Қоршаған ортаның ластануы



Жоспар:

Кіріспе

Қоршаған ортаның химиялық ластануы 3
Қоршаған ортаның радияциялық ластануы 8
Қоршаған ортаның биологиялық ластануы 9

Қорытынды
Кіріспе
Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
• Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды
• Пайда болу кезіне байланысты:
а) өндірістік,ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.
ә) нүктелік ( өнеркәсіп орнының құбыры ), обьектілі (өнеркәсіп орны) шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе ), рансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін)
• әсер ететін аумағына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті.
• Қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері, әлемдік мұхит, тұшы су, жер асты сулары,өзен сулары және т.б.
• әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде т.б.
• әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.)
• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері)
• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты 100-1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон)
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты 3 параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне,улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай.

Жоспар:

Кіріспе

Қоршаған ортаның химиялық ластануы
3
Қоршаған ортаның радияциялық ластануы
8
Қоршаған ортаның биологиялық ластануы
9
Қорытынды

Кіріспе

Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі
немесе бар заттардың концентрациясының артуын, санның нәтижесінде қолайсыз
әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес,
зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық
болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде
бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
• Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды
• Пайда болу кезіне байланысты:
а) өндірістік,ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.
ә) нүктелік ( өнеркәсіп орнының құбыры ), обьектілі (өнеркәсіп орны)
шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе ), рансгрессивті (басқа аймақтар
мен мемлекеттерден енетін)
• әсер ететін аумағына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті.
• Қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера
және оның әр түрлі құрам бөліктері, әлемдік мұхит, тұшы су, жер асты
сулары,өзен сулары және т.б.
• әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы,
өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде т.б.
• әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен
элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу,
электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық
(микробиологиялық және т.б.)
• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп
орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері)
• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты 100-1000 жыл тұратын (азот,
оттегі, аргон және басқа инертті газдар), 5-25 жыл (көмірқышқыл газы,
метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ,
күкіртсутек азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон)
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті
жоғары. Кез келген ластаушы затты 3 параметрі бойынша бағалауға болады:
қоршаған ортаға түсетін көлеміне,улылығына және тұрақтылық дәрежесіне
қарай.

Қоршаған ортаның химиялық ластануы

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың
негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортада күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің
газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.
Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа
түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам
организміне келіп түседі.
Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жер жоқ деп айтуға
болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл
жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана
жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы
Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен
келіп түскен.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің
табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр
түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса
да адамға әсері – адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын
жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп
мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де
мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз
күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың
қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл
өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өндіретін кәсіпорындар
атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар арқылы көптеген адам организміне
зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл
заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа
қосындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бір күкірттің қос
тотығы (SO2) коксохимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз
өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың
әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман
немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей
қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы
күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың
жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық түліктің құрамаындағы фторлы сутек
адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек
пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда
адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік
ауруын туғызады.
Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл
шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-
жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген
жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций,
магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына шыққан
жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорңасын бар
металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар
жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп
төнуі мүмкін.
Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының
гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты
болып келеді.
Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру
адамдар өте сезімтал келеді.
Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, онда
созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы
немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы,
бейжайлық,ұмытшақтық,көңіл-күйінің тез өзгеруі,зейінінің төмендеуі. Улы
заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне,жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі
әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы
қабынуына, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп
соғады.
Дәрігерлер адамдардың әр түрлі аллергиялық аурулары,өкпе
демікпесі,қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық
жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен қатар, хром,
никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы
басқа өнеркәсіп қалдықтары-канцерогендік заттар болып табылады. Олардың
адамдарда қатерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен
ғасырда балалардың қатерлі ісік аурулары сирек болса, қазір ол ауру өте жиі
кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесінде бұрын кездеспеген
жаңа аурулар пайда болуда.
Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына
темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің құрамына 4000-ға
жуық химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың 40-қа жуығы
қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар қолқаның созылмауы
ауруын туғызады, сол себептен темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі
шегетін ата-аналардың жаңа туған нәрестелерінің организмінде улы газ
бірінші жылы олардың қанында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары
да қолқа, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық
еріткіштер: авиациялық, желім, бензин, эфир, еріткіштер мен аэрозольдер
буланып ауаға шығарылады.Егер осы заттардың буы көп мөлшерде организмге
түссе жүйкені, миды, асқазанды және өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол
өлімге де әкеліп соғуы мүмкін.
Ендігі жерде біз, қоршаған ортаның қазіргі заманға нақты проблемаларына
тоқталамыз.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей
топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану- радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар,
жылу, шулар мен тербелістер.
2. Химиялық ластану- көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды
сулар, пестецидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металлдар,
аэрозолдер.
3. Биологиялық ластану- ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар,
құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін
жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян- табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының
бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.
Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:
• Ластаушы заттардың таралуы;
• Ластағыштардың биомассаға енуі;
• Ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде
белгілі бір деңгейге дейін ғана көтере алады. Ал, зиянды заттардың одан әрі
организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде
глобальды экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-
жиі байқалып отырған “Жылу эффектісі, Озонның жұқаруы, Қышқыл жауындар,
Фотохимиялық тұмшалар” және осылардың әсерінен туындайтын аурулар.
Адам баласы әсіресе,атмосфера ауасының ластану көздерін тереңірек
білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның ластануына жалпы сипаттама берсек,
ендігі жерде оған толығырақ тоқталуды жөн көрдік. Оның себебі, барлық
зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ,
сұйық немесе қоспа түрінде топырақ, су бетінде келіп, одан адам
организміне түседі.
Атмосферадағы тіршілікке қажетті барлық процестер оның тропосфера
қабатында жүреді. Оның жер бетінен қалыңдығы 10-18 км қашықтықты қамтиды.
Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және қоршаған ортаға тигізетін
әсеріне тоқталамыз.
Көміртегі оксиды (СО2) және монооксид (СО). Жалпы отын жаққан кезде
көміртегінің 2 газы болады. Екеуі де ластсғыш газдар. Оның бірі көміртегі
оксиды- улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның қанындағы
гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп ауру туғызады.
Озонның жұқаруы . ХІХ ғасырдың 80-жылдарындағы атмосфера қабатында
озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида
тұсында озонның мөлшері күрт азайып, ол 7 млн км2 аумақты қамтыған. Осы
жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында оның мөлшері 50% -ке жеткен.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау (БДС) ұйымының мәліметі бойынша
атмосферадағы озонның 1%-ке азаюы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп
жіберетіні анықталған. Сол сияқты УК сәуленің көбірек өтуі адам баласының
иммундық қорғаныс қабілетін азайтып, жұқпалы аурулардың меңдеп кетуіне жол
ашатыны дәлелденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін
халықаралық Конвенция абылданды. Оның мақсаты – озон қабатынан бүлдіргіш
заттар шығаруды тежеу немесе тоқтату. Осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің
біріккен ғалымдар ұжымы еңбек етуде.
Қышқыл жауындар – атмосфераға байланысты қазіргі кезеңдегі үлкен
проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид (SO2) пен азот тотығы (NO,
азот тотығы NO2) және азот тетраоксиды (N2O4).
Күкіртті ангидрид. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу
кезінде күкірт ангидриды ауаға түседі. Мәселен, 1 млн тонна көмір жаққан
кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде
емес, оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға
түсіп, оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышқылы
түзіледі. Құрамында қышқыл бар тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп
қауіпті зиян келтіре бастайды.
Сол сияқты отындарды жаққан кезде де күкірт қышқылы түзіліп, ауа
ағысымен алыс жерлерге жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға,
адам баласына зиян келтіріп отырады.
Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандардағы
өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде
жинақталады. Жалпы атмосфераға азот қышқылының 95%-көмірді пайдаланғанда
бөлінеді. Оның 40% - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның, атмосфераның ластануы
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Табиғи ресурстардың классификациясы Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері туралы ақпарат
Қоршаған ортаның ластануы: экологиялық мәселелер
Экологиялық сақтандыру
Қоршаған ортаның ластану мәселесінің салдары
Топыраққа антропогендік әсер ету. Топырақтың ластануы туралы түсінік
Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы
Химиялық ластану. Полигон және қоршаған орта
Биосфераның ластануы
Пәндер