Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және құрылымы



Кіріспе

1. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және құрылымы
2. Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі
3. Қазақстанның қор биржасы

Қорытынды

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.
ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді.
Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж.
Назарбаев Н.Ә., Қазақстан-2030, Қазақстан халқына жолдауы
Сахариев С.с., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 1 бөлім,2003
Оразәлі С. ХХІ қандай экономикамен келем. – Алматы. – Қазақстан. - 1996 ж.
Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері 2002 202 б.
Сахариев С.с., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 2 бөлім,2003
Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж 23-28б
Ақша,несие,банктер. Оқулық Алматы-2001ж. 186б.
Күлекее Ж.Ә., Есенғалиева К.С., Тастандиева Н.Б., Микро-макроэкономика терминдерінің орысша-қазақша сөздігі Алматы-1995ж. 245б.
Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері Алматы-2002ж 123б.
Шеденов Ө.К., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория Ақтюбе-2004ж 156 б
Analytik №3 2006.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.
ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.
Жоғарыдағы факторларды ескере отырып, бағалы қағаздар нарығы, оның мәселелері жөніндегі зерттеулердің қажеттілігі, таңдалған тақырыптың өзектілігін сипаттайды.
Бағалы қағаздар нарығы бойынша шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдардың көптеген ғылыми еңбектері бар. Бағалы қағаздар нарығы, оның қатысушылары, бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизмі ресейлік ғалымдар А.А. Галанов, Я. Миркин, Е.Ф. Жуков, М.В. Романовский, Т.С.Селеванова, Б.Б. Рубцов еңбектерінде көрініс тапты. Шетелдік экономистер Д. Кидуэлл, Э. Найман бағалы қағаздар нарығы және шетелдік бағалы қағаздар нарығының даму сипатын көрсетті.
Шетелдік және ресейлік экономистермен қатар, көптеген қазақстандық ғалымдардың да бағалы қағаздар нарығы бойынша ғылыми еңбектері аз емес. Бағалы қағаздар нарығының негізгі теориялық және тәжірибелік тұстарын зерттеуде Г.Т. Абдрахманова, У.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э. Рузиева, Б.А. Көшенова, А.А. Ильясов, А.А. Адамбекова, А.А. Арыстанов, Г.Н. Шалгимбаева, Г.С. Сейтқасымов ғалымдардың еңбектері қарастырылды.
Бағалы қағаздар нарығы тұтастай механизмнен тұратындықтан, оның элементтері, қаржы саясатының және мемлекеттік қаржылық реттеудің жағдайларына көңіл аудару қажеттілігі туындады. Қаржылық жүйе, қаржылық механизм, мемлекеттік қаржылық реттеудің негіздері, қаржы бойынша мәселелер және оларды шешу жолдары көптеген қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, В.Д. Ли, М.Х. Түсеева, С.Ш. Әуелбаев, К.Ж. Бертаева, В.Д. Мельников, С. Құлпыбаев, Д.А. Шыныбеков, Ж.М. Елубаева, Р.О. Смагулова ғылыми еңбектері жатқызылады.
Зерттеудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:
- бағалы қағаздар нарығының теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;
- әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау;
- ҚР эмиссиялық бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;
- бағалы қағаздар нарығының даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру;

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының пайда
болуы және құрылымы
Нарық - бұл күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы болғандықтан, ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысты ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген, басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері - экономикалық механизмнің кепілі.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық - құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шетеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылыды. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ен тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар каржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерімен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 - шы жылдардың басында құрыла бастады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық - экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
-эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын
шаруашылық субъектілері;
-инвесторлар, яғни уықытша бос ақша иелері - заңды және
жеке тұлғалар;
-бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер
дилерлер, инвестициялық басқарушылар, маркетмейкерлер,
-инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т.б. қорлары;
- қор биржаларды, депозиттік, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Қaзipгi кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы ic-шаралар жургізуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар, мысалы мемлекеттік қысқa мерзімді вексельді шығара алады. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметік-психологиялық мәселелер көп кездесті. Соның ішінде экономикалық мәселелерге тоқтайтын болсақ:
а)нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
ә) бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
б)заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
в)салымдар тіркеу жуйесінің жоқтығы;
г) бағалы қағаздар нарығының материалдық техникалық негізінің аздығы;
д)нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендік жатады. Еліміздің бағалы қағаздар нарығының epeкшелігi-кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттерің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан еліміздігі экономикалық өзrеpic әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі яғни немесе нарықтық үлгісі іске асыра алады деген ойлар бар.
Бағалы қағаздар нapығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:
-нapықтa акционерлік капитал үлгісінің көптiгi;
-үлестік бағалы қағаздардардың қарыздық қағаздардан көптігі;
-өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;
-нарықтағы банк емес мекемелердің көптігі.
Бұлардан басқа мемлекетіміздің бағалы қағаздар нapығының нapықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:
Бірінші өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылған акциядан түскен aқшa-ол "арзан" aқшa. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп кайта құру - өндіpіcті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешедi.
Екінші әлі көп yaқытқa дейін еліміздің нарығында өндіріс саласын өз активтері мен (қаржыларымен) инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруына тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді.
Үшінші саясат факторы -- дуниежүзіндегі сияқты, елімізде бос ақша көздерінің нeгiзri иесі - халық. Жекеменшіктендіру купондары apқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқын жүзеге асыру-бүгінгі кездегі ең кезекті саясат (халықтың социалистік менталитетін есептегенде).
Сонымен Қазақстанның қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлісіне факты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі
Бағалы қағаздар рыногін жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты. 1996 жылдың май айында 1996-1998 жылдар аралығындағы бағалы қағаздар рыногын даму бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кезеңдегі негізгі бағыты рыноктың тиімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып табылады.Болашақта бұл бағдарламаға өзгертулер енгізіледі. Өйткені бағалы қағаздарды шығару орналастыру мен айналымға түсіру күрделі экономикалық және құқықтық қатынастарға, сыртқы факторларға қатысты. Сол факгордың бірі - жекешелендірудің қолданылып жүрген схемасы мен мемлекеттік ішкі қағаздарды жою.
Бағалы қағаздар рыногындағы негізгі қаржылық - акциялар мен мемлекеттік құнды қағаздар.
1997 жылы 1 маусымда 3758 акционерлік қоғам акциялар шығарылымын тіркеуден өткізді. Олардың басым бөлігі акционерлік қоғамға айналған бұрынгы кәсіпорындар.
1995-1997 жылдардағы акциялар шығарылымы 304,421310 млрд теңге, 1997 жылы қаңтар-маусым аралығындағысы - 110,746 млрд теңге болды. Ал бұл аралықтағы жалпы өнім өндіру 358 млрд теңге болғанын атап кету керек.
Мамыр айындағы (2003ж) дерек бойынша Халықаралық Қазақ қоры биржасына 4 акционерлік қоғамның мемлекеттік пакеттері қойылған. Осының біреуінің өзімен ғана осы уақытқа дейін 5041050 теңгенің саудасы жасалған.
Сөйтіп, жалпы алғанда бағалы қағаздардың бастапқы рыногы салыстырмалы түрде қалыптасып қалғанын, екінші рыногы баяу дамуда екенін байкаймыз. Қазір Халықтық банкіге салым салушылардың өсе түскенін байқауга болады. Ұлттық статистика агентгігінің мәліметі бойынша, үстіміздегі жылдың алғашқы 2 айында салымшылар 7,7%-ке өссе, наурыз айында салым 12,4 млрд теңгеге жетті.
Халық мемлекеттік бағалы қағаздарға сенім артуда. 1996 жылдың қыркүйегінен бері Ұлттық жинақ облигациялары 6 рет шықты. Жалпы құны 2,25 млрд теңге болды. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да мемлекеттік құнды қағаздарға сенім арта түсуде. Бұл біздің қаржы жүйеміздің тұрақталу тенденциясына оң ықпалын тигізе бермек.
Қаржылық жүйенің негізгі құралы, ақша айналымының басты өзегі, болашақта нарықты экономиканың дамуының ең маңызды буыны болғандықтан, құнды қағаздар нарығына деген қызығушылық туып отыр.
Жалпы бұл сала біздің елімізде тәуелсіздік алған уақыттан бері ғана құрылып, өзінің даму жолына түсіп отыр. Қазақстандық қор биржасы Қазақстан Республикасындағы қызмет істеп тұрған жалғыз биржа. Алайда, Қазақстан ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда, дамудың прогрессивті сатысында тұр. Шетел нарығына шығу, жеке кәсіпкерліктің дамуы, инвестиция тарту, осы құнды қағаздар нарығының, яғни қор биржасының қызметтілігінің тигізетін маңыздылығы зор.
Қор биржалары қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып отыр. Биржаның негізгі ролі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОР БИРЖАСЫ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
Қор нарығы
Корпоративтік бағалы қағаздар портфелін басқару
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫИНВЕСТОРЛАР
Бағалы қағаздар нарығының мәні, қағидалары және оған әсер етуші факторлар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі
Корпоративті бағалы қағаздар
Қазқстан Республикасының қаржы нарығы
Қор нарығы және оның қазақстандағы инвестициялық процеске әсері
Пәндер