Әбілқайыр хан туралы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Әбілқайыр хан

Жоспар:

1. Кіріспе бөлім: а) Әбілқайырдың жеке өмірі мен шығу тегі. 2. Негізгі бөлім: а) Ресейдің кіші жүзді құрамына қосып алуы. ә) Әбілқайыр хан жұмбағы б) Археологтар Әбілқайыр ханның сүйегін тапты 3. Қорытынды: Әбілқайыр хан ескерткіші. Пайдаланған әдебиет.

984022881.jpg

Әбілқайыр хан (1693-1748)

Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 - 12. 08. 1748) - хан, қолбасшы, 1718-1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнен тарайтын - Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды. 18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:”Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады. ” Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.

Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 жылы күзінде елші жібереді. 1731 жылы Ресей сыртқы істер министрлігінің М. Тевкелев бастаған елшілігі Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе деген жерде отырған Әбілқайырдың ордасына келіп, қазақ ұлысын Ресей құрамына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 жылы қазанның 10 Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты 1738, 1740, 1742 жж. қайталады. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербор сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (пэренмен) астыртын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты.

Қарама-қайшылыққа толы Әбілқайыр заманын біржақты бағалау сонау XVIII ғасырдың өзінде-ақ басталған. Оның негізін ресми орыс әкімшілігінің шенеунігі И. И. Неплюев қалаған болатын. И. И. Неплюев пікірі барлық орыс зерттеушілері мен тарихшылары еңбектерінде еш талдаусыз-ақ пайдаланылып, Әбілқайырдың орыс отарлауына қарсылығы "оның бас хандыққа таласуы" және қазақтар арасындағы араздықты басты ұйымдастырушы ретінде қарастырылды.

Әбілқайырмен замандас, 1734 жылдан Орынбор экспедициясында қызмет еткен П. И. Рычков өзінің "Топография Оренбургской губернии" еңбегінде қазақтарға жоңғарлар мен башқұрттардын қысымы күшейіп тұрған кездің өзінде-ақ қазақ билеушілері арасындағы "ақылдысы әрі тез шешім қабылдайтын адам - Әбілқайыр", - екендігі мойындалғанымен, Ресейге қарсы түрлі әрекеттерге барып, халықты оған қарсы қоя білді және оның жоспарлары мен жауыздық әрекеттері "Орта жүз билеушілерін де ренжітті", - деп түйінделген. Ал Орынбор губернаторы И. И. Неплюев болса, ашықтан-ашық, өзінің Орынбор өлкесіндегі қазақтар бағытындағы саясатына қарсы шыққан Әбілқайырды 1742 жылы 27 қыркүйекте Ресейдің Сыртқы істер коллегиясына жолдаған хабарламасында "Әбілқайыр ханның адалдығына келер болсақ, бізде баласының (Қожахмет. - Ә. М. ) аманатта болғанына қарамастан, оған еш сенуге болмайды, ол алдаушы және тәкаппар адам ", - деп жеткізсе, келесі бір құжатта қазақ ханын Ресейге "ұлы қастық ойластырушы "дейді.

Осыдан бастап Әбілқайыр қазақтарды Ресейге, оған бас июге бастаушы ғана емес, сонымен бірге орыс патшасының Кіші жүздегі отарлау саясатына қарулы жасақпен қарсы тұрушы, кей жағдайда Еділ бойына, Башқұрт еліне дейін барып орыс империясының бодандары қалмақ, казак-орыстар мен башқұрттарға шапқыншылықтар жасаушы деген екіұшты пікірлер зерттеулерге енеді. Сонымен бірге орыс әкімшілігі қазақтар арасына от жағып, біріне сый-сыяпатты үйіп-төгіп, екіншілеріне қырғиқабақ танытады. Мұндай жымысқы саясат орыс әкімшілігі өкілдерінің Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Батыр, Барақ, т. б. билеушілер жөнінде жазған хаттарынан айқын көрінеді. 1748 жылғы тамыздағы Әбілқайыр өліміне дейін И. И. Неплюев оған қарсы Барақты, ол арқылы Батыр сұлтандарды шебер пайдаланды. Губернатордың "Әбілқайыр, Барақ тектері Кіші, Орта жүздер халықтарын тепе-теңдікте ұстау үшін ғана емес, сонымен бірге "жабайы " халықтарды жуасыту үшін де аса қажет" деген ойлары іс жүзіне асырылып, өз нәтижелерін беріп жатты. Осы сарындас хаттардағы пікірлер бүгінге дейін сан ұрпақтың санасына сіңіріліп келеді. Ондағы тұжырымдарды өзге деректермен жокқа шығару - қиынның қиыны. Ал, енді қазақ хандары, сұлтандары, батыр-билері жазды делінген, астына мөрлері соғылған келесі бір хаттардың тобын талдасақ, оларда қазақтардың Ресей патшасынан "көмек", "ақыл-кеңес" сұрап өтініш білдіргені мөлдірете көрсетіледі. Үнемі "аса мәртебелі" деп орыс кеңсесі талабымен жазылған хаттардың басым бөлігін дайындаған татар молдалары мен оны аударған орыс тілмәштары екенін көпшілік оқырман біле білмейді. Бірақ бізге жеткен мұндай хаттардың мәтіндері сол кезде-ақ орыс әкімшілігі ыңғайына орай өзгертілгені құпия емес. Мәселен, Әбілқайырдың 1746 жылы Орынбордан келген аудармашы А. Бекметевты тұтқынға алып, өз әрекетін "ішкі құпияны хабарламас үшін" деп түсіндіргені тілмәштардың барлық мәліметін қатаң сыни көзқарастан өткізуге жетелейді. Екінші бір мысал - Сырым батырдың 1792 жылғы 25 мамырдағы А. А. Пеутлингке жазған хаты. Осы хатты оқып, танысқан генерал-губернатор "ешқандай түсініксіз", "дөрекі", "Ресей басшыларына қалыптасқан құрмет жоқ", "патшаға бағынбайтындар жазған", "хатқа жауап бермей, кері қайтару қажет" деген шешімге келіп, хаттың түпнұсқасын Сырымның өзіне қайтартқан.

Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 жылы Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш - Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақдаласын отарлаудың плацдармы болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды (1735) . 1737-38 жылғы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен “орысшылдығы”, қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі - Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен кен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында, Торғай 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара Хан моласы аталды. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 km жерде. Кейін бұл жер «Хан моласы» аталды. Әбілқайыр хан ескерткіші - Облыс әкімшілігінің үйі алдында 2000 жылы орнатылған. Тұғырдың биіктігі - 2, 8 м, ені - 2, 1 м, ұзындығы - 5, 8 м. Ескерткіштің жалпы биіктігі - 6, 5 м, тұғырға дейін жерден биіктігі - 3 м, жерден жалпы биіктігі −12, 3 м. Тұғырдың материалы - Қордай граниті. Ескерткіш қоладан құйылған. Салмағы - 11, 2 т. Автор қазақ халқының басына төнген қиын кезеңдегі жоңғарлармен шайкас алдындағы қолбасшы бейнесін бейнелеген. Алға қарай созған қолы Әбілқайыр ханның халқын ынтымаққа, жеңіске шақырып тұрғанын білдіреді. Ханның тұлпары бостандыққа құлшындырады. Ескерткіш авторы Ескен Сергебаев - ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Сәулетшілері -Б. Егінбаев, Н. Қожағұлов.

Әбілқайыр хан жұмбағы

Ол жайлы не білеміз?! Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтудың маңызды факторы мемлекеттік идеологияны, оның іргетасы - объективтік тарихи сананы қалып­тастыру екендігі баршамызға аян. Өткен өмірдің тағылымдарын дұрыс таразылап, одан тиісті сабақ алмай, қоғамның алға жылжуы мүмкін емес. Қазақ халқы үшін, әсіресе, бірнеше ғасыр бойы бодандық қасіретін шеккен кезеңін зерделеудің ғылыми-танымдық қана емес, саяси, практикалық маңызы ерекше. Осыған байланысты зерттеушілердің Әбілқайыр хан мен оның өмір сүрген дәуіріне әлсін-әлсін бет бұруы заңдылық болып табылады. Себебі, ол - XVІІІ ғасырдағы қазақ даласында бірімен-бірі астасып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің жиынтық көрінісі ретіндегі аса ірі және күрделі тұлға.

Әбілқайыр феноменін танып-білуге ұмтылыстар толастар емес, солардың бірі - жақын арада жарық көрген профессор С. Мәшімбаевтың зерттеуі (Әбілқайыр хан. Астана, 2007. ) .

Жеті тараудан тұратын кітапта XVІІІ ғасырдың 30-жылдарындағы кіші жүз бен орта жүзде қалыптасқан саяси, экономикалық ахуал, Әбілқайырдың шыққан тегі мен ортасы, көрші халықтармен, Ресеймен қарым-қатынасы, Орынбор әкімшілігі мен хан саясаты арасындағы қайшылықтар, ханның қолбасылық, мәмілегерлік қырлары түрлі зерттеулер мен мұрағат мағлұматтары негізінде пайымдалып, бұл мәселелер төңірегінде автор өз пікірлерін білдіреді.

Отандық және шетелдік зерттеулерде Әбілқайыр ханның тарихтағы орны, қайраткерлігі мен адами кескін-келбеті көпшілік жағдайда Қазақстанның Ресей империясының құрамына “енуіне” байланысты анықталып келеді. Бұл орайда ханның Ресей протекциясында болу туралы өтініші орыс бодандығын қабылдау ретінде суреттеліп, “бодандық” категориясына басқаша сипат берілуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілқайыр хан туралы
Қазақ тарихында әбілқайырдың алатын орны мен ролі
Ресейдің Кіші жүзді құрамына қосып алуы. Әбілқайыр қолбасшы, билеуші, саясаткер
Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметі
Қазақ хандығының құрылуы
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748)
Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттары
Әбілқайыр ханның өмір жолы
Көшпелі өзбектер мемлекетінің күшеюі
Әбілқайыр хан жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz