Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан



I. Кіріспе
Азамат соғысынан кейінгі Қазақстан

II. Негізгі бөлім
Жаңа экономикалық саясат

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Азамат соғысы аяқталып, Кеңес өкіметі бұрынғы Ресей империясының барлық аумағында орнады. Алайда елдегі жағдай бұрынғыдан бетер апатты сипат алды. Одан әрі жалғастырылған «әскери коммунизм» саясаты халықтың арасында наразылық тудырды. Партияның өз ішінде жікке бөліну көрініс бере бастады. «Әскери коммунизм» саясаты экономиканың толық күйреу кезеңінде жургізіліп, ең соңында өндірістің кері кетуінеәкеп соқты. 1920 жылдың бас кезінде кең көлемді жоспарлау мен басқару женіндегі мәселелерді шешу үшін кұрылған Орталық жоспарлау комитеті мен Бүкілодақтық Халық шаруашылығы кеңесі сиякты құрылымдар өз міндеттерін аткаруға кабілетсіз болып шықты. Национализацияланған кәсіпорындар мемлекеттік бақылауға көнгісі келмей, өздерінің азың-аулақ енімдерін қара базар арқылы өткізуге тырысты. Мемлекет шаруаларға «айырбас» үшін ете жұтаң өнеркөсіп тауарларын ғана ұсына алды. Тауарлардың өте тапшылығы, олардың қымбаттығы шаруаны өз өнімдерін сатуға шығаруға ынталандырмады, артық өнімдер дереу тартып алынды. Нәтижесінде сатуға арналған өнімдердің келемі елеулі түрде кыскарды.
Ірі жер иеліктерінің ұсақталуы, теңгермешілік, коммуникациялардың бұзылуы, қала мен деревня арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуі, азық-түлік салғырты шаруалардың томаға- тұйыкталып, натуралдық шаруашылыққа қайта оралуына әкеп соқты. Оның үстіне азық-түлік салғырты саясатын - ауыл шаруашылық өндірісінің артық өнімдерін армия мен қалалардағы жұмысшылардың мұқтаждықтары үшін тартып алуды одан әрі жалғастыру шаруалар үшін көтере алмас ауыр салмақ еді. Бұл большевиктер өкіметіне қарсы шаруалар бүлігіне әкеп соққан деревнядағы наразылықтың басты себебі болды. Большевиктерге қарсы шаруалардың көтерілістері барлық жерлерде бұрқ ете түсті.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі Кеңес елінің жағдайын В.И.Ленин «куйзеліс, жоқшылық, қайыршылану» деп сипаттады. Империалистік және Азамат соғысы, «әскери коммунизм» шаралары бүкіл елдің экономикасын, соның ішінде Қазакстанның шаруашылығын да ауыр күйзеліске ұшыратты. Мәселен, 1920 жылы мемлекет иелігіне алынған 307 көсіпорынның 250-і өз жұмысын тоқтатты. Мұнай өндіру 1913 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есеге, көмір өндіру - 5 есеге азайып кетті, мыс рудасын өндіру мүлдем тоқтатылды. Спасск байыту фабрикасы, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары қаңырап қалды. Өнеркөсіптің үлесі халық шаруашылығы жалпы өнімінің- 6,3%-ын ғана құрады. Ауыл шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. Егістік көлемі Орал губерниясында 2,5 есеге, Жетісуда - 3 есеге қысқарды. Мал басы республикада 29,9 млн-нан 16,3 млн басқа кеміп кетті.
1. Қазақстан тарихы. 1-5 томдар, Алматы, 1997-2011
2. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 2006
3. Күзембайұлы А., Әбіл Е. Қазақстан тарихы. Алматы, 2006
4. Кан Г., Шаяхметов Н. Қазақстан тарихы. Алматы,2012

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ

Тақырыбы: ЖЭС жылдарындағы Қазақстан

Орындаған:
Факультет:
Топ:
Курс:
Тексерген:

Жоспар:
I. Кіріспе
Азамат соғысынан кейінгі Қазақстан

II. Негізгі бөлім
Жаңа экономикалық саясат
III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Азамат соғысы аяқталып, Кеңес өкіметі бұрынғы Ресей империясының барлық аумағында орнады. Алайда елдегі жағдай бұрынғыдан бетер апатты сипат алды. Одан әрі жалғастырылған әскери коммунизм саясаты халықтың арасында наразылық тудырды. Партияның өз ішінде жікке бөліну көрініс бере бастады. Әскери коммунизм саясаты экономиканың толық күйреу кезеңінде жургізіліп, ең соңында өндірістің кері кетуінеәкеп соқты. 1920 жылдың бас кезінде кең көлемді жоспарлау мен басқару женіндегі мәселелерді шешу үшін кұрылған Орталық жоспарлау комитеті мен Бүкілодақтық Халық шаруашылығы кеңесі сиякты құрылымдар өз міндеттерін аткаруға кабілетсіз болып шықты. Национализацияланған кәсіпорындар мемлекеттік бақылауға көнгісі келмей, өздерінің азың-аулақ енімдерін қара базар арқылы өткізуге тырысты. Мемлекет шаруаларға айырбас үшін ете жұтаң өнеркөсіп тауарларын ғана ұсына алды. Тауарлардың өте тапшылығы, олардың қымбаттығы шаруаны өз өнімдерін сатуға шығаруға ынталандырмады, артық өнімдер дереу тартып алынды. Нәтижесінде сатуға арналған өнімдердің келемі елеулі түрде кыскарды.
Ірі жер иеліктерінің ұсақталуы, теңгермешілік, коммуникациялардың бұзылуы, қала мен деревня арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуі, азық-түлік салғырты шаруалардың томаға- тұйыкталып, натуралдық шаруашылыққа қайта оралуына әкеп соқты. Оның үстіне азық-түлік салғырты саясатын - ауыл шаруашылық өндірісінің артық өнімдерін армия мен қалалардағы жұмысшылардың мұқтаждықтары үшін тартып алуды одан әрі жалғастыру шаруалар үшін көтере алмас ауыр салмақ еді. Бұл большевиктер өкіметіне қарсы шаруалар бүлігіне әкеп соққан деревнядағы наразылықтың басты себебі болды. Большевиктерге қарсы шаруалардың көтерілістері барлық жерлерде бұрқ ете түсті.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі Кеңес елінің жағдайын В.И.Ленин куйзеліс, жоқшылық, қайыршылану деп сипаттады. Империалистік және Азамат соғысы, әскери коммунизм шаралары бүкіл елдің экономикасын, соның ішінде Қазакстанның шаруашылығын да ауыр күйзеліске ұшыратты. Мәселен, 1920 жылы мемлекет иелігіне алынған 307 көсіпорынның 250-і өз жұмысын тоқтатты. Мұнай өндіру 1913 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есеге, көмір өндіру - 5 есеге азайып кетті, мыс рудасын өндіру мүлдем тоқтатылды. Спасск байыту фабрикасы, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары қаңырап қалды. Өнеркөсіптің үлесі халық шаруашылығы жалпы өнімінің- 6,3%-ын ғана құрады. Ауыл шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. Егістік көлемі Орал губерниясында 2,5 есеге, Жетісуда - 3 есеге қысқарды. Мал басы республикада 29,9 млн-нан 16,3 млн басқа кеміп кетті.
Социализмнің экономикалық іргетасын қалау үшін жаңа техникалық база негізінде ірі өнеркәсіпті қалпына келтіріп, оны қайта құру қажет еді. Бұл үшін бөрінен бұрын жұмысшыларды азық-түлікпен, өнеркөсіп салаларын шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын қалпына келтіру керек болды.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының өміршіл тұтқаларын сақтап қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс еді. В.И.Лениннің пікірінше, НЭП-тің (жаңа экономикалык саясаттың) негізгі мәні - елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.
Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП(б) X съезінде қабылданды. 1921 жылы 20 наурызда Компартияның X съезінің күн тәртібіне екі маңызды мәселе қойылды: біріншісі - партияның ішіндегі фракцияларға тыйым салу, екіншісі - шаруаларға үш жыл бойы ауыр салмақ болған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру. БОАК съезде жаңа экономикалық саясатқа көшу бағытын бекітті. Негізгі кұжаттар съездің соңғы күні, асығыс түрде қабылданғанын айтып өту қажет. Съезден соң азық-түлік салығы жөніндегі қарар басқа экономикалық шаралармен толықтырылуға тиіс болды.

Елді бүлінген шаруашылық жағдайынан шығару үшін оны азық-түлікпен қамтамасыз ету қажет еді. Бұл міндетті шешу үшін бәрінен бұрын шаруаларды ауыл шаруашылық өнімдерін ендіруді арттыруға ынталандыруды жүзеге асыру күрделенді. Сондықтан да азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру жөнінде шешім қабылданды. Заттай салыктың орташа мөлшері азык-түлік салғырты мелшерінен 30-50%-ға төмендетіліп, егілген егін көлемі мен топы- рактың кұнарлығы да есепке алынды. Салық заттай түрінде салынып, оның мөлшері ертерек, алдын ала, егін себу жұмыстары басталғанға дейін хабарланды, жиналатын бүкіл енімнің 5%-ын ғана құрады. Егін шаруашылықтарынан тыс мал шаруашылығына да заттай салықтар салынды. Бастапқыда 13 салық енгізілгенімен, кейінірек олар бірыңғай ауыл шаруашылық салығымен алмастырылды. 1924 жылдан бастап ол ақшалай алына бастады. Азық-түлік салығына кешу шаруаларға ез шаруашылығын жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде НЭП-тің негізгі белгілерінің бірі болған рынок пен тауар- ақша катынастарын калпына келтіруді талап етті.

4. Жаңа экономикалық саясаттың табыстары мен тарихи сабақтары. Жаңа экономикалық саясат: саяси-идеологиялық салада - катаң бірпартиялық тәртіп, басқаша ойлау мен басқаша іс-әрекеттің қандайын болса да басып-жаныштауды; экономикалық салада - шаруашылықтың әкімшіл-рыноқтық жүйесін орнатуды білдірді. НЭП-тің енгізілуімен жерді жалға беру мен жалға алуға, жалдамалы еңбекті қолдануға рұксат етіліп, ауыл шаруашылық, несие, тұтынушылар кооперациясын дамыту көтермеленді. Әскери коммунизм кезінде еңгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке мобилизациялау жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді.

Жаңа экономикалық саясат - халық шаруашылығына әкімшіл- әміршілдікті сақтай отырып, белгілі дәрежеде капитализмге уақытша ерік беруге есептелген пролетариат мемлекетінің ерекше саясаты. 1921 жылы көктемде БОАК жергілікті тауар айырбасына, жеке саудага, жеке меншік кәсіпорындар кұруға рұқсат беру жөніндегі декреттер қабылдады. Нарықтық катьшастарға көшу ақша айналысьш ретке келтіру жөніндегі мәселені күн тәртібіне қойды. 1921 жылы жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі мен карточкалық жүйе жойылды. 1922- 1924 жылдар аралығында бір мезгілде ескі және жаңа ақша белгілерінің қатар қолданылуына рұқсат етілген ақша реформасы жүргізілді. Рыноктың қалпына келтірілуі шаруашылық жүргізудің әкімшілдік әдістерінен бас тартып, экономикалық, материалдық қызығушылық тудыратын әдістерге көшуді талап етті.

Жаңа экономикалық саясат аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртұтас қамтыган жүйе болып қалыптасып үлгермеді. Ол ауыл шаруашылығының соғыс пен революциядан кейінгі өлсіреуі мен үкіметтің НЭП жылдарындағы ішкі саясатта жіберген елеулі қателіктеріне байланысты толық жүзеге аспады. Алайда осы кездің өзінде үкіметтің нарықтық қатынастарды кең қолдану арқылы елдің барлық өндіргіш күштерін жаңдандырып, жалпы шаруашылыктың өркендеуін қамтамасыз ете алатын қабілеті айқын керінді. Жаңа экономикалық саясат тарихка Кеңес өкіметінің орнауы мен Азамат соғысынан кейінгі мәдени, идеологиялық, әлеуметтік және экономикалық жандану кезеңі ретінде енді.

Барлық қарама-қайшылықтарына қарамастан жаңа экономикалық саясат қысқа мерзімде халықтың тұрмыс дәрежесін арттырып, халық шаруашылығын калпына келтіруге, елдін, саяси өмірін жандандыруға және мәдени өмірін сауықтыруға мүмкіндік жасады. Жаңа экономикалық саясаттың тежелу себебін партия мен мемлекет басшыларының бұл саясатты түсіну мен іске асырылу мүмкіндіктерін бағалаудағы жіберген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар саясатының инфрақұрылымы
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Жаңа экономикалық саясаттағы өнеркәсіп
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер
Жаңа экономикалық саясат
Тоталитарлық жүйе жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаты
1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Пәндер