Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: сырғымалар, сел, тастың құлауы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: сырғымалар, сел, тастың құлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар сипаттамасы: сырғымалар, сел, тастың құлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

1.3 Селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен опарылманың пайда болу кезіндегі іс.әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
" Тіршілік қауіпсіздігі" — адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселерін зерттейді.
Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі төнген немесе болған кезде) және дау шабуылы қауіпі кезінде төнген і қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және "Баршаңыздың назарыңызға !" АҚ ескерту дабылының берілгендігіне өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлау қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шұғыл хабарын тыңдаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.
Соғыс уақытында жау шабуылы мен әуе радиоациялық, химиялық және бактериологиялық қауіп төнген кезде де "Баршаңыздың назарыңызга!" дабылы беріледі, оның артынша халықтың алдағы іс-әрекет мен панаханалардың орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.
Табиғаттағы тосын жағдай-бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижссінде және оныңөміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.
1. Өмір – тіршілік қауіпсіздігі Қалжігітов Қ. , Төлемісова А. 2004 ж.
2.«Төтенше жағдайларға байланысты жарақаттар, қатты аурулар және улану»Л.А. Суровцев,А.Я. Бойко 2004 ж.
3. ЖОО студенттеріне арналған "Тіршілік қауіпсіздігі" курсы бойынша оқу құралы
4. Л. К. Мартене М. Б. Вольфсон и др. «Техническая
энциклопедия т.14, т.15 Москва, 1931г.»
5. Айыпов А.К. «Тіршілік қаупсіздігі» пәнінен оқыту-әдістемелік комплекс, 2005ж.
6. Айыпов А.К. Тіршілік қауіпсіздігі: Оқу құралы.- Астана, 2009 ж.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: сырғымалар, сел, тастың құлауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1 Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ..4

1.2 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар сипаттамасы: сырғымалар, сел, тастың құлауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.3 Селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен опарылманың пайда болу кезіндегі іс-әрекеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

Кіріспе

" Тіршілік қауіпсіздігі" -- адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселерін зерттейді.
Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі төнген немесе болған кезде) және дау шабуылы қауіпі кезінде төнген і қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және "Баршаңыздың назарыңызға !" АҚ ескерту дабылының берілгендігіне өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлау қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шұғыл хабарын тыңдаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.
Соғыс уақытында жау шабуылы мен әуе радиоациялық, химиялық және бактериологиялық қауіп төнген кезде де "Баршаңыздың назарыңызга!" дабылы беріледі, оның артынша халықтың алдағы іс-әрекет мен панаханалардың орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.
Табиғаттағы тосын жағдай -бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижссінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.
Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту және дененің суынуы, улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы ауралар.
Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа алып келеді.
Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлары: температура және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын, атмосфераның барометрлік қысым деңгейі, жел, дауыл. Бұған сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора мен фауна, жер магнит өрісінің ауытқуы жатады.
Қиын жағдайдағы іс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кез-кслген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс-әрекеттерді жасайды. Тек не істеу керектігін гана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту - еш шарасыз қаза болу деген соз. Оған дайындалу -тірі қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны келтіруте болады.

Негізгі бөлім: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: сырғымалар, сел, тастың құлауы.

1.1 Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар

ҚР-ның 1996жылғы 5 шілдедегі "табиғи жөне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңы Қазақстан республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді: мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүгізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым саладарының бірі болып табырады.
Заңда төтенше жағдайға, дүлей зілзалаға, аварияға анықтама берілген ; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгіленген; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдардыц өкілеттіктерін ерекше көрсетілген; табиғи жэне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңарды бұзғаны үшін жауапкершілік анықталған. Заңда төтенше жағдайларға қатысты өзгеде аусекелер қамтылған.
Дүлей зілзала бүл әдеттегідей тұрғындардыц қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, ауыл шаруашылығы малдарының шетінеуіне, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылыс.
Дулей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққын зілзала.Төтенше жағдайлардың көбесі адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болады: жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғымалар, қар көшкіні, дауылдар күртік, орман және дала өрттері т.б.
Әрбір дүлей зілзаланың өзіне ғана тән пайда болу себептері, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған Ортаға әсер ету ерекшеліктері болады. Дүлей зілзалалар бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтарына қарамастан оларға мына жалпы ерскшеліктер кең біріге алуы, қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі, адамға күшті психологиялық ықпал жасауы.
Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің жабдықтар және ғимараттардыц зақымдануы Авариялар зардаптарының сипатты түріне, көлеміне және олар пайда болған кәсіпорынның олардың ерекшелігіне байланысты авариялардың әдеттегідей зардаптары қопаарылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді басу болуы мүмкін. Көбінесе авариялар ауаның газдалуың мұнай өнімдерінің қауіпті сұйықтықтардың, қатты әсер ететін улы заттардың төгілуіне
Апат - бүл адамның түтқиыл пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәүір экономикалық немесе экологиялық шыгынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала
Апаттар көлемі мен түрі бойынша бөлінеді:
Көлемі бойынша: кіші, орташа, улкен болады.
Көлемді анықтау кезінде белгіге екі көрсеткен алынады: зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызатын адамдар саны; апат зардабына ұшыраған аумақ
Турі бойынша: - табиғи (табиғи немесс дүлей зілзала);
- жасанды (антропогендік, атап айтқанда адам факторы әсерінен) болды
Табиғи:
1. Метеорологиялық (дауыл, циклон, күйін, әдеттегідей тыс аптап, құрғақшылық, аяз, найзағайдан болған, өрттер).
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).
3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу).
4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс).
Жасанды:
1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол).
2. Өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық, термиялық).
3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).
4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық жәпе ұлттық тәртіпсіздік, терроризм, маскүнемдік, нашақорлык, токсикомания).
Әрбір апат ошақ құруға алып келеді, бұлар үшіп өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бұл төтенше жағдай.
Төтенше жаедай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай
Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады, бүл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:
1. Пайда болу саласы бойынша.
2. Ведомстволық қатыстылығы бойынша.
3. Аймақтық таралуы бойынша.
Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар: -табиғи;
- техногенді;
-жанжалды болып бөленеді. Табиғи төтенше жағдайларға:
-геофизикалық қауіпті қүбылыстар (жер сілкінісі, вулкан);
- геологиялық қауіпті қүбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы);
- метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т. б.);
- теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты қүбылуы, мұздар арыны және т. б.);
- гидрологиялық қауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтті сулар деңгейінің көтерілуі);
-табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік); -адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар);
- ауылшаруашылық малдардың жүқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотинар);
- ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығуы (эпифитотиялар) жатады.
Техногенді сипатты төтенше жағдайларға:
- өндірістік;
- транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз жөне өзен қайықтар аппараты, әуе апаттары, автомобильді авариялар (апаттар), магистральді еткізу құбырларындағы авариялар);
- өрттер (жарылыстар);
-ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар; РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- ғимараттардың кенеттен құлауы; электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар; коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар;
тазартқыш құрылыстардағы авариялар;
- гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердің бүзылуы) жатады.
Жанжалды сипатты төтенше жағдайларға:
- қарулы шабуыл;
- кейбір аймақтардағы толқулар;
соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.
Ведомстволы қатыстыгы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
- құрылыста;
- өндірісте;
- халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету саласында;
-көлікте;
- ауылшаруашылықта;
- орман шаруашылығында;
-көліктік байланыста (газөткізгіштер, мүнайөткізгіштср)
Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
-объектілік (зардаптардың таралуы қондырғыда, цехта, объектіде шектеледі);
-жергілікті (таралуы елді мекендерде, аймақта, облыста шектеледі);
-аймақтық (таралуы бірнеше облыстарда шектеледі);
-кең ауқымды (зардаптардың Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің аумағына таралады).
Қазақстан Республикасына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, вулкандардың қопарылуынан, цунамидан, тайфуннан жәпе табиғи шымтезектік өрттерден басқа барлық түрлері топ.

1.2 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар сипаттамасы: сырғымалар, сел, тастың құлауы.

Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері - орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, су тасқыны, сел, сырғымалар, тастың құлауы жиі болып жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың өлім-жітім болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кезкелген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүниежүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20 пайызы - тропикалық циклондары, 15 пайызы - жер сілкінісі, ал қалған 25 пайызы - зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасындаерекше орын алады.
Сел - тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын. Сел өте қауіпті болып келеді. Оның құрамында су мен лай топырақ, тастар болып алдында тұрған барлық кедергілерді бұзып өтеді. Сел әсіресе қалалар үшін қауіпті болып келеді. Қазіргі кезде әлем бойынша сел қаупі 50 қалаға қауіп төндіріп отыр, соның ішінде Алматы қаласы да бар.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінен пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 мс және одан да көп жылдамдықпен қозғалады.
Селді оның құрамындағы тастар үлесі бойынша: лайлы ағын, тасты-лайлы ағын, сулы тас ағыны деп бөледі. Ағындардың қозғалуы бойынша сел байланыстырылған және байланысты емес болып бөлінеді.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңірегіндегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай, туындау себептері
Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
«Медициналық апат» бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары
Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Төтенше жағдайлар
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар,олардың түрлері табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы туралы ақпарат
Күшті жер сілкінісі
Біршама күшті жер сілкінісі
Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері
Халықтың сел, қар көшкіні, сырғыма мен опарылма пайда болу кезіндегі іс-әрекеті
Пәндер