Әлеуметтік стратификация туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім:
I Әлеуметтік дифференциация және әлеуметтік теңсіздік ... ... ... ... ... .4
II Әлеуметтік стратификация, әлеуметтік мобильдік ... ... ... ... ... ... ... ...6
III Қазақстандағы орта таптың қалыптасуы; проблемалар және көріністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қоғам өзінің құрылымы жағынан алып қарасақ бірдей емес. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.
Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастыктарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан кұралады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мүның мәнін өздерінін теорияларында О, Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар айтып өткен. Қоғамның әлеуметтік құрылымы - адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.
Әлеуметтік стратификация — әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық құрылым қоғамдық еңбек бөлінісі арқьлы, және т.б. арқылы құрылады. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және енбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал казіргі замандағы қоғамда — мәртебелер кептеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары. Әлеуметтік кұрам әлеуметтік стратификацияға айналады вертикальды тәртіппен орналаскан әлеуметтік жіктердін, жиынтығы, дәлірек айтқанда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы. Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады. Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік ету үшін белгілі бір қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген жүйе.
1. «Әлеуметтану» ІІ –том М.М.Тәжін. Алматы қазақ университеті 2005 ж,89-95 бет.
2. Әбсаттаров Р.Б. Дәкенов Н. Әлеуметтану.- Алматы: Ғылым,2004.
3. Қарабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. Алматы: Экономика баспасы, 2007.
4. Сәкен Өзбекұлы «Абай және адам құқы» Жеті жарғы. Алматы 1995, 3-6 бет.
5. М.Тәжін.Аяганов Б. «Әлеуметтану оқулық» Алматы 2006ж, 92-95 бет.
6. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2001.
7. Социология. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Алматы, 2002.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Алматы энергетика және байланыс университеті
Ақпараттық технлологиялар факультеті

Әлеуметтану кафедрасы

№ 2 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Әлеуметтік стратификация

Орындаған:БВТк09-02 тобының
студенті Досмухамедова Ж.Х
Тексерген: Мухамбедиярова А.Т

Алматы 2012
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім:
I Әлеуметтік дифференциация және әлеуметтік теңсіздік ... ... ... ... ... .4
II Әлеуметтік стратификация, әлеуметтік мобильдік ... ... ... ... ... ... .. ... .6
III Қазақстандағы орта таптың қалыптасуы; проблемалар және көріністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Кіріспе
Қоғам өзінің құрылымы жағынан алып қарасақ бірдей емес. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.
Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастыктарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан кұралады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мүның мәнін өздерінін теорияларында О, Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар айтып өткен. Қоғамның әлеуметтік құрылымы - адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.
Әлеуметтік стратификация -- әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық құрылым қоғамдық еңбек бөлінісі арқьлы, және т.б. арқылы құрылады. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және енбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал казіргі замандағы қоғамда -- мәртебелер кептеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары. Әлеуметтік кұрам әлеуметтік стратификацияға айналады вертикальды тәртіппен орналаскан әлеуметтік жіктердін, жиынтығы, дәлірек айтқанда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы. Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл - элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады. Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік ету үшін белгілі бір қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым - бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген жүйе.

Негізгі бөлім
I Әлеуметтік дифференциация және әлеуметтік теңсіздік
Әлеуметтік теңсіздік - жеке индивидтер, әлеуметтік топтар, қабаттар, таптар тік әлеуметгік мобильділік иерархиясының әр-түрлі сатыларында тұратын, өмірлік тең емес және қажеттіліктерді қамтамасыз етудің мүмкіндіктеріне ие әлеуметтік дифференциацияның ерекше түрі.
Стратификация белгілі бір қоғамда кездесетін иерархиялық тұрғыда қалыптасатын әлеуметтік теңсіздіктің құрылымы. Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі бір-біріне өзара дәнекер болатын әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан құралады. Сонымен бірге олар тек осы байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері мыналар:
1. қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына деген меншік қатынасына байланысты пайда болатын таптар;
2. қала мен ауыл адамдары;
3. ой және дене еңбегінің өкілдері;
4. әлеуметтік-демографиялық топтар (жастар, әйелдер, еркектер т.б.)
5. ұлттық қауымдастықтар (ұлттар мен ұлыстар, этникалық топтар).
Әлеуметтік құрылымда адамның алатын орнын теңсіздік те анықтайды. Айырбас теориясының тұжырымдамасы бойынша адамның атқарған қызметінің нәтижесін әділ бөлмеу процесінен барып теңсіздік пайда болады. Сонымен, қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б жіктелуі әлеуметтануда әлеуметтік стратификация деген терминмен сипатталады (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын атайды).
Ғылыми әдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлшемдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екеніндігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді.
Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі) ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл - парасатымен, күш - қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінде, меншік қатынастарында, билік жүйесінде, материалдық игіліктерді әрдайым орын алады. Барлық адамдарды теңестіретін қоғам орнату мүмкін емес.
Әлеуметтік теңдік мәселесіне деген Сорокиннің көзқарасы: Әрбір адамға өзінің пайдалы әлеуметтік қызметіне сәйкес материалды және рухани игіліктерді беру. Ал стратегия зерттеу орталығының маманы Серік Бейсенбаев капиталистік даму бағытындағы қоғамда әлеуметтік теңсіздік міндетті түрде болады дейді.
Неміс әлеуметтанушысы Р. Дарендорфтың ойынша, әлеуметтік шиеленістердің басты себебі - саяси факторлар. Дәлірек айтқанда, шиеленістер саяси билік мәселесіне байланысты туындайды. Бұл автор қоғам өмірінде әлеуметтік шиеленістердің болуы заңды құбылыс екендігін айта келіп, адамдар арасындағы теңсіздік билікке байланысты деген қорытындаға келді. Билік барлық қоғамның мүшелеріне беріле бермейді. Қоғамда бір топ адамдар басқаларды басқаруға, бұйрық беруге, тәуелді етуге бағытталған билікке ие. Ал, көпшілік оларға бағынышты жағдайда. Мұндай әлеуметтік теңсіздік жеке адамдардың, әлеуметтік топтар мен таптардың меншікке, материалдық игіліктерге ие болуға, бөлінуге байланысты теңсіздігін тудырады. Міне, сол себепті Р.Дарендорф өз теориясында меншік, материалдарды игіліктерді бөлу мәселесіне басты назар аударады.
Әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кәсіби мамандануы ықпал етеді. Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік деп жіктелуіне байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық-аймақтық жағынан жіктелуіне әкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандылығы, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету салаларының, саяси және басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тән сипатты белгілер.
Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті.
Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар ме топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз.
Вертикалды бағыттағы жіктелудің себептерін Р. Дарендорф билік және бедел деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді. Ол тұтас қоғамды басқарушылар мен басқарылушыларға жіктейді. Басқарушылардың өзін а) басқарушы меншік иелері және ә) меншіктері жоқ бюрократ - менеджерлерге жіктейді. Автор сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы топ - жұмысшы ақсүйектерінен, төменгі топ - мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектерінің ассимиляциясының нәтижесінде жаңа орта тап қалыптасады деген қорытындыға келеді.

II. Әлеуметтік стратификация, әлеуметтік мобильдік
Әлеуметтік стратификация (жіктеу)- [лат. Stratum - қабат, facere - жасау] - қоғамды қоғамдық дәрежесі арқылы ерекшеленетін әртүрлі әлеуметтік жіктерге бөлшектеу нәтижесі және процесі болып табылады. Әлеуметтік жіктеу қоғам мүшелерінің және қоғамдық топтардың әлеуметтік жағдайларының бірдей еместігінің, олардың әлеуметтік теңсіздігінің көрінісі. Қоғамды қабаттарға жіктеудің жолдары әртүрлі, субъективті әрі объективті болып келеді. Әдетте кәсіп, мамандық, табысы, білімі, дәрежесі, өзінің әлеуметтік жағдайын бағалауы негізге алынады. Әлеуметта-нушылар әлеуметтік жіктеу мәселесін әртүрлі тәсілдер арқылы анықтайды, дегенмен ортақ белгілерін табуға болады.
Әлеуметтік жіктеу - бұл иерархиялық тұрғыдағы жаңғыртылатын, жаңаратын қоғамның табиғи және әлеуметтік жіктелуі. Әлеуметтік жіктеу теориясын өндеуде П.А.Сорокиннің еңбегі зор. Ол: "қоғам ешқашанда біркелкі бола алмайды, болмайды да, ол қашан да жіктеледі", - деді. Және де әлеуметтік жіктеу теориясын жасауда әлеуметганушы-функционалистер Т.Парсонс пен Э.Шилз үлкен үлес қосты.
Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. Стратта деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Тарихта қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын белгілі.
Әлеуметтік құрылым дегеніміз -- кең мағынасында: қоғамның әрқилы, алуан сипаттағы құрылымдық бөлімшелерін және олардың арасындағы байланыстарды қамтитын ортақ түзілім. Оған қоғамның әлеуметтік-демографиялық та, әлеуметтік-таптық та, әлеуметтік-территория да, әлеуметтік-этникалық та, әлеуметтік-діни де т.б. құрылымдары жатады; ал тар мағынасында -- қоғамның әлеуметтік-топтық жіктелуін -- таптарға, әлеуметтік топтар мен жіктерге бөлінуін ғана білдіреді.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. Каста - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:
а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
ә) кшатрийлер (әскери адамдар);
б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) - 70%-ға жуық;
г)хариджандар - қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Ал тап деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.
Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды.
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда - феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда - буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.
Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.
К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер - таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы - меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.
К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған.
К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді.
Стратификацияның әлеуметтік теориясы қоғамды әлеуметтік топтарға, қабаттарға бөлудің бірнеше критерийлерін алға қоя отырып, әлеуметтік мобильділік немесе әлеуметтік қозғалыс теориясының қалыптасуына методологиялық негіз болып саналады.
Стратификация - бұл жағдай мен үрдістер, мұнда индивидтер, жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста болады және бедел, меншік, билік, мамандық пен мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страталарға топтасады.
Стратификация тек адамдардың, топтардың, қоғамдағы қабаттардың әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ, олардың тең емес күйін бейнелейді.
Әлеуметтік мобильділік - қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл термин социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен енгізілген болатын.
Стратификация Сорокин бойынша - бұл белгілі бір адамдар жиынтығының (халық) иерархиялық рангтегі кластарға жіктелуі. Бұл төменгі және жоғарғы қабаттардың болуымен сипатталады. Ол стратификацияның 3 түрін бөледі: экономикалық, саяси, кәсіби.
Әртүрлі елдерде осы проблемаға көптеген социологиялық зерттеулер арналады. Әлеуметтік мобильділік қоғамның ашықтығы дәрежесін, оның демократиялылығын, индивидтер мен буындарға белгілі бір қоғам төменгі категориядан жоғары жылжуына қаншалықты мүмкіндік беретіндігін, қоғамның басшы элитасы қандай жолмен қалыптасатындығын, басқа топтардан басшы элитаға өту мүмкіндігін адамдар білгісі келеді.
Стратификацияда кластар ерекше және маңызды орын алады. Біздің әдебиеттердегі батыс қоғамның ғылыми кластық дифференциациясын жоққа шығаратын тұжырымдардың негізі жоқ. Социология туралы шетел оқулықтарында осы тұжырым кездеспейтін бөлім жоқ деуге болады. М.Вебердің ойынша, стратификацияны құру үшін топтың әлеуметтік мәселелері маңызды болып табылады. .
Әлеуметтік топ - бұл экономикалық, саяси және кәсіби статустарға, позицияларға ие адамдар қауымдастығы.
Біз класс әлеуметтік құрылымның бөлшегі болатындығын негізге аламыз. Себебі, ол экономикалық, саяси, идеологиялық қатынастардың тұрақты тасылмалдаушысы болып келеді. Кластың құрылуы - күрделі тарихи процесс, қоғамдық қабаттарға бөлінудің нәтижесі.
Әлеуметтік қабаттар бұл тұрғыдан белгілі бір жеке мүдделер негізіндегі адамдарды біріктіретін әлеуметтік қауымдастықтарды білдіреді.
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні
Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым
К.Маркстың әлеуметтік құрылым туралы көзқарасы
Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы
Қоғамда әлеуметтік старификацияның жиынтығы
Қоғамның әлеуметтік стратификациясы
Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері
Қоғамның әлеуметтік құрылымының және оның дамуының әлеуметтануы
Әлеуметтік стратификация жайлы
Пәндер