XV-XVIIIғғ. Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: XV-XVIIIғғ. Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті.

Орындаған:

Факультет:

Топ:

Курс:

Тексерген:

Жоспар:

I. Кіріспе

I. Қазақ халқының материалдық мәдени дәстүрі

II. Киіз үй тарихы

III. Киіз үйдің құрылысы


II. Негізгі бөлім

II. Отырықшы баспаналар

III. Қазақтың дәстүрлі киімдері мен әсемдік заттары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақ халқының материалдық мәдени дәстүрі

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры өте тереңде жатыр. Қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның төңірегі. Оның дәлелі археологиялық, палеоэтнографиялық деректер. Біздің жерімізде мекендеген андронов тайпаларының қыш құмыраларындағы ою-өрнектер кейінгі қазақтың бау, басқұрларындағы нақыштарға ұқсайды. Андроновтықтардың тастан салған үйлері, шаруашылық құрылыстары, құдықтары кейінгі қазақтың осындай құрылыстарында көрініс тапқан. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының да мәдениеттерінің қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуына әсері аз болмаған. Ерте ортағасырларда бүгінгі Қазақстан жерін және көрші аймақтарды мекендеген таза түркілік этностар және мемлекеттер тұсында бүгінгі қазақ халқы дәстүрлі мәдениетінің, тілінің негізі қалыптасты. Жалпы мәдениетті, әдетте, шартты түрде екіге бөлеміз. Ол материалдық (заттай) және рухани мәдениет. Материалдық мөдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ, рухани мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз.

Ұлттық материалдық мәдениетте оның дәстүрлі ерекшеліктері анық көрініс табады. Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі - киіз үй.

Киіз үй тарихы

Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы үлкен бір жетістігі - киіз үй. Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Көшпелі сақтар бұдан екі жарым-үш мың жыл бұрын өмір сүргендігі белгілі. Көшпелі сақтарда үлкен арбаның үстіне тіккен (орнатқан) киіз жамылғылы баспанасы және жиналмалы шошақ үйлері болған. Б. з. д. I мыңжылдықтың соңында Қазақстан жерін жайлаған ғұндар мен үйсіндерде уықты, шаңырақты, киізбен жабылған үйдің болғандығы дәлелденіп отыр. Одан екі-үш ғасыр ертерек кезеңге жататын Алтайдың Пазырық қорғандарынан табылған киіздердің қазақ киіздеріне ұксастығы таңғалдырады.

Жиналмалы керегесі бар, уық, шаңырағы бүгінгі қазақтың киіз үйіне ұқсас жылжымалы баспана түркі заманында толық қалыптасқан болуы керек. Орхон-Енисей көне сына жазбаларында киіз үй ұғымын білдіретін «керагу» деген сөз кездеседі. Көне түркілердегі киіз үйдің «керегу» атауы кейінгі қазақтарда да сақталған. Қазақ кейде киіз үй атауының баламасы ретінде «кереге» деген сөзді де қолданады. Бұл әдет көбіне шығыс өңірі қазақтарында жиі кездеседі.

Монғолдар керегесі бар киіз үйді түркілерден шамамен XIII ғасырда қабылдаған. XV-XVI ғасырларда Еуразия даласында киіз үйдің екі түрі - түркілік және монғолдық түрлері қалыптасады. Киіз үйдің түркілік түрі уығының иіні қайқылау болуына байланысты жатағандау болып келеді, ал монғол киіз үйінің уығы тіктеу, төбесі конусқа ұқсас шошақтау болады.

Қазақтың күнделікті өмірде пайдаланған үйлері дәулетіне қарай төрт қанаттан сегіз қанатқа дейін болған. Әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның айтуына қарағанда, салтанатты орда үйлері 12, 18, тіпті 30 қанатқа дейін болған. XVIII-XIX ғасырларда қазақтың сұлтандары, атақты билері екі үйді қатар тігіп, арасынан керегеден дәліз жасап екі бөлме етіп те пайдаланған. Кереге желкөз және торкөз болып екі түрге бөлінеді.

Киіз үйдің құрылысы

Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.

Кереге - киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.

Уық - шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.

Шаңырақ - киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады. Шаңырақ иінінің бүйірінің астына қарай уықтың ұшы кіріп тұратын көздері болады. Шаңырақтың дөңгелек иінінің ортасынан жартылай томпайып келген кергіш ағаштар салынады. Бұл ағаштарды күлдіреуіш дейді. Олардың екі түрлі қызметі бар. Бірі - шаңырақты керіп тұру, екіншісі - шаңырақтың үстінен жабылатын түндік (түңлік) киіздің астына дәнекер болу. Күлдіреуіштің бағыты есікке қарамай ауысып тігілсе, көргенсіздіктің белгісі деп есептелген.

Сықырлауық - киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, өрнектеп әшекейлеп жасайды.

Киіз үйдің киіз жамылғысы үш бөліктен тұрады: туырлық, үзік, түндік. Туырлық - үйдің кереге бөлігін айнала жауып тұратын төртбұрышты ұзын киіз. Әдетте, туырлық үйдің көлеміне қарай үшеу, төртеу болады. Уықтардың үстін жауып тұратын трапеция тәрізді киіз жамылғыны үзік деп атайды. Ол екеу болады. Шаңырақты жауып тұратын төртбұрышты шағын киізді түндік (түңлік) дейді. Сонымен қатар көбінесе киіз үйдің ағаш есігінің сыртынан киіз есік тұтады. Оны түнде түсіріп, күндіз шиыршықтап маңдайшаға жинап қояды.

Киіз үйдің бау-шуына желбау, аяқ бау, аспа бау, әр турлі таңғыштap, бау-басқұрлар жатады. Олар, әдетте, тоқылып жасалады. Әдемі геометриялық өрнектермен безендіріледі.

Қазақ дәстүрі бойынша киіз үйдің есігін шығысқа қаратып тіккен. Күншығыс бағытын ұстану сонау сақтардан, одан бергі қыпшақтардан келе жатқан дәстүр.

Киіз үйдің іші оң жақ, сол жақ болып бөлінеді. Киіз үйдің оң-солы төрден есікке қарап отырған адамның оң-солымен есептеледі. Киім үйдің сол жақ жоғары бөлігінде үй иесінің төсек-орны болады, одан төмен ыдыс-аяқ, саба, ас-су тұратын орын, оны кейде шимен қоршап орналастырады. Үйдің оң жақ бөлігінде бойжеткен қыздың төсегі орналасады. Қазақ сондықтан бойжеткен қызды «оң жақта отырған қыз» деп атайды. Үйдің қақ төрінде жүкаяқ қойылып, үстіне жүк жиналады. Оң жақтың есікке жақын бөлігінде ер-тұрман қойылады, жүген ілінеді. Үйдің қақ ортасында ошақ болады.

Қазақ жайлауға шықканда үйлерді көбіне шеңбер бойымен тігіп, ортасына түнге қарай қойды иіретін болған. Мұндай жағдайда үйлердің есіктері шеңбердің ішіне қарай бағытталып тігіледі. Кейде үйлерді жарты шеңбер қылып тігіп, алдыңғы жағына түнде мал иіретін.

Осындай көшпелі тұрмысқа ыңғайланған киіз үйлерде қазақтар жазда ғана емес қыста да тұрған. Қыста киіз үйдің керегесіне жиілетіп тоқылған ши тұтып, туырлығын қос-қостан салып, іргесін көміп, сары қи мен ағашты жағып тұра берген.

Отырықшы баспаналары

XV-XVIII ғасырларда отырықшы қоныс-үйлердің 4 түрі болды. Олар қыстау, қыстақ-қоныс, тастан, топырақтан салынған бекінісі бар уақытша қорған және қала (кент) .

XVIII-XIX ғасырларда Қазақстанның көпшілік аймақтарында қыста қыстайтын қыстаулар болған. Әсіресе оңтүстік аймақтарда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштасып, оларда жартылай көшпелілік, жартылай отырықшылық салты қалыптасқан.

Қазақстанның көпшілік өңірлерінде, өте ертеден келе жатқан там үйдің бір түрі - жартылай жеркепе қолданыста болған. Оларды салғанда жерді 1-1, 5 м етіп тереңдетіп қазып, қабырғасын 50-60 см етіп шымнан, қам кірпіштен, тастан көтерген. Мұндай үйлерді қазба үй, жертөле немесе жер үй деп те атаған.

XIX ғасырдағы там үйлер, негізінен, шымнан, тастан, қамыстан, тоқылған шарбақтан салынды. Шығыс, Орталық Қазақстан, Маңғыстау мен Жетісуда там үй мен мал қораларын көбіне тастан қалаған. Ал Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Семей, Жетісу секілді орманды аудандарда үйді қарағайдан да тұрғызған. Бұл ағаш үйлердің көпшілігі қималанып салынатын болған, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында үйді қам кірпіштен, сабан кірпіштен көп көтерген. Осы аймақта дымқыл топырақты ұзын қалыпқа салып түю арқылы да үйлер тұрғызатын. Оны соқпа, ұрма әдісі дейді.

Қам кірпіш пен күйдірілген кірпіштен құрылыс салу Оңтүстік Қазақстан өңірінде біздің заманымыздың бірінші ғасырларынан бастап XVIII ғасырға дейін жалғасқан.

XIX ғасырдағы қазақ қыстауларының көпшілігінде үйлер мен шаруашылық қоралары жапсарласа салынып, біртұтас кешенді құраған.

Үй жылытатын пештің үш түрі болды: тік мұржалы қазандық, бірнеше құдықты қабырғасы бар қазандық және темір пеш.

Үйлердің төбесі: тегіс төбелі және екі жаққа көлбеу төбе болды. Бұл төбелер қазіргі екі сайлы шатырлар сияқты тік емес, жай ғана көлбеу болып келетін.

Қазақ қыстаулары, әдетте, қыста желдің өтінен сақтайтын ықтасын жерлерде, өзен-бұлақтардың жағасында орналасты. Бір қызығы, кейінгі қазақ қыстаулары осыдан 3-4 мың жыл бұрын қола дәуірі заманындағы қоныстар орнында орналасқан.

Қазақтың дәстүрлі киімдері мен әсемдік заттары

Күнделікті тұрмыста киетін киімдермен қатар той-томалаққа, жиынға киетін киімдер болады. Сал-серілер, ел жақсылары, бой түзеген бойжеткендер, бозбалалар әдемі киініп жүретін болған. Жалпы, киімдер адам үшін тұрмыстық және әлеуметтік қызмет атқарған. Киген киіміне қарап адамның дәулетін, қоғамдағы орнын ажырататындықтан да «жат жерде тонсыйлы» деген ұғым қалыптасқан.

Киім ерлер киімі, әйелдер киімі деп бөлінген. Жас ерекшелігіне қарай кішкене балалардың, бозбала-бойжеткендердің, орта жастағы адамдардың, қариялардың киімі болып тағы да бөлінеді. Киімдер, сонымен қатар бас киім, ұлы дене киімдері және аяқ киім болып бөлінеді.

Ерлердің киімі - ішік, тон, шапан, шалбар (сым) жөне өте көне заманнан XIX ғасыр мен XX ғасырдың басына дейін келіп жеткен түрі - кебенек, күпі, жарғақ (тайжақы) .

Ішік - иленген теріден жүні ішіне қаратып тігілген қыстық киім. Ішік бағалы аң терілерінен тігілетіндіктен бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік деп бөлінеді. Ішіктер кейде етек-жеңіне алтын, күміс зер ұсталған, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырмалы болып келеді. Ішікті жол жүргенде, той-жиынға көбірек пайдаланады.

Toн - иленген теріден, көбінесе қой терісінен тігілетін киімнің бip түрі. Тон жіліншікке, одан төмен толарсаққа дейін түсетіндей етіп жасалады.

Шапан - ішіне жүн, мақта тартып, қалың матадан тігілетін киім. Шапан қыстық, жаздық болып бөлінеді. Жұқалау етіп тігілген жаздық шапанды жадағай шапан дейді. Шапандар қайырма жағалы, кейде тік жағалы болады. Көпшілік жерлерде өңірі үшкілденіп ашық қалдырылатын шапандар тараған. Жиын-тойға киетін шапандар түрлі түсті жібек жіппен кестеленіп, зер салынған. Шапанда түйме болмайды, мата белбеумен, не сырылып жасалған белбеумен қусырылады.

Күпі - қойдың, түйенің өлі жүнін тартып жасалады. XIX ғасырда күпіні қолдан тоқылған шидем матамен тыстаған. Шапаннан айырмашылығы - оның жағасы тұйық болады. Жарғақ (тайжақы) - тайдың, құлынның терісінен жүнін сыртына қаратып тіккен үзын қамзол сияқты жеңсіз киім. Кей жерлерде тайжақыға жең салады. Тайжақы, кейде құлын жарғақ деп аталатын киімді, әдетте, жылқышылар, ат үстінде көбірек жүретін адамдар киетін болған.

Кебенек - киізден істелген шапан сияқты жалбағай киім. Кебенек ұзындығы аяқтың басына дейін түсетіндей кең етіп пішіледі. Жағасы тұйық болады. Оны малшылар қарлы-жаңбырлы күндері киеді. Ерте замандарда жауынгерлер алыс жорықтарға да сыртынан кебенек киетін болған. Сондықтан «кебенек киген келеді, кебін киген келмейді» дейтін сөз қалған.

Шекпен түйе жүнінен жасалған матадан тігілетін сырт киім, ол астарсыз болады.

Қазақтың сырт киімінің көпшілігінде түйме, ілгек болмаған, көбінесе қайыстан, матадан жасалған белдікпен қаусырылған. Қайыс, былғары белдікті кісе деп атаған. Кісе оқ-дәрі салатын оқшантай, пышақтың қыны, насыбай шақша салатын дорбасы бар, күміс, темір шытыралармен әшекейленіп жасалады.

Ерлер бас киімі - тымақ, бөрік, тақия, қалпақ, жалбағай. Тымақ - қыстық бас киім. Ол пайдаланылған терінің түріне қарай түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ болып бөлінеді. Бөрік - қыста да, жазда да киілетін бас киім. Қыстық бөрік қалың жасалып, жиегіне елтірі не аң терісі жапсырылады. Қалпақты қазақ көбіне көктем, жаз, күз айларында киген. Әріден келе жатқан қазақтың бас киімі - жалбағай. Бұл кейде тымақ сияқты төрт сайлы, кейде екі сайлы шошақ болып келетін, етегі желкені жауып тұратын сулық, желдік жеңіл бас киім.

Ерлер аяқ киімі - мәсі, етік, саптама, кебіс, шақай (шоқай, шәрке) болып бөлінеді. Етік - қонышы жіліншікті жабатын, басы өңделген сиыр, жылқы терісінен, қонышы қой, ешкі терісінен тігілетін, табаны қалың, жайпақ өкшелі аяқ киім. XIX ғасырдың орта шенінен бастап етікті фабрикада өңделген былғарыдан тігетін болған.

XVIII-XIX ғасырларда кең қолданыста болған аяқ киім - саптама. Оның өкшесі биік, басы қайқылау болып, қонышы тізеден асатын бұл қыстық аяқ киімді киіз байпақпен киген. Мәсі - жұқа теріден не былғарыдан жасалатын жұмсақ табанды, өкшесіз аяқ киім. Оны көбіне үйде киіп, далаға шыққанда сыртынан галош сияқты затты табанды, өкшесі былғары аяқ киім - кебіс киген. Кедей адамдар, бақташылар қой терісінен тігілген, киіз байпақпен киілетін жеңіл аяқ киім киген.

Әйелдер киіміне - көйлек, камзол, белдемше, шапан, кестелі тон жатады. Әйелдер көйлегінің жағасы тұйық. Әйелдер көйлегін екі түрлі пішкен. Бірі ұзынынан тұтастай пішу де, екіншісі мықынға дейін бөлек пішіп, кейін қосып тігу. Әйелдер көйлегінің жаға тұсы - алды бip қарыстай кесіліп, өңірі мен жағасы түймемен тұйықталып жабылады. Кейде қыз балалар көйлектің сыртынан өңірше киетін. Өңірше дегеніміз - үшбұрышты бұлдан істеліп, шетіне тоқыма бау сырылып, желкe жағынан түймеленетін киім. Кейде өңіршеге маржан, күміс тиындар да тағатын. Әйелдер көйлегінің жеңі ұзын болады, жасына қарай әйел көйлектерінің түр-түсі әр түрлі. Мысалы, қыздар мен жас келіншектер қызыл, жасыл түсті немесе түрлі түстінің ашық түсінен көйлек киеді. Қыз балалар жиын-тойға қос етек көйлек киген.

Күнделікті өмірде мақта матасынан тігілген көйлек кисе, қызық-қуанышқа жібек, атлас, барқыт, парша, пүліш көйлектер киетін.

Атқа мінгенде, сыртқа шыққанда әйелдер қалың мақта матасынан, мәуітіден тігілген шалбар киген.

Көйлектің сыртынан әйелдер камзол киген. Қамзол жеңсіз, қысқа жеңді және жеңді болып үш түрге бөлінеді. Камзол бір түсті матадан, көбіне түкті пүліш, барқыт, шұғадан тігіледі. Жасына қарай да түсі таңдалады. Қыздар мен жас келіншіктер көбінесе алқызыл түсті камзолдар кисе, ал ортадан жоғары жастағы әйелдер көк, жасыл, сарғыш түсті камзол киген. Камзолдың өңіріне, етегінің екі жағына ою, өрнек жүргізіп сәндейтін болған. Камзолдар түймеленген, әшекей күміс ілгішектер, қапсырмалармен қаусырылатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ойшылдарының адам мен әлем мәселесі
Қазақ мемлекеттігінің құрылуы
Қазақ хандығының және қазақ халқының құрылуы. XV-XVIIIғғ. басындағы Қазақ хандығы
Қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуы
XVII – XVIIIғғ. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары
Толғау жанрының табиғаты
Түркістан аймағындағы туризм
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы Тәуке хан және Жеті жарғы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz