XVII – XVIIIғғ. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары



I. Кіріспе
I. ХV.ХVІІ ғғ. Қазақ.жоңғар қатынастары

II.ХVІІ.ХVІІІ ғғ. Қазақ.жоңғар қатынастары
II. Негізгі бөлім

I. Ақтабан шұбырынды жылдары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жоңғар агрессиясының басталуы. Ор бұлақтағы қырғын шайқас. Цеван-Рабтанның жорығы. Қазақтар мен Аягөздің жеңіліске ұшырауы. Ұлы апат жылдары. Батурн мен Галдан Церонның жорықтары. Әбілхайырдың Орда басына қазақ жүздерін біріктіруі. Аңырақай шайқасы мен оның зардаптары. Қазақтардың атам замандағы жоңғарларға қарсы болған шайқастың нәтижесі. Жоңғарлармен болған шайқастардағы Абылайдың, билердің, батырлардың алған орны.
ХV ғ. – ХVІІІ ғ. ІІ жартысындағы экономика мен қоғамдық жүйе. Шаруашылықтың негізгі белгілері. Генезис және көшпенділер эволюциясы. Қазақстан – Евразиялық көшпенділердің орталығы. Қазақстандағы егін шаруашылығының дамуы және оның ерекшеліктері. Кәсіп пен үй кәсібі. Ақша айналымы. Сауда. Қазақстанның экономикалық дамуындағы Сырдария маңындағы қалалардың маңызы. Қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымы. Өндірістің негізгі құралдарына жеке меншіктің қатынасы. Сот пен қазақтардың құқықтары.
ХV ғ. – ХVІІІ ғ. І жартысындағы қазақ халқының мәдениеті. Қазақ халқының мәдениет өзіндігі мен ерекшеліктері. Дүниежүзіліклік көшпенділікті қабылдау, оның менталитеті этика — эстетикалық кейіп. Қазақ халқының заттық мәдениет мінездемесі. Тұрағы. Киімі. Тағамы. Халық шығармашылығы. Батырлық дастан. Жыраулар, ақындар, салдар, серілер және олардың шығармашылығының ерекшеліктері. Музыкалық өнер. Қазақтардың әдеттері мен ырымдары. Нанымдары. Күнтізбе.
1. Орынбеков М.С. История философской и общественной мысли Казахстана (С древнейших времен по ХII в.)., А., ИРК, 132 б. 2. Қасымжанов А.Х., Мажиденова Д.М.
2. Очарование знания. Фрунзе, Кыргызстан, 1990. 3. Культурные контексты Казахстана. 3. История современности. А., Ниса, 1998, 57 б. 4. Бейсенов Қ.
4. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдiстерi. А. 5. Қасымжанов А. Рухани тамырлар. //Қазақ, А., Бiлiм, 1994, 97 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ

Тақырыбы: XVII - XVIIIғғ. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары

Орындаған:
Факультет:
Топ:
Курс:
Тексерген:

Жоспар:
I. Кіріспе
I. ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары

II.ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
II. Негізгі бөлім

I. Ақтабан шұбырынды жылдары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Жоңғар агрессиясының басталуы. Ор бұлақтағы қырғын шайқас. Цеван-Рабтанның жорығы. Қазақтар мен Аягөздің жеңіліске ұшырауы. Ұлы апат жылдары. Батурн мен Галдан Церонның жорықтары. Әбілхайырдың Орда басына қазақ жүздерін біріктіруі. Аңырақай шайқасы мен оның зардаптары. Қазақтардың атам замандағы жоңғарларға қарсы болған шайқастың нәтижесі. Жоңғарлармен болған шайқастардағы Абылайдың, билердің, батырлардың алған орны.
ХV ғ. - ХVІІІ ғ. ІІ жартысындағы экономика мен қоғамдық жүйе. Шаруашылықтың негізгі белгілері. Генезис және көшпенділер эволюциясы. Қазақстан - Евразиялық көшпенділердің орталығы. Қазақстандағы егін шаруашылығының дамуы және оның ерекшеліктері. Кәсіп пен үй кәсібі. Ақша айналымы. Сауда. Қазақстанның экономикалық дамуындағы Сырдария маңындағы қалалардың маңызы. Қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымы. Өндірістің негізгі құралдарына жеке меншіктің қатынасы. Сот пен қазақтардың құқықтары.
ХV ғ. - ХVІІІ ғ. І жартысындағы қазақ халқының мәдениеті. Қазақ халқының мәдениет өзіндігі мен ерекшеліктері. Дүниежүзіліклік көшпенділікті қабылдау, оның менталитеті этика -- эстетикалық кейіп. Қазақ халқының заттық мәдениет мінездемесі. Тұрағы. Киімі. Тағамы. Халық шығармашылығы. Батырлық дастан. Жыраулар, ақындар, салдар, серілер және олардың шығармашылығының ерекшеліктері. Музыкалық өнер. Қазақтардың әдеттері мен ырымдары. Нанымдары. Күнтізбе.
2.ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
Қазақ тарихының шымыр да шоғырлы тұсы деп ХVІІ ғасырдың екінші және ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысы бекерге аталмаса керек. Осынау кезең қазақ ұлтының тарихындағы ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар халық санасына жоңғарлардың шапқыншылығынан туындаған қасірет пен жоқшылық жайлаған жылдар ретінде сіңіп қалды.
Жалпы адамзат тарихында орта ғасырдың соңын ала айқын байқалған акселерациялық нышандар, технократтық дамудың тебе көрсетуі, отты қарудың пайда бола бастауы, құрлықаралық ықпалдастықтың қарқын алуы енді ел болып, еңсе тіктей бастаған Қазақ Ордасына да әсер ықпалын тигізбей қалған жоқ. Дәл осы түс та Қазақ Ордасымен іргелес өңірде Жоңғар Ордасы да бой көтеріп, айбынды күшке айналып үлгерген. Ұлы дала экожүйесімен кіндіктес көшпенді өмір салты қалыптастырған Қазақ, Жоңғар
Ордалары өздерін әлі де болса табиғаттың қарсыластары емес, табиғаттың бел баласындай сезінетін. Алайда, сол кездегі Қазақ, Жоңғар Ордаларының батысы мен шығысында аграрлық мәдениетін дәуірле тіп, технократтық дамуға тұяқ іліктіріп үлгерген елдер үшін көшпенді өмір салты жөй ғана анохранизм емес, олардың кең қарымды стратегиялық ындындарының жүзеге асуына әрі кедергі, әрі әлі де болса қауіпті күш еді. Мұндай ахуал, әсіресе, Ресей мен Қытайды алаңдатып, бүйірлеріне шаншудай қадалды. Олар қайтсе де, осынау тау суындай екпінді көшпенді екі мемлекетті бір-біріне айдап салу арқылы ғана аз шығынмен өз мақсаттарын жүзеге асыруға болатынын жақсы түсінді. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы әрекет барысында Ресей мен Қытай бәсекелес болды және қолданған қулық-сұмдықтары жөнінен бірінен-бірі асып түсті. Әсіресе, Ресей жоңғарлармен елшілік орнатып, отты қарулармен астыртын жасақтап, оларды қайтсе Қазақ Ордасымен арандатудың неше түрлі зымиян шараларын жасады. Ресей патшалығы ойластырған осы шаралардың ішінде, Жоңғар мемлекетінің Торғауыт, Дүрбіт, Хош ауыт сияқты іргелі тайпаларына Қазақ Ордасының жерін аттатып өткізіп, Еділ бойынан қоныс беру қазақ пен жоңғар арасындағы ғасырдан астам уақытқа созылған қан қасап соғыс өртінің тұтануына себепші болды.
Жоңғарлар мен қазақтардың әскери қарым-қатынас, қақтығыстарын суреттеуге көшпес бұрын \жоңғар\ атау сезінің мағынасын аша кеткен жөн деп есептейміз. Жоңғар -- ұлт емес. Бұл атау \сол жақ\, \сол қанат\ деген түсініктен шыққан. Бір деректерге қарағанда Шыңжаң, Шығыс Түркістан аймағын Тянь-Шань таулары, дәлірек айтқанда Хан-Тәңірі ұлы шыңының өзі екі бөлікке бөледі. Егер адам Хан-Тәңірінің ұшар биігіне көтерілсе, оның сол қолы жағында \Солтүстік ойпат\ -- Жоңғар, оң қолы жағьшда \Оңтүстік ойпат\ -- Қашғар көсіліп жатады. \Ғар\ деген сөз түркі тілінде ойпат, үңгір, шұңқыр дегенді білдіреді.
Кейбір мәліметтер бойынша, Шыңғысхан армиясы \сол қанатының\ \жоңғар\ деген атауы болған. Бұл кезеңде Жоңғарияны түркілік жене моңғолдық төркіні бар ойраттар жайлады. Ол Шорас, хош ауыт, торғауыт, дүрбіт тайпаларының әрқилы атаулары. Бұларды да жоңғарлар деп атаған. Сөйтіп, \жоңғар\ термині, қалмақтар, ойраттар, эл юттер -- сайып келгенде \сол жақтың\, \сол қанаттың\ адамдары. Олар ХІV ғ. екінші жартысында монғолдар ханы билігінің астынан шығып, өз жетекшілері -- тайшылардың қол астына қараған, \Ойрат одағын\ құрып, ыдыраған тайпаларды біріктірген.
Жоңғарлар өз дәуірінде Ұлы Қытай қабырғасы мен Тибет, екінші жағы -- Моңғолия мен Жоңғар ойпаты аралығындағы аймаққа билік жүргізген. Олар ғасыр бойына Қытай империясы мен Қазақ даласы арасындағы жұмсартқыш (буфер) рөлін атқарып, қытайлардың шығыстан мезгіл-мезгіл тықсыруларын тежеп отырған. ХV ғасырда қытай саясатшылары жоңғар мемлекетінің ішіндегі алауыздықтарды пайдаланып, оларға қарсы жорыққа шығады. Жаугершілік зардабынан жоңғарлардың бір бөлігі өз жерінде қалады да, қалғандары елді тастап кетуге мәжбүр болады.
Отандарын тастап шыққан жоңғарлардың бір бөлігі Қазақстан аймағында, Самара далаларында, Қалмақияда тұрақтанып қалады. Қазіргі Қалмақияда сол жоңғарлардың ұрпақтары тұрып жатыр. Жоңғар тілі қазақ тілімен тамырлас болғандықтан, біздің жерге орныққандары қазақтарға сіңісіп кетті. Қытайдың Іле автономиялық облысында ойрат-жоң-ғарлардың төрт автономиялық мекендері бар. Сондықтан кейбір тарихшылардың жоңғарлар тарих сахнасынан мүлде жоғалып кетті деген тұжырым шындыққа сәйкеспейді.
Жоңғарлар мен қазақтар ұдайы жауығып, ылғи шайқасып өткен деген пікірде -- қате түсінік. Рас, олардың арасында әлсін-әлсін саяси, экономикалық, аймақтық тұрғыдағы келіспеушіліктер болып тұрған. Әскери әрекеттер көбінесе көрші империялардың саясатынан туындаған. Бұл тұрғыда Қытай мен Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар арасындағы қарама-қайшылықтарды тереңдете түсу мақсатымен екі елді кезек көтермелеп отырғандықтарын айтсақ та жеткілікті.
Қазақтар мен жоңғарлардың ылғи қырғи қабақ емес, бейбітшіл, кей шамада ағайыншылық қарым-қатынастары турасында мына мәліметтер куәлік ете алады. 1595 жылы Мәскеудегі қазақ елшісі былай деп жазды: \Сенің туысың Тәуекел Қазақ Ордасына хан болса, оның інісі Шахмұхамбет қалмақтардың ханы болып сайланды\. Ал, хан Тәуекел Ресейге жолдаған хатында: \Мен қазақтар мен қалмақтардың патшасымын\1 деп жазған.
Қазақ хандығы құрылған уақытпен бір мезгілде түркі тектес батыс монғол халықтарының тобы, будда дінін ұстанатын қалмақтардың арғы аталарынан тұратын Жоңғар (ойрат) мемлекеті бой көтереді. Бұл тұста халықаралық жағдай былай болатын. Батыста -- I Петрдің қазақ жерлерін өзіне қосуды мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерген Ресей империясы. Қытай империясы тарапынан да басқыншылық қаупі аз төнген жоқ. Осындай жағдайды пайдаланған және дүрдараз көршілердің түртпектеуімен жонғар-қалмақтар 150 жыл бойына, 1599-1750 ж. ж. аралығында қазақ жерлеріне ұдайы жортуылдар жасап тұрды.

Қазақ жоңғар соғысы тарихының айшықты беттерінің бірі Салқам Жәңгір сұлтанның Ерден-Батыр Қоң тажының жер қайысқан қолына қарсы тұрып, Жоңғар мемлекеті билеушісінің ең басты мақсаты -- Қазақ Ордасын талқандауына мүмкіндік бермеген ерен ерлігі болып табылады. Бұл әскери әрекеттерде Жәңгір жау әскерінің саны қаншама басым болса да, Қазақ Ордасының аймағы мен мақсаттарын қорғап қала алды.
Белгілі тарихшы В. В. Вельяминов-Зернов Ор бұлак жеңісі туралы мақала жазса, кеңестік зерттеуші И. Златкин осы шайқас жөніндегі мәліметтер ауқымын өз кітабында толық келтіреді. Сөйте тұра, бес томдық \Қазақ ССР тарихында\, 1993 жылы жарық керген \Қазақстан тарихы\ очерктерінде Ор бұлақ шайқасы жөнінде мардымды ақпарат берілмеуі өкінішті-ақ жағдай. Кейбір авторларымыздың отандық тарихтағы жеңістер мен ұлы істердің маңызын төмендетуге, немесе елемеуге тырысуы кездейсоқ емес, ол кезінде А. М. Панкратова атап өткен қазақ тарихшыларына тән тарихи шындықты көпе-көрнеу бұрмалап, ата тарихымызды әлсіретуге бейім аурудан айрылмауымыздың себебі. Жәңгір сұлтанның Батыр Қоңтажыға қарсы әскери әрекеттерін жан-жақты суреттеген авторлардың ең алқаш қыларының бірі жазушы-зерттеуші М. Мағауин. 1644 жылы Жоңғарияға барып қайтқан орыс елшісі Жәңгір сұлтанның 600-ақ жауынгері болғанын жазады. Бәлкім, бұлар ататын от қаруы бар, әскердің авангардын құрайтын адамдар болар. Тұтанатын от қару мылтық ол кезде Қазақ Ордасы ғана емес, бүкіл Орта Азияның әскері үшін соны жаңалық болатын.
От қаруды қолданып, шайқас жүргізудің жаңа әдісін жүзеге асырған, шатқалға жақын жерлердің табиғи жағрапиялық ерекшеліктерін ұтымды пайдалана білген Жәңгір, Ресейдің Сібір губернаторлығы жылнамасының мәліметіне қарағанда, екі ұрыста Қонтайшының 10 мыңнан астам жауынгерін жойып жіберген. Ал үшінші шайқастың басталуына Қазақ хандығы мен Бұхар хандығының әскери одағының келісімі бойынша Самарқан әміршісі Жалаңтөс жиырма мыңдың әскермен келіп жетеді. Қосылған күштерге қарсы тұра алмаған Батыр Қоңтажы ұрыс даласын тастай қашады. Баяндауды аяқтай келе, мына бір жағдаяттарды атап өткіміз келеді. Біріншіден, Қазақ Ордасы мен Батыр Қоңтажы әскері арасындағы соғыс тұтқиыл, қысқа мерзімді, келте жорық емес, мұқият ойластырылған, жауласушы екі жақ та өздерінің барлық күш-қуатын сарқа жұмсаған, нәтижесінде әлденеше айға созылған кең көлемді қан майдан болды.
Екіншіден, Жәңгір сұлтан жоңғарлардың елу мың қолын жеңді деп түсіндіріліп келген алты жүз адам, сайып келгенде қазақ әскерінің сауыт бұзар екпінді тобы, сол замандағы құдіретті қару -- от қарумен кар уланған
Үшіншіден, қазақтарға көмекке 20-мыңдық қолмен Жалаңтөстің келіп жетуі жарты жылға жуық теке тірестің шешуші оқиғасы емес, тек түйіндеуші факторы ғана.
Және қорыта айтар болсақ, жоңғарларды талқандап, елден қуып тастау Қазақ мемлекетінің кейінгі тағдыры үшін өте маңызды болды. Сондықтан да егемен Қазақстан 1993 жылы Ор бұлақ жеңісінің 350 жылдығын атап өтті.
1652 жылы майдан даласында қаза тапқан Салқам Жәңгірдің сүйегін жау қолына түсірмей Қазақ хандығының астанасы Қасиетті Түркістанға әкеліп, арулап, әспеттеп Әзірет Сұлтанның саясына қояды.
Қаһарман ханның қазасынан кейінгі отыз жылға жуық уақыт қазақ тарихындағы ең ауыр кезең болып табылады. ХҮІІ ғасырдың соңы, ХҮШ ғасырдың басында Қазақ Ордасы үшін ең қатерлі кезде үш миллион халықтан үш жүз мың әскер жасақтай алмаған құлдырау, кері кету мерзімі болды. Ал бас аяғы бір миллионға жетпейтін жоңғарлардың жер қайысқан әскері болды, оған сүйенген билеушілер қазақ ұлысын жаулап алуды мақсат тұтты.
1710 жылы Қарақұмда үш жүз өкілдерінің бүкіл қазақтық құрылтайы болып, онда жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес басты мәселе ретінде қаралады. Бұл орайда жас қазақ мемлекеттігін құрастырып, оны қорғау үрдісінде \Жеті жарғы\ аталған заңдар жинағының орасан зор рөл атқарғанына тоқтала кеткен абзал. Әуелде жоңғарларға қарсы түру да жеңіске қол жетіп келді, бірақ, кейінірек Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін масқара күйзеліске киліктірген өзара соғыстар басталып кетті.
1723 жылы ерте көктемге салым қаннен қаперсіз жатқан қазақ даласын жойқын жоңғар әскерлері кернеп кетті. Ойда жоқта Шу мен Талас өзендерінің құйылысына қара бұлттай қаптап кеткен қалың жау ордаларына қазақтар қажырлы қарсылық көрсете алмады. Жалпы әр ұлттың, әр халықтың тарихында Гамлет ше айтқанда \иә бар, иә жоқ\ дейтін сауал қоятын ерекше тұстар болады. Тап сол кезде осындай сауал қазақ халқына да қойылды. Жоңғарлардың қанды балақ билеушілері қазақ жүздері мен руларының арасындағы алауыздықты өте тиімді пайдаланды.
\... Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлак бос келеді Туған жерден айырылған жаман екен, Екі көзге мөлтілдеп жас келеді...\
Жоңғар шапқыншылығы кезінде туған осынау \Елім-ай\ деген зарлы ән халықтың басына түскен зұлматты кеңінен суреттейді. Ал мұндай мұңды әннің шығуына негіз мол еді.
Мәселен, Абылай ханның тұжырымдауынша, \ХҮШ ғасырдың алғашқы қырық жылында қазақ халқының үштен екісі қырғынға үшырады
Біздің ойымызша, осынау соғысты қазақ халқының Ұлы Отан соғысы деп атауға негіз жетіп артылады5.
Әрине, тауқыметті тағдыр әбден қажытқан көшпенділерді бірегей халық ретінде топтастыру оңайға түскен жоқ. Бұл үшін ең алдымен билік тізгінін берік қолға ұстау қажет болды. Халықтың бірлігін сақтау, елдің қуатын арттыру үшін дала жұртының бірлік пен бостандыққа ұмтылысын ояту үшін ар мен ождан беріктігін, әділдік пен ақылгөйлікті жоғары ұстану қажет болды. Абзал болғанда ел басына күн туғанда халық бастар атпал азаматтар да табылды.
Сол бір қиын-қыстау кезеңде ұлылық пен көрегендікті ту етіп көтерген ұлы тұлғалар кімдер еді?
Біз халықтың үш данагөйін, халықтың біртуар үш перзенті -- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биді жақсы білеміз. Олар халыққа тарихтың төте де бұралаң кезен дерінде басы бірікпегендердің тас-талқан боларын жеткізе айтты. Үш ұлы би үш жүздің барша батырларының басын қосып, халықты ұйымдастыра білді.
1726 жылы көктемнің аяғын ала Қаратаудың оң баурайында, жеке де дара төбе Ордабасыңда қазақтың үш жүзінің барлық өкілдері -- хандар, билер, бектер, батырлар, қол бастаушылар ұлы кеңеске бас қосты.
Біздің сол үш ұлы бабамыз тарихтың сол бір қиын-қыстау белесінде Ордабасының басына шығып, солтүстіктегі Арыс пен Бөгенге, шығыстағы Қазығұртқа, іргеде түнеріп жатқан Қаратауға көз тіге отырып, бірінен соң бірі халық бірлігін үндеді. Осы жерде бүкіл сайын даланың қазақтары мәңгілікке бірге болу жолында ант берісті. Әбілхайыр хан жоғарғы сардар жетекші болып сайланды. Ата жауға қарсы шығатын халық жасағына бата берісті. Кейіннен осы шақырысқа жаужүрек халық қорғаншылары Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Наурызбай, Райымбек, Есет, Бөкенбай және басқа батырлар да үн қосты.
Біріккен халықтың рухы өрлеп, өз күшіне деген сенім ұялады. Жаз бойы үш жүздің әскері мықты қаруланды, біріккен жаттығулар жасады, ақыры сол жылдың күзінде Бұланты өзенінің бойында жоңғарларға ойсырата соққы берді. Бұл жеңіс қазақтарды қанаттандырып жіберді, олардың бірлігін күшейте түсті.
Қазақ сарбаздарының қатарында ортақ жауға қарсы қырғыздар мен өзбектер де соғысты. Біздің халқымыздың жоңғар өс керлерін қирата жеңуі Балқаш алқабындағы 1729 жылғы атақты Аңырақай ұрысымен байланысты. Осында тас-талқаны шыққан ойраттардың аңырағанын бар даланың қазақтары естіді, сол қанды шайқастың Аңырақай атануы да соған байланысты.
Осынау жеңістің негізін қиын сәтте халқын біріктіре білген ұлы ата-бабаларымыз қалады. Әттең, оның рахаты ұзаққа бармады.
Әбілмәмбет, Сәмеке, Әбілхайыр хандардың арасындағы үш жүздің аға ханы кім болуы керек деген айтыс-керістің кесірінен қазақтар аталған жеңістің әскери және саяси жемістерін пайдалана алмады. Оның үстіне Ұлы жүз 1730 жылдан былай қарай үш жүздің дәстүрлі құрылтайларына қатысуды тоқтатты. Жиырма жылдың үрдісінде жүздер мен рулық құрылымдар өз алдына күресуді қалап, өздерімен өздері болып кетті. Оның үстіне осынау тарихи кезеңде Орталық Азиядағы саяси жағдай бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Енді қазақ даласын бір жағынан Цинь империясы, екінші жағынан патшалық Ресей қыспаққа алды.
Осынау тілге тиек болып отырған кезең сыртқы жауларға қарсы күреспен, аумақтық жағынан өсумен, Қазақстан ішіндегі көші-қонмен, этностық тұтастықтың дамуымен, қазақтардың әлеуметтік және саяси құрылымындағы өзгерістермен ерекшеленеді. Әрине, қазақ халқының жүздік, тайпалық тұрғыдағы бөлшектенуі жайлы әңгіме қозғауға болады, бірақ сонымен қатар жүздердің ішкі экономикалық және саяси жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болғанын да атап өткен жөн.
Қазақ хандары Жәңгір, Тәуке, Әбілхайыр, Абылай өз биліктерін біршама қалыптастырды, қазақ қоғамының ішкі өмірін тиянақтауда, жоңғар агрессиясын тойтаруда едәуір табыстарға жетті. Бір жағынан бұған батырлардың қоғамдық жағдайының көтерілуі де игі әсерін тигізді. Әрине, келе-келе батырлар үрдісі де елеулі өзгерістерге ұшырады. Батырлар қатарына әлеуметтік жоғарғы сатылардағы адамдар ғана емес, сондай-ақ туған жер дегенде жанын аямайтын халықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елшілік арқылы орыс патшасы
Қазақ хандығының және қазақ халқының құрылуы. XV-XVIIIғғ. басындағы Қазақ хандығы
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
Қазақ мемлекеттігінің құрылуы
Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Қазақ ойшылдарының адам мен әлем мәселесі
Жоңғар хандығының құрылуы
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
XVI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Пәндер