың қамыты қайта
киілуінен қауіптенді. Сәкен Сейфуллин сияқты орыс большевиктерімен
байланысы бар бірен-сараңдары болмаса, қалған бөлігі шығармашылық
дағдарысқа түсті. "Қазақтарға ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, —
деп жазды 1919 жылы Ахмет Байтұрсынов, — Қазан социалистік төңкерісі
соншалықты түсініксіз көрінді. Бірінші төңкерісті қандай қуанышпен қарсы
алса, екінші төңкерісті соншама үреймен қарсы алуға тура келді".
Төңкерістің алғашқы кезінде билікке ие болғандар тарапынан жүргізілген
күштеу, зорлық, оның үстіне 1920-1921 жылдары халық бастан кешкен аштық,
жоқшылық жаңа өкімет тарапынан жүргізілген шараларға сенім туғыза қоймады.
Дегенмен олар күштеу жолымен болса да, билікті мықты ұстап, жер-жерде өз
саясатын жүргізе бастады.
Кеңес өкіметінің орнығуы, коммунистік партияның езілгендер мен
қаналғандарды жақтауы елдің кедей-шаруалары тарапынан қолдау тапты. Теңдік,
әділдік туралы ұрандары халықты сендіре бастады. Осындай жағдайда Сәкен
Сейфуллиннің маңына жаңа қаламгерлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зар заман поэзиясы ақындарының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде зерттелуі
Фольклорлық музыка аспаптары
Ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерін сипаттау
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері
Жанрлық даму (тарихы, кезеңдері)
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Қисса Сейітбатталдың тақырыптық, нұсқалық және көркемдік ерекшеліктері
Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдер
Пәндер