Геодезияның даму тарихы жайлы



«Геодезия пәні» «Маркшейдерлік іс» мамандығы студенттердің негізгі сабағы болып саналады және пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Бұл пәнді оқып-үйренудің негізгі мақсаты – студенттерді тау-кен өнеркәсібінде жүргізілетін барлық топографиялық түсіністер мен инженерлік-геодезиялық жұмыстарды өз бетімен жүргізе білуге үйрету. Студенттердің бұл пәнді 1-курстан бастап оқуы, олардың болашақ мамандығына деген көзқарасының қалыптасуымен қатар, кейін «Маркшейдерлік іс», «Жоғарғы геодезия», «Маркшейдерлік-геодезиялық аспап тану», «фотограмметрия», «Геодезиялық және маркшейдерлік өлшеулер нәтижелерін математикалық өңдеу» сияқты пәндерді игеру негізін қалайды.
Оқу материалын баяндау барысында геодезия ғылымы мен өндірісінің осы күнгі жетістіктеріне, геодезиялық жаңа аспаптарға, түсіріс әдістеріне және далалық өлшеу нәтижелерін ғылыми өңдеу негіздеріне басты көңіл аударылады.

1. Геодезияның даму тарихы.
Адам баласының барлық тіршілігі жермен байланысты екені бәрімізге аян. Сол себепті жерге зерттеуге арналған ғылымдардың бірнеше түрлі тараулары бар. Грек тілінде жерді «Геоид» дейді, осыған байланысты жерге арналған ғылымдардың көпшілігі осы буынмен басталады: геодезия, геология, геофизика, геоботаника, геомеханика және т.б.
Бұл ғылымдардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және өлшеу мәселесі қоғамның даму тарихымен тікелей ұштасып жатады. Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шұғылдану дәрежесі де әртүрлі сатыда болып келді. Адам қоғамының даму дәрежесінің өзі сол жер байлығын пайдала білу тәсіліне тәуелді. Сол себептен жер өлшеу әдістерінің дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін бір айқын дерек болып табылады. Осы айтылғандарға мысал ретінде геодезия мен маркшейдерия ғылымдарының әрбір тарихи кезеңдерде қандай орын алып келгендігіне қысқаша тоқталамыз.
Жер өлшеу үшін әдістерімен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар. Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы YI ғасырда Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен каналдарда геодезиялық өлшеулер қолданылған. Ежелгі Мысыр (Египет) елінде орасан зор құрылыстар салынған. Ал Египет патшаларының өздері тірі кездерінде салғызған пирамидаларының ішіндегі ең үлкені – Хеопс пирамидасының төрт қырының әрқайсысы 230,13 метрден де, ал бір-бірінен айырмашылығы 2 см-ден аспайды. Египет пирамидалары «Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып саналады. Мұндай құрылыстарды салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін емес.

Кіріспе бөлім. Геодезияның даму тарихы.

Жоспар
1. Кіріспе бөлім.
2. Геодезияның даму тарихы.

1. Кіріспе бөлім.
Геодезия пәні Маркшейдерлік іс мамандығы студенттердің негізгі сабағы болып саналады және пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Бұл пәнді оқып-үйренудің негізгі мақсаты - студенттерді тау-кен өнеркәсібінде жүргізілетін барлық топографиялық түсіністер мен инженерлік-геодезиялық жұмыстарды өз бетімен жүргізе білуге үйрету. Студенттердің бұл пәнді 1-курстан бастап оқуы, олардың болашақ мамандығына деген көзқарасының қалыптасуымен қатар, кейін Маркшейдерлік іс, Жоғарғы геодезия, Маркшейдерлік-геодезиялық аспап тану, фотограмметрия, Геодезиялық және маркшейдерлік өлшеулер нәтижелерін математикалық өңдеу сияқты пәндерді игеру негізін қалайды.
Оқу материалын баяндау барысында геодезия ғылымы мен өндірісінің осы күнгі жетістіктеріне, геодезиялық жаңа аспаптарға, түсіріс әдістеріне және далалық өлшеу нәтижелерін ғылыми өңдеу негіздеріне басты көңіл аударылады.

2. Геодезияның даму тарихы.

Адам баласының барлық тіршілігі жермен байланысты екені бәрімізге аян. Сол себепті жерге зерттеуге арналған ғылымдардың бірнеше түрлі тараулары бар. Грек тілінде жерді Геоид дейді, осыған байланысты жерге арналған ғылымдардың көпшілігі осы буынмен басталады: геодезия, геология, геофизика, геоботаника, геомеханика және т.б.
Бұл ғылымдардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және өлшеу мәселесі қоғамның даму тарихымен тікелей ұштасып жатады. Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шұғылдану дәрежесі де әртүрлі сатыда болып келді. Адам қоғамының даму дәрежесінің өзі сол жер байлығын пайдала білу тәсіліне тәуелді. Сол себептен жер өлшеу әдістерінің дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін бір айқын дерек болып табылады. Осы айтылғандарға мысал ретінде геодезия мен маркшейдерия ғылымдарының әрбір тарихи кезеңдерде қандай орын алып келгендігіне қысқаша тоқталамыз.
Жер өлшеу үшін әдістерімен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар. Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы YI ғасырда Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен каналдарда геодезиялық өлшеулер қолданылған. Ежелгі Мысыр (Египет) елінде орасан зор құрылыстар салынған. Ал Египет патшаларының өздері тірі кездерінде салғызған пирамидаларының ішіндегі ең үлкені - Хеопс пирамидасының төрт қырының әрқайсысы 230,13 метрден де, ал бір-бірінен айырмашылығы 2 см-ден аспайды. Египет пирамидалары Әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Мұндай құрылыстарды салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін емес.
Біздің заманымыздан IY ғасыр бұрын өмір сүрген грек математигі Евдем Жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер геометрия ғылымын ойлар шығарды - деп жазды. Жер өлшеу өнерін египеттіктерден үйренген гректер, оны алғашқы кезде геометрия деп атады. Геометрия заңдары жер өлшеуде әрдайым қолданылады, барлық ғылымдарға ұстаздық еткен ұлы ғалым - Аристотель өлшеу ғылымын геометриядан бөліп айту үшін оны геодезия деп атаған.
ІІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратофен градустық өлшеулердің көмегімен жер радиусін анықтаған.
Бұдан кейін геодезия Үндістанда, Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Дүние жүзінде осы күнге дейін сақталып қалған ірі құрылыстар қатарында жататындар:Үндістанда - анрагута, Қытайда - Ұлы қорған (қабырға), Жапонияда - Тодайдзи, Индонезияда - Боробудудр, Арабияда - Құдыс, Медина, Бағдат. Кейінгі Ақсақ темір заманынан бастап салынған тамаша құрылыстар қатарына жататындар: Шахи-Зинда, Тадж-Махал, Хожа-Ахмед Яссауи мавзолейі, Ұлықбек обсерваториясы, т.б.
Айтылған құрылыстар сол дәуірде жоғарғы дәрежелі мәдениеттің болғанын дәлелдейді. Жоғарғы мәдениеттің қалыптасуына жер өлшеу ғылымы да өзіндік рөл атқара отырып, сол мәдениеттің арқасында өзі де дамып жетілді.
Араб мәдениетінің дамыған кезінде Аристотельен кейінгі дүние жүзінде білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған, данышпан, энциклопедист, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 ж.ж.) геодезия ғылымы, геодезиялық оптикалық аспаптар жөнінде өзінің Ғылымдардың тізбегі атты еңбегінде былай деген: Геодезия ғылымы арқылы адамзат алыс орналасқан, көз жетпейтін заттардың мөлшерін, шамасын бір зат пен екінші заттың ара қашықтығын, биіктігін, теңдігін, (мысалы: ағаштың, үйдің биіктігін, өзеннің тереңдігін) анықтауға болады. Кейде қателеспес үшін өлшеулерде әртүрлі оптикалық аспаптар қолданылады деген. Ал Алмагеске түсініктеме атты кітабының Сфералық астрономия деген тарауында, астрономия мен география мәселелерін математикалық жолмен шешудің жеңіл әдістерін ұсынады. Мысалы, Айдың радиусін, жер бетінің ендігі мен бойлығы, Ай мен Жердің ара қашықтығын, Айдың паралаксін, өлшеулер жайлы Орта азия мен Шығыстың ұлы ғалымы Абу Райхан Бируни (973-1050 ж.ж.) үлкен мұра қалдырды. Г.Галилей жасаған көру дүрбісінің 1609 ж.! Көмегімен жүргізілген геодезиялық өлшеулердің дәлдігі жоғары болды. XYII ғасырда И.Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңының көмегімен жердің шар емес, айналу осінің бағыты бойынша сығылған эллипсоида екенін дәлелдейді.
Ресейдегі геодезиялық жұмыстар XYIIІ ғасырда, І Петрдің жарлығы бойынша Математика және навигация мектебі ашылған.
1739 жылы Ресейде Географиялық департамент құрылып, 1758-1765 жылдары орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов оның жетекшісі болды. Сол кездегі геодезистерді дайындайтын оқу орындары ашылып, геодезиялық аспаптар шығарыла бастады. Осы кезде Ресейдегі теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең дамуы геодезиялық өлшеулер жүргізіліп, карта жасауды талап етті. Осы мақсатпен аз зерттелген аудандарды түсіру үшін арнайы экспедициялар жіберілді. Сол экспедициялардың бірі Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Қырғыз және Қытай шекараларында топографиялық түсірістер жүргізді. Экспедиция құрамында қызмет атқарған, жерімізді алғаш қағаз бетіне түсіріп, карта жасаған атақты ғалым Ш.Уәлиханов Омбыдағы Кадет корпусын бітірген, жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың жоғарғы дәрежеде жүргізілуіне көп еңбек сіңірген орыс астрономы және геодезист, Ленинградтағы Пулков обсерваториясының негізін қалаушы В.Я.Струве болды.
Геодезиялық қызметтің қарқындап дамуына Кеңес өкіметі кең жол ашты. Геодезиялық ғылыми жұмыстарды жүргізуге арналған геодезиялық орталық ғылыми-зерттеу институттар мен мамандар даярлайтын көптеген оқу орындары ашылды. 1925 жылдан бастап Кеңестер Одағында мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды. Ал қазіргі кезде топографиялық-геодезиялық жұмыстардың жеке картографиясының бұдан әрі дамуына, ғарыштық техника үлкен әсер етуде. Келешекте шаруашылығымыздың қажеттерін жан-жақты қамтамасыз ету, ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асырылмайтынына көз жетіп отыр.
Жер пішінінің жаңа өлшемдерін анықтауда, бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің теориясын жасауда және практикада ендіруде Ф.Н.Красовский бастаған орыс ғалымдары зор еңбек етті. Геодезия мен картография саласының дамуына М.С.Молоденский, А.А.Изотов, А.С.Чеботорев, Н.А.Урмаев, т.б. қосқан еңбектері айтарлықтай.
Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті Республикамыздың жер ресурстарын басқару агенттігі басқарады. Геодезияның келешекте өркендеуіне жақсы жағдай жасады деуге болады.
Оған 1940 жылдары Жамбыл мен Қарағандыда, 1946 жылы Талғарда ұйымдастырылған геодезиялық отрядтардың қазіргі таңда Оңтүстікгеодезия, Астанатопография, Алматы геокарта, Солтүстікгеодезия сияқты ірі мемлекеттік өнеркәсіпке айналып, Қазақстан Республикасы әскери күштерін геодезиялық аппараттармен қамтамасыз ететін Орталықтың ашылуымен қатар, Қазақстанда геодезиядан мамандарын дайындайда және геодезияның одан әрі дамуында аянбай еңбек етіп келе жатқан К.Б.Қалабай, Б.М.Жарқымбаев, С.Р.Оспанов, С.Махаділ, т.б. сүбелі еңбектері айқын дәлел.
Жоғарыда айтылған мекемелердің негізгі өндірістік міндеттері мыналар;
1. Республикамыздың кең-байтақ территориямызда геодезиялық тірек жүйесін дамыту мен карталар жасауда қажетті топографиялық түсірулер жүргізуде жоғарғы дәлдіктегі жұмыстарды ұйымдастыру.
2. Әртүрлі мақсаттарға қажет карталарды, пландар мен атластарды жасау және оларды басып шығару.
3. Әртүрлі мекемелерге геодезиялық және топографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру, олардың орындалу сапасын бақылау және барлық мәліметтерді бір жүйеге келтіру.

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалары
1. Геодезияның негізгі даму сатыларын атаңыз.
2. Геодезия пәні арқылы нені анықтауға болады?
3. Жер пішінінің жаңа өлшемдерін анықтауда қай орыс ғаламы зор еңбек етті?
4. Ленинградтағы Пулков обсерваториясының негізін қалаушы?

Геодезия туралы жалпы мәліметтер

Жоспар
1. Геодезия пәні және оның негізгі мәліметтері.
2. Шаруашылықты дамытудағы геодезияның рөлі.

1. Геодезия пәні және оның негізгі мәліметтері.

ГЕОДЕЗИЯ - Жер туралы ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі. Геодезия деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда, Жерді бөлу мағынасын білдіретіндігі, оның адамзаттың тыныс тіршілігінде жер учаскелерін өлшеуге бөлуге байланысты пайда болғандығының дәлелі. Қазіргі замандағы геодезия - жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыққан, күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлік мәселелерді геодезиялық, т.б. да аспаптар көмегімен арнайы өлшеу және өлшеу нәтижелерін математикалық- графиктік өңдеу арқылы шешетін жан-жақты ғылым саласына айналып отыр. Сөйтіп, геодезия - жердің пішіні мен көлемін анықтауда, оның жекелеген бөліктерін планға, картаға түсіруде, жердің қималарын (профильдерін) жасауда, инженерлік жұмыстарды жобалауда, жүргізуде және пайдалануда әртүрлі өлшеу әдістері туралы ғылым.
Геодезия ежелгі ғылымдардың бірі бола тұрса да, адамзат қоғамының, ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты өзінің мазмұнын өзгертіп отырады. Соның нәтижесінде геодезия бірнеше дербес ғылыми салаларға бөлінді.
1. Жоғарғы геодезия. Жоғарғы геодезия мәселелерін шешу үшін
жүргізілген егжей-тегжейлі зерттеулер барысында одан геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия, ғарыштық геодезия сияқты жеке пәндер бөлініп шықты.
Геодезиялық астрономия - геодезиялық тірек жүйелерін құруда аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтау мәселелерімен шұғылданады.
Геодезиялық гравиметрия - жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы, жер пішінін зерттеумен айналысады.
Ғарыштық геодезия - жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық ара қатынастарын зерттейді.
2. Геодезияның (топографияның) еншісіне жер бетінің шағын аймақтарын жазықтық ретінде қарап, оны өлшеу мен қағаз бетіне кескіндеу тиген.
3. Картографияда жер бетінің едәуір аймақтарының кескіндерін әртүрлі мақсаттағы түрінде жасау әдістері мен процестері және көбейту технологиясы зерттеледі.
4. Аэрофотопография - фэросуреттер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы геодезия жүйесінің жұмыс реті
Геодезия және картографияның дамуы тарихы
Топография және геодезия ғылымы
Топография мен геодезияның даму тарихы
Арабтар құрастырған Каспий теңізінің картасы
Геодезияның даму тарихы
ТЕОДОЛИТ жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеруде және ірі масштабтағы съемкалар кезінде бұрышты анықтайтын геодезиялық аспап
Геодезия және оның міндеттері
Картографиялық жұмыстар
«мақташы» мектебінің құрлыс барысы
Пәндер